Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sill_zhest_dakt_tili_toly_1179.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы № 11. Спорт және жаттығу мен шынығу. Қала,көлік

Жоспар:

  1. «Спорт және жаттығу мен шынығу» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру

  2. «Қала, көлік» тақырыбы бойынш ым-ишарамен айтуды түсіндіру

  3. Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

1.Акробат-екі қол «200»санына ұқсатылып суреттегідей оң қл алға қарай жоғары және төмен жылжып акробаттың қорғыған қимылын бейнелейді.

Баскетбол-екі қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей жоғары және төмен қимыл жасайды да допты торға лақтырғандай бйенелейді.

Әуіз, хауыз- екі қимылдан тұрады.

1.екі қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей шеңберді бейнелейді.

2.екі қол суда жүзгенді бейнелейді.

Жүгіру-екі қолды «х»әрпіне ұқсатып суреттегідей қатар алға қарай жылжытады.

Жүгіріс, жүгіру-спортсменнің жүгірген қимылын бейнелейді.

Бокс-қолды кезек-кезек алға жылжытып,жекпе-жек бокс жарысын бейнелейді.

Айқас, тартыс- екі қолды «х»әрпіне ұқсаттып суреттегідей бір-біріне қосады да қолды ажыратпай орындарын ауыстырады. Сонда, оң қол үстінде, сол қол астында орналасады.Қимылды бірнеше рет қайталайды.

Тез, жылдам,шапшаң- оң қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей шұғыл төмен түсіреді.

Тез, жылдам,шапшаң- екі қолды «сұқ саусаққа»ұқсатып суреттегідей оң қолды сол қолдың сұқ саусағымен сырғытады.

Воллейбол- екі қол бір мезгілде алға қарай суреттегідей жоғары жылжиды.Қимыл бірнеше рет қайталанады.

Қақпа- екі қолды «4»санына ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында қосады да екі қолды ажыратпай алға жылжытып тез алғашқы қалпын қайтарады.Содан соң өз алдында сұқ саусақпен, суреттегідей қақпаны бейнелейді.

Қақпашы- екі қол сәл-ақ өзіңе және өзіңнен кейін жылжиды.

Ұтыс- оң қол сол қолдың алақанына түскен кезде жұдырыққа жиналады да алақанды сырып қол өзіңе қарай жоғары жылжиды.

Қақпаға доп дәл түсті-оң қол сол қолдың алақанына тимей қолдың астымен жылдам төмен түседі.

Қуып жету- оң қолдың қоспасы өзгермей сол қолдың қоспасына жылжып қосады.

Ойын- қолды «ж»әрпіне ұқсатып кезек-кезек кеуденің алдында жоғары-төмен қозғалады.

Жүру, бару, кету- аяқтың жүргенін бейнелеп суреттегідей саусақтарды кезек-кезек ауыстырады.

Каратэ-екі қол кезек-кезек алақанның ортасымен қырынан жылжиды.

Қарта- қимылды 1-ші суреттегідей бірнеше рет қайталап 2-ші суреттегідей таратады.

Мәнерлеп сырғанау- екі қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей мүсінді бейнелейді де екі қолды «п»әрпіне ұқсатып оң жақтан солға қарай қимыл жасайды.

Топ, ұйым- екі қолды «с»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір-біріне қоспай кеуденің алдында орналастырады.

Коньки- екі қолды «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей алға жіне екі жаққа жылжытады.

Салмағы жоқ, жеңіл- екі қолдың алақаны суреттегідей бір мезгілде айнала жылжиды.

Салмағы жоқ, жеңіл-оң қолды «в»әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет саусақтардың ұшымен жақты түріп өтеді.

Қайық-екі қол қайықтың мұрнын бейнелеп алға жылжиды да екі қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде қайық жүргізушіні бейнелеп қозғалтады.

Ақырын баяу-оң қолды сол қолдың үстімен ақырын жүргізеді.

Шаңғы- қолды жұдырыққа жинап кезек –кезек артқа қарай шаңғы жарысын бейнелеп қимылдатады.Содан соң екі қолды«ф»әрпіне ұқсатып суреттегідейц кезек-кезек алға қарай жылжытады.

Озу- оң қол сол қолға тимей айнала жылжып сол қолдың алдына орналасады.

Олимпиада-екі қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей, бір-біріне қосады да сәл алыстата, бұрып қайта қосады.Сонда,оң қол астында, сол қол үстінде орнатылады.

Демалыс-екі қол айқастырылып кеуде бастырылады.

Демалыс - оң қолдың қоспасы сырт жағыменсол қолдың алақанына тиеді.

Артта қалу-сол қол қимылсыз. Оң қол суреттегідей оң жаққа өзіне қарай жлжиды.

Жүзу малту-қол жүзушінің қимылын қайталайды.

