Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sill_zhest_dakt_tili_toly_1179.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372 Кб
Скачать
☆

Жоспар:

  1. «Мемлекет, ел, саясат» тақырыбы бойынш ым-ишарамен айтуды түсіндіру

  2. «Мамандық. Бизнес ісі» тақырыбы бойынш ым-ишарамен айтуды түсіндіру

  3. Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

Қазақстан-Оң қолдың қоспасын «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдаға жақындатып төмен иектің бойына түсіреді.

Жамбыл-Оң қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында домбырамен ойнағанды бейнелейді.

Семей-Қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей саусақтардың ұшын мойынға тигізеді де қолды мойыннан алыстатып «е»әрпіне көшіреді. Қимыл бірнеше рет қайталайды.

Өскемен-Екі қолды «у» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір-бірінің үстіне орнатады, оң қол сол қолдың үстінде. Екі қолдың орындарын ауыстырады, сонда сол қол оң қолдың үстіне орналасады.

Қарағанды-Сұқ саусақ оң қолдың алақанын бірнеше рет сырады.

Павлодар-Қолды «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей беттің оң жағына қырымен басады. Содан соң қолды сәл-ақ беттен алыстатып бетке көлденең басады.

Қызылорда-Қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей мойынның бойында шағын шеңберді бейнелейді.

Талдықорған-Сұқ саусақты мойынның оң жағынан сол жағына көшіріп тигізеді.

Өзбекстан-Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей бастың жанында айнала жылжытады.

Ресей-«Орыс» қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей иықтың сол жағынан оң жаққа жылжытады.«Ел» қолды «5» санына ұқсатып кеуденің алдында айнала жылжытады.

Әзірбайжан-Оң қолдың сұқ саусағынан басқасы жұдырыққа жиналып суреттегідей саусақтың ұшын маңдайға басып оңға қарай жылжытады. Содан соң сәл-ақ кейін бет қырымен төмен сырғып түседі.

Армения-Оң қолды «ж» әрпіне ұқсатып суртегідей сәл-ақ барлық саусақтарды сол қолдың үстінде жыбырлатады.

Белоруссия-Екі қолды «1»санына ұқсатып суреттгідей айқыш орнатып, айнала жылжытады.

Белоруссия-Екі қимыл:

  1. «Ақ»-қолды «р» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге басып алыстата саусақты түзейді.

  2. «Орыс»- сұқ саусақтыиектің сол жағынан оң жағына жылжытады.

Грузия-Екі қолды «5» санына ұқсатып суреттегідей кеудеге басады да ортаға жылжытып төмендетеді.

Латвия-Қолды «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей үлкен саусақты кеудеге басып, сұқ саусақты циркуль қимылымен төмен түсіреді.

Литва-Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдай үстімен сол жақтан оң жаққа жылжытады.

Молдавия-Қолды бастан алыстатып, саусақтарды «ж» әрпіне ұқсата салады да иықтың үстіне шайқайды.

Сібір-Қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей жақтың оң жағынан сол жағына көшіреді.

Татарстан-Қолды бастан алыстатып төмен түсіреді. Қолды қимыл кезінде біресе «ф» әрпіне ұқсатып біресе ашып жылжытады.

Украина-Қолды «ілмекке» ұқсатып суреттегідей сәл-ақ беттен алыстатады да, төмен түсіреді.

Эстония-Үлкен саусақ иекті бірнеше рет сырып төмен жылжыйды.

Якутия-Қолды «я» әрпіне ұқсатып суреттегідей самайға тигізеді.

Баку-Қолды «е» әрпіне ұқсатып суреттегідей жоғары жылжытқан кезде саусақтар түзеледі.

Вильнюс-Қолды кеудеден алға жылжытып саусақтарды «ж» әрпіне көшіреді.

Казан-Қолды «5» санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет мықымға тигізеді.

Киев-Қолды «200» санына ұқсатып суреттегідей самайға тигізеді.

Кишинев-Қолды «5» санына ұқсатып суреттегідей саусақтарды қимылдатып, мұрынға тигізеді.

Минск-Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет мықымға тигізеді.

Мәскеу-Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет жаққа тигізеді.

Новосибирск-Қолды «н» әрпіне ұқсатып суреттегідей жақтың ой жағынан сол жағына көшіреді.

Одесса-Қолдың қоспасын «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей иыққа тигізеді. Бірнеше рет қатарынан, қолдың орнын өзгертпей, сұқ саусақты тез «атады».

Пермь-Қолдың қоспасын «2» санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет кеудеге тигізеді.

Рига-Сұқ саусақты мойынға тигізіп, қолдың қоспасын сәл-ақ бұрады.

Рязань-Қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей иектің астында оңға-солға жылжытады.

Сантк-Петербург-Қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей иыққа басады.

Таллин-Екі қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей саусақтарды бір-біріне тигізіп, төмен бұрады.

Тамбов-Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей ортаға жылжытады да қоспасын оңға қарай бағыттайды.

Ташкент-Оң қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың қоспасын құлақша алады. Оң қол сол қолдың білегімен жылжыйды.

Тула-Қолдың қоспасын «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей саусақтардың ұшын оң жақ бүйірге тигізеді.

Челябинск-Қолды «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей иектен самайға көшіреді.

Австралия-Екі қолды «р» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң жаққа көшіріп саусақтарды түзейді.

Азия-Екі қимыл:

  1. Сұқ саусақпен көздің бұрышын сәл созады.

  2. Қол «в» әрпіне ұқсатылып суреттегідей (алақан төмен бағытталған) шеңберді бейнелеп жылжыйды.

Америка-Қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрып сәл-ақ жоғары жылжытады.

АҚШ-Сөз саусақ әрпімен жазылады.

Африка-Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей мұрынға жақындатады. Содан соң саусақтарды түзеп беттің алдында айнала жылжытады.

