Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 15.01.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Ақшақар»

Мақсаты: қоршаған орта мен қыс туралы түсініктерін кеңейту;шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету;қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Жаңа жыл мерекесінің суреттері,түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,желім,сулық,үлестірмелі материалдар,қуыршақ Ақшақар.

Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға ән айтқызады.

О,алақай,Аязата!

Келе жатыр алыстан!

Кел билейік,үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын...

Жұмбақ жасырады.

Тікен,тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте

Ол...

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

Ертегіні тыңдайды.

Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.

-Жаңа жыл.

-Шырша.

-Аязата,Ақшақар.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші қуыршақ Ақшақарды көрсетеді.Үстіне көк тон киіп алғанын айтады.

Сөздік жұмыс: тон.

-Балалар,Ақшақар деп неге атаған?

-Қазір дала аяз,бұл Ақшақар ұнататын ауа райы.Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.

Сергіту сәті.

Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.

-Балалар,біз бүгін Ақшақардың аппликациясын жасаймыз.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз,шаршыны екіге бөліп,қиямыз,шыршаны құрастырамыз,жапсырамыз.

Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз.Ол үлкен үшбұрыш болады.Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз.Қолы да үшбұрыш.Ал енді жұмысқа кірісейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Қуыршақты қарастырады,сұрақтарға жауап береді.

Қайталайды:тон

-Себебі ол қардан жасалған.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Қайталайды:Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.

Үлестірмелі материалды қарастырады.Сұрақтарға жауап береді.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Жұмысқа кіріседі.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды,балаларға ризашылығын білдіреді.

Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Ақшақармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: геометриялық пішіндерден Ақшақар құрастыруды.

Түсінеді: Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін,шырша мерекесінің қонағы екендігін.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылары.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:29.01.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Пойыз»

Мақсаты: балалардың пойыз туралы білімдерін,теміржолда жүретін көлік екенін түсіндіру;ұсақ бөлшектерді қосу;шаршыдан дөңгелектерді қию;шығармашылық ойды дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: пойыздың суреттері,қайшылар,желім-қарындаш,сулық,үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент:пойыз-поезд.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ойын жағдаяты

Пойыз әнін орындауды ұсынады.

Пойыз,пойыз

Судай жаңа,

Жылтырайды шынымен.

Не бар екен пойызда?

Аю менен маймылдар,

Мысықтар мен қояндар,

Міне.осындай пойызды

Балаларға сыйлаймыз.

Ұзақ,ұзақ,

Жол ұзақ.

Проблемалық жағдаят

-Балалар,біздің ойыншықтар саяхатқа шыққысы келеді.Бірақ оларда пойыз жоқ.Не істейміз?

Ынта білдіреді,орындықтарды пойыз сияқты етіп,ретімен қойып,пойыз туралы ән шырқайды.

Көмектесуге ынта білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық.

-Пойыз-көлік,теміржолмен жүреді.

-Пойызда паровоз бен вагондар бар.

Сөздік жұмыс: паровоз,вагон.

Тәрбиеші жұмысты жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.

Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.

Сергіту сәті.

Пойыз: «Ду-ду!Ду-ду!

Мен жүремін

Мен жүремін!»-деп шулайды.

Ал вогондар зулайды

«Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!

«Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!

Ұшақ болып балалар,

Ұшамыз биікке,биікке.

Жоғары қарай тартыламыз.

Енді жерге қонамыз,

Қолымызды төмен түсіреміз.

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд.

Жұмысқа кірісуді ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Үлестірмелі материалды қарастырады.Сұрақтарға жауап береді.

-Пойыз тіктөртбұрыштар,үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады.

Тәрбиешіні тыңдайды,жұмысты жасау ретімен танысады.

Балалар бірінің артына бірі «Пойыз» сияқты тұрады.

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд.

Пойыз жасауға кіріседі.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Тәрбиеші балаларды ойыншықтардың атынан мақтайды.

Қуаныштарын білдіреді.