Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.

Тест ( ағылшынша test-тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі. Тест - жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмаларды тексеру психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Тестік модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледіТест термині ең алғаш рет 1890 жылы Англияда енгізілді. Тесттер 1905 жылы балалар психологиясын анықтау кең тарады. Осы кезде Францияда дарынды балаларды анықтайтын бірнеше тесттердің сериясы дайындалып шығарылса, 1910 жылы психодиагностиканың практикасында да, Германияда кәсіптік іріктеуде тесттердің сериясы шығарылды. Оларды әртүрлі бағыттарына байланысты топтастыруға болады: Қолданылу мақсаты байланысты; Жүргізілу жолдарына байланысты (жеке және топтық);Мазмұнына, арнайы қабілеттері байланысты; Вербальды және вербальды емес;Аанализдік және синтездік;Заттық ( белгілі бір заттар арқылы (мысалы: бөлшектерден фигуралар құрау);Аппаратуралық (арнайы техникалық құралдар арқылы);Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша;Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша және т.б.Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.Тест әдісінің артықшылығы:- тексерудің, бақылаудың объективтілігі тест арқылы бағалау нақты әрі (дифференциалды) сараланған, даралық сипатта;- дәстүрлік тексеру әдістерінен тиімдірек.;- оның мәні адам қабілеттерінің айқындау,өлшеу құралы болуында.Тестердің типтері :- қалыптылық - бағдарлы (нормативно-ориентированные).- өлшемдік - бағдарлы (критериально - ориентированные)Тестілеудің негізгі үш саласы бар:- білім беру-оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделіленуіне байланысты;- кәсіби даярлық және іріктеу-өндірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделенуіне байланысты;- психологиялық консультация- социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты;Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады:- тестіні таңдау ( тестілеудің мақсатымен және тестінің дұрыстығы мен сенімділік дәрежесі анықталады);- оны өткізу (тестіге берілген нұсқаумен анықталады);- нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теория жүйесімен анықталады). Тест формалары: Ауызша және жазбаша тестер. Сонымен бірге, бланкілі, заттық, аппараттық, компьютерлік тестерПсихологиялық тестің мазмұны бойынша тестер төрт класқа бөлінеді: *интеллект тестері; қабілет тестері; жетістік тестері; жеке бас тестері.

9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.

Жалпы және арнайы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымы: дарындылықты,қабілеттілікті,интеллекті,өзіндік бағалау,мінез,эмоция және ерік жігер сферасын анықтауға бағытталады.

«Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).

Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады. Дарындылық – бұл қабілеттердің шоғырлана көрінуі, адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде басқа адамдармен салыстырғанда жоғары жетістіктерге жету мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында дамитын психикалық қасиеті. 1869 жылы Гальтон интеллект деп атаған ерекше тапқырлық көрсеткен, ойы ұшқыр, креативті адамдар туралы жазған алғашқылардың бірі болып саналады. Терман (1925) интеллект терминнің түсінігін ары қарай кеңейтіп, дарындылықты интеллект коэффициенті негізінде сипаттап, сол арқылы интеллектіні тест арқылы анықтады. Интеллектінің жоғары коэффициенті баланың есейгендегі жетістіктерін болжауға мүмкіндік береді деген қағиданы қалыптастырды. Қабілетті диагностикалау үшін қабілет мәселесіндегі негізгі «Дарын», «Даралық», »Талант» ұғымдарының арақатынасын ескеруді қажет етеді. Дарындылық феноменін зерттеуде қазір «төңкеріс» немесе «жарылыс» кезеңі байқалуда. Бұл проблеманы зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Мелхорн Г., Мелхорн Х, Гилфорд Дж., Мейснер Т., және Ресей психологтары (А.М Матюшкин, В.С. Юркевич, В.М. Теплов, В.Э. Чудновский, Ю.Д.Бабаева, Қазақстандық зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева, т.б елеулі еңбек сіңірді. Сонымен, дарындылық, қабілет түсініктерін қарастыратын болсақ, дарындылық- қабілеттің көрінісі, оны анықтағанда мына белгілерге сүйенген жөн: көп жағдайларда қабілеттің дамуы туа біткен ерекшеліктерге, нышандарға байланысты;қабілеттер тек қозғалыс, даму үстінде жүріп отырады, яғни белгілі бір іс әрекет түрін орындауға мүмкіндік береді; қабілет адамның бойында қалыптасқан дағдыларға бірікпейді (Б.Ф.Теплов, 1957)Даралық ерекшелік психологиясы - қабілеттің дамуына қаншалықты дәрежеде тұқым құлаушылық пен қоршаған орта, тәрбие мен оқытуды анықтай алатындығын қарастырады. А.Анастази бойынша: «Даралық ерекшелік тұлғаның тұқым қуалаушылық сан қырлы және күрделі байланыстары мен оның қоршаған ортасына қарай қалыптасады немесе туындайды. Тұқым қуалаушылық тұлғаның қылығына, тәліміне тікелей әсер етеді. Мұнымен қатар тәлім-тәрбиенің әрі қарай дамуы қоршаған ортаға байланысты болады» Тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның рөлін, олардың адамның психологиясы мен тәртібіне (өзін өзі ұстауына) қалай әсер ететіндігін салыстыра отырып оқып-үйрену үшін мына әдістерді жүргізеді: 1. Әр түрлі әлеуметтік топта, жанұяда, аймақта өскен балаларды жанжақты зерттеу. Тәрбие мен оқытудың талаптарын жүйелі түрде вариерлеу.2. Гомозиготты және гетерозиготты егіздердің психологиясы мен мінез-құлықтарын салыстыра отырып зерттеу. Қабілеттің жалпы теориясын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым Б.М.Теплов өзінің 1941ж. „Қабілет және дарындылық“ атты еңбегінде қабілеттілік ұғымына үш басты сипатты белігіледі: біріншіден, қабілеттілік бір адамды екіншісінен айырып тұартын жеке психологиялық ерекшеліктер; екіншіден, қабілет деп барлық жеке ерекшеліктерді емес, іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекеттерді орындауындағы жетістікке қатысы бар ерекшеліктер; „қабілет “ ұғымы адамдағы өңдірілген білімге, дағды мен икемге апармайды. Қабілеттерді зерттеуде ғалымдар әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, оны:төрт топқа бөледі:1- сенсорлы.2- техникалық.3- моторлы.4- кәсіби.

10. Әлеуметтік- педагогикалық диагностиканы компьютерлендіру жолдарын дәлелдеңіз.

11. Ертегі терапиясын талдаңыз.

Ертегі терапиясы - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді. Ертегі терапиясын сол себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді. Ертегі терапиясының жетекші идеяларын бөліп көрсетуге болады:- өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік әлеуетін сезіну;- оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;- қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу; -қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету; - үндестік пен күшті сезіну. Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді, байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті.Әрбір жағдайға, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер қатысушыларға әртүрлі бағытта ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.Қорыта келе психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды. Сонымен, оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясы дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып қолданылса, баланың тұлғалық үйлесімділігінің дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені ертегі терапиясы–психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады.