Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурет шыгар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу

Тақырыбы: Үлкен және кіші сәбіздер.

Мақсаты : Сәбидің суретін салуды үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сәбіздің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.

Билингвальді компонент: маленкий- кішкентай, үлкен-большой, сәбіз-морковь

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педогог сурет бойынша жыл мезгілдері туралы әңгіме жүргізеді.

  • Қоянның қолында не бар?

Педогог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарын жүргізеді.

  • Сәбіз қанша түстен тұрады?

Сергергту сәті:

Педогог балалардан қояндардырдың қолындаңы үлкен және кішкентай сәбіздердің суретін салуды өтінеді.

-Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып бір-біріне қосамыз. Сәбіздің ұш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де солай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады.

Күз мезгілі көкөніс, жеміс-жидектерін береді.

(Қимылмен көрсетеді)

-Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай. Балалар толық жауап береді.

- Жасыл түспен сабағын бояймын, сәбізіміз дайын болады.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Педогог балалардың суретті жақсы салғандығын, қоянның қуанып, алғыс білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап, мадақтайды.

Не салғандарын әңгімелейді.

  • Мен алмұрт салдым. Ол сопақшаға ұқсайды т.с.с.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: үлкен-кіші сәбіздер суретін салуды;

түсінеді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты қабылдай білуді.

қолданады: пішіндерден бейне жасауды.