- •Дінтану негіздері Алматы 2010
- •1 Бөлім дінтану ғылым және оқу пәні ретінде
- •1 Дінтану пәніне кіріспе
- •3 Дін ұғымы және классификациясы
- •Араб-мұсылман мәдениетіндегі өнер туындыларының бірегейлігі
- •Арабтардың саз өнері және саз аспаптары
- •2 Бөлім діндер тарихы
- •1 Ежелгі наным сенімдер. Ежелгі түркілердің наным сенімдері.
- •2 Ұлттық Діндер
- •3 Әлемдік діндер
- •3.1 Буддизм
- •3.2 Христиандық: тарих және дәстүр
- •3.7 Исламның пайда болуы және таралуы
- •3.8 Құран тарихи мәдени ескерткіш
- •3.9 Ислам бағыттары мен мектептері
- •3.10 Ислам әдебі және құндылықтары
- •3.11 Қазақстандағы Ислам мәдениетінің ескерткіштері
- •3 Бөлім. Қазіргі қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар мен секталар
- •3.1 Діни секталардың мәні және табиғаты
- •3.2 Жаңа христиандық ағымдар. Евангелшіл христиандар. Методизм. Жетінші күн адвентистері. Иегова Куәгерлері.
- •3.5 Саентологиялық және сатанистік ұйымдар
- •3.6 Неоориенталистік культтер. «Кришна Санасы» қоғамы.
- •Шри Шримад а.Ч. Бхактиведанта Свами Прабхупада. Шри Ишопонишад. – м., Бхактиведанта Бук Траст, м 1993.
- •4 Бөлім. Қазақстан республикасындағы мемлекет, дін және қоғам
- •4.1 Экстремизм және оның дінаралық қатынастардағы көрінісі
- •4.2 Қазақстандағы діни сенім және ар ождан мәселесі
- •4.3 Қазақстандағы дінаралық келісім және толеранттық мәселесі
- •Мазмұны
- •1 Бөлім дінтану ғылым және оқу пәні ретінде
- •2 Бөлім діндер тарихы
- •3 Бөлім қазіргі қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар мен секталар
- •4 Бөлім. Қазақстан республикасындағы мемлекет, дін және қоғам
3.2 Жаңа христиандық ағымдар. Евангелшіл христиандар. Методизм. Жетінші күн адвентистері. Иегова Куәгерлері.
Евангелшіл христиандар: Евангелизация - грек тілінен аударғанда Ізгі хабар мағынасын білдіреді. Ізгі хабар халықтарды, жеке адамдарды христиандыққа бағыттайтын қызмет болып табылады. Христиандық ұғымға сәйкес «Евангелизация», «миссионерлік» деген түсінікті береді. Христиандық шіркеулер евангелизация ұғымының теориялық қалыптасуын Матфейдің Евангелиясынан алады «Халықтың бәрін Әке, Бала, Қасиетті Рухтың атынан шоқындырыңдар», «Оларға менің әмір еткен істерімді ғана жасатқызыңдар [Мф.28:19-20]. Сонымен қатар Марктің Евангелиясы «Әлемді шарлап , Евангелиямды барлық жаратылғандарға таратыңдар» [Мк. 16: 15-16], деп жар салған мәтіндерге сүйенеді.
Евангелизация немесе миссионерлікті протестанттық және католиктік шіркеулер белсенді түрде жүзеге асырады. 1965 жылы ІІ Ватикан Соборы евангелизацияға байланысты заң шығарды. Онда, шіркеулердің миссионерлік қызметі қарастырылды. Орта ғасырда евангелизация сөзі рухани атаққа ие болса, қазіргі таңда католиктік шіркеуді құрайтын «Құдай халқының» -христиандардың миссионерлік іс-әрекетіне ұласты. Католицизмде евангелизацияның объектісі жалпы адамзат болғандықтан шіркеу барлық болып жатқан іс-әрекеттерге араласып отырады. Рим папасы Иоанн ІІ өзінің көптеген энцикликаларында қазіргі заманғы евангелизацияның негізгі бағыттарын ұсынады: олар евангелизацияға қарапайым тұрғындарды тарту, ұлттық мәдениеттерді Евангелия идеяларымен толтыру, жастармен жұмысты күшейту және Мариямның культін кең ауқымды қолдану болып табылады. Соңғы жылдары барлық шіркеулер әсіресе орыс православие шіркеуі евангелизацияны белсенді түрде іске асыруда.
Қазақстандағы евангелизация (мәсіхшілдік) саясатының тарихы. 2006 жылы мәсіхшілдік тарихы туралы осы діннің қазіргі уағызшысы Манарбек Байекенің «Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілік тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек негізінен Қазақстан халқын христиан дініне тарту мақсатында жазылған. Осы мәселені ескерте отырып, біз автордың Қазақстандағы мәсіхшылдық тарихына байланысты келтірген тарихи деректердің шындыққа жанасатын жерлерін қолдандық: «1869 жылы патшалық Ресей Қазақстанды толық отарлап және Орталық Азияның үлкен бөлігін жаулап алды. Әсіресе, қазақ жері бірнеше әкімшілік бөліктерге бөлінді. Ірі қалалар мен ауылдарда православиелік шіркеулер мен соборлар салынды. Көбінесе діни рәсімдерге бой соққан орыс православиесі ірі өлкедегі жергілікті басқа халықтар тұрмақ, орыс тілді тұрғындардың өзіне де Ізгі Хабарды түсінікті етіп жеткізе алмады.»,- деп жазады автор. ХІХ ғасырда Еуропадағы рухани ояну толқыны Ресейге де әсер етті. Ресейге әсер еткен неміс қоныстанушылары пиетистер мен менониттер болды. Менониттер 1525 жылдан Батыс Еуропа елдеріне тарала бастаған Інжілдік өрлеу реформациясының ұрпақтары еді. Олар Жаңа Өсиетке сай мәсіхтік қауымдар құрып, бар күшімен Исаның өсиеттері мен аманатын орындауға тырысып, сәби кезінде емес, саналы түрде шомылу рәсімінен өтуге үйретті, сондықтан оларды анабаптистер деп атаған, демек қайта шомылу рәсімінен өтушілер деп атады. Олар мәсіхшілік қауымдардың мемлекет билігінен тәуелсіз тұруын, Інжілдік талаптарға сай күнә мен зорлық-зомбылықтан аулақ жүруге шақырады.
1872 жылы Ресейдегі немістер Самария губерниясынан Саратов арқылы қазақ даласынан өтіп, Түркістан жеріне енген неміс менониттерінің алғашқы он отбасы, содан кейін он үш отбасы (баптистер) Сарыағаш елді мекені және Ташкент маңында қоныстандырылады. Сондай-ақ Шымкент, Аулие-Ата оңтүстігіне, Талас өзені маңына кейбіреулері Хиуаға өтіп кетеді.
(«Материалы по истории немецких и менонитских колоний в Омском Прииртышье», составитель П.П. Вибе, Омск, 2002, 81-85с.)
ХІХ ғасырдың соңында неміс менониттерінің қоныстануымен Орталық Азия мен Қазақстанға Ізгі Хабар қайтадан тарала бастады. Ашылып жатқан баптистік қауымдарға орыстар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер де келіп бір-бірлеп, ондап, тіпті жүздеп қосылып жатты. Омбыда өткен баптистер съезіне осы халықтардың өкілдері қатысты. Мәсіх жайлы Ізгі Хабардың Далалық аймақта (Ақмола және Семей облыстары) қатты таралуы, тіпті 1913 жылы Орыс өкіметінің министрлер кеңесінің отырысында қатты талқыланады, « жандармерия мен ішкі істер министрлігінің зерттеу қорытындысы бойынша аумақтағы және Ресейдің көп жерлерінде таралу жағынан ауқымды және қатерлісі - баптизм» деп жарияланды. (А.И.Клебанов. «История религиозного сектанства в Росии», Наука М.1965). Клебановтың айтуынша 1912 жылы Далалық аймақта 8 мыңнан астам баптистер болды, олар енді бірнеше есе өсті. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы мемлекеттің ішкі ісімен айналысуына мұрса бермеді, соғыстың тауқыметі барлық халықтарға артылғандықтан арып-ашығандар, шаршағандар, Құдайды іздегендер Інжілдік баптист қауымдарына көптеп қосыла бастады.
«Өзбек, қырғыз, әсіресе қазақтар арасында елшілікте болғандардың арасында Герман Янтценнің (1866-1959) сіңірген еңбегі ерекше болды. 1880 жылы Орталық Азияға қоныс аударылған алғашқы менониттер отбасымен келгендер болды. Жастайынан ол өзбек, қырғыз, қазақ тілін, салт-дәстүрін мәдениетін жақсы меңгеріп осы халықтармен етене жақындасып алады»
...1905 жылы Британ шетел қоғамының Киелі Жазбаларды таратушы Герман Янтценмен Ізгі Хабарды таратуда Мартин Тильман, Рудольф Бон, Герхард Регер, бұрынғы молда Ермухамет, Ахмет және ұйғырлар арасында қызмет еткен Хантер т.б. белгілі болды. Большевизмнің келуі Орталық Азиядағы жаңа өмірге деген серпіліспен қатар, діндерге тыйым салу мен атеизмнің өркендуіне, қуғын сүргін заманына ұласып кетті.» (Манарбек Байеке «Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілік тарихы», Алматы. 2006).
Енді қазіргі Қазақстандағы мәсіхшілікті таратушы шіркеулердің тарихына, іліміне, діни ғұрыптарына жекелей,қысқаша тоқталып өтейік.
Евангелшіл христиан-баптистер ұйымының пайда болуы және таралуы
Баптистік қауымдар XVII ғасырдың басында пайда болды. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. – baptise суға батыру, шоқындыру). Оның пайда болуы Кембридж университетінің түлегі, дін магистрі, ағылшын шіркеуінің діни қызметкері Джон Симиттің (1554-1612 жж. шамасы) есімімен байланысты. Ұзақ уақыт бойғы толғаныстан кейін ол 1606ж. ресми шіркеуден бөлініп, өзін жақтайтын адамдар тобымен Англиядан Голландияға діни еркіндік іздеп кетеді. Амстердамда өзінің ағылшындық шіркеуін құрады.
Баптистер қозғалысының едәуір бөлігі Солтүстік Америкада дамыды. Үстемдік етуші діни-шіркеулік дәстүрі болмаған жаңа құрлықта баптизмнің дамуы жаңа конфессиялардың нығайуындағы маңызды фактор болды.
XIX ғасырдың 70-жылдары Петербургте баптистерге жақын евангелшіл христиандар ағымы пайда болады. 1884 жылы Орыс баптистер одағы құрылады. Оны алғаш «Баптист» журналын шығарушы Д.И.Мазаев (1855-1922) пен «Ақиқат сөзі» журналын шығарушы В.Г.Павлов (1854-1924) басқарады.
1905 жылы діни төзімділік туралы жарлық шыққаннан кейін баптистер Одағы мен евангелшілер Одағы құрылады. 1905ж. баптистер Бүкіләлемдік Одаққа бірігеді, ал 1909 жылы И.С.Проханов басшылығындағы (1869-1935) Евангелшіл христиандардың бүкілресейлік одағы құрылады.
1917 жылғы Ақпан революциасынан кейін екі одақ та өз әрекеттерін жандандырады, 1917-1927 жылдар аралығын бұл қозғалыс өкілдері «алтын он жылдық» деп атайды. Осы жылдар олар ауылшаруашылық қауымдары мен кооперативтер құрып, ауқымды рухани әдебиеттер, газет-журналдар шығарды. Христиан жастар ұйымдары құрылды, уағызшылар дайындайтын библиялық курстар ашылды.
Діни ұйымдарға қатысты саясат өзгергенде евангелишыл христиандар мен баптистер қауымының басым көпшілігі ресми тұрғыда жабылды (1932). Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары тыйым салу шаралары әлсіреді де, 1944 жылы КСРО-да евангелистік христиан-баптистер одағы құрылды, 1945 жылы бұл одаққа елуіншілердің бір бөлігі, ал 1963ж. – бауырлас меннониттер кіреді. Ол КСРО-ның құлауына дейін жұмыс істеп, кейін Ресейлік баптистер Одағы болып қайта құрылды.
Бірқатар қауымдар тәуелсіз ретінде тіркеле бастаған 70-жылдардың екінші жартысында біртіндеп үш тәуелсіз ұйым: ЕХБ Одағы, ЕХБ шіркеу Кеңесі, автономды ЕХБ шіркеулері құрылды. 80-жылдардың соңына қарай ЕХБ Одағынан евангелия сенімі христиандары (елуіншілер) бөлініп шығып, өз бірлестіктерін құрды. Олардың идеялары негізінен баптистік болғанмен, бірақ сенушілер өздерін баптистер емес, евангелист христиандар деп атайды.
Әлемдегі баптистердің саны туралы мәліметтер бір-біріне қайшы келеді. Бүкіл әлемдік анықтама «Религий мира» (Оксфорд, 1994) бойынша 1993 жылы 38 млн. баптистер болған. Бұл балаларды қоспағандағы саны. Ал әлеуметтанушылар бұл көрсеткішті екіге көбейту керек дейді. «Народы религий мира» энциклопедиясының мәліметтері бойынша 1996 жылы балаларын қосқанда 75 млн. баптистер болған.
Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді.
1644ж. жекелеген баптистердің жеті шіркеуі 15 пункттен тұратын «Сенім ғибадатын» жариялайды. Бұл құжат бойынша алдымен алғаш рет суға толықтай батырылу арқылы шоқындыру «Құдайдан берілген Жаңа Өсиеттік ғұрып» ретінде айқындалды.
Сондай-ақ «Сенім ғибадатында» бірінші рет ар-ұждан бостандығы принципі нақты көрініс тапты. Аталған еңбектің бір пунктінде «Зайырлы магистр – Құдайдың ұйғарымы, күнәлілерді жазалауға және қайырымдылық істегендерді мадақтауға тағайындалған адам болып табылады: біз Христосқа заңды түрде – тек қорыққандықтан емес, ар-ұятымызбен сенуіміз керек,- деп мәлімделеді.
Баптистік ілімде шоқыну ерекше орын алады. Бұл ілімнің басты идеясы төмендегідей болып қалыптасқан: шоқынудың 3 міндетті шарты бар:
Тек ересек адамдарды ғана шоқындыруға болады. Сәбилерді шоқындыру жарамсыз болып табылады. Осы бірінші шарттан конфессияның аты шыққан. Кім өз еркімен шоқынуға келісімін береді, соларды ғана шоқындырады. Бұл шартты баптистер «сенімді саналы түрде таңдау» деп атайды.
Құдай туралы ілім. Баптизмде Құдай туралы ілімінің идеясы жалпы христиандық Үштік іліміне қосымша болып табылады. Үштікті мойындайтын барлық христиандықтар Үштік құдай рухқа және барлық жерде болу қасиетіне ие. Құдайдың рух болу қасиетін православтар, католиктер, лютерандар және тағы көптеген христиан конфессияларымен салыстырғанда баптистер Құдай-әке тек рухани табиғатқа ие деп санайды. Ол еш уақытта адам бейнесінде көрінбеген. Құдай-Әкенің бейнесін православтар мен католиктер иконалардан, шіркеу қабырғаларынан, діни әдебиеттердің суреттерінен көре алады. Ал баптистерде мұндай бейнелерді мүлдем көруге болмайды.
Қазіргі заманғы баптистер де жоғарыда айтылған ілімінің негізінде өмір сүреді. Басқа протестанттар сияқты 66 кітаптан тұратын Библияны - Қасиетті Жазу, Көне өсиет пен Жаңа өсиетті мойындайды. Іс жүзінде, шіркеулік өмірде баптистер жалпы қасиеттілік принципін ұсынады, сондай-ақ әрбір шіркеулік қауымның дербестігін, тәуелсіздігін жақтайды. Баптистер адамның күші мен ақыл-ойына сенімсіздікпен қарау, қоғамдық мүддеге, ғылым мен мәдениетке нигилистік көзқарасты уағыздайды. Шоқынуды олар рухани қайта түлеу деп түсінеді. Қауым мүшелігіне үміткерлер оған сынақ мерзімінен кейін және дұғалық жиында тәубеге келгеннен соң жіберіледі. Тек суда шоқынуды қабылдағандар ғана қауымның толық мүшесі болып саналады. Шоқыну мен нан үзу Христоспен рухани тұтасуды білдіретін рәсімдер болып саналады. Баптизм өз ізбасарларынан белсенді миссионерлік әрекетті талап етеді. Баптистік қауымдарды сайланбалы пресвитерлер басқарады, ал оларға дьякондар мен уағызшылар көмектеседі.
Баптистердің құлшылық үйлерінде ешқандай христиандық символикалар болмайды, тек «Құдай ол махаббат» деген ұрандар мен Інжілден алынған сөздер ғана қабырғаны сәндеп тұрады. Құлшылық тек Інжілге түсіндірмелер берілгенде және өнегелік уағыздарда ғана жүзеге асады. Бұның бәрі ән айтумен және музыкамен сүйемелденеді. Сонымен қатар, тек Иисус Христос есімімен байланысты мерекелер мен Өнім алу және Бірлік күні мейрамы ғана тойланады.
Баптистер өздері туралы жазғанда немесе айтқанда пресвитер (пастор- қауымының діни қызметкері) абсолюттік билікті иелік етпейді. Шіркеулік кеңесте ең маңызды мәселелер сенушілердің жалпы жиналысында шешіледі. Шындап келгенде баптистік қауымдардың барлығында діни қызметкер үлкен билікке ие, қауым мүшелерінің шіркеумен байланысты өмірлері мен қызметтері пресвитердің ұйғарымына байланысты екенін байқау қиын емес. Баптистердің құдайға құлшылық етуі шығармашылық сипатта болып келеді. Олар уағыздаудан, музыкалық аспаптар сүйемелдейтін әндерден, өз сөзімен шығарылған дұғалар, рухани өлеңдер мен поэмаларды оқудан тұрады. Ең бастысы апта сайынғы құдайға құлшылық етуді баптистер жексенбі күндері өткізеді, ал жұмыс күндері дұғаға және Библияны оқу мен талқылауға арналған қосымша жиналыстар ұйымдастырылады.
Баптизмде екі негізгі ағым болған және олар қазір де бар. Олар жалпы және жеке баптистер. Олар күнәні өтеу мәселесіне байланысты екіге бөлінеді. Меннониттер ықпалымен қауымда үлкендерді сенімі бойынша шоқындыру енгізілді. Кейін бұл топ мүшелерінің біразы Англияға оралып онда алғашқы «жалпы баптистер» шіркеуін құрады. Олар құтқарылуға адам еркінің қатысы бар деп танитын голландиялық реформатор Яков Арминьнің (1560-1609) ілімін басшылыққа алып, Иисус Христосқа сенген барлық адамның құтқарылатыны жайлы ілімді ұстанады.
Біраз кейін суға толықтай батыру арқылы шоқындыруды жүзеге асыратын және Құдай тек бірнеше адамды ғана құтқарады деп ұйғарған Кальвин концепциясын ұстанған алғашқы «жеке баптистер» немесе партикулярлы баптистер қауымы 1638 жылы ағылшын қаласы Сосворкте пайда болады.
Жалпы баптистік қозғалыс діни ілімінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Соның өзінде олар бір бірлестікке әртүрлі іліммен кіре алады. Баптизмнің түрлі бағыттарының арасындағы пікір- таластарда қарастырылатын негізгі мәселелер: сенушілерді әлемнен бөлу ілімі (сепаратизм), миссионерлік ұйымға қарым-қатынас және эсхотология мәселесі болып табылады.
Қазақстандағы евангелшіл христиан-баптистер
Алғаш баптистер қоғамын Қазақстанда 1903 жылы Қостанай уезінде Николаевка селосында Украинадан жер ауып келген баптистер құрды. 1907 жылы Павлодарда 35 сенушілерден тұратын қауым қалыптасты. Баптистік зерттеушілердің ұйғарымы бойынша олар Қазақстандағы өз тарихын 1909 жылдан бастайды. Тараз қаласында олар бастапқыда православ шіркеуіне кіріп, онда өз гимндерін айтқан. Тек 1920 ж. ғана қауым үй-жай алып алғаш рет бірнеше сенушіні шоқындыруды бастайды. Алматы қаласында баптистік шіркеу 1917 жылы қалаға Украина мен Орынбордан бірнеше баптистік жанұя көшіп келгеннен кейін құрылды.
Баптистер мен евангелишыл христиандардың бірігу нәтижесінде Бүкілодақтық евангелишыл христиан-баптистер кеңесі (ВСЕХБ) тіркелгеннен кейін 1944 жылы ЕХБ пайда болды. Бұл қауымға елуіншілер қауымының (1946-1947) бір бөлігі және менониттер бауырластығы (1960) кірді. 1966-1988 жылдары ЕХБ қауымына тіркелгендер саны Қазақстанда 11-ден 120-дейін өсті. Ал сенушілер саны 5,8-ден 14,8 мыңға жетті . Сонымен қатар тіркелмеген 100-ден астам топтар болды, ондағы сенушілердің саны 2,5 мың болды. Барлығы 1965-1988 жылдары ВСЕХБ қауымында 9,8 мың адам шоқынған. евангелишыл христиан-баптистер қауымының көпшілігін немістер құрады,әсіресе ауылды жерлерде (80%).
1960 жылдардың діни ұйымдарға деген Кеңестің қатал саясатының әсерінен сенуші баптистер бөлігін қабылдамауына байланысты ВСЕХБ-дан ЕХБ (СЦ ЕХБ) Кеңес шіркеуі бөлініп шығып, Кеңес ұйымына тіркелуден бас тартты. 1965-1985 жылдарда Қазақстанда Кеңес шіркеуі қауымынан барлығы 350 мүше ВСЕХБ өтті, керісінше СЦ ЕХБ тіркелмеген «Христианин» баспасын ашты, «Вестник истины» және «Бюллетень Совета родственников узников ЕХБ в СССР» журналдарын ұдайы шығарып отырды. Бұл журналдарда Кеңес үкіметінің ар-ождан бостандығы принципін бұзғанын және сенушілерді қудалауы сынға алынып отырды. Алайда СЦ ЕХБ ұстанушылар саны жай өсті, 1996 жылы 1367 сенушілері бар 25 қауым болса, 1980 жылы 2297-ден тұратын 53 қауым болды. Ал 1986 жылы қауым саны 49-ға дейін төмендеп, адамдар саны 2282 болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстарда 80 СЦ ЕХБ азғантай қауымнан тек 9-да ғана қызметкерлер қалды. СЦ ЕХБ қауымының келушілер саны 800-ден 100 адамға қысқартылды.
Қазіргі таңда Қазақстанда ЕХБ қауымының көпшілігі ЕХБ одағына бірікті.Рухани орталығы Қарағанды обылысының Саран қаласында орналасқан. ЕХБ одағы кезінде Рухани білім беру орталығы 1995 жылы Алматы қаласында шіркеу қызметкерлерін дайындау институты ашылды. СЕО баптистердің (Славян Евангелшіл қоғамы, г.Алматы) Библиялық миссиясы және 1992 жылдан бері алғашқы білім беретін сырттай Библиялық мектеп қызмет етеді. Ол бастапқы діни білім береді. Діни әдебиеттерді тарату үшін көптеген құрылымдар құрылған, олар: «Шығыстағы сәуле», «Эммануил», «Әрбір үй Құдай үшін» миссиялары.
Қарағандыда «Источник» баспасында «Жизнь веры» журналы шығарылады. Алматы және Щучинск қалаларындағы Библиялық институттарда шіркеу қызметкерлері дайындалады.
Евангелдік христиандар – протестантизмдегі баптизмге жақындау бағыттардың бірі. Ресейде 1870 ж. ортасында пайда болған. Алғаш рет Санкт-Петербургтағы аристократиялық топта ағылшын лорды Гренвиль Вальдигрев Редстоктың уағызының ықпалымен пайда болған. Редстокты Ресейге Ресей империясындағы ресми дін Православияға көңілі толмаған орыс аристократиялық тобының өкілі Е.И.Чертков шақырған. Редсток Санкт-Петербургте 1874 ж. болған. Жоғарғы қоғамдағы алғашқы кездесуден кейін А.Пашков, барон М.М. Корф, граф А.П.Бобринский, княгинялар Ливен мен Гагарина оның ізбасарына айналды. Ресейдің Ішкі істер министрлігі 1894ж. 4 шілдеден бастап штундиттер сектасымен қоса баптистер мен евангелистік христиандардың құлшылық ету жиналыстары шіркеу және мемлекеттік қарым-қатынастарына зиян келтіреді деген қауіппен ұйым жиналыстарының болуына тыйым салады. Евангелистік христиандардың баптистермен байланысы Евангелистік христиандар баптистерге жақын көзқарастар мен концепцияларды ұстанады. Алайда евангелистердің ерекшелігі мынадай болған: құтқарылу баптистер айтқандай тек қана таңдаулыларға ғана емес, Иисусқа сенгендердің барлығына да мүмкін делінген. Евангелияда бірінші кезекте адам еркінің бостандығына басымдық берілген. Шоқындыруға қатысты Евангелдік христиандар адамды тек жеңіл-желпі ғана сумен бүрку керек деп есептесе, баптистер суға толықтай түсіру керек деп есептейді.
Евангелдік христиандардың уағыздары алғашқы кезде Москва, Тверь, Тула, Нижегород, Псков және басқа да Ресейдің орталық губернияларына тарады. Евангелистік христиандар концепциясының белсенді таратушысы полковник В.А.Пашков болды. Ол жұмысшылар арасында белсенді жұмыстар жүргізді. Пашков сыртқа жер аударылғаннан кейін Евангелдік христиандар қауымын теология саласында ғылыми ізденістерімен танымал болған И.С.Проханов басқарды. Ол ағылшын тіліндегі христиандық әндерді орыс тіліне аударып, өзінің көптеген жеке ән-псалмдарын жазды, кейін бұл псалмдарды «Гусли» деген атпен жинақ етіп шығарды. Ол сондай-ақ заңсыз шығып тұрған «Христианин» журналының жарыққа шығуын да ұйымдастырды. 1909 жылы либерализм аясында Евангелистік христиандардың съезді болып, онда Проханов басшылығындағы Бүкілресейлік кеңесі мен жеке діни иерархиясы бар Евангелдік христиандардың Одағы құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде православ дінбасыларының қысымымен Евангелдік христиандар неміс шпиондары саналып, олардың қызметіне тыйым салынды.
