Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Банкадағы қияр мен қызанақ»

Мақсаты:көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағұлмат беру;көкөніс түрлері туралы білімдерін кеңейту;бұрыштарын қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қиюды үйрету;назарлары мен ойлау қабілеттерін дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Желім мен сулықты ұқыпты қолдану.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: көкөніс пен жеміс тиелген арбалар,сулық,үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент:қияр-огурец,қызанақ-помидор.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ойын жағдаяты

Екі бала топқа көкөніс пен жеміс тиелген арбаны сүйреп әкеледі.

-Балалар,не сүйреп әкелді?

-Көкөністердің атын айтып,көрсетіңдерші.

-Енді жемістерді атаңдар.

-Көкөністер қайда өседі?

-Жемістер қайда өседі?

Арбаны қарайды.

-Көкөніс пен жемістерді.

-Қияр,қызанақ,бұрыш,пияз.

-Көкөністер бау-бақщада өседі.

-Ал жемістер бақта,ағаш басында өседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,көкөністерді қысқа қалай сақтайтынымызды білесіңдер ме?

Сергіту сәті

«Орамжапырақты тұздау»

Тық-тық,тық-тық,

Орамжапырақты кесеміз,

Оны біз тұздаймыз.

Ыдысқа біз саламыз,

Дайындаймыз қысқа азық.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Шаршының түсі қандай?

-Бұл шаршыдан дөңгелек қиямыз.Бұл қызанақ болады.Бұрыштарын дөңгелетіп қиямын,дөңгелек шығады.

-Тіктөртбұрыштың түсі қандай?

-Бұрыштарын дөңгелетіп,сопақ пішінді қиямыз.Неге ұқсайды?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жауабы.

Балалар үстел үстін ұрып,алақандарын үркелейді.Өлең мәтініне байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.

Үлестірмелі материалды қарастырады.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Жасыл.

-Қиярға ұқсайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Тәрбиеші балаларды мақтап,аналарына көмекші екенін айтады.

-Жарайсыңдар,балалар,қысқа біз қаншама азық дайындап алдық!

Қуаныштарын білдіреді,жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: аппликацияда пропорциялар ережесін сақтап,бұрыштарын қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қияды.

Түсінеді: көкөніс пен жемістердің айырмашылығын,көкөністен жасалатын тағамдардың адам ағзасына пайдасын.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:13.11.2014ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Қонжыққа арналған пирамида»

Мақсаты:қоршаған орта және ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту;ойыншықтың келбетін көшіріп,аппликация жасауға үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ойыншық қонжық,пирамидалар,қайшылар,желім,сулық,үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент:қонжық-медвежонок,пирамида-пирамида.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ойын жағдаяты

-Балалар,біздің ойын бұрышымызда қонжық бар.Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы-пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты.

-Қалай ойлайсыңдар,біз қонжыққа көмектесе аламыз ба?

Тапсырма: «Пирамиданы құрастыруға көмектес.»

-Балалар бір-бірден шығып,сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші.

Қызығушылық танытады,тәрбиешіні тыңдайды.

Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді.

Пирамиданы жинайды,түсін және пішінін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Аппликация жасау үшін бізге не керек?

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

Сөздік жұмыс: түрлі-түсті пирамида

Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.

2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3.Қолындағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.

Сергіту сәті.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-Қайшы,қағаз және желім.

Үлестірмелі материалды қарастырады.

Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Қайталайды: түрлі-түсті пирамида.

Балалар еске сақтаған қауіпсіздік ережелерін айтады.

Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші қонжықтың атынан балаларға алғыс айтады.

Балалар мадақтайды.

Қуаныштарын білдіреді.Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.