Билік, өкмет-Екі қолды бір мезгілде сәл-ақ жоғары көтеріп екі жаққа жылжытады, сол кезде екі қолдың қоспасы «а» әрпіне жиналады.

Вице-Екі қол «үлкен саусаққа» ұқсата салынған. Оң қолды сол қолға тірейді.

Сайлау-Сол қолдың төмен жағымен оң қол жоғары жылжып «ж» әрпіне көшеді.

Басшы-Оң қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың үстіне қояды.

Мемлекет-Қолды «б» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдайға ортасына тигізеді.

Меже, шекара-Оң қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың алдында сол жақтан оң жаққа жылжытады.

Демократия-Екі қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей бұрып екі жаққа ажыратады.

Европа-Екі қимыл:

  1. Қолды «е» әрпіне ұқсата салады.

  2. Қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында шеңбер бейнесімен жылжытады.

Шетелдік-Екі қимыл:

  1. Оң қолдың саусағын тере ерінге жақындатады.

  2. Қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң жаққа жылжытады.

Капитализм-Қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді де қалпын өзгертпей, қолды төмен түсіреді.

Министр-Қолды «м» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде көтеріп төмендете екі жаққа ажырытады.

Ұлттық-Барлық саусақтарды қимылдатып ерінге жақындатады.

Парламент-Екі қимыл:

  1. Екі қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей кезектеп ерінге жақындатады.

  2. Екі қолды «5» санына ұқсатып қатарынан өзіне қарай жылжытады.

Қаулы-Қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей төмен түсіріп саусақтарды түзеп тоқтатады.

Үкімет-Қолды «м» әрпіне ұқсатып суреттегідей, қалпын өзгертпей, екі жаққа жылжытады.

Төраға-Екі қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей төмен түсіреді.

Президент-Қолдың қопасын «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей иықтың түсында шайқайды.

Президиум-Екі қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей ортадан екі жаққа ажыратады.

Премьер-министр-Екі қимыл:

  1. Оң қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып сол қолдың үстіне қояды.

  2. Екі қолды «м» әрпіне ұқсатып екі жаққа ажыратады да қоспасын сәл-ақ төмендетіп көтереді.

Бастық, жетекші-Екі қолды «ілгек» ымына ұқсатып суреттегідей кезек-кезек өзіне және өзінен кейін жылжытады.

Ел-Қолдың алақанын төмен «5» әрпіне ұқсатып айнала жылжытады.

Жарлық австрия-Оң қолды «в» әрпіне ұқсатып сол қолға тигізеді.

Австрия-Оң қол сол қолдың сырт жағымен сырғып жылжыйды да қимыл кезінде саусақтар қимылдайды.

Албания-Қолды «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей сәл-ақ самайдың жанында шайқайды.

Англия-Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет мойынға тигіізеді.

Болгария-Қолдың қоспасын суреттен алыстатып «ж» әрпіне салады.

Болгария-Қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей беттен алыстата төмен түсіреді.

Венгрия-Оң қол сол қолдың үстімен саусақтарды қозғалтып жылжыйды.

Вьетнам-Қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей бастан жоғары көтеріп төмендетеді де құлақтың бойында «ф» әрпіне көшеді.

Германия-Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей көздің маңына көтеріп төмен түсіреді де сәл-ақ оңға-солға шайқайды.

Голландия-Қолды бастың жанынан оң жаққа жылжытып төмен түсіреді де «ж» әрпіне көшіреді.

Греция-Қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей мұрынның қырын бейнелеп маңдайдан төмен түсіреді.

Дания-Қолды «3» санына ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағынан оң жаққа иректей жылжытады.

Мысыр-Қолдың қоспасын «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей иекке басады да қалпын өзгертпей қоспасынан оңға-солға шайқайды.

Израиль-Сұқ саусақ самайдан шайқалып төмен түседі.

Үндістан-Сұқ саусақтың ұшын маңдайдың ортасына басады. Қолдың қоспасы сол мезгілде сәл-ақ шайқалады.

Испания-Сұқ саусақ оң көзден төмендеп жақтың үстімен жылжыйды. Содан соң суреттегідей сол жақ көзден төмен түседі.

Испания-Қолды «ілек» ымына ұқсатып суреттегідей кеуденің оң жағына тигізеді де қолды жаққа көшіріп тағы кеудеге тигізеді.

Қытай-Қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей жақ үстімен көздің ұшына жылжытады.

Италия-Қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегілей саусақтардың ұшын иек үстімен сол жақтан оң жаққа жылжытады, оң жақ самайға көшіріп саусақтардың ұшын маңдай үстімен оңға жүргізеді.

Корея-Қолды «3» санына ұқсатып суреттегідей иек астына тіреп саусақтарды қозғалтады.

Норвегия-Қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдына «N» әрпін жазады.

Польша-Оң қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың үстіне қояды жа төмен аударып қайтадан сол қолдың үстіне басады.

Румыния-Қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей жақтың бойында айнала жылжытады.

Туркия-Қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей самайға көтереді де саусақты сәл-ақ бүгеді. Қимыл 2-3 рет қайталанады.

Финляндия-Сұқ саусақты сол қолдың сырт жағына тіреп суреттегідей саусақты алыстатады.

Франция-Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді де төмен түсіріп қайтадан кеудеге тигізеді.

Чехия-Қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет бұрады.

Швейцария-Қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің ортасымен төмен жүргізеді де сол жақтан оң жаққа қайталайды.

Швеция-Оң қолды сол қолға тигізіп көтереді же «ж» әрпіне көшіреді.

Жапония-Қолды «е» әрпіне ұқсатып суреттегідей иекке тигізеді де алақанды түзей маңдайға көшіреді.

Аргентина-Оң қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында домбырамен ойнағанды бейнелейді.

Иордания-Оң қолды «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдайға тигізеді.