1930 жылдары Евангелдік христиандардың көпшілігі репрессияға ұшырады. Бұл уақытта Евангелдік христиандар Одағының жұмысы қысқарып тек 1942 ж. ғана қайта жаңғырды. 1944ж. биліктің қысымымен Евангелдік христиандар баптистермен бірігіп, евангелдік христиан-баптистер Одағы құрылды. Одақтың басшылығында Я.И.Жидков, А.В.Карев, И.И.Моторин, Н.А.Левинданто және басқалар болды. 1945ж. бұл Одаққа тағы да биліктің ықпалымен елуіншілердің бір бөлігі қосылды. 1963ж. бұл Одаққа меннониттер кірді. Алайда 1960жж. аяғында КСРО жаппай дінге қарсы акция басталған уақытта Евангелдік христиандардың шіркеулері мен құлшылық үйлері жабылды. КСРО-ның күйреуінен кейін жасырын түрде өз қызметтерін жалғастырып жатқан жекелеген Евангелдік христиандар қауымы діни ұйым ретінде ресми түрде тіркелді. Қазақстанда Евангелдік христиандар ретінде 1990 жылдан бастап «Грейс-Благодать-Рахым» шіркеуі , « Новая жизнь-Жаңа өмір», «Агапе» қауымдары миссионерлік қызметпен айналысады. Әсіресе Грейс-Благодать-Рахым» шіркеуінің жұмысын Германиядан арнайы білім алған пастор Ким Сам Сон жүргізеді. 1991жылдың шілде айынан бастап шікеу Библия мектебін ашып, 10 адам дайындайды. Осы дайындықтан өткендер бөлімшелер (ячейка) құрып, Библияны уағыздауды бастайды. Ячейкалық жұмысты жүргізуді жетілдіру үшін Ким Сам Сонға Америкадан пастор Ральф Нейбор, 1994 жылы Лоренс Конг көмекке келеді. Қазір шіркеудің 250 ячейкасы бар.
Ким Сам Сон өзінің миссионерлік жұмысын алғаш жеке пәтерде бастайды, аз уақыт аралығында Алматы үй құрылысы комбинатының бала бақшасын жалға 5 жылға алады да кейін келе оны толық сатып алады. Ол «Тин Чалендж» атты нашақорларға арналған миссияның ұйымдастырушысы Даг Бойлмен тығыз жұмыс жүргізеді.
Даг Бойл да өз орталығының қарамағына аэропорт маңындағы бала бақшаны қосып алды.
Бұл миссионерлердің уағыздарының түп мәні адам жүрегіне мейірімділік себу, ал іс жүзінде олардың өздерінен мейрімділік күту қиын сияқты. Өз миссияларын жүзеге асыруда еш нәрседен тайынбай, жылы орын деп қазақстандық сәбилердің баспанасын саудаға салуларының өзі ешқандай мораль шеңберіне кірмейді. (бұл жерде жергілікті әкімшіліктегі азаматтардың да жалпы елімізге, ұлтқа деген жанашырлықтарының таяздығын айта кету керек)
Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты Қазақстан халықтарының көзқарасын өзгерту, олардың Иисус Христосқа деген сенімдерін күшейту. Ол үшін шіркеу Қазақстанның түпкір-түпкіріне жіберуге рухани басшылар дайындайды. Дайындық төрт кезеңнен тұрады: 1-курс Құдай сөзін тану туралы, 2-курс адамдардың қарым-қатынастарын түсіну, 3-курс «А» типті евангелизациялау және «В» типті евангелизациялауды меңгеру, 4- курста адамға ячейканың рухани лидері болуды үйретеді.
«Благодать» шіркеуі 2010 жылдың аяғына дейін Қазақстанда толығымен евагелизация процесін бітіруді көздеп отыр. Яғни барлық қазақстандық мәсіхшіл болады деген сөз. Қоғамда қалыптасқан рухани дәстүрлерді (ұлттық әдет-ғұрыптар мен ислам дәстүрлері) бұзып, оған Библияның рухын кіргізу - негізгі мақсат. Ол үшін олар барлық ақшалай қаржыларын да, күш-қайраттарын да аямай салады..
1992 жылы Алматы қаласында орталық стадионда үш күндік Інжілдік хабар жиналысы өтті. Оған халықаралық деңгейде Ізгі хабар таратушы Питер Яег қатысты. 1996 жылы негізі қаланған Інжілдік қазақ қауымы «Сәлем» мүшесі жағынан Қазақстан бойынша үш жарым мыңға жуықтап, басқа елдерге миссионерлер аттандыруда. 1999 жылы Інжілдік мәсіхшілерді біріктіру мақсатында Қазақстан діни бірлестіктер ассоциациясы және 2004 жылы «Қазақстан Інжілдік Одағы» құрылды. Сонымен қатар «Мухаббат», «Нижат» т.б. ұйғыр Інжілдік қауымдары 2000 жылдан бастап жұмыс жүргізуде.
Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеуімен келген. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барады. Әсіресе қазақ тілінде “Библияны” оқытып, сыйынуды қазақ тілінде жүргізетін “мәсіхшілдер” қазақ шіркеуінде қазақтар өте көп жиналады. Қазақстанда әр түрлі сектарлардың жұмысы туралы Министрлер Кабинетіндегі дін жөніндегі Кеңестің төрағасы Тельман Сауранбаев Соңғы жылдары Республикада евангелиялық бағыттағы қоғамның жұмысы күшейіп, протестанттық секталардың ақыл-ойды шатастырып, басын айналдырумен айналысатын діни бағыттар көбейіп кеткенін атап өтті. Осыдан кейін де көптеген авторлар кез-келген діни ағымның Қазақстанда жұмыс жүргізуіне құқық берілді, ал олардың қалай жұмыс жасап жатқанына мүлде көңіл бөлінбеді, енді соны қолға алу керек деп алаңдаушылық білдіруде.
Әдебиеттер:
История евангельских христиан-баптистов. М-1989
Народы и религий мира. М-1998
История религии.В 2 т. т.2.Под общей ред.И.Н. Яблокова.-М., 2002
Религии в Казахстане: Хрестоматия в 2-х частях.-ч.2.-Алматы., 2003
Сабри Хизметли Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік. Алматы 2006
Методизм: Методизм (методистік шіркеу) – АҚШ-та, Англияда тараған протестанттық шіркеу. XVIII ғ. Англикандық шіркеуден діни жазбаларда жүйелілік пен әдістемелікті қолдануды талап ету арқылы бөлініп шыққан. Методисттер діни төзімділік пен мойынсұнушылықты уағыздайды. Англикандық шіркеуден 1720 ж. Оксфорд қаласында бөлінгенімен, бөлек деноминация болып бірден қалыптаса қойған жоқ.
Қозғалыс негізін қалаушылар Оксфорд университетінде шағын студенттер тобын басқарған Джон Уэсли (1703-1791 жж.) мен Чарльз Джон Уэсли (1707-1788 жж.) болып табылады. Топ жеке тұлғаның діндарлығы мен жақындарына қызмет етудің маңыздылығына баса назар аударды. Біріншісі, яғни діндарлық дұғаларды оқу мен Інжілді зерттеуден көрінсе, екіншісі қайырымдылық, түрмедегілерге бару, кедейшілікке қарсы күрес сияқты әрекеттерден көрінді. Бұл әрекеттердің бәрі белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылып отырды, сондықтан олар «методистер» методистер деп аталынды. 1729 ж. біріккен студенттер өздерін «қасиеттілер клубы» деп атаса, ал оларды мысқылдаушылар «Інжілдік құрттар» деп атады.
Уэсли белсенді түрде Американы інжілдендіруді бастайды. Оның жиындары мыңдаған аудиторияларды жинады, бірақ ол жеке бөліну туралы ойламаған болатын, ол ұйымдастырған қоғамдастықтың мақсаты англикандық шіркеу құрылымын ауыстыру емес, керісінше, толықтыру еді. Осы мақсатпен Уэсли миряндардың уағызшылық қызметі мен округтік жүйені қалыптастырды. Осының арқасында сапардағы мирян уағызшылар құдай сөзін Англия мен Ирландияның шеткері аймақтарына жеткізе алады деп ойлады. Алғашқы методист уағызшы-мирян Т. Максфилд (1720-1785) болды. 1744 ж. Уэсли өзінің уағызшы миряндарын алғашқы жыл сайын өтетін конференция аясына жинады. Методистердің уағызшыларын англикандық шіркеу священдік дәрежеге өткізуден бас тартқан соң, Уэсли бұл әрекетті өзі жасай бастады. Алайда радикалды әрекеттерге барса да, Уэсли англикандық шіркеуден шыққан жоқ. Тек 1791 ж. Уэсли қайтыс болғаннан кейін оның ізбасарлары жеке шіркеу ұйымдастыруды бастады.
Методистедің Құдайға құлшылықтары 1766 ж. бастап колонияларда жүргізіле бастады. Лайықты қауымдастықтарды алғаш рет мирян- уағызшылар Р. Строубидж (1781 ж. қайтыс болған) Мэрилинде, Ф. Эмбери (1730-1775 жж.) Нью-Йоркте ұйымдастырады. Тәуелсіздік үшін соғыстан кейінгі кезеңде англикандық священниктердің жетіспеуі методистерге өздерінің уағызшыларын дайындай бастады.
1812 ж. 190 мыңнан аса американдық методистер пайда болды. 1844 ж. қарай 1170 мың адам болса, 1899ж. шіркеу статистикасында 4 млн-ға жетті. Алайда он тоғызыншы ғасырда епископтық методистер шіркеуі ішкі қақтығыстарды басынан өткерді. Солтүстік штаттардан шыққан афроамерикандықтардың бір тобы өз құқықтарының бұзылғандығына қарсы шығып, шіркеуден бөлініп кетеді. 1816 ж. Филадельфияда өздерінің африкандық епископтық методистер шіркеуін ұйымдастырады, 1822 ж. Нью-Йоркте африкандық епископтық сиондық методистер шіркеуін құрды. 1828 ж. канадалық епископтық шіркеу бөлініп шықты. Шіркеу жетекшілеріне көңіл толмаушылық 1830 ж. құрамында жиырма алты мың сенушілері бар әдісшіл протестанттар шіркеуінің қалыптасуына әкелді. 1843 ж. аболиционисттердің тобы Уэслилік методистер шіркеуін құрды. Құлдық мәселесіне байланысты келіспеушілік методистердің одан әрі бөлінуін тудырды. Нью-Йоркте отыз алты күнге созылған басты конференция «бөліну жоспарын» қабылдады. Ол бойынша әдісшіл епископтық шіркеу құрамына солтүстік және батыс конференциялар ғана енетін болды. Ал Оңтүстік штаттарда Оңтүстік методистік епископтық шіркеу қалыптасты. 1860 ж. Уэсли іліміне қатаң берілгендікті ұстанатын консервативті бірлестік – «Еркін әдісшіл шіркеу» құрылады.
Әр түрлі методистік шіркеулер уақыт өткен сайын бірігу шараларын жүргізіп жатты, сондай талпыныстардың нәтижесінде 1968 ж. 23 сәуірінде шіркеулер бірігіп, Біріккен методистік шіркеуді құрды.
Біріккен методистік шіркеу – бұл АҚШ-тағы ауқымды методистік шіркеу (10,3 млн. Мүшесі, шамамен 39600 қауымы, 35 мыңдай діни қызметкерлері бар). Ол 4 жылда 1 рет өтетін бес территориялық конференциялар мен жыл сайын өтетін тоқсан екі конференцияларға бөлінеді. Шіркеудің оқыту жүйелері орта мектептер мен колледждерден тұрады. Сондай-ақ оның қарамағында госпитальдер, жетімдер үйі, жүкті әйелдер мен қарттар үйі бар; миссионерлік жұмыстары елуден астам елді қамтиды. Әлемдегі ең көне, әрі ірі баспа Әдістемелік баспа елу бестей мерзімдік басылымдар жариялайды. Африкалық методистік епископтық шіркеу АҚШ-тағы үлкен методистік бірлік (шамамен 1,2 млн. мүшесі бар).
«Христиандық шежіре» басылымымен қосқанда, төрт мерзімдік басылымдар шығарады. Елдің ішінде жүргізілетін кең інжілдік насихатымен қатар, Африка мен Батыс Үндістанда да миссионерлік жұмыстар атқарады.
АҚШ-тағы 11 өзіндік методистік бірлестіктер қатарында Африкалық методистік епископтық сиондық шіркеу (94000 мүшесі, шамамен 4500 қауымы бар), Христиандық методистік шіркеу (шамамен 500000 мүшесі бар); Солтүстік Американың Еркін методистік шіркеуі консервативті бірлестігі (шамамен 65000мүшесі бар).
Методистер өзге шіркеулермен бірігіп белсенді қызмет атқарады, ал методист Дж. Мотт экуменистік қозғалыстың негізін салушылардың бірі болып табылады. Кез келген қаладағы немесе штаттағы шіркеу кеңесі методистік қауымдастыққа енеді.
Методистер өздерінің ресми бақылаушыларын римдік католиктік шіркеудің Екінші Ватикандық соборына жіберіп отырды. Өзге деноминациялармен бірігіп жұмыс жасау мәселелерін экуминистік істер жөніндегі комиссия шешіп отырады.
Кейіннен бөлініп шыққан методистер әлемге тарап, шағын шіркеулер мен қозғалыстарға бытырап кетті.
1932 ж. Англиядағы үш ірі Уэслиндік методистік шіркеу, елдегі нонконформистік шіркеу жалғыз методистік шіркеуді құрайды. Шіркеуден тыс аз мөлшерден англикандық методистер шіркеулері қалады (Уэслиндік рефарматорлық одақ пен тәуелсіз методистік шіркеу). Бұл қадамдарда соң англикандық шіркеу методистік шіркеумен бірігу мүмкіндігі бар деп есептейді. Өйткені тарқауға әкелген басты себептер (бірінші кезекте XVIII ғ. шіркеудің патша билігінен азат болуды қалауы ) жойылған болатын.
Бірігуге алғашқы қадамды Англикандық шіркеу примасы архиепископы Джефри Фишер Кентербериский жасайды. 1946ж. 3 қарашасында Кембридж университеттік шіркеуінде жүргізген уағызында екі жақты бірігудің уақыты келмесе де бір-бірімен араласуды толығымен бастай беруге болатындығын атап көрсетті. Бірігудің басты шарты ретінде Фишер нонконформистерде үш сатылы иерархияның енгізілгендігіне нұсқады.
1950 ж. Англия шіркеуі мен нонкорформистердің біріккен конференциясы өтеді. Оның басты қорытындысы болып бірігу туралы келіссөздер англия шіркеуі мен одан бөлінген «Еркін шіркеулер» арасында жеке-жеке өту керек деген тұжырым болды. Ресми келіссөздер 1955 ж. басталып, оның мазмұны туралы 1958 ж. аралық есеп, 1963 ж. қорытынды есеп жарыққа шығады [2].
Шіркеулердің бірігуін екі сатыда жүргізу көзделеді. Бірінші кезекте «татуласудың құдайылық рәсімі» салтанатты түрде өтіп, одан соң англикандар мен методистер толық евхаристік араласуларға түсулері керек. Англикандардың басты талабы методистерде үш сатылы басқару иерархиясының болуы еді. Екінші кезеңде екі шіркеу толығымен бір шіркеулік құрылымға қауышулары керек. Жоба болашақ біріккен шіркеудің мемлекетпен қатынасы, патронаж, жаңа территориялық бөліну, методистердің епископтық конфирмацияны қабылдануы сияқты көптеген мәселелерді ашық қалдырды.
Бұл құжат жарық көргеннен соң-ақ екі шіркеу де берілген бірігу жобасына қарсы пікірлер шыға бастады. Екі жақты кеңестің төрт мүшесі жоба жарияланбай тұрып қарсылықтарын білдірді. Мұндай пікірдегі әр мүше өз шіркеуінен қолдау табатыны айқын байқалып отырды. Методистердің келіспеген басты мәселесі епископтықтың «інжілдік емес құрылым» ретінде саналып, қабылданбауы, «татуласудың құдайылық рәсімі» екі жақты түсініп методистік священниктердің тысқарылануы, территория жағынан жұтылуы сияқты қорқыныштар болды. Методистер бойынша «шіркеуден өзгерген інжілді сенім мен інжілдік емес доктриналар қабыл алынатын әр текті ұйымдарға ауысу тығыз араласудан гөрі кері қадам болып есептелді» [3]. Бірігу шарттарына қарсы методистер інжілдік англикандар қатарынан қолдау тауып отырды. Соңғылары да «татуласудың құдайылық рәсіміне» келіспей, методистік пасторларды «құдай сөзі мен құпиясына» шынайы қызмет етушілер ретінде қабылдауға даяр болды.
1965 ж. мамырында Кентербери және Йорк конвокациялары жоба Англия шіркеуінде жеткілікті қолдау тапты, енді методистермен келіссөздердің соңғы кезеңіне өту керек деп шешті. 1967 ж. бірігудің екі жақты кеңесі кезекті баяндама жасап, оған «осы татуласу» жобасын қосымша ретінде бекітіледі.
1967 ж. біріккен екі жақты комиссиясы біріге отырып «татуласудың құдайылық рәсімі» қосымшаланған кезекті баяндамасын жариялады. Бұл баяндамадағы тұжырымдар нақты мағынада берілмей, түрлі түсініктерге ие болды. Бұл жайт көптеген католиктер мен інжілшілдер мен қатар, демалыстағы Фишердің де қарсылығын тудырды. Аймақтық епископ Уиллсденскиммен (лондондық епархия суффраганомы ) және басшылары Грэмом Леонардоммен ағылшын - католиктердің тобы «Татуласу туралы ұсыныстары саналы толық …., бұл «татуласудың құдайылық рәсімі» айқындылығынан айырады. Бізден көптегендер құдай алдында ар тазалығы бола тұра, саналы түрде қалай адалсыз дұға жасауға болатынын түсінбейді. Бұл дін ілімдік позициясының сұрағы емес,- мұнда мәселе әдеттегі адалдықта. Бірігу бойынша ұсыныс олардың бүгінгі түрінде нақтылықтан жасырыну және айқындықтан қашу әрекетін көрсетіп отыр. Нағыз бірлікке келтірместен олар тек қан үлкен бөлінуге әкеп отыр» [4].
1969 жылдың 8-шілдесінде методистердің (әдістемешілік шіркеу) мәслихаты 76% дауыспен біріктіру жобасын бекітті. Жауапқа Англияның Шіркеулік Ассамблея Шіркеуі жоба мақұлдануы үшін ол жағынан кем дегенде дауыстардың үш ширегі дауыс беруі қажет деген шешім қабылдады, дауысқа салу барысында тек қана 69% «жақтап» дауыс берді. Осыған қарамастан, методистермен одақтас жақтастарына тағы бір дауысқа салу өткізуге шешім қабылдаудың сәті түсті. Формалдық себеп бұрынғы Англия шіркеулерінің өкілдік құрылымдардың алмастыруы болды: 25 шілдеде ханша Бас Синод жасау туралы қаулыны бекітті. «Іс жүзінде, – дейді қайта дауысқа салу туралы шешімді түсіндерген тарихшы - бұл тек жанталасуды ұзартты және өткірлей түсті» [5].
1970 ж. «Бірлікте өсу» мақалалардың жинағы шықты [6], мұнда біріктірілген жобаға сыни пікірлер айтылды. Жинақтың авторлары әр түрлі дәстүрлері шіркеулердің өкілдері болды: ағылшын - католиктер Г. Леонард және Э.Л. Маскал және евангеликтер Бьюкенен, Майкл Грин және Дж. Пакер. Жобаның алғашқы жоспарлауы бойынша, олар Ағылшындық шіркеумен және Методистік шіркеу бірін-бірі дербестігіне нұқсан келтірмей, унияға кірер еді. Жинақ авторлары мұндай біріктіру тәжірибесін 1947 ж. жергілікті англикандардың методистермен және реформаторлармен бірігуі нәтижесінде пайда болған Оңтүстік Үндістанның Шіркеуінен алуға ұсынды. Бірақ Оңтүстік Үндістанның Шіркеуін барлық англикандық шіркеулер қабылдай қойған жоқ. Тіпті Англия шіркеуі оны 1972 ж. шілдесінде ғана толық мойындады, бірақ сонымен қатар үнді діни қызметкерлерден епископтық қаулысы болмағандарға өз храмдарында қызмет етуге тыйым салды. «Бірлікте өсудің» ағылшын-католик авторлары, англикандар және методистер формалды түрде бірігіп, белгілі мерзім ішінде паралелльді тіршілік ете бастайтындықтан, «унияға» бірігу табылған ой деп қабылданды. Келе-келе Англия шіркеуінің алдында барлық методистік қызметшілер заңды статусқа ие болады және тек осыдан кейін ғана өзара интеграция униямен салыстырмалы түрде толығырақ дәрежесі туралы айтуға болады.
«Бірлікте өсу» жинағынан басқа екі шіркеудің қосылу мүмкіндігі туралы евангелистер жағынан да тағы бірнеше сын пікірлер айтылды. Негізгі пікірлер Дж. Пакер астындағы редакцияда екі кітапқа жинастырылды: «Англия шіркеуі және Методистік шіркеу» [7] және «Барлығы әртүрлі орында: Англияға қосылуға» [8].
«Бірлікте өсудің» шығуы және басқа да сыни пікірлердің жарыққа шығуы жағдайдың өзгеруіне әсер етпеді. Көптеген ағылшын - католиктер епископалдық емес шіркеу мен уния қандай түрін де де жат екенін көптеген ағылшындар ескерте бастады. Нәтижесінде бекітуге 1969 ж. ұсынылған жоба қайта ұсынылынды. Соңғы дауыс беру 1972 ж. 2 мамырында болды. Жобаны 65,8% Бас синод мүшесі қолдау туралы пікірін айтты, бұл 3 жыл бұрынғы нәтижеден де аз еді.
Бұл сәтсіздіктен кейін Англия Шіркеуі мен Методистік Шіркеуі арасындағы келіссөздер тек ХХ ғасырдың аяғында ғана қайта жанданды. 1994 жылдан бастап екі шіркеу формалды емес отырыстар өткізді, «Миссияның бірлікке адалдығы» қорытынды құжаты 1996 жылдың қыркүйегінде жарияланды. Құжат Англия Шіркеуімен және Методистік Шіркеуінің сұхбатындағы ақырғы мақсаты екі шіркеудің көрнекті бірлігі болуы тиіс екенін растады. Бристольдік епископ Барри Роджерсоннның (Англия шіркеуі) және Ливерпульдік дистриккттің басшысы Методистік Шіркеудің пасторы Джон Тейлордың төрағалықтарымен 1999 жылы ақпанда басталған ресми әңгімелесулер ұйымдастыруға шешілінген болатын. (11 қаңтар қарсаңында) Амплфорт-Аббиде Бас Синод епископтарының және методистік дистриктердің біріккен палата бірге мәжілісі болып өтті. 2000 жылдың шілдесінде 4 кездесу өткізгеннен кейін формальді кездесудің қатысушылары аралық құжатты қабыл алды, онда англикан – методисттік қарым-қатынастың соңғы уақыттардағы тарихын талдады.
2001 жылдың 12 желтоқсанында қорытынды баяндама жарияланды, бұл өз кезегінде «Англикан –методистік ковенанттың» формалдық әңгімелесуін аяқтаған болатын. [11]. Бұл шағын құжат кіріспеден және 2 бөлімнен тұрады. Біріншісінде Англия Шіркеуі және Методистік Шіркеу сұрақ тізбектері бойынша өздерінің келісетіндіктері туралы мәлімдейді, екіншіде - онан арғы жақындасу жоспарлары туралы айтылады. Екі Шіркеудің де өз өкілдері 2000 жылдың аралық құжатындағы қалыптастыруын қайта қайталады, онда: бірін-бірі Христиандық Шіркеудің бірыңғай бөлігі ретінде мойындауға, Құдай сөзін дұрыс діни уағыздауға, және Шоқыну Құпияшылдықтарының және Евхаристияның тиісті іске асыруларын, «Қасиетті Жазуда ашылғанның және әлемдік Сенім символдарында баяндалғанға» жалпы сенім ғибадат барысын қалыптастыру туралы алмасты.
Қасиеттілікке қатысты келесі қалыптастырулар таңдалды: «Біздің қызметшілердің, рукоположенных сияқты, дәл осылай тұрғындарға да қатысты (ordained and lay ministries англ.) дәрежелері - Құдайдан рақаттың құралы ретінде берілген, Құдай халқын тек сенімде, үмітте және махабатта, сөздің қызмет етуіне арнап, құпияшылдықтарға және пастырлық қамқорлыққа, және әлемде Құдай миссиясына қатысуға арнаған екнін Біз мәлімдейміз.. Біз мәлімдейміз, біздің рукоположенных қызметшілерінің дәрежесі Қасиетті Рухтың және Шіркеу арқылы жеткізілген Христостық бекітулерімен (Christ англ.’s commission), тең». [12]. «Эпископқа» қызмет ету Англия Шіркеуінде де және Методистік Шіркеуінде де «әртүрлі қалыпта» екенін екі жақта мойындауға мәжбүр еді. Осыған қарамастан екі жақтың өкілдері де бір-бірлерінің шіркеу мүшелеріне «евхаристік меймандостық» көрсету ойларын дәлелдеді. Жалпылай алғанда, құжат екі жақтың ниеті туралы декларацияны растайды және екі жақты да нақты әрекеттерге міндеттемейді.
