Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sill_zhest_dakt_tili_toly_1179.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы № 9. Киім, аяқ киім,түрлі түстер

Жоспар:

  1. «Киім, аяқ киім, түрлі түстер» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

  2. Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

1.Іш киім-суреттегідей сұқ саусақтың ұшын кеудеге басып төмен сырғытады.

Жаздық қалпақ -қолды жоғары көтеріп қалпақтың қалпын бейнелеп қолды басқа төмендетеді.

Шалбар -қолды «ы» әрпіне ұқсатып суреттегідей саусақты төмендете түсіреді.

Қолғап- оң қол сол қолды құлашқа алып үстімен сырғиды да кезегімен сол қол оң қолды құлашқа алып үстімен сырғиды.

Галстук- «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей мойынға тигізіп қолдың орнын өзгертпей, төмен түсіріп кеудеге басады

Қалпақ- қолды «ілгек»ымына ұқсатып суреттегідей, қалпақ киген қимылын бейнелейді.

Кастюм- екі қолдың үлкен саусағы кеудеге тіреліп, кастюмнің жағасын бейнелейді де суреттегідей қолды «ы»әрпіне ұқсатып қалпын өзгертпей кеуденің ортасына тірейді.

Киім- екі қолды «ж» әрпіне ұсатып суреттегідей орнын өзгертпей кеуденің ортасына түсіреді.

Шапан- суреттегідей шапан кигенді бейнелейді.

Қалпақ- екі қолды жоғары қарай сәл ақ бұрып суреттегідей екі жаққа ажыратады.

Биалай -оң қол сол қолға биалай кигенді бейнелейді.

Орамал жаулық- екі қолды «ілгек»ымына ұқсатып суреттегідей бас орамал таққанын бейнелейді.

Көйлек - екі қолды кеуденің үстімен төмен жүргізіп саусақтарды суреттегідей төмен түсіреді.

Белдік, белбеу- қолдың қоспасын және орнын өзгертпей суреттегідей бір мезгілде кіндікке жылжытады.

Кеудеше- суреттегідей қолды төмендетіп саусақтарды ұштастырады.

Белдік,қайыс белбеу- сол қолды «п»әрпіне ұқсатыпсуреттегідей мықынға басады.Оң қолды «п»әрпіне ұқсатып мықынға басады да суреттегідейсол қолдың саусағына түсіреді.

Көйлек,жейде- екі қолды кеудеден сәл-ақ төмен түсіріп саусақтарды ұштастырады да суреттегідей қол қимылы бір сәтке сақталады.

Сарафан- екі қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей қатарынан сәл ақ төмен түсіреді.

Шолақ шалбар- екі қолдың қалпын өзгертпей мықынға көшіреді.

Спорт жейдесі -оң қолды«в»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолға тигізеді.

Шұлық- екі қолды «х»әрпәне ұқсатып сұқ саусақтар кезек-кезек «х»әрпіне қайта оралады.Қолдың қалпы өзгермейді.

Үлкен шалбар- екі қолдың сұқ саусағы мен үлкен саусағы суреттегідей кеуде алдында қосылады.

Шарф-екі қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей алға және төмен жылжытады.

(Әйел)қалпағы-сұқ саусақтармен қалпақтың қырын айнала жүргізіп бейнелейді.

(Ерлер)қалпағы –қолды «ы»әрпіне ұқсатып суреттегідей беттің алдында саусақты жоғары көтеріп басқа төмендетеді.

Тон, ішік- екі қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей кеудеге басады да қолды кеудеден бөліп саусақтарды «ж»әрпіне көшіреді.Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Белдемше- екі қолды төмендете екі жаққа ажыратады.

Шәрке- екі қолдың саусағын «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың сырт жағына айқыш-ұйқыш жолақ сызады.

Бәтеңке-Оң қолды «500»санына ұқсатып счуреттегідей бірнеше рет сол қолдың үстіне төмендетеді, қолдың қалпын өзгертпейді.

Пима- Оң қолды «с»әрпіне ұқсатылап суреттегідей сол қолдың саусағының ұшынан шынтаққа қарай жылжиды да қолды шынтаққа жеткізбейді.

Өкше-Оң қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанына тірейді.

Аяқ киім, шәрке- оң қолды «500»санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың қабырғасына басады.Оң қолдың қоспасынжәне орнын өзгерпей оңға- солға шайқайды.

Табан-оң қол сол қолдың алақанын сырып жылжиды.

Етік-оң қолды сол қолдың саусағынан бастап шынтаққа дейін жылжытып суреттегідей оң қолдың бүкпесіне қырымен қояды.

Етік-оң қолды «ілгек»ымына ұқсатып суреттегідей сол қолдың іш жағынан шынтаққа дейін жүргізеді.