Вагон-Қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей екі жаққа ажыратады да сол қолды-өзінен оң қолды –өзіне қарай жылжытады.

Тікұшақ-Сол қолдың үлкен саусағына оң қолдың алақаны басылып өзіңе-өзіңнен кейін бұрылады.

2.Жалға беру-Қолдың қоспасын «5» санына ұқсатып суреттегідей жұдырыққа жинап сол қолдың алақанына түсіреді.

Артист-Қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей кезек-кезек кеудеге тигізеді.

Жұмыссыз-Оң қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың астында айнала жылжытады.

Бизнес-Екі қимыл:

1. «Ақша» ымы – саусақтарды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей үлкен саусақты бірнеше рет сырады.

2.Оң қолдың сұқ саусағы сол қолдың саусағын айнала жылжыйды.

Жетекші-Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей кезек-кезек жылжытады.

Бухгалтер-Оң қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен шот санағанды бейнелейді.

Дәрігер-Оң қолдың сұқ саусағымен сол қолдың үстіне айқыш сызады да оң қолды «адам» ымына көшіреді.

Пайда, Олжа-Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағымен төмен сырғытады.

Генерал-Қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағына тигізеді де қолды төмен оң жаққа көшіреді.

Жүк тасушы-Екі қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей қалпын өзгертпей, өзіне қарай жылжытады.

Іс, Жұмыс-Екі қолдың саусақтарын тере бір мезгілде алға жылжытады.

Ақша - Төрт саусақты бірнеше рет үлкен саусаққа сырғылайды.

Арзан - Оң қолды «сұқ саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанын сырып төмен жылжытады.

Қарыз - Қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей мойынға тигізеді. Қимыл 2-3 рет қайталанады.

Қымбат - Оң қолды «ж» әрпіне ұқсатып сол қолдың алақанына тигізеді де, қол жоғары көтерілген кезде суреттегідей қалпын өзгертеді.

Сауыншы - Екі қолды «ілгек» ымына ұқсатып суреттегідей кезек-кезек жоғары төмен жылжытады.

Зауыт - Қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей кезек-кезек төмен және жоғары жылжытады.

Айлық, жалақы, еңбек ақы - Қолды «м» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдайдан алға – төмен жылжытады.

Капитан - Қолды «500» санына ұқсатып суреттетегідей қоспасын маңдайдан сәл жоғары басқа түсіреді.

Капитан - Оң қолды «м» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың қоспасымен жылжытады.

Несие - Қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың сыртынан, қырымен бірнеше рет сырғытып жылжытады.

Ұста - Екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қолды сол қолға түсіріп оңға қарай төмен жылжытады.

Сатып алу - Оң қолды «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрып, сол қолдың алақанын сырып жоғары көтереді.

Жеңілдік - Оң қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді және қолды өзінен төмен жылжытып жоғары көтереді де алғашқы орнына қайта орнатады. Қимылды қайталайды.

Жеңілдік - Оң қол қырымен сол қолдың саусақтарының арасына түсіреді.

Шебер, ұста, өнерпаз - Қол «1» санға ұөқсатылып суреттегідей кеуденің оң жағына тиіп жоғары сырғыйды.

Медбике Екі қимыл:

  1. «Медицина» - саусақпен сол қолға айқыш салады.

  2. «Бике» - сұқ саусақты жаққа тигізеді де екі қолдың саусағын айқыш орнатады.

Теңізші - Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей желкеден алға – артқа жылжытады.

Білім - Қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдайға тірейді.

Мәдениет - Екі қол «е» әрпіне ұқсата салынған. Екі қолды басқа тигізіп алыстатады да саусақтарды ажырата «5» санына ұқсатып салады. Сол қол оң қолдың қимылымен қатар өзгертеді.

Тәжірибе - Қолды «о» әрпіне ұқсатып салып, жаққа тигізеді де төмен түсіреді.

Офицер - Қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей иықтың бойымен жылжытып, погонды бейнелейді.

Шабан, Шопан, Қойшы - Қолды «ілгек» ымына ұқсатып суреттегідей қамшының қимылын бейнелеп, айнала жылжытады.

Аудармашы, Тілмаш - Екі қол «1» санына ұқсатылып суреттегідей айырылмай кезектеп ауысады. Қимыл қайталанады.

Аспазшы - Екі қолды «к» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдына кезектеп жоғары – төмен жылжытады.

Кіріс, Олжа - Қолды суреттегідей қимыл кезінде «5» санынан «ж» әрпіне өзгертіп кеуденің сол жағына тигізеді.

Жекешелендіру - Оң қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағына тигізеді де кеудеге барлық саусақты басады.

Сатушы - Қолды «ілгек» ымына ұқсатып суреттегідей кезектетіп өзіне қарай жылжытады.

Төлеу Оң қолды сол қолдың алақанына қою, яғни оң қолдың саусақтарын «Ж» пішінімен сол қолдың алақанына салу.

Сату Екі қолдың қоспасын «ілгекке» ұқсатып, бір мезгілде, суреттегідей бұрып, өзінен кейін бағыттайды.

Өндіріс Екі қолды «200» санына ұқсатып суреттегідей кезектеп жоғары және төмен жылжытады.

Өндіріс Оң қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың үстімен жылжытады.

Кәсіп, Мамандық Екі қолды «12» санына ұқсатып суреттегідей бір мезгілде, кеуденің алдында төмен түсіреді.

Пайыз Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей төмен ортаға түсіріп, бір орында орнатады.

Жұмысшы Екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қол алдымен шынтағымен содан соң қоспасымен тиеді.

Шығын, Қаржы

  1. «Ақша» ымы.

  2. Оң қолды «5» санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен саусаққа қарай жылжытады.

Режиссер Екі қолды кезек – кезек алға және артқа жылжытады.

Жөндеу, Жөндеуші Оң қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеңінен оңға және солға жылжытады.

