Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Күні: 28.09.2016ж.

Тәрбиеші: Алиева А.Т.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Піскен алмалар»

Мақсаты:Қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту,балаларды дәстүрден тыс аппликация-жырту тәсілімен таныстыру;желіммен жұмыс істегенде кезде тиянақты болуға үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Шығармашылық ойын дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Алма бағының суреті,алмалармен ойнауға арналған себет,қуыршақ,желім,сулық,үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент:Күз-осень,алма-яблоко.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт

-Балалар,бізге қонақ келді.Оның кім екенін білу үшін жұмбақ шешейік.

Жұмбақ

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын.

Сап-сары ғып қояды.

Қызығушылық танытады,жұмбақ шешеді.

Жауабы:күз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,кәнекей,алма бағын жинап,күзге сыйлайық.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін жасап,желімдейміз.Көп емес,азғана жыртып,жапырақтарды жабыстырамыз.

Соңында піскен алмаларды жабыстырамыз.

-Жапырақтардың түсі қандай?

-Алмалардың түсі қандай?

Сергіту сәті.

Сөздік жұмыс: піскен.

Жұмысқа кірісуді ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент:

күз-осень,алма-яблоко.

Тәрбиешіні тыңдайды,жауап береді.

Үлестірмелі материалдағы үлгіні қарастырады,жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Жапырақтар жасыл.

-Алмалар қызыл.

Мәтінге қарай қозғалыстарды келтіреді.

Қайталайды:піскен.

Жұмысқа кіріседі.

Қайталайды:

күз-осень,алма-яблоко.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Күз,қарашы,барлық ағаштарды қосып,қандай алмалы бақ жасадық!

Күз:- Рақмет,балалар,еңбектерің үшін менен күздің жемісін-қып-қызыл тәтті алмаларды алыңдар.

Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.

Қуаныштарын білдіреді.

Күзбен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дәстүрден тыс аппликация-жырту тәсілін.

Түсінеді: күздің белгілерін және жемістердің-алмалардың қайда өсетәнә туралы.

Қолданады: жапсырмаларды тиянақты жабыстырады.