Жеңіс – қолды «а»әрпіне ұқсатып суреттегідей, қоспасын бұрады.

Ұтылыс- оң қолды «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен жылжытып төмен түсіреді.

Секіріс, қарғу- оң қолды «200»санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанына қарай секірісті бағыттап секірген қимылын бейнелейді.

Жолдама- екі қолдың сұқ саусағымен парақтың жоғарғы жыртысын бейнелейді.

Шана- оң қолдың қоспасын «200»санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанымен жылжытады.

Құрама- оң қолдың қоспасы сол қолдың бойымен жоғары қарай жылжып «ж»әрпіне көшеді.

Спорт- екі қол бір мезгілде иыққа бүгіледі.

Шығып кетті, түсіп қалды т.б. - оң қолды «200»санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанынан сәл оң жаққа жылжытып төмен түсіреді.

Жарыс –екі қолды «үлкен саусаққа»ұқсатып суреттегідей кезек-кезек жоғары-төмен түсіреді.

Стадион- екі қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде екі жаққа шеңберді бейнелеп алға және ортаға жылжытады.

Мәре - қолды «ілгекке »ұқсатып суреттегідей сәл- ақ жоғары сермеп тез төмен түсіреді.

Теннис- қолды «в»әрпіне ұқсатып суреттегідей сәл- ақ өзіне және өзінен кейін қозғайды.

Үлкен теннис қолды «ілгекке »ұқсатып суреттегідей үлкен теннистің қимылына сәйкес қимыл жасайды.

Ауыр, салмақты-оң қолды сырт жағымен сол қолдың сырт жағына басып аудырады.

Құлау-оң қолды «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей аударып сол қолдың алақанына сырт жағымен түсіреді.

Семсерлесу- қолдың қоспасын «ілгек»ымына ұқсатып суреттегідей, айнала жылжытып қолды алға сермейді.

Хоккей- қолды «ілгек»ымына ұқсатып суреттегідей , айнала жылжытыптығырықты жүргізеді немесе допты.

Меже, мәре- екі қолды шұғыл қозғалыспен , қоспасын және орнын өзгертпей, бір мезгілде кеудеге басады.

Футбол-екі қолды «1»санына ұқсатып суреттегідей кезек-кезек өзіне және өзінен кейін қозғайды.

Жеңімпаз, жеңіскер- қолды «ы»әрпіне ұқсатып суреттегідей басқа тигізеді де бірден қолды оң жаққа алыстатып саусақтарды «в»әрпіне түзейді.

Жүру,бару-екі қолды кезек-кезек өзіне және өзінен кейін жылжытады.

Шахмат-екі қолды «э»әрпіне ұқсатып суреттегідей кезек-кезек өзіне және өзінен кейін жылжытады.

Дойбы- екі қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідейкезек-кезек алға- артқа жылжытады.

Тығырық-тығырықтың қалпын қайталап оң қолдың қоспасы шеңберді бейнелейді.

2.Автобус- екі қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде жоғары-төмен жылжытады. Содан соң екі қолды «500»санына ұқсатып орнын өзгертпей, алға және солға қарай қозғайды.

Автокөлік- екі қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей алға жылжытады. «Содан соң екі қолмен автокөлікті бұрағандай болады».

Мекен-жай-оң қол сол қолдың сырт жағымен саусақұтарға жылжып қайта оралады.

Дәріхана-қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей иектердің жанында саусақтарды қозғалтып қимыл жасайды.Содан соң екі қолды «э»әрпіне ұқсатып екі жаққа жылжытады.

Банк-оң қолды сол қолдың сыртына басады.

Кітапхана-қимыл екі бөлімнен тұрады.

1.екі қолды алақаннан айырмай бірнеше рет ашып жабады.

2содан соң қолды «в»әрпіне ұқсатып ,суреттегідей, оң жақтан сол жаққа бағыттап қолды бірнеше рет өзіне және өзінен кейін жылжытады.

Жақан,жуық- екі қолды «ф»әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қолды сол қолға жақындатып тигізеді.

Велосипед-екі қол велосипедтің қимылын қайталайды.

Қала-сұқ саусақ «сұрақ»білгісін бейнелеп сол қолдың алақанына саусақтың ұшын басады

Серуендеу, қыдыру-алақанды қоспасынан оңға –солға қозғап алға қарай жылжытады.

Алыс қашық-қолды, қимыл кезінде, өзінен кейінбұрып сұқ саусақты алға бағыттайды.

Кино-қолдың орнын өзгертпей сәл-ақ беттің алдында шайқайды.

Дүкен-қолды «ілгекке»ұқсатып суреттегідей кезек-кезек өзіне және өзінен кейін жылжытады. Содан кейін екі қолды «э»әрпіне ұқсатып екі жаққа ажыратады.қимыл қайталанады.