Етікші Екі қолды бір мезгілде суреттегідей қалпын өзгертпей, «1» санына «х» әрпіне көшіріп екі жаққа ажыратады.

Өзімдікі, Менікі Қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей иектен кеудеге түсіреді.

Ұста Екі қолды «п» әрпіне ұқсатылып суреттегідей оң қолдың саусағы сол қолдың саусағымен сырғыйды. Егеу қимылын бейнелейді.

Қызметкер Оң қолды қырынан сол қолдың алақанына қойып жылжытады.

Меншік Оң қолды суреттегідей қимыл кезінде «ж» әрпіне жинап сол қолдың алақанына түсіреді.

Әскер, Жауынгер Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет кеудеге басады.

Әскер, Жауынгер Қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде иық үстімен жылжытады.

Ақы, Баға, Құн Оң қолды «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет сол қолдың алақанына тигізеді.

Балташы Екі қол «а» әрпіне ұқсатылып суреттегідей сол қол оң қолдың алдында орналасады. Екі қолды, бір мезгілде қоспасынан бұрып сәл – ақ алға жылжытады.

Қарауыл, Күзетші Қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей оң жақ иыққа тірейді.

Санау Оң қолдың сұқ саусағы сол қолдың саусақтарын тереді.

Тауар Қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудедегі киімді саусақпен іліп алып бірнеше рет жоғары және төмен түсіреді.

Фабрика Қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрып саусақтарды бір біріне тигізіп төмен түсіреді.

Фирма Оң қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында төмен жылжытады. Қол қоспасынан бұрылып жоғары көтеріледі.

Суретке түсіруші Оң қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей саусақтарын бүгіп тез өзіне қарай жылжытады. Сол қол оң қолдың соңынан жылжыйды.

Ие, Қожайын Қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей айнала өзіңнен кейін және өзіңе қарай жылжыйды.

Суретші Қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей сәл – ақ оңға – солға шайқап төмен түсіреді. Содан соң «адам» ымын көрсетеді.

Сызбашы Қол «о» әрпіне ұқсатылып суреттегідей оң қол оңға жылжыйды, ал сол қол – солға.

Тігінші Екі қолды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде алға қарай жылжытады.

Көлік жүргізуші Екі қол бір мезгілде айнала жылжыйды.

Үнем Қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей қолды айнала жылжытады.

Үнем, Үнемдеу Қолдың қоспасын «жарты – саусаққа» ұқсатып суреттегідей иек астымен солға қарай жылжытады. Қолды қоспасчнан бұрады.

Бір тенге Қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрады.

Екі тенге Қолды «2» санына ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрады.

Үш тенге Ортаңғы саусақты үлкен саусаққа бірнеше рет бір біріне тигізеді.

Бес тенге Қолды «5» санына ұқсатып суреттегідей ортаңғы саусағын бірнеше рет үлкен саусаққа тигізеді.

Бір мың Қолды «1» санына ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрып, алға және төмен жылжытады.

Үш мың Қолды «3» санына ұқсатып суреттегідей алға қарай жылжытады.

Бір килограмм Қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей қоспасынан алға жылжытады.

Бір дана, Бір нәрсе Қолды «1» санға ұқсатып суреттегідей қоспасынан бұрып тез төмен түсіреді.

Тақырыбы № 13. Эмоция, сезім, хал күй

Жоспар:

  1. «Эмоция, сезім, хал күй» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру

  2. Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

Қорқу - қолды «200» санына ұқсатып, сол қолдың алақанына басады. Қолдың қоспасын және орнын өзгерпей алақан үстінде сәл - ақ шайқайды.

Кішіпейіл,әдепті - екі қолды «у» әрпіне ұқсатып, кезек – кезек өзіңнен және өзіне қарай жылжытады.

Көңілді, ақ жарқын- қолды суреттегідей басқа тигізеді, содан соң алақан қоспасынан бұрылып жылжыйды.

Қобалжыған, абыржыған - екі қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей кезек – кезек кеуде үстімен жоғары жылжытады.

Ғашық болу, құштар- екі қолды суреттегідей өзгертпей бір мезгілде ортаға бұрып жылжытады.

Тәкаппар- қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегідей кеуденің үстімен жоғары жүргізеді.

Ыстық – қолды «500» санына ұқсаты суреттегідей ерінге жақындатып, содан соң қолды қоспасынан бұрып төмен түсіру.

Икемсіз, тұрпайы – қолды «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында төмен түсіреді.

Көңілсіз – екі қолды саусағын суреттегідей кеудеге басады. Саусақтарын кеудеден айырмай, қолдын қоспасынан бұрып ортаға түсіреді.

Сену, сенім – сұқ саусақты басқа тигізеді,содан соң саусақты алақан үстімен жүргізеді.

Сараң – екі қолды бір мезгілде тез сәл-ақ төмен түсіреді.

Сараң – қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып суреттегіде» кеудеге тигізеді. Екі қолды бір мезгілде төмен түсіреді.

Аяу, аянышты, әттең – қолдын қоспасын кеудеге басады.

Ыстық – қолды суреттегідей маңдай үстімен оң жаққа жылжытады. Қолды маңдай үстімен төмен жылжытып сілкиді.

Қатыгез – ортанғы саусақты кеудеге тигізеді суреттегідей қол алақанмен төмен өзінен ортаға жылжыйды.

Ашушан, қатал –жеңіл, оңай – қолдың саусақтары ерінен құлаққа қарай жылжыйды. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Еріншек, жалқау – үлкен саусақты суреттегідей иектен айырмай қолды сырт жағына бұрайды.

Еріншек, жалқау – екі қолды суреттегідей бір мезгілде қоспасынан бұрайды.

Махаббат – алақанды ерінге тигізіп қолды кеуденің сол жағына басады.