2003 жылдың 1-ші шілдесінде Лландуднода (Уэльс) өткен Методистік конференция «Англикан-методистік ковенантты» 277 – ге қарсы 86 дауыспен бекітті. Көп кешікпей осыдан кейін 13 шілдеде Англия Шіркеуінің Бас Синоды Йорктағы отырыста методисттердің жолын ұстанды және 336 – ға 32 қарсы дауыспен құжатты бекітті, осыдан кейін 2005 жылдың шілдесіне екі шіркеуді «органикалы қосуға» кедергілерді жоюға қарар жобасын дайындауға біріккен комиссияға тапсырды [13].
Методизмнің дін оқыту ережелері 25 қағида түрінде - баяндалған, бұл (Джон Уэслидің ағылшындық сенім символы туралы 39 мақаладан жасағаны) қысқарған түрінде ұсынылды. Методистер үш бірдей құдайға сенеді және сенім сұрақтарында және практикалық өмірде Інжілді жоғарғы бедел ретінде көреді. Олар күнә нақтылығын мақұлдайды және сонымен қатар кешірім мүмкіншілігі мен өтелудің мүмкіншілігіне де сенеді. Уэсли алдын ала анықтау кальвинистік ілімді мойындамады және методистер оның артынан адамдардың барлығы бірдей құтқарылуы мүмкін деп есептейді, және олар өздерінің құтқарылу фактілері туралы білу жағдайында деп есептейді. Методистер сонымен қатар адам толық христиандық жетілуге ұмтыла отырып – сенім, өкіну және қасиеттілік арқылы – рақатта өсе алады деп сенеді, бүкіл ғұмырға созылған бұл процессті Уэсли киелендіру деп атады.
Методисттер шоқыну құпияшылдығын және Құдайлық Кештерді, (Евхаристиенің) Қасиетті Причастие мойындайды. Әдетте нәрестелерді шоқындырады, бірақ шоқындыру ер жеткен жасқа дейін қалдырылуы мүмкін. Шоқындыру құю арқылы немесе бүрку арқылы іске асады, бірақ жалпыға ортақ бүрку болып келеді. Шоқынған балалар шіркеу статистикамен шіркеудің толық құқықты мүшелері ретінде саналмайды. Евхаристияны іске асыруда – причастие бекітілген тәубе ету түріндегі жалпы дұға айтылады. Причастие құпиясы әдетте алтарь қанаттарының алдында тізе бүккен күйінде тұрады және Христостың өлімі және оның құрбандары туралы еске түсіру мақсатында нан және шарап алады. Методисттерде ырымдар, салттар, неке қиюлер және өлікті шығарулардың, немесе шіркеуге кіріу сияқты салттары бар бірақ олар құпияшылдықпен санаспайды; сонымен қатар миссионерлікке бекіту сияқты қызметке де ырымдары бар. Құдайға құлшылық ету реті Бас мәслихатта қабылданған Құдайға құлшылық ету кітабында ұсынылады (бірақ бұйрық етілмейді). Бұл кітаптың дұға оқулары және литаниисі таңдаумен қолданылады; бұл құдайға құлшылық ету түрлеріне қарағанда, ұсынысқа көбірек ұсынысқа келеді. Культ сферасында және ілімінде методизм англикандықтан аса ерекшеленбейді, олар тек оның ұстанымдарын жеңілдетеді (мысалы: англикандық 39 баптағы символдың сенімі, методизмде 25 бапқа жинақталған). Методизм қоғамы «сыныптардан» тұрады, әр сыныпта 12-20 адамнан бар, «сыныптар» жалбарыну, уағыздарды, және т.б. тыңдау үшін тұрақты түрде жиналып отырады. Методистер қоғамы суперинтенданттар басқаратын (АҚШ-та суперинтендантттардға епископтың титулы берілген, сондықтан американдық методистер шіркеуі епископтық деп аталады) аймақтық ұйымдарға бағынады. Методистік шіркеудің ең жоғарғы органы ол – жыл сайынғы конференция. 1881 жылы Дүние жүзілік методистік кеңес құрылды, 10 жылда 1 рет Дүние жүзілік методистік конференцияны шақыратын. 1813 жылдан бастап Методистік миссионерлік қоғамы бар.
Белгілі бір географиялық аймақтан тыс жатқан қоғамдарды біріктіретін (мысалы: штат немесе штаттардың жартысын) - Методистік шіркеудің негізгі ұйымдастырылғын бірлігі - жыл сайынғы конференция. АҚШ-та шіркеулік басқарудың мүшелерін және епископтарды тағайындау үшін жыл сайын өткізілетін конференция, территориялық конференцияға біріктірілген. Басқа елдерде бұл функцияларды өз автономдық дәрежесін анықтай алатын, және сонымен қатар басқа да қосымша жұмыстар атқаратын, - орталық конференциялар өз жауапкершілігіне алады. Дін ілімінің және қауымдық қызметтің сұрақтары кіретін, және шіркеуді басқарумен қамтамасыз ететін өкілетті органмен Генеральді конференция - Методистер үшін жоғарғы заңды бедел болып табылады. Шіркеулік құқық аумағында жоғарғы инстанция Соттық кеңес болып табылады.
Методизм – көптеген протестанттық конфессиялар сияқты барлық сенушілердің қасиеттілігін уағыздайды, бірақ солардың кейбіреуін Ізгі хабарды уағыздау, құпиялылықты орындау, Христосқа деген рухани жетекшілік сияқты рухани міндеттемелерді насихаттауға шақырылған және тағайындалған деп үйретеді.
Мұндай рухани тұлғалар Шіркеуде қызмет етуге тек жетекшілер және уағыздаушылар ретінде тағайындалған, олар жіктерді құрмайды. Мәртебесі бойынша барлық нәрсе өзара тең, олар құдай алдында өздеріне жоғарыдан берілген құқықтармен және сый тартулармен еш ерекшеленбейді, бірдей қызметтік лауазымға ие және басқа сенушілерден айырмашылығы қызметі мен лауазымында ғана. Методистер епископ дәрежесін, оның мистикалық түсінік болмай қалғанына қарамастан сақтап қалды. Уэсли қасиеттілікті сақтап қалудың қажеттілігін түсінді, ол Англикандық Шіркеуден діни қызмет алған қызметшілерін – құпиялылықты орындаушыларды, алуды талап етті, әйтсе де оған кесімді түрде қарсылық білдірілгенде, Уэсли өз ізбасарларынан біреуін епископ құқығымен «суперинтендент» етіп тағайындады. Өз бастауын Методистік қасиеттілік осы арадан алады.
Шіркеу қызметшілері екі дәрежеге бөлінеді: дьякондарға және пресвитерлерге. Біз бұл атауды Апостолдық Шіркеуден келген. «Дьяконос» грек сөзінен алғанда «қызметші» немесе «пастор» дегенді білдіреді, және бұл сөз Методистік Шіркеуде де дәл осындай мағынаға ие, және бұл белгілі бір тиіснше ғылыми курстан өткеннен кейін епископ болып тағайындалатын тұлғаларға арналған. Дьякон неке қиюға, шоқындыруға құқылы, және сонымен қатар Қасиетті Құпияшылдық Причастие құпиясы көмектеседі. Шіркеудегі ең жоғарғы мәртебе – Пресветериандық ... Аймақтық Пресветериандар, немесе суперинтенданттар бұл – белгілі аймақтағы Шіркеу жұмысын бақылауға алу жүктелген тұлғалар. Бұл орынға епископ Шіркеу қызметшілерінің ішіндегі біреуін тағайындайды, олар – округтер бойынша аманат етілген жұмыстарды орындайды, епископтың орнына әкімшілік жұмыстарды атқарады, пасторларды тағайындау қызметіне көмектеседі. Аймақтық пресвитерлер епископтың «кабинетін» құрайды.
Әрбір органда, конференцияларда, комитетттерде, дін қызметшілермен тең көлемде тұрғындар көрсетілген олар – Шіркеулік басқаруда маңызды рөл атқарады. Белгілі бір дайындықтан өткенннен кейін тұрғындар діни уағыздар, құдайға құлшылық жасауға, құпияшылдық орындауға жіберіледі. Әйелдер діни қызметшілікке, және сонымен қатар кез-келген қызмет ету саласына қабылданады. «Шешуші жасқа» жеткен, және Иса Мәсіхті –Құдай және Құтқарушым деп санайтын, сонымен қатар шіркеудің ережелеріне бағынатын кез-келген адам Методистік шіркеудің мүшесі бола алады. Басқа шіркеуге берілген уәделер де заңды деп мойындалады (методизмге өту туралы хат арқылы). Шіркеулік заңнамада шіркеуге барлық нәсіл және ұлт өкілдері кіре алады деп анық көрсетілген.
ХХ ғасырдың аяғында методистердің жалпы саны, бұрынғы ағылшындық колонияларда көбінесе АҚШ-та (мұнда методизм 18 ғасырдың 60 – шы жылдарында таратыла бастады), Ұлыбританияда, Австралиялық Одақта, ОАР-да, Канадада, – 40 миллион адамға жетті.
Ресейде қазан көтерілісіне дейін методистер қоғамы Санкт–Петербургте және Эстонияда болды. Эстондық Методистік Шіркеу қудалаулар мен жазалау жылдарын бастан өткізді, және әлі күнге дейін жұмыс істейді. Ресейде методизмнің қайта жандануы 90-шы жылдардың басында болды. Көбінесе ХХ ғасырда кәріс ұлт өкілдерінде евангелизациялаумен басталды.
20-шы ғасырдың 70-ші жылдарының басында Методисттер саны 40 млн. адамға жуық деп есептелген. Қазіргі таңда методистер санының өсуіне байланысты 31-32 млн жан. Көбінесе аты аталған методисттік бағыттардың айырмашылығы олардың атауларында, немесе методисттер тарихы туралы жазылған жазбаларда көрінеді, ал баспа әдебиеттерінде бұл мүлдем жоқ немесе түсіндірілмеген, мысалы: қара нәсілді методисттер шіркеуі епископалдық еркін методисттер шіркеуінен айырмашылығы сол, көптеген американдықтар қара нәсілділермен бірге бір театрда немесе бір күймеде бірге отырғысы келмейтіні сияқты, бір шіркеуде дұға оқығылары да келмейді. Проториерей Е.К. Смирнов методизмді зерттеген орыс зерттеушісі 1872 жылға келесі цифраларды ұсынады: Құрама Штаттардағы Методисттік қауымдар 25278, олардағы храмдар 21337, шіркеу мүлігі доллармен есептегенде 69854121 доллар, методисттердің белсенді мүшелері (конференцияларға қатысатын методисттер саны) 2060000. Шіркеудегі отырғыштар саны: 6528209. 20 жылда методисттік храмдар саны 8000 өсті. Бұл көрсеткіштерді назарға ала отырып қазіргі таңдағы Құрама Штаттардағы Методисттер саны 15 млн жуық жан деп айтуға болады. Методисттік шіркеу қызметкерлері келушілердің санын нақты тіркеп отырмайтын болғандықтан, және үкіметке әр түрлі жағдайларға байланысты, келушілер туралы мәліметті кемітіп немесе асыра беретін болғандықтан Методисттердің нақты санын айту қиынға түсіп отыр.
Қазақстандағы методизм тарихымен танысу үшін, алдымен Ресей методизмінің тарихымен танысу қажет. Санкт–Петербургтің Шведтік кішкене қауымына Швециядан пастор Карл Линдборг келеді. Бұл 1882 жылы болды, ал 1889 жылы Санкт–Петербургте бірінші орыс методистік приходы пайда болды. онда Швециядан және Финляндиядан келген адамдар қызмет етті. Методистік Шіркеуді ресми мойындау кезеңі әлі алыста болды.
1905 жылдың сәуірі протестанттармен қатар методисттердің өміріне де өзгеріс алып келді. Ресейде «діни төзімділік туралы манифест» жарияланды. Бұл құжат методисттерге еркін жұмыс жасауға мүмкіндік берді. 1906 жылы пастор Санкт-Петербургте туылған Сальми Хьялмар Ф. ресми тағайындалуға ие болды. Оның орыс тілін, финдық және швед тілдерін жақсы білуі діни білімінің бар болуы методизмнің Санкт–Петербургте және басқа аймақтарда таралуы мен дамуына көп әсер етті.1907 жылдың наурызында ол үкіметтен методисттік шіркеудің қоғамдық әрекеттеріне ресми рұқсат алды. Осы жылдың қазан айында оған Финдік және Петербургтік Миссияның Методисттік Шіркеудінің пасторы болып тағайындалған американдық А. Джордж Симонс қосылды. Бұл екі тұлға методизмнің Ресейдегі дамуының жаңа бағыттарын қалыптастырды. Джордж Симонстың жетекшілігімен методисттік шіркеудің жарияланымдарының қарқынды баспалары шығарыла бастады: «Ресейдегі Методизм» (ағылшын тілінде), және «Христиан жақтаушы (Қорғаушы)». Сонымен қатар кейбір методисттік басылымдар да жарияланды «Канондық катахизис», «Методисттік Епископалдық шіркеудің ілімі және шіркеу тәртіптері», «Методисттер: олар кімдер және нені қалайды». Және де Джон Уэслидің «Меотдисттің мінез-құлқы» атты кітапшасы да жарияланды.
Санкт-Петербургтік «Христиан жақтаушысы» журналы – Методисттік Шіркеудің бірінші баспа органы. 10 беттен тұратын бұл журнал 1909 жылдың қаңтар айынан бастап орыс тілінде ай сайын жарық көріп отырды. Оның бір жылдық тиражы 15 мың данаға дейін жетті. Санкт–Петербург қаласының Ресей ұлттық кітапханасының жылнамаларында бұл журналдардың көшірмелері әлі күнге дейін сақталуы керемет жәйт! Бұл журналдарды парақтай отырып Ресейде бірінші методисттік құдайға қызмет етулер қалай өткенін, олардың неге сенгендігін, олар қауымдағы өз миссиясын қалай елестеткенін, олардың адамдарға күнделікті адамдарға қызмет ету кезіндегі қуаныштары мен қиындықтарын сезінуге болады.
Бірінші ресейлік методисттердің өмірі жарқын болды. Жексенбі сайын олар 6 тілде қызмет етті: орыс, неміс, ағылшын, швед, финдық және эстон тілдерінде. Оларда балаларға арналған жексенбілік мектеп те болды. Інжілді ересектерге үйрету үшін апта бойына әр тілде сабақтар жүргізілді. 1909 жыл ресей методисттерінің тарихы үшін тағы бір себеп бойынша ерекше жыл болды – нақ осы жылда Ресейде Методисттік Епископалдық Методисттік Шіркеу ресми мойындалды. Ол «Бірінші Петербургтік Епископалдық Методисттік Шіркеу» деп аталды. Қауым пастор Д.А. Симонстың жетекшілігімен 9 ұлттан құрылған 132 адамнан тұрды. Жалға алынған, қалалық тұрғындарды қызықтыратын Васильевтік аралдың оныншы сызығындағы мекеме № 37-ші үйде күнделікті жиналыстар өткізіліп тұрды. 1910 жылдың өзінде - ақ методисттік қауымның түрлі ұлттардан құралған 500 тұрақты мүшелері болды.
Әрине методизмнің мұндай тез таралуына олардың қызметтерінің басым бағыттары төмендегілер болғаны айқын:
- әлеуметтік көмек
- миссионерлік жұмыс
- білім
Алғашқы Ресейлік методисттер кез-келген елдегі методизмді сипаттайтын осы үш белгіні сақтап қалды, ал оның ізбасарлары мұны бізге жеткізді. әуел бастан –ақ мүсәпірлерге, аурулар мен көмекке мұқтаждарға қамқор болу олардың қызметтерінің маңызды бөлігі болып саналды. 1908 жылы қыркүйекте Васильевтік аралдың үшінші сызығындағы мекеме № 44-ші үйде тырысқақ індеті басталған уақытта Анна Эклундтың жетекшілігімен және басқаруымен диаконис «Вифания» қауымы жұмысын бастады. Санкт-Петербургтік ахримандрит Августинаның (Никитин) айтуы бойынша бұл қауымның ашылуы солтүстік астана өмірінде байқаулы құбылыс болдды. Бүгінде Ленинградтық Біріккен Шіркеулердің бірі «Вифания» есімімен аталады. Алғашқы Ресей методисттері сонымен қатар миссионерлік қызметке де ерекше назар аударды. Бұл туралы олардың кішкене ғана қауым бола тұрып Қытайда және Маринск қаласында миссионерлік жұмыс үшін 175 сом жинаулары дәлел. Методисттіктің тез таралуына жағдай жасаған тағы бір себеп: ол тәжірибелі қызметшілердің жетекшілігімен адамдардың Інжілді үйренуі болып табылады.
1911 жылы қаңтарда Ковно қаласында (1917 жыл Каунас қ. дәл осылай аталды) методисттік дұға жалбарыну үйі ашылды. Онда 1912 жылы шілдеде Ресей миссионерлік аймағының бірінші отырысы өтті. Осы кезден бастап орыстық миссия Епископалдық Методисттік Шіркеудің дербес бұтағына айналды. Сол уақыттарда Ресейдің солтүстік бөлігінде 13 уағыздаушы, 15 методисттік қауым, 9 жексенбілік мектеп (онда 700 ден аса бала оқыды), 2 кішкентай шіркеу және 2 құрылысын бастаған жалбарыну үйлері болды. Алғашқы Ресейлік уағыздаушылар, - А.И. Иванов және Н.П. Смородиндер пайда болды. Санкт-Петербургте 1914 жылы: 58 үй үлкен даңғыл мекенжаймен бойынша ғимарат сатылып алынды. Мұнда Ресейдегі методисттер Бюросының орталығы және «Христиан жақтаушысы» журналының редакциясы орналасты.
Методизм Ресейдің басқа да аймақтарына таралды. 1921 жылы күзде Владивостокта методисттік шіркеудің ғимараты ашылды. Уссурийск Никольскі қаласында приход кезінде балаларға және қыздарға мектеп ашылды. Латвия және Эстонияда да методисттік приходтар ашылды. 1906 жылы Литвада алғашқы приход ресми тіркеуден өтті. Осылайша Ресейде Методизмнің – екі жақтан – батыстан және шығыстан таралуы басталды.
Көтеріліс методисттер өмірін түгелдей өзгертті. 1931 жылы 25 желтоқсанда жаңа өкімет тарапынан қуғынға ұшыраған, - үлкен даңғылда, 58 үйде орналасқан Шіркеу өз жұмысын тоқтатты. 1917 жылдан кейін «Христиан жақтаушысы» журналыныңда көшірмесі сақталынбады, сондықтан да осы уақыттағы методизм тарихы туралы мәліметтерде жоқ. Уссурийск қаласындағы Никольскі Шіркеуі де жер бетінен жойылып кетті. Бірақ бүгінде Уссурийск қаласында бірнеше методисттік қауым қызмет атқарады, және солардың ішінде баяғы шіркеуге қайта аталған - «Никольскі» шіркеуі де бар. 1924 жылы «Христиан жақтаушысы» журналының баспасы Выборг қаласында «Епископалдық – Методистттік шіркеу салты» атты кітап шығарды. Орыс тілінде шығарылған бұл кітап келесі тараулардан тұрды: «Шоқындыру құүпиялылығы», «Қасиетті причастие құпиялығы», «Қауымға жаңа мүшелерді қабылдау», «Неке қию», «Жерлеу», «Арнау және басқару», «Сала бастау және шіркеуді құрметтеу», «Құдайға құлшылық ету».
1935 жылы Эстондық Методисттік Шіркеу дербес шіркеу дәрежесіне ие болды. 1943 тен 1973 жылғы аралығында Эстония КСРО ның құрамына кіргенннен кейін методисттік қауымдар саны 1242 адамнан 2300 адамға дейін артты. 1991 жылы одақтас республикалар тәуелсіздігін алды, бірақ Методисттік Шіркеулер бұл мемлекеттерде әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып келеді.
Кеңестік үкіметі құлағаннан кейін, 80-90 жылдары Ресейдегі Методисттік Шіркеу барлық қиындықтарға қарамастан жаңа күшпен дами бастады. Осы жолы бұл Америка Құрама Штаттарынан, Германиядан, Кореядан, Либериден кеген миссионерлердің арқасында іске асты. Олар Кристина Хена, Енг Чхоль Чо және Сюзанна Чо, Уильям және Грейс Уорнок, том және Нэнси Хоффманн, Теренс және Эвлин Ербели, Сон Лэ Ким, Джерал және Натали Тайсон, Джун Сон Пак және Хелен Пак, Уильям және Хелен Лавлейс болды. Ресейдегі методизмнің екінші даму толқынына үлкен әсерін тигізген Эстониялық Методисттік Шіркеу. Мәскеу, Самара, және Екатеринбург, - Методизмнің қайта өрлеу орталығы болды. Мәскеуде пастор Енг Чхоль Чо Біріккен Методисттік Шіркеудің Орталығының негізін салды, және ол Мәскеудегі бірінші Методисттік Шіркеулердің бастауы болды – Мытыщиндық, Внуковстық, Перовстік. Людмила Гарбузованың қызмет етуімен «Ән шырқаушы христиандар» шіркеуі құрылды. Самарада Біріккен Методисттік Шіркеудің негізін салушы және бірінші қызметшісі Эстондық Методисттік Семинардың түлегі - Владислав Спекторов болды. Дуайт Рэмси Екатеринбург қаласындағы Бірінші Біріккен Методисттік Шіркеуді басқарды, кейіннен мұны Лидия Истомина жалғастырды.
1922 жылы пастор Чо басқа конфессияның миссионерлерімен бірге Біріккен Дін ілімдік Семинары жұмысын ұйымдастырды, мұнда қазіргі заманғы ресей методизмінің қызметшілері білім алды: Гарбузова Людмила, Ия Ли, Пронина Лидия, Покровская Ольга, Щепак Вера, Андрей Ким, Вячеслав Ким, Дмитрий Ли, Владимир Макаров, Эдуард Хегай. Кристина Хена Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуінің мелициналық бағдарламасын басқарды.
1993 жылы Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуі, 1999 жылы Ресей Федерациясының Әділет Министирлігінде бекітілген, мемлекеттік мойындауға ие болды. Шіркеуге «Орталық діни қауым» деген дәреже берілді. Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуінің Бірінші Епископы Рюдигер Р. Минор болды.
1995 жылы Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуінің Дін істері Семинары шіркеу үшін пасторлар мен қызметшілерді дайындайтын жұмысын бастады. 1997 жылдан бастап семинар түлектері бүкіл бұрынғы Кеңес Одағының территорясында пасторлық қызмет атқаруға міндет алады да сол бойнша қызмет атқарады.
1999 жылы БМРШ Дін істері Семинариясының сырттай бөлімі ашылды. Оны Семинария ректоры Андрей Ким басқарды.
Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуінде тағы да тұрақты баспа жұмыс істей бастады және орыс тілінде методисттік кітаптар шығару қайта жанданды.
Жұмыс бұрынғы Кеңес Одағының территориясынан батыс бөлігінен бастап, (Калининград), Тынық мұхитқа дейін (Владивосток), солтүстіктен (Архангельскі) Қазақстанға дейін, Украинада да, және Молдавада жүргүзілді. 15 жыл жұмыстан кейін Біріккен Методисттік Ресей Шіркеуінде 12 аймақ құрылды: Волгалық, Оңтүстік Мәскеу, Солтүстік Мәскеу, Санкт - Петербургтік, Батыстық, Новгородтық, Оралдық, Сібірлік - Қиыр шығыстық, Орталық Азия, Солтүстік - Кавказдық, Орталық - Черноземный, Украина және Молдова.
БМРШ құрамына 100-ден аса шіркеу және інжілдік топтар кіреді. Шіркеуде 70 тағайындалған пастор қызмет етеді, оның ішінде 30-ы сынақтан өтілген пресвитерлер. Біріккен Методисттік Шіркеудің ұстанымына сәйкес жыл сайынғы Ресейлік Біріккен Методисттік Шіркеуінің конференциясы өткізілді.
Қазақстанда кішігірім бес методистік қауымы жұмыс істейді (олардың ішінде үшеуі Алматыда – «Те Синг», «Чонг Донг» және т.б.), Қазақстандық Біріккен Методистік Шіркеу Павлодарда, оның пайда болуына шетелдік, әсіресе корейлік уағыздаушылардың қызметі жағдай жасады. Сенушілер саны – 300-ге жуық адам.
2007 ж. 10.08-нде Қазақстанда Алматы қаласында Біріккен Методистік Інжілдік колледжі ашылды. Алғашқы 12 студент бір жыл ішінде 8 ай бойы көрсеткіштеріне және нәтижесіне қарай, сәрсенбі және бейсенбі күндері оқитын болады.
Әдебиеттер:
Таевский Д. Секты мира. Ростов н/Д: Феникс, СПб.: ООО Изд-во «Северо-Запад», 2007. – 571б
Дворкин А. Сектоведение. Н. Новгород, ООО Изд-во «Христианская бибилиотека», 2007. – 815б
http://www.sarap.kz/rus/religiya.php
http://yandex.ru/yandsearch?text
Жетінші күн адвентистері: Адвентистер – (латын тілінен аударғанда келу мағынасын білдіреді). Бұл ағымның пайда болуына христиан теологтары Юнг-Штиллингтің, Иософ Вольфтың, Бенгельдің және сонымен қатар Англиядағы Друммонның ілімдері әсер етті. Олар өз еңбектерінде Христостың жерге келіп, мың жылдық патшалығының орнауы туралы болжамдар айтты. Юнг-Шеллинг «Победная песнь христианской веры» шығармасында Христостың жерге келуі 1936 жылы Кавказ тауларында болады деп белгіледі. Осы уақытты неміс діндары Бенгель де айтады.
