- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
Еске түсіру
Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол — Абай. Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.
57. Сауалнама, әңгіме, болжам, табиғи эксперимент, міндет, индукция, корреляция, сұхбат, лабараториялық эксперимент, әдіс, әдіснама, бақылау, ұстаным, мәселе, айқындаушы эксперимент, қалыптастырушы эксперимент, тест ұғымдарына түсініктемелік сөздік құрастырыңыз.
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем +шығарма жанры.
Болжам (немесе болжау) - 1) ғылым методологиясында – мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал; 2) құқықтануда – логикалық ой қорыту негізінде пайымдау. Болжам таным әдісі ретінде ежелгі заманда-ақ (мысалы, көне грек философиясы мен математикасында) белгілі болғанымен, оның ғылыми танымдағы эвристикалық рөлі XVII–XIX ғасырларда эксперименттік-математиканың,жаратылыстанудың айрықша жетістіктеріне (Ньютон механикасының дамуы, физика мен химияда атомдық-молекулярлық көзқарастың қалыптасуы, энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы, т.б.) орай нақтылана бастады. Қазіргі ғылымфилософиясы мен методологиясында болжам тек жаратылыстанудың ғана емес, жалпы ғылыми танымның әмбебап әдісі екендігі негізделген. Болжам ғылыми-зерттеудің пәрменділігін арттырады. Ол қисапсыз эмпирикалық ізденістерге шек қойып, ақиқатқа жетуді тездетеді. Таным процесінде бірнеше болжамдар қатар ұсынылып, олар өзара бәсекеде ұштала келе ғылыми теория құруға негіз болатын идеяны нақтылай түседі.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.
Корреляция(көне лат. correlatіo – ара қатынас)
Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Әдіснама /методология/(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — іпім) —
ғылыми таным әдісі;
ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория игертуге және озгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жоніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдсрінің жүйесі. Ғылыми өдістің негізгі мақсаты — объtктивтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманын негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дүрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолданүда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқьшы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-кайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі завдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.
Индукцияның көмегімен дара фактор зерттеуден жалпы қорытындыларға ауысу қамтамасыз етіледі.
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты менміндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.