Метро-оң қолдың алақанын сол қолға тигізбей, астымен жылжиды.Содан кейін трамвай қимылын көрсетеді.

Полиция –оң қолдың саусағын «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей бірнеше рет сол қолдың қоспасын сырады.

Көпір-қолды «ы»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде екі жаққа ажыратып төмендетеді.

Бағыт, бағдар, беталыс-оң қолдың қыры сол қолдың алақанын сырып алға жылжижы.

Аялдама –оң қолдың қалпын өзгертпей сол қолдың үстіне басады.

Рет,кезек-екі қолды «4»санына ұқсатып суреттегідей оң қолды иыққа қарай жылжытады.

Шаштараз-екі қолды кезек-кезек жоғары, иықтан құлаққа қарай жылжытады.

Қиылыс-екі қолдың сұқ саусағы айқыш салынған, оң саусақ сол саусақтың үстінде

Жолдан өту-екі қол кезектеп жылжиды, сол кезде қолдың саусақтары жүргіншінің жүрісін бейнелейді.

Алаң, аумақ, көлем-Қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей шеңберді бейнелеп жылжытады.

Бұрылыс, айналым, иірім-Оң қолдың алақаны қырынан сол қолдың алақанымен айтылған мағынаға сәйкес бағыттап жылжиды.

Жерасты өтпе жолы-оң қолды «200»санына ұқсатып суреттегідей (жүргіншінің жүрісін бейнелейді)сол қолға тигізбей астымен жылжытады

Емхана-сұқ саусақпен сол қолға суреттегідей айқышты бейнелеп «садады»

Пошта-оң қолды «200»санына ұқсатып суреттегідей бірнеше рет рет сол қолдың алақанына тигізеді.

Даңғыл-екі қолды кезек-кезек кеңінен алға-артқа қарай жылжытады.

Аудан-қолды «р»әрпіне ұқсатып суреттегідей шағын шеңберді бейнгелейді.

Мейманхана-екі қолды «р»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір мезгілде ортаға төмендетеді;қимл соңында саусақтарды түзейді.

Нарық, базар- оң қолды сол қолға басып шеңберді бейнелеп жылжиды.

Астана-оң қолдың қоспасынсол қолдың алақанына түрірген кезде қоспасын өзгертеді.

Астана(Қазақстан астанасы) –екі қолды «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей бір-біріне басып кеуденің алдында сәл-ақ жоғары көтереді.

Оңтүстік Астана- «оңтүстік»қимылын бейнелейді де екі қолды «орталық»қимылына көшіреді.

Асхана- екі қолдың қоспасын бір мезгілде ортаға жылжытады.

Тұру-оң қолды «л»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанына қояды.

Театр-екі қолдың ортаңғы саусағын кезек-кезек кеудеге тигізеді.

Телеграф-ортаңғы саусақты сол қолдың алақанына шұғыл тигізеді.

Жеделхат-Ортаңғы саусақты сол қолдың алақанына тез т игізіпоң қолды «с»әропіне көшіреді де сол қолдың қабырғасымен 1-2жүргізіледі.

Телефонхат-Оң қолды «у»әрпіне ұқсатып құлаққа жақындатады да екі қолды «ф»әрпіне ұқсатып суреттегідей төмендетіп, алға жылжытады.

Телекөрермен- екі қолды «ы»әрпіне ұқсатып суреттегідей өзгертпей кезек-кезек төмен және жоғары жылжытады. Содан соң қолды «л»әрпіне ұқсатып салып, көздің алдында қимыл жасап, қолды төмен түсіріп «э»әрпіне көшіреді де бірнеше ретоң жаққа жарты шеңберді бейнелеп жылжытады.

Кеден-екі қолды «п» әріпіне ұқсатып суреттегідей бірін – біріне қарама- қарсы орнатады да жоғары көтеріп төмен түсіреді

Көше- оң қол, сол қолдың қырымен суреттегідей саусаққа қарай жылжиды

Жиын,топ – оң қол сол қолдың сырт жағымен кеңінен айнала жылжиды

Орталық – ортаңғы саусақты сол қолдың алақанына тигізеді

Айып – оң қолды «ш»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанына тигізіп төмен сырғытады.

Салық- қолды «п»әрпіне ұқсатып суреттегідей иыққа бағыттап мойынға бір-екі рет тигізеді.

Трамвай-қолды «х»әрпіне ұқсатып суреттегідей өзіңнен кейін алға жылжытады.

Троллейбус-қолды «л»әрпіне ұқсатып суреттегідей өзінен кейін алға жылжытады.

Киім тазалау-оң қол «х»әрпін белгілейді де суреттегіндей оң қол сол қолдың алақаны бойы оңға-солға жылжыйды.

Тақырыбы № 12. Мемлекет, ел, саясат. Мамандық. Бизнес ісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]