Бұл көзқарастартар АҚШ-та тез арада тарап, Адвентист христиандар шіркеуі, Евангелдік адвентистер, Иисус Христос шіркеуі, Жетінші күн адвентистері сияқты бірнеше діни бағыттар пайда болды
Адвентистердің ішіндегі ең белгілісі және ықпалы күшті шіркеу Жетінші күн адвентистері (АҚШ-та 1844 жылы пайда болған ). Діннің негізін салушы баптистік дін уағыздаушы Ульям Миллер Қасиетті жазбаларға (Библияға) сүйеніп, Иисустың 1843 жылы жерге екінші рет келуі және 1000 жыл патшалық құруы туралы идея таратты. Миллер Библиядағы пайғамбарлыққа сүйене келе, әсіресе «Данилл пайғамбардың кітаптарын» өзінше талқылап, Иисус Христостың екінші рет жер бетіне оралу мерзімін 1843-1844 жылдар деп белгіледі. Миллерді қолдаушылар- миллериттер саны 1843 жылы 100 мың адамға жетті. Миллердің ең соңғы болжамы 1844ж 21-наурыз айы болды. Бірақ, бұл көріпкелдік мәліметі де дұрыс болмай шықты. Енді оның ізбасарлары өз болжамдарын айта бастады. С.Сноу (1806-1870) Христостың келуін Матфейдің Евангелиесіне сүйене 1844жылдың 22-ші қазанын белгіледі. Адвентистер қаншама жалған мәліметтер беріп отырса да олардың саны азая қоймады. Бұл кезеңде Х.Эдсон (1806-1882) өзінің түсініктемесін берді. Оның айтуынша 1844 жылы Иисусс Христос аспан әлеміндегі өз ғибадатханасында екінші рет қызметін жалғастырады. Оның хабарында 1844 жылы Иисусс Христос аспан әлемін тазарту үшін келген. Бұл тазару ақырзаман алдында болатын іс-әрекет.
1845 жылы миллериттер жеке ұйымдары болмағандықтан съездерін өткізу үшін Нью-Йорктың Олбани штатына жиналады. Съезде мыңжылдықта келу Асоцияциясы құрылып, қабылданған догматтар өңделді. Жиында миллериттер өз ілімдеріндегі байланысты әр түрлі пікір ұстанғандықтан ұйым бірнеше бағыттарға бөлінді: Жетінші Күн Адвентистері, екі Құдайдың шіркеуі, Христианандық Келу шіркеуі, Алғашқы Адвента христиан шіркеуі. Осы айтылғандардың ішіндегі ең көлемдісі Жетінші Күн Адвентистері өздерінің шіркеулік ұйымын 1863 жылы құрды. Бұған себеп болған 1863ж Батл-Крикте (Мичеган штаты) ерлі-зайыптылар Э.Уайт және Д.Уайттың ұйымдастырған конференциясы болды. Онда миссионерлік қызметтің жарғысы мен жоспарлары бекітіліп, шіркеудің құрылуы туралы жарияланды.
Жетінші Күн Адвентистері шіркеуінің құрылуында Эллен (Елена) Уайттың (1827-1915) еңбегі ерекше болды. Эллен 10 жасында ауыр жарақаттан жазылып, 15 жасында шоқыну қабылдап, методистік шіркеудің мүшесі болып кіреді. 1844 жылы желтоқсан айында Элленге адвентистерді «аспанға алып баратын жол торабының» елесін көреді. Э.Уайт өз басынан 2000-ге жуық елестер өткенін айтады. Бұл елестердің барлығы адвентизмнің ілімінің негізін құрайды. Адвентистер мұндай жолға Библияны оқу арқылы келеді. Э.Уайттың бұл елестері оның «Христосқа барар жол», «Елестеулер және тәжірибелер» кітаптарында жазылды. Бұл кітаптар адвентистер үшін Библиямен тең дәрежеде саналып, құдайлық рухы бар деп есептеледі.
Эллен Уайт еңбектерінде Библиялық доктриналар Қасиетті Үштік, Құдайдың Ұлдағы көрінісі, Оның өлімі мен қайта келуі көрініс тапты. Әсіресе адам баласының күнәсі және оның Христос арқылы құтқарылу мәселелері, Жетінші Күн шындығы, адамның өмірден кейінгі жағдайы, Христостың жерге екінші рет келуі туралы жазды.
Адам табиғатынан күнә жасауға бейім тіршілік иесі. Осы күнәдән құтқарылу үшін адам Иисусқа келуі керек. Ол біздің Оған сенуімізді қалайды. Біз Оған өзіміздің барлық күнәләрімізбен әлсіздігімізбен, ақылсыздығымызбен, келе аламыз. Біз Оған келіп жүрегімізді ашып, аяғына бас ұрсақ қана оның мейіріміне бөленіп Оның махаббатына бөлене аламыз. Осы арқылы біз тазаланамыз, құтқарыламыз.
«Қасиетті Құдай Рухы адамның жүрегіне сәуле сепкенде оның өмірі, күрт өзгереді. Оның зұлымдық әрекеттері тоқталып күнәһарлыққа жетелейтін ойлары жоғалады. Оның жүрегінде махаббат сезімі мен тәубе пайда болады. Жер бетінде христианин өзінің Христоспен қарым - қатынасынан қуаныш алады, Оның әр уақыт өзімен бірге екенін сезіп рахатқа батады. Иисус біздің әр уақыттағы, әр кездегі көмекшіміз. Тек сіз Оны шақырыңыз. Ол әруақытта сізді естиді және сізге жауа береді. Адам ешқашанда өз күшіне сенбеуі керек тек қасиетті жаратушыға сенгенде ғана бір нәтиежеге жете алады.»- деген уағыздар әрине жалпы христиандық идеялардан бастау алады, бірақ бұл жерде адамның ізіне деген сенімінің, жауапкершілігін, ерік-жігерінің жоққа шығарылуына назар аудару керек.
Е.Уайт Жетінші Күн адвентаристерінің басқа шіркеулермен қатынасы туралы да жазады. Е.Уайт басқа конфессия мүшелерімен де қарым –қатынас жасаудың жолдарын «Проповеди и беседы» - деген еңбегінде жан-жақты береді.
Жетінші Күн Адвентистері христиандық Үштікті, Мәриямның пәк түрде жүкті болуын, Иисустың адамзат күнәлары үшін айқышқа тағылуын және протестантизм принципі сенімнің беріктігін, Құдайдың жарылқаушы екенін мойындайды. Жетінші Күн Адвентистерінің тарихы мәңгілік Шайтанмен күресудегі Иисусстың жеңіске жетіп, 1000 жылдық патшалық құруы. Осыдан олардың Иисусс Христостың екінші рет келуіне, ақырзаман күнінің туатындығына, Христостың 1000 жылдық патшалық құруына сенімдері қалыптасқан. Жетінші Күн Адвентистері Мойсейдің өсиеттеріне сүйенеді, әсіресе сенбі күнін қадір тұтады. Сенбі таңдаулыларды мөр басып бекіткен күн деп саналады. Сенбі күні құдайға құлшылық жасалынады, жұмыс жасауға болмайды, бірақ әлсіздер мен ауруларға көмек көрсету қажет. Жетінші Күн Адвентистері жұмақ пен тозақтың барлығына, өлген адамның жанының мәңгілік екеніне сенбейді. Олардың ойынша адам өлген соң тәнімен бірге жаны да өледі, жанның қайта тірілуін Христостың жер бетіне екінші рет келуімен байланыстырады. Адвентистер үшін әлем от арқылы жойылады, сенушілер үшін жаңа жер құрылады да онда тақуа адамдар ғана өмір сүреді.1000 жылдық патшалықтан кейін күнәһарларда тіріледі,тақуалар тек рухани ғана емес тәндік түрде де өмір сүреді. Бұл өмір адвентистер үшін анау өмірге дайындық ретінде саналады. Э.Уайттың елестеуі бойынша адвентистерге періштелердің өздері «дұрыс жолдағы христиандық өмір сүруді» нұсқап, тазалық реформаны енгізген. Бұл реформаға мына ережелер енгізіледі:таза емес жануарлардың (шошқа) етін қолданбау, қабыршықсыз балықты, кофе, чай, алкогольді сусындарды, шылым шегуді, есірткіні қолдануға қатаң тиым салынады. Тақуа адамдар үйленбей жатып жыныстық қатынасқа түсуге, күнделікті ойын-сауықтан рақат алуға және көркем әдебиеттер оқуға тиым салынады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында (1914-1918) адвентист-реформаторлар бағыты құрылды. Бұл бағыттың құрылуына Жетінші күн адвентистерінің 1914 жылы 4 тамызында Германияның орталығына жазған өтініштері себеп болды. Олардың соғыста қолдарына қару алуларына тура келді. 1919 жылы Жетінші күн адвентистерінің халықаралық миссионерлік қоғамы заңды түрде тіркелді. 1920 жылы Жетінші күн адвентистерімен адвентист-реформистердің қарым-қатынасын жақсарту оңды нәтиже бермеді. 1926 жылы Германияның Гота қаласында адвентист-реформистердің заңды түрде ұйымы құрылды. Екі ұйымның арасындағы бөлінушіліктің арқасында Германияның орталығында халықаралық миссионерлік қоғам және реформациялық қозғалыстағы америкалық Бас конференция (орталығы АҚШ) құрылды. Адвентист-Реформистердің діни ілімі, культі Жетінші Күн адвентистерімен бірдей. Адвентист-Реформистердің ерекше бір айырмашылығы тазалық реформаны қатаң түрде сақтаулары. Тағамдарына мүлде етті қолданбайды.
Ресейде адвентистертер ілімі 19-ғасырда белгілі болды. Ең алғашқы Жетінші күн адвентистері ұйымы Қырымда 1886 жылы құрылады, оны швейцариялық дін уағыздаушы Луи Конради басқарды. Одан ары қарай адвентизм Украинада, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Кубаниде, Орталық Ресейде, Поволожьеде, Прибалтикада кеңінен таралды. 1890 жылы Ставропольде Ф.Бабиенконың басшылығымен орыс адвентистерінің ұйымы құрылады. Осы кезеңнен бастап Ресейде адвентистер евангелизация жұмысын қарқынды жүргізе бастайды. Рига, Петербург, Киев қалаларында 1901 жылы 37 қауымдастық, 1288 мүше, 13 уағыздаушы болған. 1905 жылы адвентистер Ресей империясында заңды түрде тіркеледі. Дерек бойынша сол кезеңде Жетінші Күн адвентистерінің саны Ресейде 2103-ке жеткен. 1907 жылы Ригада қоғамның діни әдебиеттерін орыс, неміс, латыш, эстон және поляк тілдерінде таратушы трактаттық қоғам құрылады. 1909 жылы орыс адвентистерінің делегациясы Такома-Паркте өткен Генералдық конференцияның 37-ші сессиясына қатысады. Осыдан бастап адвентистер қауымы Сібір, Қазақстан, Кавказ және Түркістан аймақтарында пайда бола бастайды. 1913 жылдың шілдесінен бастап 1919 жылдың көктеміне дейін Санкт-Петербургте Жетінші Күн адвентистерінің журналы «Вестник спасения» 2000 данамен басылып шығады. 1921 жылы олар өз мектептерін ашып, онда 14 кадет білім алады. Ресейлік қоғамдық құрылыстың демократиялануына байланысты адвентизм ілімі жедел тарала бастады. Адвентистер осы жылы қыркүйек айында Санкт-Петербургте съездерін өткізді. «Благовестник», «Голос истины», «Адвентистский вестник» журналдарын басып шығарды. Советтік Ресейде жетінші күн адвентистері қызметтерін жалғастыра алмады, тек 1992 жылдан бастап жаңадан істерін жалғастыра бастады. Олар өз бағдарламаларын құрды: қарттарға көмектесті, түрме іштерінде діни уағыздарын жүргізді, әлеуметтік қызметтерде жұмыс жасады. Жетінші Күн адвентистері өз ілімдерін Грузияда , Литвиада, Эстонияда, Украинада, Молдовада кеңінен таратты.
Казіргі таңда Жетінші күн адвентистері Иисус Христостың Евангелиясын көптеген мемлекеттерде таратады. Әлемнің 220 мемлекетінде Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі құлшылықтарын атқарады, 50000-ға жуық қауымдастықтарында 15 миллионға жуық шіркеу өкілдері мен келушілер құдайға құлшылық етеді.
Діни ілімдері
Көне және Жаңа өсиеттің барлық канондық кітабы Құдай Сөзі, христиан сенімінің негізі болып табылады;
көрінетін және көрінбейтін барлық әлем ұлы және құдіретті Жаратушы, үштік Құдай - Әке, Бала және Киелі Рухпен жаралған;
адам Құдай образында және соған ұқсас еркін және ойлай алатын тұлға ретінде жаралған, сондықтан ұждан мен дін мәселелерінде барлық адамның өз сенімін таңдауда жеке өз құқықтары бар;
күнә дүниеге адамзат тарихынан енген. Күнә Құдай мен адам арасындағы қарым-қатынастың үзілуі; күнә Құдай заңының бұзылуы;
адам өздігінен мәңгі бола алмайды, сондықтан өлім актсімен адамның физикалық және рухани өмірі аяқталады. Евангелие бойынша сана мен мәңгі өмірді адам тек Христостың Екінші рет келуімен жүзеге асатын өлгеннен кейінгі тірілуден соң табады;
әрбір адам өз күнәлары үшін кешірім мен құтқарылуды Иисус Христосқа сену арқылы ала алады. Дәл осы себепті Жетінші күн Адвентистері саналы түрде таңдау жасап Құдайға қызмет етуге және Оның барлық Өсиеттерін орындауға уәде берген адамды Әке, Бала және Қасиетті Рухтың атынан шоқындырады;
Христос жерде Өзін өздерінің құтқарушысы ретінде қабылдайтын және өзі айтқан барлық өсиеттерді орындайтын адамдарды біріктіретін Өзінің Шіркеуін құрды. Оның айтқандарын орындай отырып, оның ізбасарлары Евангелиені уағыздайды және адамдардың мұқтаждықтарына қызмет етеді.
Шіркеу өкілдері христиандық этика шеңберінде саясатқа араласа береді. Ал пасторларға шіркеудегі құлшылық ету жұмысымен саясатты араластыруға тиым салынады.. Адвентистер ғылыми медицинамен де шұғылдана береді. Жетінші күн адвентистері әскери қызметке бейбітшіл түрде баруға келісім береді, бірақ, соғыс жағдайы болса қатыспайды. Көбінесе миссионерлік қызметке, қайырымдылық істермен (бастауыш және орта адвентистік мектептер ашу, колледж, университеттер салумен) айналысады. Құдайға құлшылық ету кезінде Библияны оқиды, діни уағыз жүргізеді,сондай ақ үлкен болғанда шоқындырады және толықтай аяқтан бастап дәрет алады. Шоқындыру және тазалану олар үшін ең қасиетті рәсімдердің бірі және сонымен қатар неке қию мен өлікті жерлеу рәсімін орындайды. Адвентистердің мерекелері: Пасха, Елушілік, Бірінші Синодты құрмет тұту, өлілер күні,жердегі ғибадатханаларды тазарту күні.
Адвентистік ұйымдардың басты органдары болып жиындары есептелінеді. Жетінші күн адвентистерінің басшылары бес жылға тағайындалады. Оған он үш бірлестіктің төрағалары және бес аудан бірлестіктерінің төрағалары бағынады. Ұйымдарындағы құлшылықты пасторлар немесе қарттар басқарады, жәрдемші діни қызметкелері екі жылға сайланады. Ол үшін ұйымда арнайы сайлау коммиссиясы құрылады, оның құрамына сыйлы адамдар кіргізіледі. Жетінші күн адвентистерінің шіркеуінің экономикасының негізін құраушылар негізінен қарапайым сыйынушылар, өздерінің табыс көздерінің оннан бір бөлігін шіркеуге құйып отырады. Күнделікті құлшылықтан кейін құйылған ақшаларды қандай мақсатта жұмсалатынын талқылайды.
Қазақстанда таралуы. Қазақстанда Жетінші күн адвентистері өткен ғасырдың басында пайда бола бастады. 1902 жылы алғашқы адвентистік ұйымдар Өскеменде, Семейде, Ақмола облысының Рождественка ауылында және Қостанай облысында пайда болды. 2002 жылы Қазақстанда Жетінші күн адвентистері өздерінің жүз жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда 72 шіркеу тіркелген. 5000-ға жуық мүшелері бар. Шіркеудің әлеуметтік қызметтері жаңа өсиеттік мейірімділік, адамның мұқтаждықтары мен қайғысына ортақтасу принциптерінен құралған. Бұл қызмет – рухани өмірдің ажырағысыз бөлігі және христиандық араласу болып саналады. Ол қарттар үйі мен ауруханалардағы ауруларға пасторлық көмек беру, психикалық күйзеліс жағдайындағы адамдарға қамқорлық көрсету болып табылады.
Жетінші күн адвентистері Библия «пайғамбарлық сыйдың арқасында жазылған құдайлық кітап» деп есептейтіндіктен шіркеудің христиандары үшін Библияны оқып, уағыздау баға жетпес сый, ерекше құрмет болып табылады.
Шіркеулік басшылықта Жетінші Күн Адвентистері шіркеуінде шіркеуді басқарудың өкілдік формасы жүзеге асырылады» деп жазылған, яғни шіркеу беделі «оның барлық мүшелерінде көрініс табады, ал шіркеуді басқару бойынша атқарушылық міндет өкілдік орган мен қызметкерлерге жүктеледі» делінген, бұл жерде барлық қызметкерлердің теңдігі танылады.
Жетінші күн адвентистері үшін ұйымның төрт деңгейі тән: жеке сенушіден бастап – бүкіләлемдік Шіркеуге дейін.
1. Жергілікті Шіркеу (қауым), бұл жекелеген сенушілердің қауымдастығын құрайды.
2. Жергілікті конференция (немесе жергілікті миссия), бұл жекелеген мемлекет, облыс, территория шеңберіндегі қауымдарды біріктіреді.
3. Униялық конференция (немесе униялық миссия), ауқымды территория шеңберіндегі тұтастай бір конференция немесе миссияны біріктіреді.
4. Бас конференция - әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық униондар мен миссияларды біріктіретін ірі ұйымдық құрылым.
Жалпы дүние жүзіндегі басқа діни ұйымдармен салыстырғанда Жетінші күн адвентистерінің саны аз. Көптеген елдерде қазіргі таңда бұл шіркеу шектеудің және дисскриминацияның объектісі болып отыр. Сондықтан – да олар адам құқығы туралы мәселелерді көп көтереді. Шындап келгенде бұл ұйым мүшелерінің діни фанатизімінің шектен шыққандығы соншалық тарихтағы ең қауіпті деп атаған он секталардың ішінде бесінші орын алып отыр. 1993 жылы Уэйко қалашығында (Техас штаты) адвентист Дэвид Кореш өзімен бірге бір ұйымның мүшелерін жарып жіберген. Нәтижесінде 100 адам қайтыс болған.
Қазақстанда адвентистер өз шіркеулерін басқа діндермен қатар қойып, өздерінің діни ілімін ашық таратуға талпынуда. Батыстық миссионерлердің қазақ жерінде Евангелияны тарату миссиясын осы шіркеу де жүзеге асырады. Әйтсе де, бұл шіркеудің тарататын ілімі және діни қызметі православие және католик шіркеуінің дәстүрлі қызметіне қайшы келетіндіктен Батыс елдерінде де, біздің елде де адвентистер қатты қуғынға ұшырамаса да, қоғамда іріткі салатын діни бағыт ретінде бағаланды. Христиан дінінің дәстүрлі бағыттары орнығып қалған мемлекеттерде жүргізілген адвентистік уағыз әрине қоғамның діни санасына кері әсер етеді. Бұл уағыздар православие және католик дінінің негізгі діни ілімі мен дәстүрлерінің өзгеріскеғ ұшыраған кейде қатты ауытқыған деп айтылады.
Қазіргі Қазақстанда Жетінші күн адвентистері мен қоса Адвентистер-реформаторлар бар. Бұл ұйымды мемлекеттік дін жөніндегі бөлім ресми түркеуден өткізбей, қызметіне тыйым салды. Әйтсе де, аталған екі ұйым да «салауатты өмір салтын қоғамға енгіземіз» деген ұранды пайдаланып өздерінің миссионерлік қызметтерін жүзеге асыруда.
Әдебиеттер:
1 Дж. Макдауэлл, Д.Стюарт Обманщики М., 1993.
2 Религии в Казахстане часть 1, А., 2003
3 Тоталитарные секты угроза ХХІ века. Материалы Международной научно-практической конференции. Нижний Новгород 2001
Иегова Куәгерлері: Иегова куәгерлерінің: «Сион күзет мұнарасының баспа қауымдастығы», «Күзет мұнарасы» қауымдастығы сынды атаулары бар. Негізгі басылымдары – «Күзет мұнарасы» (алғаш рет 1879 жылдың шілдесінен шыға бастады), «Ояныңыз!». Алғашқы баспахана 1927 ж. құрылды.
Иегова куәгерлері (иеговашылдар) – XIX ғасырдың соңында құрылған протестантизмдегі жаңа ағымдардың бірі. Діни сенімдеріндегі кейбір ерекшеліктерінен католик, православие және ортодокстік протестантизм жағынан сектанттық және еретиктік қозғалыс болып табылады. 1870 ж. Інжілді зерттеу үйірмесі боп құрылған бұл ұйым, кейіннен Інжілді зерттеудің халықтық қауымдастығы болып өзгертіледі. 1909 ж. қарай секта халықаралық келбет алып, оның басты орталығы күні бүгінге дейін орналасқан Бруклин (Нью-Йорк) қаласына ауысады. 1912 ж. слайд және дыбысты кинофильмдер арқасында жердің жаратылуы мен Христос мыңжылдық патшалығының құлдырауына дейінгі аралықты көрсететін «Жаратылыс фотодрамасы» атты бағытта жұмыс жасайды. 1931 ж. қауымдастық аты Исаия кітабындағы 43:10-12 сөз жолдарына негізделіп, Иегова куәгерлері деген атқа ауыстырылады. 1931 ж.қауымның Інжілдік тақырыптағы баяндамаларды тарататын 403 радиостанциялары жұмыс жасайды. 1943 ж. Гаалад мұнарасының Інжілдік мектебі атты миссионерлер даярлайтын арнайы мектеп ашылады, бұл мектеп түлектері жыл сайын әлемнің 140 еліне жіберіліп отырады.
1976 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілік құрамына жетекші корпорация мүшелері енетін комитеттерге бөлініп жүктеледі. Оның әр 11 мүшесі (1933 ж.) 50 жылдан бері үгіт-насихат әрекеттерін жүргізіп келеді.
1956 ж. Бруклинде 13 қабатты баспахана құрылады, мұндай баспаханалар Германия, Швейцария сияқты өзге елдерде де құрыла бастайды. Ресей жеріндегі иеговашылдар тарихы 1891 ж. Расселдің Одессаға сапарынан бастау алады. Ресейдегі иеговашылдар туралы шынайы дерек көздерін екінші дүниежүзілік соғыс басына жатқызуға болады; 1939 ж. кеңес әскерлері Польша қарамағындағы Батыс Украина мен Белоруссияны басып алғанда, бұл жерлердегі иеговашылдар да Кеңес өкіметі қарамағына енді.
Иегова куәгерлерлеінің рухани әкімшілік орталығы болып Жетекші корпорация болып табылады. Бруклинде орналасқан, құрамында 15 мүшесі бар, корпорация мүшелері дінге сенушілердің сенімі бойынша «Құдайдың жердегі» өкілдері болып табылады. Корпорацияның 95 филиалы әлемнің түрлі өкілдерінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Ресейдің Москва, Санкт- Петербург, Екатеринбург, Ярославль, Иркутск, Улан-Удэ, Онтүстік Сахалин және т.б. қалаларында корпорация мүшелері қызмет атқарады.
1952 ж. 16 ақпанында дүниеге келген Чарльз Тейз Рассел секта негізін қалаушы болып табылады. Кішкентайынан конгрегациялық інжілдік қауымдастығына қатысқан ол 17 жасында бұл қауымдастық доктринасы мен рух мәңгілігі қағидасына күмән келтіреді. 1970 ж. ол алты адамнан тұратын Інжілді зерттеу үйірмесін ұйымдастырады. 1979 ж. Рассел өзінің «The Hearld of the Morning»(қазақша аты керек) атты жеке журналын шығарады. Сол жылы Н. Барбормен бірлес авторлықта «Үш әлем» деп аталатын кітап шығарады. Мұнда олар 1914 жыл - «адасушылар заманының ақыры» деп көрсетеді. Кейіннен Рассел Барбордан бөлініп, өз журналының атын «Сиондық Күзет Мұнарасы және Христостың барлығының хабаршысы» деп өзгертеді.
Бұл басылым қазіргі «Иегово Патшалығын паш етуші күзет Мұнарасы» деп аталатын басылымның негізін салушы.
1986 ж. Рассел Қасиетті Жазба талқыламаларының топтамасынан «Мыңжылдық таңсәрі» деп аталатын еңбегінің бірінші томын жарыққа шығарды. «Жазбаларды зерттеу» деп аталатын бұл талқыламалар (талқыламаның алты томын Рассел шығарса, «Жоғалған Құпия» деп аталатын жетінші томын оның ізбасары Рутерфорд шығарды) ұйымның Қасиетті Жазбаларға берілген негізгі талқыламалары болып табылады. Өткен ғасыр соңынан бастап шіркеу ықпалы өте тез шапшаңдықпен тарай бастады. 1908 ж. қарай ұйымның орталығы Бруклинге, Нью-Йорк штатына, Хикс-Стритке, 17 көшті. Бұл орталықты кейіннен «Бруклиндік скиния» деп аталып кетеді.
Рассел қоғамның қаржылық капиталын басқарып отыратын акционерлік қауымдастық акциясының 99% қолына шоғырландырған бизнесмен де болып шығады.
Рассел өмірінде бірнеше рет сот өкілдерінің араласуылықтары да болды. Ғасыр басында «Күзет мұнарасы» газеті он есе артық өнім беретін бидай сұрыптарын жарнамалаумен айналысады, кейіннен «Бруклин deil igl» газетінде пастордың көзбояушылық жоспарлары туралы мақала жарық көреді. 1913 ж. ол пастор газетті жала жапты деген айыппен сотқа беріп, жеңіліп қалады.
