- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
Акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті).
Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.
Бүл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.
Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті. 1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1). 2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе?. 3. Жылауың оңай ма? (6). 4. Жұмысымда қате жоқ па, деп бірнеше рет тексересің бе? (-2).
5. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе? (-2).
6. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме? (9).
7. Сен ойын барысында жетекші болғанды ұнатасың ба? (8).
8. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болады ма? (5).
9. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба? (7).
10. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба? (1).
11. Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба? (-7).
12. Өзіңді мейрімді, басқаларды аяйтын деп санайсың ба? (6).
13. Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бір жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе? (4).
14. Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба? (8).
15. Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің?(2).
17. Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма? (9).
18. Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма?(8).
19. Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болады ма? (5).
20. Әдетте мұңданып жүресің бе? (3).
21. Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба? (10).
22. Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба? (1).
23. Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба? (7).
24. Мысықтарды рогаткамен атқан күндерің болды ма? (6).
25. Дастархан немесе перде қисайып тұрса оған сенің жының келеді ме? (4).
26. Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? (2).
28. Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің бе? (9).
29. Сыныпта ең жақсы оқушысың ба? (8).
30. Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болады ма? (-3).
31. Ашулануың оңай ма? (5).
32. Кейде өзіңді бахытты сезінесің бе? (10).
34. Біреу туралы өз ойыңды ашық айтасың ба? (7).
35. Қаннан қорқасың ба? (6).
36. Мектеп тапсырмасын шын көңіліңмен орындайсың ба? (-4).
37. Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба? (7).
38. Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба? (2).
39. Жылдамдың пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай және нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (4).
40. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9).
41. Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8).
42. Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5).
43. Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3).
44. Өмір сүру қиын ба? (3).
45. Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1).
46. Ұрысып қалғанда, өзің кіналы болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7).
47. Жануарларды жақсы көресің бе? (6).
48. Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4).
49. Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2).
50. Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9).
51. Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8).
52. Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5).
53. Балалармен бірге болу саған ұнайды ма? (3).
54. Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10).
55. Істерді, ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеді ме? (1).
56. Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге өрекет жасайсың ба? (7).
57. Кино көргенде, кітап оқығанда жылайсың ба? (6).
58. Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4).
59. Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7).
60. Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2).
61. Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4).
62. Жатарда көңіл-күйің көтеріңкі, ал тұрғанда - тұнжыраған болған ба? (9).
63. Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе? (8).
64. Басың ауырады ма? (5).
65. Жиі күлесің бе? (-3).
66. Егер біреуді ерекше силайтын болсаң, оны білдірмей жүре аласың ба? (8).
67. Бір күннің ішінде әр түрлі жұмыс жасай аласың ба? (1).
68. Әділетсіздікке жиі кездесесің бе? (7).
69. Табиғатты жақсы көресің бе? (6).
70. Үйден кетерде, ұйқыға жатарда есікті, электр тетіктерін тексересің бе? (4).
71. Өзіңді, қорқақпын деп санайсың ба? (2).
72. Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме? (9).
73. Драмкружокқа қатынасуды, сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба? (8).
74. Себепсіз бұртыйып, ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма? (5).
75. Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3).
76. Қуаныштан бірден қайғы-қасыретке ауысатын кез кездеседі ме? (10).
77. Қонақ күте аласың ба? (1).
78. Ашуың ұзаққа созылады ма? (7).
79. Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба? (6).
80. Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4).
81. Өзіңді сенімсіз адам дер есептейсің бе? (7).
82. Қорқынышты түсті жиі көресің бе? (2).
83. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4).
84. Қоршағандар уақытын шаттықпен өткізіп жатса, сенің көңілің көтеріледі ме? (9).
85. Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба? (8).
86. Сәтсіздікті ойдан шығармай жүресің бе? (8).
87. Әдетте аз сөйлейсің бе? (3).
88. Орындаған роліңе беріліп кеткенде, өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба? (8).
Тест нәтижесін талдау.
Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коэффицентке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдауды жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.
59. Әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау заңдылықтарын пайдалану жолдарына бірнеше ұсыныстар беріңіз
1 . Көпшілдік және түйіспе
Әлеуметтік педагогикалық диагностиканы жүргізуші маман клиентке көңіл бөліп,айтқан әңгімесін белсенді тыңдау, әр жест пен мимикасына назар аудару
2. Әлеуметтік педагогикалық диагностиканы жүргізуші маман моральдық-этикалық нормаларды ұстану
3. Жұмысында аса мұқияттылық талап етіледі
4. Адам құқығын аяққа таптамау, заң шеңберінен аспау.
5. Әлеуметтік педагогикалық дтагностиканы жүргізуші маман диагностиканың қорытындысын диагностика жасалған адамның рұқсатынсыз жариялауға болмайды
6. Әлеуметтік педагогикалық диагностика жүргізетін психолог диагностика жүргізетін адамға немесе топқа зияны тимеу керек. 60. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика саласын зерттеуші белгілі ғалымдардың еңбектерінен бірнеше анықтама жазыңыз.