Көңіл-күй – екі қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей езек-кезек саусақтарды бір біріне тигізіп жоғары – төмен жылжытады.

Көңіл – алақанды кеудемен жылжытып жоғары көтереді.

Нәзік –қолды «н» әрпіне ұқсатып суреттегідей қатар өзінен кейін айналаға жылжытады.

Жек көрушілік – қолды «1» санына ұқсатып, суреттегідей, беттен алған және төмен жылжытып саусақтарды ажыратады. Қол қимылын тез тоқтады.

Жүйке, күйгелек – екі қолды «р» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді. Екі қолды кеудеден алыстатып үлкен саусақпен ортаңғы саусақты сәл-ақ ажыратып қайтадан қосады. Қимылды қайталайды.

Ұнау –қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей иекке тигізіп тез алақанды «5» санына көшіреді.

Өкпе, ренжу – сұқ саусақты ұшын жаққа тигізеді.

Жиіркенішті – қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді. Содан соң қолдың қалпын өзгерпей өзінен кейін сілкиді.

Ашық – екі қолды суреттегідей екі жаққа ажыратады.

Жылау – екі қолдың саусағы жақтың үстімен төмен жылжыйды.

Жаман – қолды «ю» әрпіне ұқсатып суреттегідей өзінен әрі бағыттайды.

Жаман – қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей мұрынның ұшынан төмен жылжытады.

Тыныштық – қолды кеуде үстімен төмен түсіреді.

Әдет – қолды суреттегідей мұрыннан төмен жылжытып «а» әрпіне ұқсатып жинайды.

Жай, қарапайым - оң қолды алақаны қырымен сол қолдың алақанымен төмен сырғытады. Қимыл 2-3 рет қайталайды.

Жай, қарапайым, жұпыны - екі қолды «ортаңғы саусаққа» ұқсатып суреттегідей саусақтарын ажырата, төмен түсіреді.

Қорқыту - екі қолды «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде алға – артқа жылжытады.

Шошу, қорқу - екі қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуде жоғары жылжытады.

Шаттық, қуаныш – екі қолды кезек – кезек кеуде үстімен төмен сырғыйды.

Күшті, мықты, қайратты – оң қолды «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолға тигізеді. Содан соң қоспасынан бұрын төмен түсіреді де тағы сол қолға тигізеді.

Сүйкімді, ұнамды, реңді – алақанның саусақтарын иекке тигізіп, қолды «үлкен саусаққа» ұқсата салады. Саусақтарды аяғына дейін жұдырыққа түймейді.

Ұялшақ, ұялу – сұқ саусақтың ұшын бірнеше рет жаққа тигізеді.

Зерігу – қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей өз алдына төмен түсіреді.

Әлсіз – екі қолдың саусақтары кезек –кезек төмен түседі.

Күлкілі – қолдың «уысқа» ұқсатып суреттегідей бірнеше рет кеудеге тигізеді.

Күлкі – қолдың «200» санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет иеке тигізеді.

Ынталы, ыждағатты - екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуде үстімен бірнеше рет жылжытады, қимылды 2 – 3 рет қайталайды.

Оғаш, әдеттен тыс – екі қолды суреттегідей беттен бір мезгілде екі жаққа ажыратады.

Қорқыныш – қол кеуде үстімен жоғары жылжыйды.

Қатал, қатаң - екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қолды, бұрмай, кенет жоғары көтереді.

Ұят, ар – ұят – оң қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей жақты айнала жылжытады.

Бақыт, мерей – екі қолдың саусағын «ч» әрпінен ұқсатып суреттегідей . қимылды бірнешерет қайталайды.

Жылы – қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей ерінге жақындатады.

Қиын, ауыр – сұқ саусақты иекке тигізеді.

Ләззат, рақат – қолды кеуденің үстімен бірнеше рет сырып жылжытады.

Күлкі – қолды «200» санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет иекке тигізеді.

Шаршау, шаршағандық – екі қолды суреттегідей бір мезгілде әрі-бері щайқайды.

Мақтаншақ – қол бірнеше рет кеуде үстімен жоғары жылжыйды.

Қу, айлакер - қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет жақтың үстімен еріннен құлаққа қарай жылжытады.

Суық, мұздай - екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей ортаға және екі жаққа жылжытады.

Суық, мұздай – екі қолды бір мезгілде суреттегідей төмен – ортаға түсіреді.

Жақсы - қолды «үлкен саусаққа» ұқсатып салып алға қарай жылжытады.

Жақсы - қолды «е» әрпіне ұқсатып суреттегідей ерінге тигізеді. Содан соң қолды беттен алыстатып «5» санына көшеді.

Тілеу,қалау – қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағына тигізеді.

Сезім – оң қолды «жарты саусаққа» ұқсатып суреттегідей сол қолға тигізеді де тез жоғары көтереді.

Естен тану - екі қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей бір мезгілде кеудеге тигізеді. Қимыл тез және шпашаң.

Жомарт, ашық - қолды «е» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің сол жағына тигіеді де алақанды «5» санына көшіреді.

Көңіл, эмоция - екі қол кезек – кезек кеуде үстімен жоғары жылжыйды.

Көңіл, эмоция - қолды «м» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет кеудеге тигізеді.

Мұз Саусақ әліппемен жазылады.

Жаз Қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей маңдайға көшіреді.

Ай Қолды «2» санына ұқсатып суреттегідей төмен түседі де саусақтардың ұшын қосады.

Су, сулы Екі қолды бір мезгілде төмен түсіріп саусақтарды «ж» әрпіне көшіреді.

Найзағай, жай Өз алдында сұқ саусақпен найзағайдың суретін салады.

Теңіз Екі қолды сол жаққа көшіріп су толқынын бейнелейді.

Аяз Екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде төмен түсіреді.

Аспан Екі қолды бастан жоғары көтеріп, қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей жылжытады.