Сонымен бірге, 1912 ж. шілдесінде баптистік шіркеу пасторы Дж. Росс «Пастор Ч.Т. Рассел туралы кейбір фактілер» деген памфлетін жарыққа шығарады, мұнда ол Расселдің «ізгі» келбетін ашып, оның ғалым да, құдай танушы да емес, рационалдылыққа, ғылымға, Інжілге және христандыққа қарсы жалған ілім ойлап тауып адамзатқа зиян келтіруде деп жазады. Росс Расселді философияны, жүйелі және тарихи құдайтануды, көне тілдерді игермеген жалған ғалым, псевдофилософ деп көрсетеді. Рассел 1913 ж. наурызында Россты сотқа береді, бірақ сот процесс кезінде Росстың жалған жала жаппағандығы айқындалады. Өйткені Рассел сотта құдіреті күшті құдайды куәгерлікке алып, «шындықтан өзге ештеңені айтпаймын деп» ант берсе де, жалған жауаптар беруін жалғастырып отырады.
Бұл фактілер Иегова куәгерлері жандарын тапсырған «пастордың» ішкі ізгілік әлеміндегі қайшылықтары туралы біржақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Әлемді аралай жүріп Рассел адамдарды «Оянуға» шақырды, мұнда үштік, Христиостың адамқұдай екендігі, оның қайта тірілуі мен екінші рет оралуын жоққа шығаратын, және әлемдік қантөгіске ұқсайтын Армагеддон атты ілімдерін уағыздайды. Сонымен бірге, ол тозақ пен мәңгі қиналыстар туралы түсініктерге де үлкен өзгерістер енгізеді. Секта мүшелері Расселді апостолдарға теңеп, тарихтағы ең көрнекті реформатор деп есептейді. Расселдің өзі өз кітаптарын Інжілден жоғары қойып былай деп жазады: «Егер адам менің кітабымды былай қойып, тек Інжілді ғана оқумен айналысса, тәжірибе көрсеткендей, екі жылдан кейін ол толық қараңғылықта қалады. Ал егер ол Інжілді ашпай-ақ «Жазбаларды зерттеуді» және ондағы сілтемелерді оқыса, екі жылда ол нағыз жарықты көреді, өйткені ол Жазбаның жарығын менің кітабым арқылы тани алады».
Соңғы кездері «Иегова куәгерлері» құдайтанушылық саласында пастор Расселмен байланыстарын жоққа шығаруда. «Расселизмдік» айыптаулардан құтылу мақсатында «Иегова куәгерлері» («Ояныңыз» журналы, 1951 ж., 8 қыркүйек, 26 бет): «Кім Рассел ілімін уағыздауда? Кім болса да, тек Иеговашылдар емес! Егер олар Расселге сілтеме бермесе, оның еңбектері таратпаса, қалайша оларды Расселдің жолын қуушылар деп айыптауға болады?» Алайда кері жағдайды дәлелдейтін тарихи фактілерді көрсетуге болады. Мысалға, Расселдің өлімінен кейін оның ізбасары Рутерфорд оның «Жазбаны зерттеу» еңбегінен он алты рет цитата келтіріп, өз брошюрасының соңғы бетін Рассел еңбектерін жарнамалауға арнайды.
Рассел өлімінен соң 1916 ж. ұйым басына Д.Ф. Рутерфорд келеді. Ол «Жазбаны зерттеу» атты талқыламаның жалғасы ретінде «Жоғалған құпия» атты жетінші томын шығарады. Бұл кейіннен ұйым арасына жік салуға себепші болады. Бұл келіспеушілік 1931 ж. ұйымның аты өзгергенге дейін жалғасады. 1931ж. Рутерфорд Иасия кітабынан (43 тарау, 10 тақпақ) «Иегова куәгерлері» деген атауды алып, ұйым атын өзгертеді. Ол расселизмді жасырып, «Иегова Куәгерлері» жаңа ұйым деп есептеген миллиондаған адамдарды адасушылыққа әкеледі. Ол құдайтанушылық секталарға тарап кету қаупі төнгендіктен, оларға реформа жүргізеді. 1918 ж. Рутерфорд Христостың екінші рет оралуы, күтіледі, кейіннен бұл 1925 жылға өзгертіледі. Уақыттың белгіленуінен бұрын «Куәгерлер» конгресі «адамдық өркениеттің құлдырауы» туралы резолюция қабылдайды. Болжанған Армагеддонның болмауы себебінен «Ұйым» шиеленістері ұлғая түсіп, оның құрамында 24 мың адам ғана қалады. Алайда «заман ақыры» 1942 жылға ауыстырылған соң, секта қатары қайта толыға бастайды. Патриархтардың (Авраам, Исаак, Иаков) қайта тірілуін болжап, оларға арнап «Бет Сарим» (Княздар үйі) ғибарат салады.
Рутерфорд беделінің «куәгерлер» арасында өскені сонша, оның болжамдарына күмән келтіру, құдайдың барлығына күдік келтірумен тең болды. Ол өзін иеговашылдардың көш басшысы деп атап, өзге дін мен оның көсемдеріне деген жеккөрушілігін ашық жариялайды, соның ішінде ол католиктермен ашық жауласып отырды. «Куәгерлерге» айтылған қандай да болмасын сындарды ол дін бұзушылық деп қабылдады.
Рутерфорд өлімінен соң, ұйымды Натан Норр басқарады. Ол Нью-Йорк штатында миссионерлік мектеп ашып, «ақыр заманды» 1975 жылға белгілейді, 1977 ж. Н. Норр қайтыс болады.
Оның билігі кезінде ұйым мисионерлікке аса көңіл бөледі. 1977 ж. бастап ұйымды Фредерик Франс басқарады, ол ұйымның құрылымын жақсартып, қаржылық кірістерді тұрақтандырады. Әр келген жаңа басшы бірінші кезекте ұйымға бақылау жасауды қолға алып отырған.
Қазіргі уақытта «Куәгерлерге» барлық мұсылман елдерінде тыйым салынған. АҚШ-та да діни ұйым ретінде тіркеуге тйым салынған, олар тек баспахана ретінде қызмет атқарады.
Иеговашылдардың діни сенімдері өзге христиандық конфессиялардан айрықша ерекшеленеді. «Куәгерлердің» негізгі және басты кітабы Інжіл болып есептеледі, ал Інжілдің Көне және Жаңа бөлімдерін Гректік және Еврейлік деп атайды. Олар Үштікті жоққа шығарса да, Үштіктің барлық үш ипостасін мойындайды. Куәгерлер ілімдері жалғыз құдай Иеговаға шоғырланған. Оның ең жоғарғы жаратылысы және рухани ұлы болып Христос саналады. Оның жерге байқаусыз келуі, яғни Дж. Резерфорд пен Н. Норр бойынша «Христостың екінші рет оралуы» 1914 ж. болды. Әлемдегі барлық жаратылыстар Христос арқылы болады. 1931 ж. «Иегова куәгерлері қауымдастығы» атты теократиялық ұйымның құрылғандығы жарияланды және бұл ұйымның миссиясы Христостың жердегі патшалығы үшін негіз дайындау болып табылады. Христосты иеговашылдар құдай жаратқан ең жоғарғы Құдіретті күш деп есептейді. Адам кейпіне еніп, қайта тірілгеннен кейін Христос 114 мың таңдаулы «Иегова куәгерлерін» біріктіріп, Құдайға қарсы шыққан сатанаға соғыс жариялайды. «Иегова куәгерлері» Иегованың жақын арадағы соғысын «армагеддон» деп атап, оның нәтижесінде Иеговаға қарсы шыққандардың бәрі жеңіліп, «Иегова куәгерлері» басында Христос тұратын жаңа теократиялық мемлекетте өмір сүреді. Шіркеу пайда болғаннан бері ақыр заман туралы көптеген болжамдар жасалды, мысалға, 1872, 1874, 1914, 1925, 1975 жылдар. Шіркеудің айрықша белгісінің бірі өзге сенімдегілерге төзімсіздікпен қарау мен ақырзаманды асыға күту болып табылады.
Иеговашылдар жанның мәңгілігін жоққа шығарып, оның орнына Иеговашылдардың қайта тірілетіндігіне сенеді. Жан түсінігі өмір түсінігімен сәйкестендіріледі. «Тек Құдай ғана адам қайта өмір сүре алатын рухты немесе өмірлік күшті қалпына келтіре алады».
Олар Қасиетті рухты жоққа шығарады. Қасиетті үштік туралы өз басылымдарында былай деп жазады: «Қасиетті үштік туралы қысқаша мынадай тұжырымдар жасауға болады: үш құдай бір құдайда болады -Құдай әке, Құдай ұл, Құдай қасиетті рух. Үшеуі де тең құқылы, бір тұлға, мәңгілік» (Let Got be True, Brooklyn, 1946 100б.). «Ақиқат сол шайтан құдай таңдаған адамдардан Иегова және оның ұлы Иисус Христос туралы шындықты жасырғысы келеді. Ал үштік жоқ нәрсе» (сол жерде 102 б.).
Христостың құдайылық болмысы туралы: «...Жазбада Құдайдың ұлы, сөзді құдайылық ретінде, күшті құдайылық күш ретінде көрсетеді, бірақ Иегова сияқты құдіреті күшті құдай ретінде келтірмейді» (Shall make you free, Brooklyn,1943 б.47 ). «Басқа сөзбен айтқанда Христос Иегованың алғашқы және өзі жаратқан жаратылысы» (The kingdom is at hand, Brooklyn, 1944, б.164).
Қасиетті Рух туралы: «Қасиетті рух туралы айтылғандай ол жеке құдай емес бар болғаны құдайдың құдіретті күші» (The Truth that Leads to Eternal Life, brooklyn 1968, б. 24).
Христостың қайта тірілуі туралы: «Бұл алғашқы жаратылыс өлімнен тәнде емес, адам секілді емес рух ретінде қайта тірілді» (Let Got be true, Brooklyn 1946, б. 276).
«Иегова куәгерлері» Қасиетті Өсиет, Құпиялылық, икона, қасиетті дүниелер, храм, монастырларды мойындамайды, иконаларға, қасиетті мүсіндерге, тіпті Мәрия ана мен Иисус Христостың өзіне табынбайды. Олар мұны пұтқа құлдық деп есептейді. Пұтқа құлдық тек жалған құдайға немесе құдай анаға ғана табыну емес, сонымен бірге әскерде қызмет ету, мемлекеттік міндеттерді атқаруға ант беру, мемлекеттік мейрамдар, жалауға, белгілерге, т.б. құрмет көрсету де пұтқа құлдық деп есептеледі. Иисус Христос керілген кресте олар үшін зұлымдық символы болып табылады, өйткені мұндай белгі тілдіктерде де бар. Жаңа Жазбадағы және тарихи деректердің бәрін жоққа шығара отырып, олар Иисус жай бағанаға керілді деген тұжырым шығарды.
«Иегова куәгерлері» судағы шоқындыруды құдаймен жеке қауышудың рәмізі деп есептейді. Өзге христиандық бағыттардан айырмашылықтары иеговашылдар, суға толық түсу арқылы шоқындырылады, Иисустың өзенде шоқындырылғаны және Иоанның да суы мол жерде шоқынғанын еске алу үшін жасалады.
Иеговашылдар аптасына бір рет кітап талқылау жиналысына және аптасына екі рет «патшалық залына» қатысулары керек. Бұдан өзге үлкен жазғы конгресс және жыл бойы болып тұратын шағын конгресстер бар. Иеговашылдардың құдайға құлшылдықтары «Күзет мұнарасы» журналы негізінде жүргізіліп тұрады. Ол «патшалық залдарында» немесе арнайы жалға алынған үлкен ғимараттарда өтеді. Олардың уағыздары «көпшілік алдындағы сөз» деп аталады. Оның басты мақсаты Иегова құдай мен Иисус Христос патшаның өз артынан ерушілерінен нені талап ететіндігін талқылау болып табылады. Мұндай кездесулер негізінен екі бөлімнен тұрады, сөзді көбіне үлкендер қатарынан, сонымен бірге көрші қауымдастықта қызмет ететін қарапайым көмекшілер де сөйлей алады.
Иеговашылдарда Христос өлімін кешкілік еске алу бір рет қана тойланады. Бұл мейрамға олар күн батқан соң жиналады. Үстел үстінде нан мен шарап болуы керек, ал олардан ауыз тиуге тек Құдайдың шапағаты тигендер ғана құқылы.
Шіркеу өзі әрекет ететін ауданның барлық тұрғындарын жаппай есепке алып отырады. Тұрғындардың өмір салты, пәтерлерінде өткізетін уақыттары, денсаулықтары, секта қызметіне қызығушылықтары барлығы есепке алынып отырады. Ұйым өз мүшелерінің рухани қалпын олар аралаған пәтерлер мен секта құрамына тартқан адамдар саны және жүргізген үгіт насихаттары арқылы бағалап отырады. Сол үшін ұйымда «жеке пәтерлерді аралап уағыз жүргізу» атты тіркеу қағазы болады, мұнда пәтердің нөмірі, үгіт жүргізілген уақыт, тұрғынның қалай қабылдауы сияқты анықтамалар жазылады. Әр жылдың қаңтарында осы есептердің қорытындылары баспа беттерінде жарыққа шығып отырады.
Куәгерлердің діни басшылары болмайды, жиналыстарға ақсақалдар жетекшілік етіп отырады. Олар бірлікте әлемдік бір жиынды құрайды. Мұндай жиын жүз куәгерді біріктіреді, оның ішінде алты ақсақал, алты қызметтік көмекшілер бар. Егер жиын саны көбейіп кетсе ол бірнеше шағын жиындарға бөлініп отырады. Иеговашылдардың жиырма жиыны бір ауданды, он аудан бір облысты құрайды. Рухани жетекшілікті аудандық не облыстық бақылаушылар (грекшеден епископ сөзі - бақылаушы болып аударылады) жүргізіп отырады. Шіркеу қатаң әрі дамыған көп сатылы иерархиялық басқару және қаржылық құрылымға ие. Әкімшілік территориялық секта әлемдік ұйым секілді жетекші корпорация тарапынан басқарылып отырады. Ол үшін үлкен аймақтарға комитет филилалдарын басқаратын жетекшілерді тағайындайды. Оларға өз кезегінде облыс бақылаушылары, облыс бақылаушыларына аудан бақылаушылары, аудан бақылаушыларына жиындардағы үлкендер мен қарапайым мүшелер бағынады. Секта мүшелеріне жетекші корпорацияны Құдайдың өзі ғана басқарады деп сендіріледі. Барлық жерде «Кім басшыға қарсы шықса, сол шайтанның иелігінде» принципі және көптеген тыйымдар жүзеге асырылып отырылады. Төменнен жоғарыға қарай атқарылған істер туралы ақпараттар жіберіліп отырылады.
Ұйымда 203 елге таралған 25694 қауымдастық бар. Қазіргі кезде әлемде 5,2 миллион куәгерлер бар деуге негіз бар. Ресейде 01.01.1996 ж. бойынша 128 «Иегова куәгерлерінің» біріккен діни сектасы тіркеуден өткен. Ресейдегі «Күзет мұнарасының» адепттерінің жалпы саны 200000 адамды құрайды. Соңғы жылдары бұл секта құрамы Ресей мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тұрғындарының есебінен көбеюде.
Ресейдегі көптеген иеговалық ұйымдардың бақылаушы-басшылары шетелдіктер. Ондағы куәгерлердің жетекші орталығы Петербургке жақын орналасқан Солнечный ауылында деп есептеледі. Мұнда «Вефиль» атты ғимараттар кешені салынуда.
Қазақстанға протестантизмді XVIII ғасырдың ортасында орыс әскерінде қызмет еткен неміс лютерандары әкелді. Столыпиндік қоныс аудару саясатының нәтижесі ретінде баптистер пайда бола бастады. 1980 ж. басында Қазақстанға Ресейдің европалық бөлігінен меннониттердің көшуінің бастамасы болды. Алайда, ең негізгі лебі Қазақстанға немістер мен поляктардың департациялануынан пайда болды. Ал «куәгерлердің» келуін XIX ғ. соңында Семей облысы, Өскемен уезі, Бұқтырма ауылында С. Козлицкийдің айдауда болуымен байланыстырылады. С. Козлицкий жаңа ілімді белсенді түрде уағыздап, жанына шәкірттері мен сенушілерін жинады. Иеговашылдардың жаппай таралуы XIX ғ. 40-50жж. репрессиялармен тығыз байланысты. Көптеген иеговашылдар 10-25 жылға ГУЛАГ-қа түрмеге жіберілгендер. Олардың көпшілігі Қарағанды мен Жезқазған түрмелерінде отырып, босаған соң сол жерлерде өмір сүруге қалып қойғандар.
1956 ж. Сібір мен Қиыр Шығысқа жер аударылғандар да Қазақстанға келе бастады. Олар Қазақстандағы бірінші жиындар мен топтардың негізін құрады. 1955 ж. Қарағанды облысындағы Рудник ауылында Христос өлімінің кешкі еске алуы алғаш рет мерекеленді. Осы жылдың 21 тамызында Нұра өзенінде алғашқы 6 адам шоқындырылып, кейін бір аптадан соң тағы 12 адам шоқындырылды. 1963 ж. Қостанайда 50 адамдай «Иегова куәгерлері» болды. Осы уақыттан бастап иеговашылдар Орталық Қазақстанда белсенді әрекет етіп келеді. 1990 ж. дейін «Иегова куәгерлері» заңсыз әрекет етіп келді, тек 1992 ж. ғана алғашқы қауымдастық тіркеліп, облыстық конгресс өтеді. 1997ж. жиырма екінші қаңтарында Қазақстанда, Өзбекстан мен Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда «Иегова куәгерлеріне» канондық жетекшілік ететін діни орталықтары тіркеуден өтті. Иеговашылдар құрамында қазақ, орыс, ұйғыр, украин, поляк, корей, курд сияқты түрлі ұлт өкілдері бар.
Иеговашылдардың Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елеріне ортақ жетекші корпорациясы Есік қаласында орналасқан, оған Ф.М. Житников жетекшілік етеді. Ол 1947 ж. Алтай өлкесінің Локтев ауданының Горняк ауылында дүниеге келген. 1966 Житников отбасымен Қырғызстанға, 1970 ж. қыркүйегінде үйленген соң Қазақстанға Есік қаласына көшіп келеді. 1997 ж. 22 қаңтарында Иегова куәгерлерінің діни орталығының төрағасы болып тағайындалады. Орынбасары болып А.И. Мельник тағайындалады. Ол 1936 ж. 30 қыркүйегінде Молдавия республикасының Бричанск ауданының Глинка ауылында дүниеге келген. 1949 ж. олардың отбасы белсенді сектанттар ретінде Сібірге жер аударылады. 1963 ж. Қазақстанға көшіп келіп, 1998 ж. төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
Иеговашылдардың ұйымдастырушы құрылымы көлденең принципі бойынша құрылған. Бірінші орындағы ұйым жиын деп аталатын жергілікті қауымдастық. Ол шоқындандырылғандар, шоқындандырылмағандар және жақындағандар қатарынан тұрады. Қауымдастық мүшелері аптасына үш рет патшалық залдарында кездесулер өткізеді. Ғимараттың сыртқы келбеті мен сәулеті жергілікті жер дәстүрімен сәйкестендіріледі, ал іші қарапайымдылық пен ыңғайлылыққа негізделген. Қазақстандағы алғашқы патшалық залы Шу қаласында салынған. Жиынға тиесілі територриялар шағын участкелерге бөлініп, әр үйді, тұрғындарды аралауды қадағалайтын жауапты тұлғалар тағайындалады. Жиындардағы адам саны екі жүз адамды құрайды, ал оны үлкендер басқарады. Ілімдерінде ерекше жоралғылар жоқ, кездесулер қатаң ереже бойынша оқылатын дұғаларды оқумен басталып, аяқталады. Мысалға бірінші кездесуде түрлі діни өнегелілік тақырыптағы бір сағаттық баяндама оқылады, кейін осы не басқа тақырыпта Інжіл зерттеледі. Екінші кездесуде теократиялық мектеп қызметін өткізеді, мұнда уағыз өткізу аспекттеріне үйрету жүреді. Иеговашылдар негізінен топ болып пәтерлерде Інжіліді оқуға аса мән береді.
Екі жылда бір рет конгресстер ұйымдастырылады. Кеңестік кезеңнен кейінгі 1999 ж. жалғыз конгресс залы Санкт-Петербург қаласында салынған. Бұл кешенді ғимарат конгресс залы мен бес патшалық залдарынан тұарды. Ғимараттың авторлары А. Масленников пен Х. Осмо Илмари. Ғимарат бір типті және қарқынды жабдықталған. Негізгі міндет интенсивті түрде уағыз жүргізу. Уағызды еріктілер, жиынның белсенді мүшелері жүргізеді.
Өздерін толығымен дінге қызмет етуге арнаған сенушілер пионерлер деп аталады. Пионер болу құқығына шоқындырылған әр еркек пен әйел ие. Ол үшін сенуші өз жиынының үлкендеріне өтініш хат жазуы керек, егер ол талапқа сай болс өтініші қабыл алынады. Әдетте пионерлік қызметтің үш категориясы болады:
а) қоластындағы пионерлер
б) жалпы пионерлер
в) арнайы пионерлер.
Бұлардың арасындағы ерекшелік қызмет ету уақытында. Қоласты пионерлері айына елу сағат уағыз жүргізулері керек. Жалпы пионерлер өздері таңдаған территорияларда бір жылда сегіз жүз қырық сағат құдайға қызмет жасп, өздері шыншыл әрі өнегелі болулары керек.
Ең тәжірибелі пионерлер иерархияның келесі сатысы миссионерлікке өтулеріне болады. Оларға деген талап та айрықша: қызметке жарамды жас, мықты денсаулық, ғибратты, дана, ізденімпаз, ел аралағанды ұнататын, қайтпайтын өжет болулары керек.
«Иегова куәгерлері» өте тез өсіп келе жатқан конфессиялардың бірі болып табылады. 1966 ж. 15 қауымдастық 329 сенушіге ие болса, 1986 ж. 27 қауымдастық 1381 сенуші, 1988 ж. 27 қауымдастық 1290 сенуші, 2001 ж. 121 қауымдастық 12992 сенуші оның үштен бірі Алматы қаласында тұрады. Кеңес өкіметі кезіндегіге қарағанда, иеговашылдар қазір өздерінің жарғыларын да тіркеуде. Жыл сайын Алматыда конгресстері өтіп тұрады, бұл сияқты конгресстер өзге орталықтарында да өтеді. Қазақстандағы иеговашылдар дәстүрлі түрде екі округ: Қорғандық және Шымкенттік болып бөлінеді.
Әдебиеттер:
1. Артемьев А.И. Свидетели Иеговы Казахстана и Средней Азии: историко – религиоведческий анализ.А. «Финэкс», 2002 – 280 б
2.Таевский Д. Секты мира. Ростов н/Д: Феникс, СПб.: ООО Изд-во «Северо-Запад», 2007. – 571б
3.Стеняев О. «Свидетели Иеговы» - кто они?. М., «Православная Москва», 1996 – 45б
4.Дворкин А. Сектоведение. Н. Новгород, ООО Изд-во «Христианская бибилиотека», 2007. – 815б
5. сайт http://ru.wikipedia.org/wiki
3.3 Қазіргі харизматикалық бағыттағы протестанттық жаңа құрылымдар. Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі. Соңғы Өсиет шіркеуі. Біріккен шіркеу. Жаңа апостолдық шіркеуі. Белое Братство (Ақ Ағайындық).
Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі: Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі – батыстық культтердің ішіндегі ірі, бай әрі анағұрлым беделділерінің бірі. Бұл сектаны басқаша Мормондар шіркеуі деп те атайды. Бұл атау алғашқы Інжілден тыс берілген жазба «Мормон кітабынан» алынан. 19 ғасыр басындағы Америкадағы діни жағдай бөлініп шыққан көптеген діни бағыттардың дамуына мүмкіндік берді, солардың ішінде жолы болып, кең тараған осы мормондар еді. Мормондар шіркеуі өздерін «қалпына келтірілген», шынайы христиандық шіркеу ретінде көрсетіп, басқа христиандық деноминацияларды жоққа шығарады.
Мормон шіркеуінің негізін салушы - Джозеф Смит 1805 жылы 23 желтоқсанда Вермонт штатының Шарон қаласында дүниеге келеді. Джозеф және Люси Мaк Смиттердің отбасындағы он баланың төртіншісі болды. Ол 1814 жылы жанұясымен Нью-Йорк штатындағы Пальмираға көшеді. Төрт жылдан соң олар Манчес-терге қоныс аударады, осы жерде Смиттің айтуынша, Мормон шіркеуінің негізін салуға себеп болған алғашқы бірнеше періштелік аяндар беріледі. Пальмирада әрқайсысының өз қауымы бар үш деноминация (баптистер, методистер и пресвитериандар) орын алған еді. Джозеф Смиттің жанұясының басым бөлігі пресвитериандық қауымның мүшелері еді, бірақ Джозефті бағыттар арасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері қызықтырғандықтан, ол ұзақ уақыт бойы методистік шіркеуге барып жүрді. Джозефтің алғашқы аян-көріністерінің басты себебі - деноминациялық өзгешеліктерге көзқарасы мен қызығушылықтары болды.
Мормондар және жаңа аяндар. Мормондардың ілімі Інжілден тыс аяндарға негізделеді. Егер Джозеф Смит өз достарын Құдайдың онымен тікелей сөйлескеніне көзін жеткізе алмаса, бүгінде мормондар болмас еді. Джозеф Смит Құдайдың онымен сөйлесуінің үш әдісін атайды: аян-көріністер, сәуегейлік түсіндіру қабілеті мен құдіреті. Бұның барлығы Інжілден тыс жазбаларға: «Мормон кітабы», «Ілімдер мен нұсқаулар» («Doctгine and Covenants»), «Бағасы қымбат Маржан» («Pearl of Great Price»), сонымен қоса Інжілдің «Құдай шабыттандырған аудармасы» сияқты кітаптардың жазылуына түрткі болады. Осы кітаптармен қатар Яков патшаның Інжілі Мормон шіркеуінің «негізгі кітаптары» болып табылады.