Әйелдер аяқ киімі- екі қолдың сұқ саусағы мен үлкен саусағын ажыратып өзіне қарай жылжытады.

Ерлер аяқ киімі-оң қолдың қыры сол қолдың алақанын айнала жылжиды.

Түс,өң,рең­-қолды «ц»әрпіне ұқсатып суреттегідей сәл жоғары және төмен қимылдатады.

Түс,өң,рең­-саусақтарды бір бірлеп төмен түсіреді деалақанның қалпын өзгертпейді.

Сарғылт, сарғыш-әр әріп саусақпен жазылып көрсетіледі.

Ақ-Қолды «р»әрпіне ұқсатып суреттегідей кеудеге тигізеді де қолды оң жаққа жылжытып саусақтарды түзейді.

Көгілдір,көкшіл-сұқ саусақты үлкен саусаққа бүгіп орнатады да суреттегідей сырт еткізіп сол жаққа бірнеше рет лақтырады.

Сары- оң қолдың шынашағы қимыл кезінде сол қолдың шынашағына тиеді.Қимылды біренеше рет қайталайды.

Көк, жасыл-саусақты, еріннен құлаққа қарай, жақұтың үстімен жылжытады.

Алтын-сұқ саусақ пен үлкен саусақты сырт еткізіп ашады, сырт еткенде қолдың қоспасы сәл төмен бүгіледі.

Қоңыр- Оң қол сол қолдан айырылмай суреттегідей дөңгелекті бейнелейді.

Қызыл-Сұқ саусақ бірнеше рет ауыздан иекке қарай сырғиды.

Қызғылт-қолды «р»әрпіне ұқсатып суреттегідей жақты суреттегідей жақты айнала жылжытады.

Жирен-қолды «р»әрпіне ұқсатып суреттегідей оңға-солға тез шайқайды.

Күміс-екі қолды қатарынан ортаға және ортадан алақанды қоспасынан бұрады. Қимылды тез-тез қайталайды.

Сұр –қолды «4»санына ұқсатып суреттегідей сол қалпында иректей төмен түсіреді.

Көк, теңбіл- қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей оңға-солға шайқайды.

Күлгін-қолды «ф»әрпіне ұқсатып суреттегідей саусақ өзіңе қарай бұрылады.Қимыл тез қайталанады.

Қара- қолды «500»санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет саусақтың ұшын басқа тигізеді.

Ұқыпты –қолдың қоспасын өзгертпей төмен түсіреді де екі қолы оң жаққа көшіреді. Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Кең-қол бір мезгілде өзіңнен және өзіңе жылжиды.

Ілу- қолды «х»әрпіне ұқсактып суреттегідей жоғары жүргізеді де алға бағыттап қимылды тоқтатады.

Ілу-екі қол суреттегідей бір мезгілде алға жылжиды.

Тоқу- қол қоспасынансуреттегідей айналып саусақтардың ұшын айқастыра қимылдатады.

Үтіктеу-оң қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанынан айырмай саусақтарға көлденең жылжытады.

Ұзын-Екі қолды «ілгек»ымына ұқсатып, қалпын өзгертпей, екі жаққа жылжытады.

Шолақ,қысқа,келте-екі қолды жылдам ортаға жылжытып бір-біріне алақанына қарама-қарсы орнатады.

Қысқаша- екі қолды «с»әрпіне ұқсатып суреттегідей жұдырыққа жиып, қолдың қоспасын алға сәл ақ жылжытады.

Өлшем-екі қолды «о»әрпіне ұқсатып, суреттегідей, қолдың қалпын өзгертпей кезектеп жоғары-төмен қозғалтады.

Жырту-екі қолды «200»санына ұқсатып суреттегідей сол қол жоғары жылжиды да оң қол сол қолды сырғып төмен түседі.

Жырту, жұлу-екі қолдың жұдырығы бір-біріне қарама-қарсы сырып жылжиды.оң қол өзіңе қарай сол қол өзінен қарай жылжиды.

Кір жуу-екі қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қол сол қолдан айырылмай сырғиды.

Тар-оң қолдың алақанаы сол қолдың алақанына тығыз басылады да өзіңнен сәл-ақ бұрылады, ал сол қолдың алақаны-өзіңе қарай бұрылады.

Тазалау,тазарту-оң қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен сырғиды. Қимылды екі-үш рет қайталайды.

Тігу-екі қол «о»әрпіне ұқсатылып суреттегідей бір-біріне қарама-қарсы орналапсып, оң қол сол қолды айнала жылжиды.

Жамау- оң қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолды көлденең әр саусақтың үстімен жылжыту.

Тақырыбы № 10. Уақыт, сағат, күнпарақ. Айлардың атауы. Апта күндері. Табиғат, жыл мезгілдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]