Бұлт Екі қолды кеуденің алдына көтеріпсуреттегідей бір – біріне қоспай,айнала қимылдатады.

Көл Екі қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей жоғарыдан төме түсіреді.

Құм Қолды «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей жоғары қаай жылжытады да қимыл кезінде саусақтарды бір біріне сырады.

Шаң, тозаң, қоқым Екі қол суреттегідей саусақтарды төре қатарынан жоғары жылжытады.

Табиғат Екі қлды «в» әрпіне ұқсатып суреттегідей ортаға орналастырады да, екі жаққа ажыратып қайтадан қалпына оралады

Шаң, тозаң, қоқым Оң қолдың ортаңғы саусағын сол қолдың алақаныме қоспасына қарай тез жүргізеді.

Кемпірқосақ Оң қол жоғары суреттегідей оңға қарай көтеріліп, саусақтар ажырайды да «э» әрпіе көшеді.

Өзен Қолды «э» әпіне ұқсатып суреттегідей алға қарай қимылдатады да өзеннің қиылысын бейнелейді.

Құз, жартас Екі қимылды.

  1. Екі қол тауларды бейнелеп төмен түседі.

  2. Оң қолды «а» әрпіне ұқсатып, суретегідей, сол қолға басады, екі қолды сәл алыстата бұрып сол қолды оң қолдың үстіне түсіреді.

Қар Екі қолдың саусақтарын қимылдатып төмен түсіреді.

Күн Қолды «е» әрпіне ұқсатып суреттегідей төмен түскен кезде саусақар ашылып түзеледі.

Құрғақ Екі қоды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қолды тез сол қолға тигізіп өзіне қарай сол жаққа көтереді.

Қара бұлт «қара» ымын бейнелеп екі қол бір мегілде айнала жылжиды.

Экология

1. Екі қолды ортаға орналастырып, қалпын өзгертпей, суреттегідей екі жаққа ажыратылады. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

2.Екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суретегідей бір мезгілде кері итереді

Тақырыбы № 14. Дәрігерлік.

Жоспар:

1.«Дәрігерлік» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру

2. «Мектеп» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

3.Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

Талдау-қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың саусағынан жоғары оң жаққа жылжытады да қимыл кезінде саусақтар «З» санына ашылады.

Аборт-оң қолдың саусақтары сол қолдың алақанымен төмен жылжып жұдырыққа жиналады.

Баспа-сұқ саусақпен үлкен саусақ мойынды құлашқа алады.

Екіқабаттық, жүктілік-қосылған екі қолды іштен алға қарай жылжытады.

Ұйқысыздық-1. «ұйықтау» алақанға басты инкейтеді. 2. қолды «у» әрпіне ұқсатып суреттегідей үлкен саусақты бірнеше рет мұрынға тигізеді.

Ауыру, кесел, науқас-оң қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет сол алақанның сырт жағына тигізеді.

Ілтипат, ықыласпен, зейін- қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей иектің астына басады.

Гипертония-сұқ саусақты басқа тигізеді. Содан соң қолды «а» әрпіне салып, сол қолдың алақанына түсіреді.

Саңырау,керең-сұқ саусақты алдымен құлаққа тигізеді, содан соң ерінге.

Сығым, қысым- оң қолды «с» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолды құлашқа алады. Содан соң екі қол, бастың маңайында, бір мезгілде жоғары жылжиды.

Тосу, күту- қолды 5 санына ұқсатып кеуде үстімен үлкен саусақты жүргізеді. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Аялау,қамқор – екі қолды кеуденің алдында бес жүз санына ұқсатып қатар алға және ортаға жылжытады. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Жұқпалы- екі қолды «х» әрпіне ұқсатып бір біріне тіркейді. Қимылдың қалпын өзгертпей алға жылжытады.

Денсаулық- екі қолды бес санына ұқсатып кеудеге басады, екі қолды қатарынан екі жаққа ажыратып «а» әрпіне салады.

Мүгедек, жарымжан- оң қолдың алақанын қырынан сол қолдың білегімен төмен сырып жылжытады. Қоды ауыстырып қимылды қайталайды.

Инфаркт- ортаңғы саусақты кеудеге тигізеді. Содан соң екі қолды айқастырып екі жаққа қатарынан ажыратады.

Тамшы- қолдың қоспасын «тамшыға» ұқсатып төмен түсіреді. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Тері- қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолға тигізеді оң қодың қалпын өзгертпей төмендетеді.

Сүйек- екі қолды кеуденің алдында айқастырып орнын өзгертпей бір мезгілде қоспасынан бұрады. Содан соң қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей тіске тигізеді.

Қан- сұқ саусақты бірнеше рет еріннің төмен жағымен жылжытады.

Қан кету, қансырау-1. (қан) сұқ саусақты ерін үстімен жылжытады. 2 Оң қолды сол қолдың алақанымен оңға-солға ығысып төмен жылжиды.

Өкпе- қол ортаңғы саусағын кеуденің сол жағынан оң жаққа көшіріп тигізеді.

Дәрі-дәрмек, дәрі- қолдың саусақтарын тере, орнын өзгертпей, иекке көтереді.

Емдеу- оң қолды «ч» әрпіне ұқсатып салынған. Оң қол кеңінен оңға – солға, сол қолдың маңайында қимыл жасайды.

Медицина- оң қолдың сұқ саусағымен суреттегідей сол қолға айқыш суретін салады.

Бағыт, бағдар, беталыс-екі қолды «э» ұқсатып суреттегідей қатар бүгіп өзінен әрі төмен түсіреді.

Нашақорлық- үлкен саусақты бірнеше рет, сол қолдың шынтағының іш жағына тигізеді.

Тұмау- қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей мұрынға жақындатады. Саусақтарды бетке тигізбей бірнеше рет төмен түсіреді.

Сақ, сақтық-1. «нашар» қолды иектің асиына тигізеді. 2. «басқарма»-екі қолды «ілгекке» ұқсатып суреттегідей кезек- кезек жылжытады.