Аян-көріністер. Джозеф Смит өз өмірінде оған бірнеше рет аян-көріністер берілгенін айтады. Оның кейбірі «Бағасы қымбат Маржан» мен «Ілімдер мен нұсқаулар» кітабының бір бөлігін құрайды, кейбірі «негізгі еңбектерде», мормондардың «Шіркеу тарихында», журналдар мен күнделіктерде орын алған. Аян-көріністердің біршамасын Смит «көріністер тасына» терең үңу арқылы алған. ХІХ ғасыр басында «көріністер тасы» қалыпты нәрсе ретінде қарастырылып, оған үңіле қарау рәсімі жиі кездесетін рәсім еді. Әдетте, бұл ерекше тасты бас киімге салып, аян-көрініс немесе болашақты болжау үшін оған үңіле, зер сала қараған.
Сәуегейліктер. Джозеф Смиттің сәуегейліктерінің көпшілігін «Ілімдер мен нұсқаулар» кітабынан оқуға болады. Джозеф Смит кез келген жағдай бойынша жаңа сәуегейлік жасағанды ұнатқан. Олардың кейбірі «негізгі еңбектерге» енбей қалған, ал басқа біреулері «Шіркеу тарихында» және басқа да тарихи деректерде ғана жазылған.
Түсіндіру қабілеті мен құдіреті. Смиттің аяндарының басым көбі негізінде мормондарда «түсіндіру қабілеті мен құдіреті» деп аталатын құбылыстан бастау алады. Негізінен бұл жағдай «көрініс тасына» үңіліп қарағанда жүзеге асады. «Түсіндіру қабілеті мен құдіреті» «Мормон кітабы», «Бағасы қымбат Маржан» мен Інжілдің «Құдай шабыттандырған аудармасының» бөліктерін жазуда қолданылған дейді.
1820 жылғы алғашқы аян-көрініс.
1820 жылы Джозеф Смит Мормон шіркеуінің пайда болуына алып келген алғашқы аян-көріністі алады. Мормондар тарихына жүгінсек, Иосифтің бұл аян-көрінісіне 1820 жылдың көктемінде басталған Пальмирадағы (Нью-Йорк) діни жандану негіз болды. Бұл жандануды Смит былай суреттейді: «Адамдар арасындағы қарама-қарсылықтардан кейбірі «Мұнда қара!», бірі «Анда қара!» деп жар салуда болды. Бірі методист, бірі пресвитериан, енді бірі баптистік сенімді жақтаумен болды» («Бағасы қымбат Маржан» 1:5). Ол кезде 14 жастағы Джозеф өз-өзіне «Не істеу керек? Бұл топтардың қайсысы дұрыс, әлде барлығы бұрыс па? Егер біреуі ғана дұрыс болса, оны мен қалай танып білемін?» деген сұрақтар қояды («Бағасы қымбат Маржан» 1:10). Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында ол Інжілдегі жазуларға жүгінеді. Ондағы Иаковтың 1:5 сөзін өзінше түсінген Джозеф орманға кетіп, дұға жасау арқылы қай шіркеуге қосылатынын анықтауға шешім қабылдайды. Орманға келген Джозефке қараңғы, демондық күштер шабуыл жасайды. Осыдан соң, оған шапағын шашқан нұр көрініп, сол жарықтың ішінен екі бейне шығады. Бұл Әке-Құдай мен Бала-Құдай болыпты-мыс. Джозеф Смиттің айтуынша, қойған сұрағына: «ол бағыттардың барлығы дұрыс емес, бұрыс, сондықтан олардың ешқайсысына қосылудың қажеті жоқ, олардың ұстаздары тура жолдан тайғандар» деген сарындағы жа-уап алады.
Мормон шіркеуінің пайда болуы. Қолайлы жағдайдың туындауы мен бірнеше пікірлес серіктерінің көмегімен Джозеф Смит өзінің жеке шіркеуінің негізін салады. «Бағасы қымбат Маржан» кітабында Джозеф Смитті 1823 жылдың 21 қыркүйегінде періште оятады делінген. Морони деген есім берілген бұл періште «Мормон кітабының» кейіпкері болса керек. Ол Смитке оның үйінен жақын жерде құрлықтағы барлық адамдардың аттарының тізімі жазылған алтын тақтайшалардың жасырылғандығын айтады. Морони Джозефке Каммора төбесінде көмілген тақтайшаларды көрсетеді, алайда оларды төрт жылға дейін алуға тыйым салады. Алтын тақтайшалар қасында күміспен күптелген екі тасы бар кеуделік белгімен бірге тастан қашалған қобдишада көмілген делінген. Морони Смитке бұл тастардың урим және тумим деп аталатынын және олардың сәуегейлік түсіндірулер үшін қажет екендігін айтады. 1827 жылдың 22 қыркүйегінде ол алтын тақтайшаларды, екі тасты және кеуделік белгіні алады да, аудармаға кіріседі. Тақтайшалар бұрын-соңды ешкім естіп, білмеген «өзгертілген мысырлық иероглифтермен» жазылған екен. Соның негізінде, 1830 жылдың 26 наурызында Мормон шіркеуі мен одан бөлініп кеткен 125 топтың негізгі жазбасы болып табылатын «Мормондар кітабы» басылып шығады. 1930 жылдың 6 сәуірінде Нью-Йорк штатының Файетт қаласында құрамында алты мүшесі бар «Христос шіркеуінің» ресми негізі салынады. 1932 жылы «Христос шіркеуі» деген бірінші атауы «Соңғы күн әулиелері шіркеуі» деп өзгертіліп, ал 1934 жылы қазірігі «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» атауына ие болады. Бұның алдында қалыптасқан христиан шіркеуінің бұрыстығы туралы қалыптасқан өзіндік көзқарасына сай, Смит оған жетіспейтін барлық бөлшектерін қайтадан қалыпқа келтіруге шешім қабылдайды. Олар: пайғамбарлар, сәуегейлер, апостолдар, көріпкелдер, аян алушылар, 70 шәкірт, шоқындыру, абыздық, храмдар мен қосымша жазбалар. Джозеф Смиттің жаңа дінін ұстанушылардың қатарына Христос Шәкірттері қауымы мүшелерінің өздерінің уағызшысы Сидней Ригдонмен бірге енуі мормондардың күшейіп нығаюына қатты ықпал етті. Бұл жағдай 1830 жылы Огайо штатының Кертланд қаласында орын алды. Осы кезден бас-тап Джозеф Смит сауатты және кәсіпкер уағызшылардан кенде болмады. Басында Нью-Йорк штатының Файетт қаласында ағаш үйде бастау алған 6 адамның ұйымы жыл сайынғы табысы 3 000 000 доллар құрайтын, 8 миллион мүшесі бар империяға айналды. 40 000 миссионерлері әлемнің түпкір-түпкірінде қызмет атқарып, жыл сайын 1/3 миллион адамды шоқындырады.
Мормондар шіркеуінің құрылымы. Абыздар билігі.
Морнидің Смитке айтуынша, екі тасқа иелік ету мен қолдану оның «сәуегей» болуына алып келуі керек еді. Алайда Смит бұдан асқан билікті сезіне алмады, сондықтан шіркеу өзіне абыздықты және шоқындыру құқын қайтару керек деп шешті. 1829 жылдың 15 мамырында Джозеф Смит пен «Мормон кітабын» көшіріп жазушылардың бірі Оливeр Каудери екеуіне Пенсильванияда, Хармонидің жанында Иоанн Крестительдің көрінгенін және екеуінің бірін-бірі Сесквианна өзенінің суымен шоқындыруға бұйырғанын айтады. Бұл аян оларға көптеген мүмкіндіктер беретін Аарон шені бойынша абыздыққа жол ашады. Кейіннен, Пенсильванияда Смит пен Каудериге апостолдар Петр, Иаков және Иоанн бірге көрінеді. Бұл аян-көріністің мақсаты, Мелхиседек шені бойынша, абыздықты қайта жаңғырту болып табылады. Абыздықтың бұл екі шені мормондар теологиясының негізгісі болып табылады және тек еркектер мен бастапқыда тек ақ нәсілді адамдарға ғана беріледі. 1978 жылғы аянға дейін басқа нәсілдегі еркектерге мормондар абыздығына кіруге тыйым салынған. Мормондар шіркеуінде осы күнге дейін абыз бола алмайтын жалғыз топ - әйелдер ғана.
Пайғамбар, аян алатын сәуегей.
Мормон шіркеуінің ең жоғарғы лауазымы – пайғамбар. Кейде оны сәуегей, аян алатын көріпкел деп те атайды. Оның екі көмекшісі – бірінші және екінші кеңесшілері бар. Үшеуі бірігіп Мормондар шіркеуінің Жоғарғы Президенттігін құрайды. Алдыңғы пайғамбар қайтыс болған соң, 12 апостолдың президенті Жаңа пайғамбар болып сайланады. Мормондар шіркеуінің бірінші пайғамбары Джозеф Смит жаңа шіркеуге бірнеше доктриналар енгізді. Олардың кейбір күмәнді көзқарастары мен доктриналары басқа қауымдар тарапынан сынға алынды. Ең басынын-ақ Джозеф Смиттің ілімі өзіндік іштей қарама-қайшылықтарға толы болды. 1826 жылы Нью-Йорк пен Пенсильванияда ресми билік өкілдері Джозеф Смиттің іс-әрекетінде оккультік сипат берілген алаяқтықтары үшін тұтқынға алып, соттайды. Бұл жағдайды Темпл-Сквер, Солт-Лейк-Сити, Юта қаласындағы мормондар шіркеуге қысым көрсету ретінде қабылдады. Алайда ресми деректерге жүгінсек, Джозеф Смитке тағылғын айыптар оның Огайо штатындағы Кертландтағы банктік алаяқтықтарына, аян алғанға дейін көп әйел алуына, Миссури мен Иллинойсте жасақ жинап Наувуде оған қарсы шыққандардың баспа станоктарын жоюына қатысты еді. Бұл туралы деректер мен фактілерді «The Changing World of Mormonism» (Gerald and Sandra Таnner, Chicago: Мооdy Рress, 1980) кітабынан табуға болады.
1844 жылдың 27 шілдесінде ешкім танымас үшін беттерін бүркеген 200 адам түрмеге шабуыл жасап, Джозеф пен оның бауыры Хирам екеуін атып өлтіреді. Шіркеудің айтуы бойынша, Джозеф те өліспей, беріспейді. Ол тобыр ішіндегілердің үшеуін оққа жығады, олардың екеуі кейінірек қайтыс болады.
Джозеф Смиттің өлімінен соң билік 12 апостолдың президенті - Бригам Юнгке көшеді. Бригам Юнг топты бастысқа қарай бастайды. Жол бойында үндістер тарапынан соққылар мен ішкі келіспеушіліктер сияқты қиыншылықтарға кезіккен олар 1847 жылы 24 шілдеде мормон шіркеуінің орталығы болған Юта штатындағы Солт-Лейк-Велли қаласына келіп жетеді. 1877 жылы Юнг қайтыс болған соң, мормондардың Иллинойстегі 20000 мүшесінің саны Ютада 150000-ға дейін өседі.
Тірі пайғамбарлар.
Джозеф Смит қайтыс болғаннан соң, оның артында он екі пайғамбар қалды. Қазіргі таңда мормондарды 13-ші пайғамбар Эзра Тафт Бенсон басқарады. Келесі кезекте қазіргі 12 апостолдардың басшысы Ховард Хантер тұр. Тірі пайғамбар қазіргі мормондардың ең беделдісі болып табылады. 1980 жылдың 26 ақпанында Бригама Юнг атындағы университеттегі баяндамасында қазіргі пайғамбар Эзра Тaфт Бенсoн тірі пайғамбарлар «біз үшін негізгі еңбектерден де маңыздырақ» деді. Мормондарды бұл баяндама таң қалдырмады. Өйткені, 1945 жылы мормондардың журналы былай деп жаздған еді: «Біздің бастықтар айтқан кезде, оны талқылап ойланудың қажеті жоқ. Олардың ұсынған жоспары – Құдайдың жоспары. Олар жол көрсетсе, басқа қауіпсіз жолдың болуы мүмкін емес. Олар бағыт ұсынса, келіспеушіліктердің барлығы доғарылуы керек» (‘Improvement Еrа» (Кемелдену эрасы), 1945 ж. шілде, б. 354).
Он екі тірі апостолдар.
Мормондардың түсінуінше, апостолдардың сабақтас мирасқорлығынсыз Христос шіркеуінің болуы мүмкін емес. І ғасыр мен 1830 жыл арасындағы үзікті олар былай түсіндіреді: І ғасырдағы апостолдар жерге қайта оралып (Хармони, Пенсильвания) өз биліктерін Джозеф Смит пен Оливер Каудерге тапсырып, құдіреттері мен қабілеттерін, биліктерін дарытып кетті. Олардың ойынша, егер шіркеуде он екі тірі апостол болмаса, ол шынайы шіркеу болып табылмайды. Он екі апостол өз кезегінде жоғарғы Президенттікке бағынады.
Жетпістің кворумы.
12 апостолдың кеңесінен кейінгі лауазымды орындармансап 70-тің кворумының еншісіне тиеді. Шіркеудің бұл 70 мүшесі Иисус қызмет етуге жіберген 70-тің қазіргі көрінісі деп танылады. Бұл адамдар 12 апостолмен және Президентпен бірге жоғарғы билікті құрайды. Соңғы шешім керек болған жағдайда жоғарғы биліктің кез келген мүшесіне жүгінуге болады.
Мормондардың жазбалары.
Өздерінің жазбалары ретінде мормондар «негізгі еңбектер» деп атайтын 4 кітапты мойындайды: «Інжіл», «Мормон кітабы», «Ілімдер мен нұсқаулар» («Doctгine and Covenants»), «Бағасы қымбат Маржан» («Pearl of Great Price»).
Інжіл.
Мормондардың Сенім рәмізінің төртінші тармағында былай делінген: «Егер Інжіл дұрыс аударылған болса ғана біз оған Құдайдың Сөзі деп сенеміз» («Бағасы қымбат Маржан», б.60). «Мормон кітабында» католиктік шіркеу Құдай Сөзінің бір бөлігін шынайы жолдан тайдыру үшін алып тастаған немесе өзгерткен дейді.
Мормондардың алғашқы апостолдарының бірі - Орсон Пратт: - «Інжілдегі сөздердің өзгертілмей бастапқы мағынасында жеткенін ешкім біле алмайды», – дейді. Інжілге осындай күмәнмен қарау өз кезегінде Мормон шіркеуінің басқа «қасиетті кітаптарының» беделін арттыруға көмектесті. Джозеф Смит «түсіндіру қабілеті мен құдіретін» қолдану арқылы Інжілдегі қателіктерді түземек болады. Смит өзінің тілдер білмегені мен жеткілікті кәсіби деңгейінің жоқтығына қарамастан, 1831 жылдың көктемінде аударма жұмысын бастайды. 1833 жылдың 2 шілдесінде аударманы аяқтағанымен, тек қана 1876 жылы ғана оны бөлініп кеткен бір топ басып шығарады. Юта штатының мормондар шіркеуі Смиттің аяқталған аудармасын 1984 жылы Яков патшаның Інжілдің әр бетіне жазған түсіндірмелері қосылғанға дейін мойындамады.
Мормон кітабы
«Мормон кітабы» да қасиетті деп саналады. Джозеф Смит бұл кітапты «жердегі бар кітаптардың ішіндегі ең шынайысы» деп атаған («Teachings of the Prophet Joseph Smith, Salt Lake City: Deseret Press, 1949, б.194).
Қазақстандағы мормондар шіркеуі. Қазақстанда евангелистердiң шіркеулері көптеп бой көтерiп жатыр. 2004 жылғы көрсеткiшке сүйенсек, елiмiзде осы уақыт аралығында 1017 протестанттық бiрлестiктер тiркелiптi. Ал, бүгiнгi таңда Алматының бiр өзiнде жалпы саны 200-ден астам дiни бiрлестiк тiркелсе, оның 41-i ғана мешiт, қалған 144-i – протестанттық шiркеулер екен. Алматы облысында 23 мешiт тiркелсе, 70 пайыз мұсылмандардан қалысқысы жоқ протестанттық бiрлестiктер саны да – 23. Жалпы Қазақстан бойынша протестанттық шiркеулер елiмiзде 21 пайызды құрайтын Орыс православие шiркеуiнiң өкiлдiктерiнен де көп. Қазiргi жағдай мынадай: Қазақстанда православие дiнiн 21 пайыз орыс халқы ұстанады да, елдiң 1 пайызы ғана протестант дiнiне иланады. Яғни, барша Қазақстанды евангелизациялау жоспары ойдағыдай жүзеге асып жатыр деген түйін жасауға болады. Қазiрше бұл процесте мұсылмандар «қорғаныстың» амал-әрекеттерiмен шектеліп отыр. Ал, дiни экспансияның шабуылы өте қатал: 90-шы жылдардың басында келген шетелдiк миссионерлердiң айла-амалдарымен қазiргi миссионерлердiң амал-әрекеттерiн салыстыруға келмейдi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында олар халқымыздың тұрмыстық қиыншылығын пайдаланып, қаржылай көмек көрсету арқылы адамдарды өз сенiмдерiне тартып жатты. Балаларға киiм-кешек, ата-аналарға тиын-тебен мен дiни кiтаптар үлестiрiп, уағыз жүргiздi. Қазiргi миссионерлер халықтың әл-ауқатының өскенiн бiледi. Сондықтан олар қазiргi заманның талабына сай дiни-экспансиялық әрекеттер жасап келедi. Бiрiншiден, бүгiнде олардың көзi жоғары элита мен орта тапқа түсiп отыр. Қазiр байқасаңыз, Алматыдағы протестанттық шiркеулердiң денi – элиталық аудандарда орналасқан. Әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесi, Наурызбай көшесi сияқты орталық көшелердiң қиылысында әйтеуiр бiр протестанттық шiркеу табылады. Бiр қызығы, бұл шiркеулердiң көбi – дәстүрлi англосаксондық протестант дiнiне жатпайды. Секталық шiркеулер жетiп артылады: Иегова куәгерлерi, мормондар шiркеуi, тағысын тағылары… Мәселен, «Ритц-Паластың» артында екi қабатты үлкен шiркеу бар. Бұл шiркеу – біз қарастырған өздерiн мормондар деп атайтын, Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі. Ал бұл сенiм өкiлдерi мормондар Ресейде «тоталитарлық секта» ретiнде танылған. Ресейлiк психолог Юрий Кондратьевтiң «Тоталитарлық секталарға» қатысты баяндамасында жазылғандай, мормондар көпқұдайлыққа сенедi, оның үстiне «Құдайдың әу бастан адам болғанына, тiптен адамның да Құдай деңгейiне жететiнiне» үмiт артады екен. Яғни, Қазақстандағы православие дiнiнiң ұстанымдары түгiл өзге де протестанттық ағымдарға кереғар секта Алматының қақ төрiнде «Ритц-Паластың» тура жанында ұяшығын ашып, дiни уағыз жүргiзiп отыр. Шiркеуге Америкадан миссионерлер жиi келiп тұратын сияқты. Мәселен, таяуда Америкадан Мэтсон және Миллер деген жас миссионер балалар келдi. Ресми мақсаты – ағылшын тiлiн үйрету. «Астыртын мақсаты» – тiл арқылы адамды мормондық сенiмге иландыру сияқты. Өздерiн өте сақ ұстайды. Сiрә, қылмысы немесе қандай да бiр сыры бар адамдар ғана осылайша сақтық сақтап жүретiн шығар.
Әдебиеттер:
1 Сергей Антоненко «Мормоны в России. Путь длиной в столетие», «Родина». - М, 2007.
2 Джош Макдауэлл, Дон Стюарт. ОБМАНЩИКИ // www.anticekta.ru
3 Уэсли П. Уолтерс. Книга Мормона сегодня // http://www.apologetika.ru
4 Хусто Л.Гонсалес. История христианства. От эпохи Реформации до нашего времени. Источник: http://www.krotov.info/history/00/posnov/gonzalez
5 Боа, Кеннет и Литтл, Пол. Лабиринты веры и путь к истине. - Slavic Gospel Press, 1992. - 316 с.
Соңғы Өсиет Шіркеуі: Соңғы Өсиет шіркеуі – Христосқа сенушілерге жататын синкреттік секта. 1990 жылы Красноярск өлкесінің Минусинск қаласында бұрынғы милиционер Сергей Анатольевич Топоровтың өзін «тірі Христоспын» деп жариялағанынан кейін қаланды. Көбінесе Виссарион деген атымен әйгілі ол өзін жоғары рухани тұлға деп жариялаған. Шіркеуді даусыз Виссарионның өзі және оның апостолдары басқарады. Орыс Православ шіркеуіне қатынастары өте кереғар. Шіркеу ай сайынғы «Земля Обетаванная» деген журналдарын жарыққа шығарып отырады.
Негізін салушы. Виссарион - шын аты Сергей Анатольевич Тороп, 1961 жылы 14 қаңтарда Краснодар өлкесінің Минусинск қаласында дүниеге келген. Ол туылған соң, біраз уақыттан соң шешесі Сергейдің әкесімен ажырасып, Краснодар өлкесіндегі Минусинск деген қаладан көшіп кетеді және сонда тұрмысқа шығады. С. Тороп қазірде Краснодарда тұрады және оның штаб-пәтері де сонда орналасқан. Ол орта мектепті бітіргеннен соң, жоғары білім ала алмаған. Армияда (құрылыс батальонында) өз әскери борышын өтеп, слесарь, кейінірек учаскелік милиционер болып істейді. Милицияда сержант атағына дейін қызмет етіп, арақ ішіп бүлік салғаны үшін жұмыстан шығарылады. Бір кездері жастардың қарақшылық топтарына кіріп алкоголизм және жүйке ауруынан емделген кездері болған. Сондай-ақ бейнелеу өнерімен (негізінен бейнелеу жұмыстарын көшірумен) айналысқан, үйленген, бес баласы бар. Оның өмірбаянына тоқталғанымыз бекер емес. Осы айтылғандарға қарап Виссарионның «харизмалық» бейнесінің қандай екенін болжауға болатын сияқты.
1990 жылы Сергей өзінің «жаңа мессия, Құдайдың баласы, Жаратушының Ұлы Даналығының қасиетті Рухы» – Виссарион екенін жариялаған аян келгенін айтады. Бұл культтік қауым – Минусинск уфологтар қауымының әр түрлі тылсым объектілермен қызығатын және жерден басқа да планеталар бар болуы мүмкін екендігіне сенетін әр түрлі шығыстық мәдениеттермен айналысатын қауымның негізінде пайда болады.
1991 ж. бастап Тороп өзінің қоғамына уағызын жүргізе бастайды, өзінің қатарына адамдарды тартып, Минусинсктің жанына келіп тұруға шақырады. Сергей Тороп хитон және қызыл плащ киіп жүреді. Шашы иығына дейін түскен және ұқыптылықпен алынған сақалы оның Иисус Христосқа ұқсап бағуға тырысатынын көрсетеді. «Сектоведение» кітабының авторы Александр Дворкиннің айтуынша, «ол Франко Дзефиреллидің «Назареттен шыққан Иисус» фильміндегі Иисус Христостың рөлін ойнайтын актердің имиджіне сай келгісі келгендей, бұған қоса, Сергейге аян түскен кез, дәл осы фильмнің Ресейде алғаш көрсетілімі болған уақытпен мезеттес» (А. Дворкин. Сектоведение. С. 644).
1994 жылдың маусымында Красноярск өлкесінің Минусинск қаласының және Курагинск ауданының сенушілері «Бірегей сенім қауымдастығы» діни ұйымына бірігіп, ол № 105 болып Красноярск өлкесінің әділет басқармасында тіркелді. 1995 жылдың қазан айында Виссарион ізін жалғастырушылар діни ұйымы «Соңғы өсиет шіркеуіне» ресми түрде қайта тіркеліп, оның құрамына өздерін дәстүрлі діндерден таппаған әр түрлі діни сенімдердің өкілдері бастарын біріктіреді.
2002 жылы Виссарион қауымдастығы «Соңғы өсиет шіркеуі» және «Соңғы Өсиет шамандары» болып екі діни ұйымға бөлінді деген мәліметтер бар. «Соңғы Өсиет шамандарына» тән сипаттама олар «Соңғы Өсиет шіркеуінің» ұстанушыларына қарағанда, өздерін тоталитарлы діни ұйым деп мойындайды, Киелі Жазбалардан бас тартуды уағыздап, Виссарионды басты шаман деп мойындайды. «Шамандар» ұйымы ресми тіркелген «Соңғы өсиет шіркеуіне» қарағанда, ресми түрде тіркелмеген.
Символикасы: Виссарион крестінің төрт шетінде үш шармен аяқталады (сурет кітаптан).
Ілімі. Виссарион ілімі барлық діндердің қоспасы болып табылады. Ол үнемі экология жөнінде айтуды ұнатады және өз ілімінде шығыс ілімдерінің реинкарнация, карма және т.б. терминдерін пайдаланады. Сектаның догматикасында кейбір христиандық ұстанымдар, шығыстық ілімдермен қатар пұтқа табынушылық көріністері де бар.
Виссарионның айтуы бойынша, адамзаттың дамуы бес негізде болып отырады: Жер, Өмір сүрудің бірегей рухы, Барлығының құдайы және Киелі Рух (соңғы бесінші негіз ретінде ол өзін тұспалдап отырғандай). Барлық діндер бірікпей және Виссарионның пайда болуына дейін Құдаймен бірігу мүмкін емес.
Виссарион тірі Христос және Жер бетіндегі құдайдың көрінісі ретінде қарастырылады. Олар Виссарион жер бетіне Жаңа өсиетті адамдармен құдай арасындағы бірліктің жаңа куәлігін алып келді деп бекітеді. Христиандық құпиялардан мойындалатындары – әр түрлі өзгерістерге түсірілген шоқындыру (үлкендердің арасында орындалатын), (алдын-ала тәубе жасамай-ақ) тазартылу және неке қию. Өздері ұсынған тақырыптар мен өздері жасаған иконаларды қадір тұту рұқсат етілген. Жанның өлмейтіндігі жұмақ пен тозақтың бар екендігі арқылы мойындалады.
Виссарионның ілімінде әлемді жаратушы (Абсолют) материалды, онда не зұлымдық, не жақсылық жоқ. Адам жанының жаратушысы – Аспан әкесі – жақсылықты жасау-шы, Өмірдің рухының қайнар көзі, ол Жер-Ана Жүрегінің энергиясымен бірігіп, Құдай ұлын тудырды. Ана өмірде жұмақ та, тозақ та бар. Адамдардың жанының ауысуы да бар. Өздеріне артылған міндетті атқарған жандар, рухани кемелденген жандар жұмақта болады. Ал рухани өсе алмайтын жандар тозақта болады. Адам жер бетіне бірнеше рет жіберіледі және әр жіберілген сәтінде рухани кемелденуіне мүмкіншілік алады. Адамдар арасында ғана және жер бетінде ғана тіршілік ететін зұлымдық вирусы бар және сол шайтан болып табылады. Шайтанды тудырған адамдар, дәлірек айтсақ, адамдардың жаман ойлары. Адам ойлары материалды, ол ешқайда жоғалмайды, яғни зұлым ойлар зұлым рухтарды тудырды.
Виссарионның индуизмнен алған элементтері – адам жанының ауыспалылығы, реинкарнацияға мүмкіндігі, бұл жерде айта кететін жайт – Виссарионның индустардан айырмашылығы адам жанының адамнан жануарға ауысуын емес, адамнан адамға ғана өтуін мойындауы. Олардың ойынша, ХХ ғасырдың соңында 1990 жылы басталған дәуірдің «реинкарнациясы» «өлмейтіндік» дәуіріне қарай бағытталып жүріп жатыр және осы құбылыс 2003 жылы аяқталу керек (бұл болжамы орындалмады). Олардың ой-түсініктерінде энергетикалық тамақтану түсінігі өте дамыған, адамдар соған ақыр аяғында ауысу арқылы мәңгі өмір сүретіндерге айналулары тиіс, сондай-ақ сектаның діни ілімінде эсхатологиялық мәселелер басымдық танытады.
Виссарион ілімінің негіздері үздіксіз толықтырылып тұратын «Слово Виссариона, являющего последний завет от пославшего (провославившего) его Отца Небесного» деп аталған, ал қазір «Слово Виссариона» деп қысқарған басылымда беріледі. «Слово Виссариона» «Соңғы Өсиеттің» (Виссарион Біріктіруші бірегей сенімді құруға бата алған соң-мыс 61 қағидадан тұратын оған Құдаймен берілген барлық бар діндерден тұратын «Соңғы Өсиетті» құрған) құрамына кіреді: кітап мәтіні екі қатарда басылған және тараулар стихтарға бөлінген, яғни Інжілдің үлгісімен құрастырылған. «Соңғы өсиет» виссариондық «Евангелиеден» - «Повествования от Вадимадан» (Виссарионның ең жақын жақтаушысының есімі) басталады. Дегенмен бұл жеке адамның емес, ұжымдық жұмыс екені мәтін стилінен байқалады. «Соңғы Өсиеттің» тараулары әрқашан толықтырылып отырады, жаңалары кітапша, кітаптарда беріліп тұрады, содан кейін алдыңғы тарауларға қосылып кітаптың жаңа басылымы пайда болады. Уақыт өте келе, кітап Виссарионның кездесулері, саяхаттары туралы қарабайыр күнделікке айналады.
Сергей Тороптың ең жақын жақтаушысы Вадим Редькин және «Повествования» дәл соның атымен басталады. Ол өзі туралы былай деп жазады (оның «Ласковый май» тобында барабаншы болғаны белгілі): «Двадцать восьмого числа февраля месяца 1992 года Вадим, будучи певцом эстрадным, возымевшим короткий перерыв в гастролях долгих, впервые увидел Виссариона в Москве, в Строганском училище, где жаждущие ждали Слово Его. И увидел он Сына Человеческого, скромно стоявшего у входа в переполненный зал и ждущего опоздавших» («Повествование от Вадима». Ч. 2, гл. 1).
Виссарион Қасиетті жазбаға сілтеме жасауды ұнатады, бірақ оны өз пайдасына қолданады. Ал Виссарионның айтқандары Жазбамен сәйкес келмеген жағдайда: «Жазба – бұл құпиялы және жасырылған жазба, аяғына дейін оны ешкім түсіне алмайды және ол жазбаша болғандықтан, өлді деуге болады, ал Ол (яғни өзі) – тірі Сөз» болып табылады. Жазбаша сөзді ешкім Тірі сөзсіз қабылдай алмайды, сондықтан ол өз сөзін Жазбадан жоғары қояды» деп түсіндіреді.
Сектаның культтік тәжірибесінде «Отче наш» дұғасын «Бір сенім дұғасына» ауыстырып оқу және Виссарион мен оның суреттеріне табыну бар. Сенушілермен сектаның ілімін түсіндіру, уағыздау әңгімелері жүргізіліп отырады, сенушілердің өздеріне жоғары кеңістіктер жайлы ойлауға рұқсат берілмейді. Барлық басылымдарға тыйым салынған, тек қана ертегілер мен мерзімді басылымдарға рұқсат етіледі. Жер бетінде болып жатқан оқиғалардан оларды тек қана жер сілкіністері мен өзге де қауіпті жағдайлар ғана қызықтырады, себебі мұндай табиғат құбылыстары олар үшін «жақындаған ақыр заман көріністері» болып табылады.
Негізінен Соңғы Өсиет шіркеуінің сенушілері сенетін еңбек ол «Слово от Виссариона», ол келесі бөлімдерден тұрады: «Предвозвещение», «Книга Обращений», «Книга Основ», «Послесловие», «Молитва», «Заповеди», қазіргі заманғы қоғамға арнау «Последняя надежда. Об Отце и Сыне», Ұлы Құдайдың балаларына арнау «Время Поворота». Виссарионның туылғанынан бастап, қалай өмір сүргендігі жайлы осы «Повествование от Вадима» еңбегінде толығымен өлең жолдары түрінде баяндалған.
«Соңғы Өсиет шіркеуінің» негізін құрушы Тороппен әңгімелесу өте қиын. Ол қойылған сұраққа нақты жауап бермейді және оны тоқтату да мүмкін емес. Виссарионның пікірі бойынша, әрбір адамның жаны бірнеше рет ауысады, мәселен 7 реттен 110 ретке дейін. Бірақ оның жаны қанша рет ауысқанмен, қазір адамзат өзінің соңғы реинкарнациясын бастан кешіруде. Ал Сергейдің соңғы реинкарнациясы дәл осы Христос Виссарион. Басқа реинкарнация болмайды және осы жолды адам өзін құтқару үшін пайдалану керек және шешуші сәтте Тиберкульде болулары тиіс. Тиберкуль – сыртқы әлемге «Тәжірибелік экологиялық қоныс-экополис «Тиберкуль» - бұл «Күн қаласы» («Күн қаласы» 1994 жылдың 3 сәуірінде «киелі жер» деп аталған), олардың құтқарылу жері. Бұл қала Краснодар өлкесінің Курагин ауданында 250 гектар жерді Виссарион жалға алған жерінде салыну жоспарланған. Жердің орталығында – Сухая тауы бар (биіктігі 700 метр-ден астам). Осы таудың үстінде қала салынуда, тауға жіңішке жалғыз аяқ жолмен көтеріледі және экологиялық жағдайға байланысты барлығын ағаштан салған. Сектанттар міндетті түрде өздерінің мал-мүлкін сатып, оны сектаның қорына салу қажет, ал өздері «Күн қаласына» көшіп келулері тиіс.
Виссариондықтар арасында иерархияланған жікке бөлінушілік бар. Виссарион және оның ең жақын қолдаушылары үлкен үйлерде немесе таудың басында тұрады. Олардың қарапайымдарға қарағанда, тұрмыстары жақсы, себебі соңғылары 55 градус суықта палатка, дачаларда өмір сүруі біраз жағдайды айқындай түседі. Алғашқы кезде осылай өмір сүрген виссариондықтар 2000 ж. бастап қалада тұратындар саны қатаң бақылауға алынады. Барлық қала тұрғындары төлқұжаттық тіркеуден өтіп, тізім бойынша кіргізіле бастайды. Барлық кәрі адамдар ауылға қайтарылып, жанұялы жастар қалады. Олар – «рать Виссариона», «ратники» аталады. Бұл ратниктер енді үй салумен, қара жұмыспен айналыспайды, ол үшін вахталық әдіспен жұмыс істейтін ағымдағылар бар және оларға тамақ таситын да солар (буддизмдегі пенделер мен монахтар деп бөлінуді еске түсіреді). Ратниктердің міндеті Виссарионды қорғау және қаладағы тәртіпті қадағалау болды. Виссарион экологияны сақтауды көздеп, күнделікті жұмыста техниканы қолданудан бас тартып, қол мен аттың күшін пайдаланады, дегенмен Краснодар өлкесінің мәліметтері бойынша, сектанттардың бірнеше рет орман өртіне себепкер болғандары, орман ағаштарын аяусыз кесулері туралы мәліметтер береді. «Күн қаласына» жақын жерлердегі ауылдардың үйлерін біртіндеп сектанттар сатып алып, жергілікті тұрғындарды ығыстырған, оларға «Құдай үйіне» «қажылыққа» баруға және сол қалада жұмыс істеуге ғана рұқсат етіледі.
Өз мүлкі, қаржысынан ажыраған сектанттарға үй жетіспеушілігіне байланысты бірнеше отбасы бір үйде тұруға мәжбүр, олардың көбісі кедейшілікке түскен.
Тамақтану жағына қатаң тыйым салынған: тұз, қант, шай, ет, балық, сүтті тағам ретінде пайдалануға болмайды. Соңғы өсиет шіркеуінің ұстанушылары өздерінің этикалық, дүниетанымдық ұстанымдарына сәйкес, вегетериандықты қатты ұстанады. Олардың тамақтану заттары таза өсімдіктерден тұрады. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма олар үшін ораза тұтатын күндер болып есептеледі.
Тамақ рационының шектеулігі мен ауыр дене еңбегі адам организмін қажытады, дегенмен Виссарион оларды «бағдарламалап» салғаны соншалық – сектанттардың ата-аналарының айтуынша, олар көптеген тағамдардан бас тартады. М., адам өз жерінде өскенді ғана жеу керек дегенге сай, жат жерлік жемістерді пайдаланбау. Бұған қоса, аталған сектада медицинаға тыйым салынған, оның орнына эстетотерапия, таңертең тұрып, Сібір табиғатының сұлулығын тамашалау ауру-сырқаудан сақтайды деген сенім қалыптастырған. Олар алғашқы кезде балалардың мектепке баруынан бас тартқан, қазір оған рұқсат етілген, бірақ олар өз мектептерін ашып, сонда оқытуды қолға алып отыр, бірақ ол мектептердің бағдарламасы беймәлім (ол бағдарламаларды арнайы тексеріп жатқан ұйымдардың болмауы мәселені қиындата түседі) және олар біртіндеп тайганың терең түкпіріне кетуді әдетке айналдырған және бұл әрекеттерін қоршаған ортадан балалар жаман әсер алады, сол үшін алшақтап, балаларды аман алып қалуымыз керек деп балаларға қамқор болғандай болады.
Виссарион өзіне-өзі қол жұмсағандарға қарсы еместігін «Не осуждай самовольно ушедшего из жизни» (Последний завет, Заповеди, 58) деген сөздерінен байқауға болады және бұл адамгершілік қағидаларына қайшы екенін байқау қиын емес.
«Соңғы Өсиет» шіркеуі КСРО құлағаннан кейін рухани кеңістікті керексіз ілімдермен толтыруға талпынған діни ағымдардың нәтижесі. Бұл шіркеудің де басқа секталарға тән белгілері анық көрініп тұр. Ортадан шыққан бір «харизмалық» тұлғаның өзін Құдаймен теңестіруі, әлемді құтқару үшін өзінің таңдаулы екенін айта отырып, артынан еретін топты жинауы, бұған дейін болған қасиетті жазбаларды мардымсыз деп та-уып, өзінің «бірегей» туындысын ұсынуы, осылайша жаңа құтқарылу жолын ұсынуы – осының бәрі секталық бағыттағы ұйымның сипаттамалары. Мұның бәрі не үшін қажет... Әрине, басқаруға деген құлшыныс, қалың топты өзіне бағындыру, сол арқылы баю. Мұндай секталардан келетін қауіп-қатер қандай... Адамдар өз үйреншікті ортасынан, туыстарынан, достарынан алыстап, жатсынған өмірге көшеді, тек өзі сияқтылармен араласады. Қоғамда болып жатқан жаңалықтар, оқу, жұмыс, қызметтегі қызығушылықтардан алыстау қоғамның бір мүшесі болудан ажыратады. Адам рухани деградацияға түседі. Ең бас-тысы қауымның «ортақ» қорын толтыру үшін өзінің бар мүлкін, жиған-тергенін өз еркімен басқа біреуге бере салу сол адамға тәуелділікке, ал өзінің кедейленуіне әкеледі.
«Соңғы өсиет шіркеуіндегі» Виссарионды жердегі Құдайдай қабылдау, ортақ қазынаға ақша төгу, дене еңбегі арқылы Құдайға жақындауға тырысып, қауым басшыларына үйлер салу, қауым ішіндегі жікке бөлінушілік, қарапайымдар мен таңдаулылардың бөлінуі және т.с.с. дәстүрлі діндерде кездеспейтін ұғымдар мұндай бағыттағы діни ұйымдарға жолыққан кез келген адамды ойландыруы тиіс.
Таралу аймағы. «Соңғы Өсиет Шіркеуінің» өкілдері Мәскеу, Петербург қалаларында, бөлімдері Болгария, Германия, АҚШ-та бар. Ол жақтарда Краснодарға қажылыққа келіп тұрушылар бар. Ресейде сектанттардың ата-аналарының мәліметтеріне қарағанда, 20 000 өкілдері бар. Краснодар өлкесінде – 5000-ға жуық. Олар осы өлкенің ядролық объектілеріне назар аударып, танымал халықаралық ұйым «Әлеуметтік-экологиялық Одақтың» бөлімі ретінде тіркеліп, АҚШ-тан гранттар алуға қол жеткізген.
Жалпы алғанда, Виссарион ілімін ұстанушылар Алматы, Воронеж, Казань, Калининград, Киев, Кишинёв, Краснодар, Красноярск, Москва, Новосибирск, Петербург, Рига қалалары мен Англия, Болгария, Германия, Голландия, Египет, Индия, Испания, Италия, Кипр, Румыния, АҚШ, Франция елдерінде кездеседі.
Қазақстанда таралуы. «Бүлінген Батыстың бүлдіргісі де қауіпті…» деген тақырыпта жарияланған Құралай Рахымбайдың мақаласында «Соңғы Өсиет Шіркеуі» туралы айтылған (Виссарион тобы). Мақалада «Рухани тұлғасы - 1961 жылы туған ресейлік Сергей Тороп. Виссариондықтар балаларға дәрі егуге, өзге де дәрі-дәрмектер қабылдауға, ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерін пайдалануға тыйым салады. «Соңғы Өсиет Шіркеуі» әзірге Алматыда ғана тіркелген» делінеді. Оның «Соңғы өсиетінде» 1994 жылы Алматы қаласында болып, өзінің қолдаушыларымен кездескені, бірқатар зиялы қауым өкілдерімен сұхбат жүргізгені туралы айтылады, дегенмен оның бұл мәліметтері ресми тұрғыдан дәлелденбеген. Кез келген сектаның адам санасын улайтынын, оның қалыпты жағдайынан ауытқуына себепкер болатынын ескерсек, әрине, мұндай ағымдардың таралуына жол бермеген ұлттық қауіпсіздік үшін
Әдебиеттер:
1. Религиозные объединения Российской Федерации: Справочник, - М., 1996.
2. http://astraalos.narod.ru/book/infa/sekta/h219.html
3. http://express.irkutsk.ru/1000/religion/chr/east/srs/hv/ viss.htm
4. http://vissarion.chat.ru
5. http://vissarion.ru/index.htm
Біріккен Шіркеу: Халықаралық Біріккен Шіркеу – жалған христиандық синкреттік секта, протестанттық конфессиялардың бірі. Оны 1954 жылдың 1 мамырында Сеулде Сан Мен Мун құрған. Оңтүстік Кореяда құрылған бұл қозғалыс Кореяда «Тонг - 1», батыста «Біріккен Шіркеу», «Ұлы Рух Бірлігі», «Біріккен үй», «Мун Ұйымы», Әлемдік Христиандық Бірігуіне Қасиетті Рух ассоциациясы, (ВАИП) Принциптерді зерттейтін ЖОО-дық ассоциация деген әр түрлі атаулармен белгілі. Елдің арасында оларды мунистер, муниттер деп те атайды. Муниттер ұйымы – христиандық терминдерді пайдаланушы оккульттік-синкреттік, шаманистік, спириттік, мессиандық секта. «Біріккен шіркеу» қатал орталықтандырылған сенушілердің өмірлерінің әр саласын қатал қадағалаушы және сөзсіз шіркеу басшысына бағынуынан тұратын тоталитарлы конфессияларға жатады.
Негізін салушы - Сан Мен Мун. Мун Солтүстік Кореяда 1920 жылы 25 ақпанда дүниеге келген. Сан Мен Мунды мунистер 25 желтоқсанда Христос Рождествосында дүниеге келді дейді. Оның туғанда берілген есімі Ян Мен Мун (ян - айдаһар) дегенді білдіреді, оларда айдаһар бақыт әкеледі деп, балаларды осылай атайтын). Кейінірек ол есімін Сан, ағылшынша «күн» деген сөзіне ауыстырады. Оның бұлай жасауы «мун» ағылшынша ай дегенді білдіреді, сол себепті өзін ай мен күннің адамы деп атауды жөн көреді. Туылғаннан 16 жыл өткен соң, ол өзін 1936 жылдың пасха таңында оған Исаның көрінгенін жария етеді. Осы елесте Иса оған «Құдайдың кемелденген патшалығын қайта қалпына келтіруін» айтқандай болды және «ол Христостың Екінші Келуі ретінде адамзаттың құтқарылуын іске асырушысы» болатынын «болжап, белгі береді». Осы елестің нақты мазмұны туралы әр түрлі пікірлер бар. Алайда осы елестің дәл мазмұны қандай болғанына қарамастан, осы алғашқы елестен кейін Сан Мен Мун «Мұсамен, Буддамен және т.б. сұхбатқа түседі».
Мунның отбасы Солтүстік Кореядағы дәстүрлі хрис-тиан аймағынан шыққан, бірақ онда шамандықтың әсері көп болған соң, оның отбасы шамандықты ұстанады. Сан 10 жасқа келгенде ғана отбасы христиандықты ұстана бастайды. Ол дәстүрлі конфуцийлік білім алады және 1934 жылға дейін конфуцийлік мектепке барады (ондағы кең таралған христиан мектептерінің болғанына қарамастан). Мунистік деректерге қарағанда, оған 16 жасында тау басында жалбарынып отырғанда аян түскен, оған Христос келіп, өзі орындай алмай кеткен миссияны орындауды өтінеді. Христос оған – жаңа адамзаттың ата-бабасы болатынына бұйрық етеді. Мун алғашқы кезде оған Иисус қана емес, Конфуций, Лао Цзы, Будда және Мухаммедтің де келіп, олардың миссиясын орындауды сұрағандарын айтып отырады.
Мунның бірнеше рет түрмеге түскені белгілі, бірақ Мун оны өзінің таңдаулы ретіндегі тағдырына байланыс-ты деп өз пайдасына түсіндіріп отырған. Мун өз қауымын ашпай тұрып, бірқатар діни қауымдарға кірген. Солтүстік Кореяның коммунистік партиясы бірінші рет сексуалды ауытқушылығы және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, екінші рет екі әйел алғаны үшін еңбек-түзету лагеріне жабылады. Корей соғысы кезінде лагерьді американдықтар азат еткенде, Мун Оңтүстік Кореяда қалып, өзінің спириттік тобын құрады. Өзін антикоммунист ретінде жариялаған Мунға үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сол кезде Мун өзінің шетелдегі діни қызметін, алғашқы кезде Жапонияда, содан кейін АҚШ-та бастайды. 1946 жылы Мун бірінші рет өзінің «Кең теңіз шіркеуі» деген шіркеуін ашты. 1954 жылы шіркеу «Біріккен Шіркеуі» деп атала бастады. Бұл ұйымның алғашқы атауы корей тілінде - «Тонг иль до», яғни «Бірігу қозғалысы» дегенді білдіреді. Бұл қозғалыс А. Дворкиннің анықтауынша, «шамандық түбірлері бар спириттік қозғалыс» болып табылады. 1959 жылы Мун АҚШ-қа жер аударылып, онда бұл қозғалыстың халықаралық штаб-пәтерін орналастырады.
1960 жылы 40 жасар Мун өзінің үй қызметшісінің 17 жасар қызы Хак Джа Ханмен үйленіп, осы неке «таңдаулы неке» саналып, «Нағыз әке» мен «Нағыз шеше» некесін құрайтынын атайды, бірақ бұл оның төртінші некеге тұруы болды. Батыста олар 50 жылдары өз уағыздарын жүргізе бастады, ал 70 жылдары өте танымал болып, «промывание мозгов» деген әдістері жер-жерге тарап кетті.
1992 жылы Мун өзін жаңа адамзаттың «Ақиқат әкесі» деп жариялады, 1993 жылдан бастап «Жаңа Өсиет дәуірін» алмастырған «Өсиеттің Аяқталу дәуірін» жариялады, демек Мунның ойынша мунизм дәуірі келді. Бірігу шіркеуінің ұстанушыларының жиі мунистер деп аталауы да осы себептен.
Мунның мақсаты - барлық адамзатты өз дініне кіргізу. Ол үшін алдымен барлық әлемдік діндерді, мемлекеттерді, зайырлы құрылымдарды біріктіріп, өзінің билігіне мойынұсындыру керек.
Ілімі. Бірігу шіркеуі жаңа діни көзқарас болып табылады. Аспан патшалығының билігі, мың жылдық мессия дәуірі осы көзқарастың негізі болып табылады. Муниттер ілімі бойынша, жер бетіндегі өмір рухтар әлемінде де көрініс беретінін мунистік мәтіндерде әсерлі суреттеледі.
Сектаның діни ілімінің негізін «Тәңірлік принцип» («Божественный принцип») атты кітап құрайды. Мунның «Тәңірлік принципі» Дүниенің жаратылысы, Тәңірі мен адамзат қатынасы, Адам атаның күнәсі, жәннаттан қуылу және қателікті түзету Мун кітабының негізгі тақырыптары болып табылады. Ол кітапты Мунның өзі өзіне берілген аяндардан кейін таныған ережелер деп санайды. Шындығына келетін болсақ, Мунның «Тәңірлік принципі» христиандық догматика, шығыстық дәстүрлі терминдер мен әр түрлі діни ілімдерден алынған үзінділерден тұрады. Қазіргі таңда Бірігу философиясы мен Мунның рухани уағыздарынан және айтқан сөздерінен тұратын «Тәңірлік принцип» бойынша 200 томнан аса кітап жарық көрген. «Тәңірлік принциптің» үйрететіні 2000 жыл бұрын Исаның уағыздарын адам қаншалықты сіңіре алса, соншалықты жоғары рухани таным әкелгенін уағыздайды. Қазіргі таңда адам санасының алға қарай жылжуының нәтижесінде қазіргі заманғы қоғам жоғары рухани ізденістерді қанағаттандыра алатын адамды іздеу үстінде.
Мун бойынша адамзат тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Авраам кезеңі – адам түрінің қалыптасуы, Иса кезеңі – адамзаттың дамуы, соңында жер бетіне киелі миссияны орындап адамдарды шайтаннан қорғау үшін келген Мун кезеңі.
Мунистер Інжілді мойындайды, алайда оны құдайлық сипатта деп және ең жоғарғы бедел деп мойындамайды. Діни ілімдерінде христиандық догматтар ұғымы, көнеөсиеттік аңыздардың түрлері, шығыстық культтік терминдер және басқа да діни ілімдердің бөліктері аралас берілген. Мун өзі Мұсамен, басқа да көнеөсиеттік пайғамбарлармен, Буддамен, Иоанн Крестительмен, Иса Пайғамбармен сұхбаттасқанын баса айтатын. Бірігу Шіркеуі бойынша аян түсулер үзіліссіз сипатта болады. Көптеген інжілдік ілімдерді (қайта туылу, ақыр заман т.с.с.) мунистер дәлме-дәл емес аллегориялық түрде түсіндіреді.
Бірігу шіркеуінде үштік ілімі жоққа шығарылады: Иисус Христосты Құдай деп емес, бар болғаны «Құдайды қолдаған маңызды адам» ретінде ғана тантады. Одан да көбі Иисус Христос өзіне Құдайдың артқан жүгі - миссияны орындай алмады деп қаралады. Олардың ойынша, ол қайта туылған келін – екінші Евамен неке құрып, содан күнәсіз балаларды дүниеге әкелу керек еді. Осы жоспар орындалмағандықтан, неке құрып, күнәсіз адамдарға өмір беретін жаңа мессияның (Кореядан) келуін күту керек деп уағыздалады.
Құтқарылу мунистердің ілімі бойынша, әр түрлі жақсы істер арқылы қол жеткізілетін нәрсе: шіркеулерге қайыр-садақа беру, оның құрамына неке қию арқылы, бала тәрбиелеу, жаңа мүшелерді тарту арқылы және т.с.с.
Бірлескен Шіркеудің ұсынып отырған пікірлері мен сенімдерін христиандар да, мұсылмандар да қолдай қойған жоқ. Адамдардың ойында өз дініне, сеніміне деген күдіктер туғызу, адамның басын айналдырып, саналарын тұзақтау - олардың басты тәсілдері болып табылады. Олар насихаттарымен жанұялар арасына от салып, халықтарды арандатып, әлеуметтік және экономикалық жағдайды қиындатады да, қиналғандарға жәрдемдесіп өз араларына тартады. Бұл арандатушылық, алаяқтық.