Сал ауру- қоды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей дененің ортасымен төмен жүргізеді.

Бауыр- ортаңғы саусақты өзінің оң жақ бауырының астына тигізеді.

Омыртқа- қол жоғарыдан төмен жылжыған кезде саусақ «х» әрпіне бүгіліп түзіледі.

Қатысу,қал сұрау- қолды екі жүз санына ұқсатып суреттегідей алға-артқа, содан соң сәл-ақ, сыртқа жылжытады. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Бірте-бірте, біртіндеп- оң қол сол қолдың үстімен сырғып, бірнеше рет алғашқы орнына қайта оралады.

Бүйрек-сұқ саусақты бүйірге тірейді.

Тұмау, тұмаурату,суық тигізу- екі қолдың саусақтарын бір мезгілде кеудеге бұрып ортаға жылжытады.

Психоз- қолды «тамшы» ымына ұқсатып суреттегідей маңдайдың ортасына жақын дөңгелекті бейнелейді.

Рентген, айна түсіру – қолды «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде кеуденің алдында төмен түсіреді.

Дәрі, қағаз -1. «қол қою» қоды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақан үстінде қоспасынан бұрады. 2. Оң қолды «э» әрпіне ұқсатып сол қолдың үстімен жүргізеді.

Жүрек- ортаңғы саусақты кеуденің сол жағына тигізеді.

Жедел көмек- 1. Оң қодың сұқ саусағы суреттегідей сол қолдың үстіне айқыш суретін бейнелейді. 2. «көмек»- оң қолдың алақаны сол қолдың алақанымен бірге алға жылжиды.

Нашар еститін адам- сұқ саусақты құлаққа тигізеді де екі қолды екі жүз санына ұқсата салады. Оң қол сол қолды сырып төмен түседі.

Көрмейтін- қоды бес жүз санына ұқсатып суреттегідей көздің алдында оңға – солға жылжытады.

Есту қабілетін дамыту жұмысын жүргізетін аппарат- қодды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей құлақтың артына орнатады.

Ұйықтау- сол қолдың алақанын оң қодың алақанына басып, басты сәл – ақ иңкейтеді.

Естен адасу- сұқ саусақ самайдан оңға қарай айнала жылжиды.

Буын- екі қолды екі жүз санына ұқсатып суреттегідей саусақтар бір- біріне тіреліп, қоспасынан бір мезгілде қарама- қарсы бағытталып бұрылады.

Дәрі- оң қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында айнала жылжиды да ерінге көтеріліп кеуде бойымен төмен түседі.

Дене- екі қол суреттегідей қатарынан төмен түседі.

Қызу, ыстығы бар- сұқ саусақ счол қолдың алақанымен жоғары жылжиды.

Қызу- қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қоддың қолтығына орнатады.

Терапевт- қоды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей әуелі кеуденің сол жағына тигізеді де қолды оң жаққа көшіреді.

Укол- оң қолды сол қолдың алақанына түсірген кезде саусақтарды «ч» әрпіне көшіреді.

Хирург- екі қолды «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей кезек-кезек жылжытады.

Асқынған ауру- сұқ саусақтарды айқыш орнатып төмен жылжытады. Содан соң оң қолды «о» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет сол қолға тигізеді.

Індет- екі қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей айқастырады. Содан соң екі қолды «у» әрпіне ұқсатып бір мезгілде екі жаққа ажыратады.

Қояншық- екі қолды «сұқ саусаққа» ұқсатып суреттегідей кезектеп шұғыл алға – артқа, қарай жылжытады.

Тақырыбы № 15. Мектеп.

Жоспар:

1. «Мектеп» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

2.Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

Альбом-Оң қодың алақанын сол қолдың алақанына басады, содан соң оң жаққа алыстатып алақанды ашады.

Артикулияция-Сұқ саусақ ерінді айнала жылжыйды.

Үлкен, ірі, зор-Екі қолды екі жаққа ажыратады. Екі қолдың мөлшері заттың көлеміне, оқиғаның ауқымына байланысты.

Қағаз-Оң қол суреттегідей сол қолдан айырылмай сырғыпе жылжиды.

Саусақ әліпесі-Саусақтарды кезек-кезек қозғалтып қолды оңға-солға жылжытады.

Кезекші-Оң қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың үстімен жүргізеді.

Тәрбиеші-Қолды суреттегідей тез қимылмен төмен және жоғары жылжытады.

Директор-Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет мықымға тигізеді.

Тәртіп-Оң қолдың алақанын бірнеше рет сол қолға төмендетеді.

Тақта-Екі қолдың сұқ саусағын сыныптағы тақтаның жоғарғы жартысын бейнелейді.

Ымды тіл-Екі қол кезек-кезек жәймен алға және төмен жылжыйды.

Есеп-Қимыл екі бөлімнен тұрады:

1.Қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей өзінің алдында «з» әріпін жазады.

2.Сұқ саусақты үлкен саусаққа бүгіп саусақты тез алға қарай бағыттап түзейді.

Қарандаш, қалам-Қолды суреттегідей бір мезгілде алға және артқа қарай жылжытады.

Шашақ,қылқалам-Қол қоспасын «п» әрпіне ұқсатып суреттегідей алақанның үстінде жылжытады.

Сынып-Қимыл екі бөлімнен тұрады:

  1. Қол «ч» әрпіне ұқсатылып суреттегідей маңдайдың оң жағында, бірнеше рет алға-артқа жылжыйды.

  2. Оң қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың үстіне алақан бойы көлденең басады.

Кітап-Екі қолдың алақанын бір мезгілде қатар ашып-жабады.

Бояу, сыр, реңк-Оң қолдың сол қолдың үстімен өзіңе және зіңнен кейін жылжытады.

Өшіргіш-Оң қолдың саусағын «ілгек» ымына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен саусаққа қарай және кейін жылжытып, өшіргіштің қимылын бейнелейді.

Сызғыш-Екі қолды екі жаққа ажыратады.

Кішкене, ықшам, шағын-Екі қолдың алақанын ортаға жылжытып, кеуденің алдында жақындатады.

Математика-Екі қолдың саусақтарын қимылдатады да оң қол сол қолдың үстімен жылжыйды.физика-қолды «ф» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында оңға және солға қарай жылжытады.

Химия-Қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында өзіне-өзінен кейін айнала жылжытады.

Алгебра-Қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында қимылдатады.

Геометрия-Қолды «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей оңнан солға қарай аздаған қимыл жасайды.

География-Қимыл екі бөлімнен тұрады:

  1. Қол «г» әрпіне ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында төмен және жоғары кішкене шеңберді бейнелейді.

  2. Оң қол, сол қолды айналады да сол қол оң қолдың қимылын қайталайды.

БиологияҚол «б» әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет өзіне және өзінен кейін жылжытады. Қимыл шағын және тез.

Қазақ тіліҚимыл екі бөлімнен тұрады:

  1. Қолды «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей маңдайға басып тез иекке түсіреді.

  2. Қолды «1» санына ұқсатып ауыздың маңында айнала жылжытады.

Тарих-Қолды «и» әрпіне ұқсатып суреттегідей өз алдында шағын жылжытады.

Әдебиет-Қолды «л» әрпіне ұқсатып суреттегідей оңға-солға, бірнеше рет қимылдатады.

Орыс тілі-Қимыл екі бөлімнен тұрады:

  1. Қол «сұқ саусаққа» салынған күйде иек үстімен оңға қарай жылжыйды.

  2. Сұқ саусақ еріннің бойында айнала жылжыйды.

Істей алам-Екі қолды «а» әрпіне ұқсатып суреттегідей қатарынан төмен түсіреді.

Керек, қажет-Екі қолды «н» әрпіне ұқсатып суреттегідей ортаға жылжытып төмендетеді.

Бермеймін-Қолды «у» әрпінеұқсатып суртеттегідей мұрыннан алға қарай, төмен жылжытады.

Істей алмаймын, жасай алмаймын-Екі қолды «у» әрпіне ұқсатып суреттегідей екі жаққа ажыратады да алақанды ашады.

Керегі жоқ-Екі қол «н» әрпіне ұқсатылып суреттегідей кеуденің алдында ортаға жылжып екі жаққа ажырайды.

Баға-Оң қолдың саусақтарын сол қолдың алақанына тигізеді.

Үзіліс, қоңырау-Қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей оңға-солға шайқайды.

Тәртіп-Екі қимылдан құралады:

  1. Оң қолдың алақанын сол қолдың алақанына төмендетеді.

  2. Екі қолды оң жаққа көшіреді де тоқтатып қайтадан оңға қарай жылжытады...

Ереже, жөн,жоба-Екі қолды суреттегідей бір мезгілде қалпын өзгертпей, төмен түсіреді.

Сөйлем-Оң қолды суреттегідей оң жаққа жылжытады.

Сөйлемді дамыту-Екі қимылдан тұрады:

  1. Екі қолды «у» әрпіне ұқсатып суреттегідей екі жаққа жылжытады.

  2. Сұқ саусақ ерінің бойында айнала жылжыйды

Сабақ кестесі-Оң қолды «ж» әрпіне ұқсатыпт суреттегідей сол қолдың алақанына бірнеше рет тигізіп төмен жылжытып түсіреді.

Әңгіме-Екі қолды «р» әрпіне ұқсатып суреттегідей қимыл кезінде қолды алға және екі жаққа жылжытып «5» санына көшіреді.

Қалам-Қол оңға қарай жылжып, қаламның жазған қимылын бейнелейді.

Отыру-Екі қолды «х» әрпіне ұқсатып суреттегідей өз алдында алақанымен төмен орналастырады.

Ертегі-Екі қолды «сұқ саусаққа» ұқсатып суреттегідей бастың бойында кезек-кезек жылжытады.

Сөз-Оң қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың сұқ саусағына тірейді.

Есту қабілетін дамыту-Екі қимыл:

  1. Қолды «500» санына ұқсатып суреттегідей құлаққа тірейді

  2. Қолды «ч» әрпіне ұқсатып кеуде үстіне сырғытады

Тыңдау-Алақанды «уыс» ымына қсатып суреттегідей құлаққа тірейді.

Есту-Сұқ саусақты құлаққа тірейді.

Қарау, байқау-Қолды екі санына ұқсатып суреттегідей беттен алға жылжытады.

Жиналыс-Екі қолды «сұқ саусаққа» ұқсатып суреттегідей кезек-кезек ерінге жылжыфытып-алыстатады.

Көшіріп жазу-Оң қол сол қолдың алақанымен сырғып «ж» әрпіне жиналады. Қимылды 2-3 рет қайталайды.

Өлең-Оң қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен біресе қоспасына біресе саусаққа қарай жылжытады.

Тақырып-Қолды «200» санына ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында көтереді. Саусақтар бірнеше рет бүгіледі.

Дәптер-Ортаңғы саусақ сол қолдың алақанын сырып өтеді «дәптердің бетін ашқан болып».

Сабақ-Оң қолдың қырымен сол қолдың алақанына қойып жоғары-төмен жылжытады.

Тоқсан -Саусақтарды шағын «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей қолдың қалпын өзгертпей төмен түсіреді.

Оқушы-Екі қимыл:

  1. Қолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей самайдан шекеге қарай бірнеше рет жылжытады.

  2. Қолды «э» әрпіне ұқсатып суреттегідей қалпын өзгертпей төмендетеді.

Мұғалім, ұстазҚолды «ч» әрпіне ұқсатып суреттегідей ортадан екі жаққа жылжытады. Қимыл бірнеше рет қайталанады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]