Мунистердің «Тәңірлік принципі» «Принцип творения», «Эсхатология», «Мессия: значение и цель его пришествия», «Периоды провиденциальной истории и определение их продолжительности» деген тараулардан тұрады. Онда протестанттық теологияның элементтері кездеседі, бірақ көбінесе даосизм, корейлік шаманизм және спиритизм элементтері бар.
Бүгінгі муниттер үшін сенім бастауы «Мун аяндары» мен сөздері болып табылады, олар «Тәңірлік принципті» жалғап, дәл осы күнгі өмірге бағдар беруші бастама ретінде қабылданады. Ол «Әкенің айтқандары» немесе «Ұстаздың айтқандары» деп басталады.
Тағы да бастама боларлық нәрсе – бұл муниттік қозғалыста көптеп кездесетін спириттердің «рухани әлемнен алған хабарлары».
«Тәңірлік принцип» - бұл Ескі мен Жаңа Өсиетті тамамдаушы «Аяқталған принцип» - «Құдайылық принцип» болып табылады. Онда Інжілді қалай оқу және түсіну керектігі айтылады, бірақ муниттердің Інжіл туралы білімдерінің таяз екендігі қойылған сұрақтарға жауаптарынан байқалады.
Мунистер жеке Құдайға сенеді, бірақ ол Құдай христиандықтан бөлек, ол дәстүрлі шығыстық Абсолют ретінде әйелдік және еркектік бастамадан тұратын бастама болып түсініледі.
Мунистер ілімі бойынша, о баста шайтан Еваны арбауына түсіріп, Каинды дүниеге келтіреді. Адам мен Евадан туылған Авель өліп, Каин қалған соң, Ева мен шайтаннан туылған Каиннан таралған бүкіл адамзат 50 пайызға шайтандық болып табылады. Бұл кітапта осы қателік мессия тарапынан жөнделетіндігі сөз болды. Яғни, мессия мен әйелі Адам мен Хауаның істегенін қайталамайды. Олар нағыз ата-ана болады, олардың ұрпақтары күнәсіз, пәк болады. Осы нанымды адамзатқа жаятын ұйым - «мессия ұйымы». Бұл ұйым ертеде болған күнәсін жуып-шайып, дүниеге тек жақсылық орнатады. Мессияның міндеті күнәдан арылған ата-анадан туған кісінің атқаратын міндеті болып саналады.
«Тәңірлік принципте» бұл ерекшеліктер Исаға тән ерекшеліктер деп айтылады. Бірақ ол үйлене алмастан, о дүниеге аттанып кетеді. Сол себептен Исаға ұқсас жандар «қайта оралу дәуірінде» пайда бола бастайды. Бірлескен Шіркеу жақтаушылары Мун мен оның әйелін нағыз ата-ана деген сенімді ұстанушылар болып табылады және Мунның өзі де осы идеяны уағыздайды. Бірлескен Шіркеу мүшелері Мунды Тәңірінің жібергеніне кәміл сенеді. Олардың түсінігі бойынша, Иисус Христос некелесу арқылы балаларды туғызып, әлемді құтқаруы тиіс еді, ол оның орнына крестке таңылуды жөн көреді, себебі мунистер пікірінше, Иисустың періштелерді шақырып, құтқарылуға мүмкіндігі болған еді. Сол себепті мунистер Иисусты жолы болмаған ретінде суреттеп, бұл «қателікті» Мунның түзейтініне сенеді. Мунның жазбалары Иисустың Мунға тікелей хат жазып осыны айтқандары және Мунның осы дүниеде оған лайықты әйел туып бергені және ол тапқан қазынасы үшін рахмет айтқан-мыс жазбалары келтіріледі (А. Дворкиннің пікірі бойынша).
Мунның басты идеясы – отбасы құру арқылы әлемді құтқару, сол себепті де некеге тұрғызу, «блессинг» рәсіміне басты назар аударылады. Бір уақытта бірнеше жұптар қатар тұрғызылып, Мун бата береді, содан кейін олар үш жылға әр салада жұмыс істеуге кетеді, тек содан кейін ғана отбасы ретінде өмір сүруге болады. Бұл «муниттік асырап алу» рәсімін білдіреді. Осылайша олар Мунның жанұясынан болып шығады. Мун көбіне аралас некелерді жақтайды. Ол өзі нақты балалардың пайда болуына әсер етпесе де, өзі бір-біріне қай жағынан болмасын сәйкес деп таныған адамдардың некелесуіне рұқсатын береді, осылайша ол жаппай некелесуді ұйымдастырады, кейбір некелесушілер бір-бірін сол неке қияр алдында ғана көріп жатқандығы да белгілі.
Мунистердің діни ілімінде орталық орынға «бата беру» рәсімі жатады. Оның ішіне «киелі шарап» дәстүрі кіреді. Ол дегеніміз жаңа өмірге алғашқы күнәдан тазару арқылы қайта туылу мақсатында қиылған неке дегенді білдіреді. Шараптық дәстүрдің маңызы «былғанған қанды» шайтандық әсерден босату дегенді білдіреді, ол үшін пайдаланатын «шарапта, жиырма бір түрлі заттар және Әке мен Ана қаны бар» (киелі шарапты дайындау үшін Мунның және оның әйелінің қандары қолданады-мыс). Осындай шарапты қабылдаушы адам іштей өзінің ата-бабаларына бас июден бас тартады, өзінің олармен туыстық қатынасына қарағанда, Мунды жақтайды. Мундықтарға темекі тартуға, арақ ішуге, зина жасауға тыйым салынған.
Таралуы. Мундықтың басым бөлігі Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттарында және Францияда орналасқан. Мундықтардың саны ХХ ғасырдың соңында 3 миллион адамға жуық болған, оның 450 мыңнан астамы Кореяда, 45 мыңнан астамы АҚШ-та.
Мундықтар басқа да христиан ұйымдары сияқты миссионерлер арқылы таралуда. Әлемнің түрлі елдерінде жиналыстар өткізу және атақты саясаткелерді, бюрократтарды, ғалымдарды, дін өкілдерін, журналистерді, іскерлерді осы жиналыстарға шақырып, Америкаға демалысқа жолдау, семинарлар өткізу – миссионерлердің маңызды ісі. Мысалға алатын болсақ, мундықтар Ыстамбулда «Middle East Times» газетіне өкілдік ететін ұйым ашып, 1991 жылы 22-26 қыркүйекте «Әлем Діндері Кеңесі» отырысын өткізген. Бұл жиналыстың негізгі тақырыбы діндер арасындағы қатынас, мейірімділік, ислам-христиан сұхбаты болды. 1992 жылы Түркиядан 40-қа жуық ғалым, журналист және дінтанушыларды Америкаға семинарларға шақырып, 45 күн қонақ етіп, күтіп жіберген. 2003, 2004 жылдары Қазақстанда да тура осы әрекет қайталанған. Жыл сайын Америка немесе басқа елдерде өткізілетін жастарға арналған жаздық лагерьлер де осы мақсатпен ашылып отыр.
1992 жылы «Бірігу шіркеуі» Ресей Федерациясында ресми тіркеуден өтеді. Мунистік ұйымдар КСРО-ның 55 қаласында, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Хабаровск, Владивосток, Киев, Минск, Вильнюс, Таллин және Алматыда жұмыс істеген.
Мунистердің айтуынша, әлемдегі олардың саны 2-3 млн адам. Оның 70 мыңы Ресейде, бірақ шын мәнінде олар бұл саннан аз болуы мүмкін. Дегенмен мунистердің шіркеудің мүшесі болмай-ақ, сол құрылымда істеп, пайда келтірулерін өздерінің басты міндеті деп есептегенін ескерсек, мунистердің саны күрт өсетінін де түсіну керек.
Қай елде болмасын, мунистік ұйымның басын корей ұлтының өкілі басқару керек. Сырттай дәріптелетін интернационализм шындыққа сай емес, себебі барлық маңызды лауазымдарда корейліктер тұрады және мунизм бойынша, Корея бұл әлемдегі орталық ел, ал корейліктер – мессиандық халық, екінші кезекте – жапондықтар, кейін американдықтар (среднее звено – американцы, полувысшее – японцы, высшее – корейцы).
Мунистік Бірігу қозғалысына көптеген қазіргі қоғамдағы ұйымдар кіреді мысалға:
- Принциптерді зерттеу бойынша жоғары оқу орындық ассоциациясы (ағылшынша CARP)
- Білім берудің халықаралық қоры – «Мой мир и я» оқу құралдарын шығарушы баспа
- Халықаралық діни қор
- Әлемдегі тыныштық үшін профессорлар Ассоциациясы
- Әлемдегі тыныштық үшін халықаралық федерация
- Халықаралық әйелдер ассоциациясы
- Ақпараттық құралдар жұмысшыларының әлемдік ассоциациясы
- Ғылымдардың бірлігі үшін халықаралық конференция
Осы аты аталғандардан өзге өзінің тікелей байланысын жасыратын көптеген кіріптар қорлар, федерациялар және ассоциациялар, соның ішінде спорттық ұйымдар да бар. Олардың толық тізімін құрастыру айтарлықтай ауқымды еңбекті құрайтын болады. Сонымен қатар, Бірігу Қозғалысына көптеген кеме құрушы, балық өңдеуші және одан да өзге ауқымды кәсіпкерліктер тиесілі, олардың ішінде қару-жарақ өндірісімен айналысушылар да, екі университет, ақпараттық құралдармен байланысты бірталай мекемелер, «Маленькие ангелы» өнерпаздар мектебі және тағы да басқалар бар.
Протестанттық шіркеу мен АҚШ-тағы Христиандық шіркеулер Ұлттық Кеңесі мундықтардың «Христиан шіркеуіне» жатпайтындығы туралы шешім қабылдады, көп елдерде олардың сектанттық бағыты анықталып, тыйым салынған ұйымдарға жатады.
Қазіргі кезде бұл секта Ресейде ең таралған қозғалыс болып табылды. Бұл секталар барлық дерлік ірі қалаларда бар (1997 жылғы деректер бойынша 55 тіркелген қауымдастықтар). Ресей көшелерінде «кедей студенттер» үшін ақша жинап жүрген немесе майда-шұйданы саудалап жүрген жастарды көруге болады. Олар өздерін «Принципті зерттеу бойынша вуздық ассоциация» (CARP – ағылшын аббревиатурасы) өкілдеріміз деп атайды. Шындығына келгенде, олар кәдімгі карп - ірі балықты меңзейді, яғни майда балықтар кетіп, ірі карптар қалып қоятын тор болып табылатын ұйым.
Бұл жастар «фандрейзингпен», яғни «қаражат жинаумен» айналысады. Олар кезбе команда ретінде күні бойы ақша жинаумен айналысып, кешке қарай белгілі бір соманы әкелуге міндетті. Антисанитарлық жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр. Егер кешкі жиынға қажетті соманы әкелмесе, жағдайлары нашарлап, мүшкіл халге түседі, жинайтын қаражат көлемін өсіреді. Осылайша көше қайыршыларының арасында жарыс жүргізеді. Бұл олардың рухани практикасы болып саналады және жинап әкелген ақшасы оның «алға кетіп, озғанының» белгісі болып саналады. Бұған қоса, мунистерді ең аз деген еңбекақыға Сан Мен Мунның көптеген өндіріс орындарына жіберіп отырады. Бұл жастар әр айдың бірінші күні, әр муниттік мереке және әр жексенбіде «өздерінің берген сөздерін» жаңартып отырады, яғни Сан Мен Мун және оның әйелінің суреттеріне үш рет жерге жығылып, өз адалдықтарын сақтайтынын, олардың нағыз әке-шешелері екенін және Корея олардың нағыз Отаны екеніне сөз береді.
Мунистердің басты ұйымының әр түрлі атаулары бар. Көп жағдайда өздерін «Бірігу шіркеуі» деп атайды.
Мунның капиталы өте үлкен. Қай елге келсе де, Мун коммерциялық қызметке кіріседі.
Қазіргі кезде «Тонг ильде» 300-ден астам ұйымдары бар. Олардың өкілдері барлық салада қызмет етеді.
Қазақстанда таралуы. «Бірігу шіркеуі» Қазақстанда заңды әрекет етуде және өкінішке орай, «Бірігу шіркеуі» тыйым салынған ұйымдар қатарына жатпайды. Шіркеудің қызметкерлері заңға қайшы әрекеттер жасамайды деп саналса да, дәріс материалдарынан туыстық және тайпалық дау тудыратын белгілер табылған. Бұл күдік жүргізілген екі сараптамадан кейін дәлелденді. Философия ғылымының докторы, философия институтының профессоры Е.Е. Бурованың айтуынша, материалдардан «азаматтардың туыстық және тайпалық белгілері бойынша толыққанды еместігін насихаттау» және «қоғам, отбасы, жеке тұлғаға және мемлекеттің моральді тірегіне деструктивті әсер ететін белгілер» кездеседі.
«Бірігу шіркеуі» «психотеррор және зомбирование элементтері бар оккультті-мистикалық секта» болып табылады. Мақсаты елге экономикалық және саяси әсерін тұрақтандыру. Бұл мәліметтер Алматының Алмалы аудандық сотында Бірігу Шіркеуінің өкілі, Ресей азаматшасы Елизавета Дреничеваға қатысты болған сотта берілген.
Дәріс оқу уақытында шақырылғандар үш-төрт топқа бөлініп, бөлмелерге бөлінеді. Қазақстандағы Бірігу шіркеуінің шағын кауымын (үш жүзден астам адам) экзотикалық діни топқа жатқызуға болады. Інжіл негіздеріне діни бірлестіктерінің негізін қалаушысының ілімдерін араластырады. Сотқа қатысқан дінтанушы Яков Трофимовтың айтуынша, Бірігу шіркеуі «тұрақты топ», немесе Қазақстанда ұстанушылар саны өзгермеген және қоғамға ешқандай кауіп төндірмейді деп сендіруге тырысады. Дегенмен мунистердің әрекеттері бұған қарама-қарсы жағдайды дәлелдейді.
Қазақстанда – қауымдастық шіркеудің жетекшісі Ни Л.В. Бірігу Шіркеуінде жаңа адептерді тартудың жақсы дайындалған түрі бар. Олар өте сирек мінезді адамдардың арасынан кадрлар таңдайды, көбіне олардың таңдайтындары өздеріне сенімсіз, тұйық ұлдар мен қыздар. Олар адамдарды өздерінің байсалдығымен, ертеңгі күнге деген сенімділігімен сендіруге тырысады. Өздерінің айтқандарына өздері толық сеніп, сенім тудырарлықтай әңгімелер жүргізу арқылы өздеріне тартуды мақсат етеді. Олар адамның ішкі дүниесінен бет-әлпетінен оқи алатын психолог болуды өздеріне міндет санайды. Бірігу Шіркеуіне адамды тарту бірден ашық түрде жасалынбайды, алдымен оның сеніміне кіріп, содан кейін дәрменсіз қалған адамды өзіне тартып алады. Олар жаңадан келгендерді, яғни өз терминдеріндегі «балаларды» 7, 21, 40, 120 күнге созылатын сатылы «оқыту» жүйесі бойынша бағдарламалайды. «Балаларды» бір сәтке жалғыз қалдырмай, әрдайым жұмыс істеп, дәріс тыңдатқызады, күніне 14-16 сағатқа дейін әнұрандар айтқызады. Жастарға өздерінің ата-аналарымен байланыс жасауға тыйым салады, себебі мунистер пікірінше, олар Мун Шіркеуін мойындамағандықтан, шайтанды қолдаушылар, ал таза жанұя мүшелеріне «былғанған» адамдармен араласуға рұқсат жоқ.
Қазақстан Республикасының басылымдарының бірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісіне қойылған сұрақтарға берген жауабынан байқайтынымыз «Мунның Бірігу Шіркеуі» бүкіл әлемді жаулап алу үшін аянбайтынын жасырмайтындығын анғарамыз. Мун өзін тікелей барлық елдердің басшылары бүкіл әлем басшысы ретінде мойындау керек деген идеяны іске асыруды арман етеді.
http://www.religare.ru/article6558.htm интернет желі-сінде берілген «Динамика численности религиозных объединений в Республике Казахстан 1990-2003 гг.» деген материалға сүйенсек, 1993-1994 жылдары 1 ұйым, 1995-1998 жылдары 2 ұйым, 1999-2003 жылдары 3 ұйым тіркелгені беріледі. Қазақстан Республикасында Бірігу Шіркеуінің ұстанушылары бар екендігі белгілі болғанмен, олар санақтан өтпейтін болған соң, нақты қанша екені бізге беймәлім.
Әдебиеттер:
1 Сабри Хизметли. Орта Азия түрік Республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік. - Алматы, 2006.
2 Энциклопедия «Народы и религии мира»// http:enc.mail.ru/article/1900021711
3 Церковь Объединения //http:express.irkutsk.ru/
4 1000/religion/chr/sect/mun/index.htm
5 http://www.religare.ru/article6558.htm
Жаңа Апостолдық шіркеуі: Жаңа Апостолдық шіркеуінің тарихы 19 ғасыр-дың 30-шы жылдарында Англияда пайда болған «католиктік-апостолдық» деп аталған Римдік католиктік шіркеуі ішіндегі қозғалыстардан бастау алады. Бұл қозғалыстың негізін салушылар Құдайдан «аян» алып, көздерінің тірісінде-ақ қияметтің болатынын айтады-мыс. Олар қиямет-қайымнан аман қалып, «Христоспен бірге патшалық құру үшін таза апостолдық сенім мен христиандық өмір салтын бұрмалаған және бұл «көне апостол шіркеуінің мұраттарына сәйкес келмейтін» қазіргі заманғы діни дәстүрлерден бас тарту керек деп уағыздады. Шіркеу негізін қалаушылар «Аян алуға» сай қауымның жетекшілері ретінде он екі апостолды таңдап, соның біреуін басшылыққа сайлады. Қасиеттілік дәрежелері мен шіркеу лауазымдарының барлық сатылары таратылды. Олардың орнына Жаңа Өсиетте айтылатын христиандардың діни қызметі қайта жандандырылды. Жаңа апостолдық қозғалысқа Англия, Германия, Швейцария, Австрия елдерінің бірқатар католиктік, ағылшындық және протестанттық дін қызметкерлері қосылды. «Аян алуға» сәйкес сайланған апостолдар қайтыс болып, өздері күткен Христостың келмегенін көргенде, қауымда дағдарыс орын алып, олар «Құдайдың шешіміне» бағынып, тарауды жөн көрді. Алайда қозғалысқа қатысушылардың бір бөлігі, атап айтқанда, 1863 жылы ағылшындардан бөлініп шығып, Гамбургте өз қауымдастығын құрған неміс «апос-толдары» өз ісін тоқтатқысы келмеді. Ұзаққа созылған талас-тартыстардан кейін Жаңа апостол шіркеуі 1867 жылы толық қалыптасып болды. Бірін-бірі алмастырған «алғашқы апосталдардың» ұйымдасқан әрекетінің нәтижесінде шіркеу бүгінгі күнге жетіп қана қоймай, кең қанат жайып әлемнің 180 еліне таралды, ал Германияда ізбасарлары саны жағынан бұл шіркеу Лютеран мен Рим-католик шіркеуінен кейін үшінші орынды иеленді.
Діни ілім ерекшеліктері. Діни ілімнің негізгі қағидалары «Жаңа апостолдық сенімнің рәмізінің» он бабында қамтылған. Оның алғашқы үшеуінде Қасиетті Үштікке, Құдай ұлы - Иисус Христосқа, Қасиетті Рухқа, бір тұтас қасиетті Апостол шіркеуіне, өлілердің тірілетіні мен мәңгілік өмірге деген сенім бекітіледі. Кейбір шарттылықтарға қарамастан, бұл бабтар дәстүрлі болып табылады. Алайда 4-баптан бастап, дәстүрі христиан шіркеуі қабылдай алмайтын жаңа ережелер енгізіле бас-тайды. Мәселен, «Иисус Құдай өз шіркеуін өзі жіберген әрі болашақта жіберіп тұратын тірі апостолдар арқылы басқарады» делінген. Яғни толыққанды рухани билік толықтай Жаңа апостол шіркеуінің жетекшілеріне, он екі апостолдар кеңесі мен бас апостолға беріледі. Ал бесінші бапта «Христос шіркеуінің барлық қызметкерлерін апос-толдар таңдайды» делінген. Ең маңызды 9-бапта қиямет- қайым мен Жаңа апостол шіркеуі ұстанушыларының жоғарғы мақсатты жүзеге асыру үшін таңдалып алынғандығы туралы баяндалады. Олар «Христоспен кездесуге дайын және қалыңдықтардың рухтары деп аталған, тек солар ғана көкке көтеріліп, Құдаймен қауышады. Бұл олардың алғашқы тірілуі болады. Көкте осы рухтар Христоспен қосылады. Осыдан кейін Христос осы бір қайта өңделген рухтармен жер бетіне оралып, әлемде өз патшалығын құрады. Жаңа апостолдар патшалар мен дін қызметкерлері ретінде Христоспен бірлесіп билік жүргізеді. Мың жыл патшалық құрғаннан кейін, Христос қиямет қайымды жүзеге асырады, онда алғашқы тірілуге қатыспағандар, яғни жаңа апостолдардан басқалардың барлығы жауапқа тартылады. Әркім бұл дүниеде істегенінің қайтарымын алады. Бұрынғы дүниенің орнына Құдай жаңасын жаратады, өйткені аспан мен жер ғайып болады. Жаңа әлемде мәңгілік болатын Жаңа Иерусалим орнайды. Қиямет-қайым туралы бұл түсінікте әлде бір тосын жаңалық жоқ. Кейбір христиандар ғасырлар бойы Апокалипсисті дәл осылай түсінді, ал жер бетінде Христостың мың жыл патшалық құруы (хилиазм) идеясы адамдардың санасында үнемі жаңғыртылатын және оны шіркеуде үнемі айыптайтын. Шіркеу хилиазмді алғашқы рет 215 жылы айыптады. Бірақ кейіннен ол ортағасырлардағы мистиктердің ілімінде қайта жаңғырды. Бұл идея қазіргі секталар үшін де тартымды болып табылады. Мәселен, көп адамды қайғыға душар еткен Белое Братство да хилиазмды уағыздайды. Сектанттық ойлау мәнері үшін бұның ұнамды тұсы – өздерінің таңдаулылар қатарына жататындығы және Христостың дәл осы қауым мүшелерімен бірігіп жер бетінде билік жүргізетіні. Жаңа апостолдар өздерін жиі «соңғы Шіркеу» деп атайды.
Діни ілімнің екінші қайнары Інжіл болып табылады. Бірақ сонымен қатар, Інжілдің Христос ілімін тарату мен құпияны дарытушылар ретіндегі апостолдарды алмастыра алмайтындығы баса айтылады. Қасиетті рух жол көрсетіп отыратын апостолдар ғана Қасиетті Жазуды түсіндіре алады. Сондықтан діндарлардың Інжілді өз бетінше еркін оқуы қолдау таппайды.
Қатардағы діндарлар үшін діни ілімді үйрететін кітап – мерзімді қайта басылып шығып тұратын «Жаңа апостолдар сенімі: сұрақтар мен жауаптар» болып табылады. Онда діндарлар білуі үшін қажетті барлық мәселелер қамтылған.
Дін қызметкерлері үшін «История Царства» кітабы шығарылған. Онда барлық дәстүрлі христиан шіркеулеріне жаңа апостолдық тұрғыдан баға берілген және осы бағалауға сай олардың ешқайсысы өздеріне жүктелген абыройлы міндет – адамдарды аман алып қалуды орындай алмады. Сонымен қатар, бұл кітапта жаңа апостолдық шіркеу ұстанатын үш құпияның – Шоқынудың, Қасиетті Рух белгісінің орнығуының (запечатление Святым Духом) және Евхаристияның мазмұны ашылады. Жаңа апос-тол шіркеуінде мұнан басқа кітаптар және рухани оқу орындары жоқ, өйткені апостолдар ғасыры ақылгөй діни ілімділіктің емес, қарапайымдылықтың ғасыры болды.
Құлшылықтары. Құлшылықтар әр жексенбі сайын қарапайым реформаторлық қызмет үлгісі ретінде өтеді және хормен ән айтылады. Құлшылық төмендегідей жобада өтеді: ән айту, кіріспе дұға, хор, Інжіл мәтінінде жасалатын бас апостолдың уағызы, хор, екінші уағыз. «Отче наш» дұғасымен жасалатын евхаристикалық литургия, «күнәларды кешіру», причастие, дұға, благословление, хор.
Аптасына бір рет мұндай жиындар жеке пәтерлерде де өтеді, алайда бұл жиындардың мазмұны белгісіз.
Жылына үш рет «құтқарыла алмаған әруақтардың» құтқарылуын тілеп дұғалар оқылады, содан соң қайтыс болғандарды рәміздік тұрғыда причастиелейді, шіркеулік дәрежесі екі адам апостолға жақындайды, апостол оларды шоқындырып, Қасиетті рухпен дем салып, причастие ғибадатын жасайды. Бұл рәсім мормон сектасындағы өлгендерді шоқындыруды еске салады. Әруақтарға арналып жасалатын бұл қызмет көптеген жаңа мүшелерді тартуға мүмкіндік береді, өйткені бұл рәсім олардың өмірден Құдайға сенбей өтіп кеткен туған-туыстары мен жақындарының рухтарының әлі де болса құтқарылуға мүмкіндігі бар екені туралы сенімді нығайтады. Бұл жерде «адамның орындалатын түстер көруі» де зор рөл атқарады. Жаңа апостолдықтар жиі-жиі жақында қайтыс болған адамдардың туыстарымен кездесіп: «Сіздің қайтыс болған туысыңыз біздің түсімізге кірді» дейді. Осыдан бастап шіркеу мен олардың арасында байланыс орнайды, өз кезегінде жаңағы адамдар қайтыс болған адамдардың туыстарын Жаңа апостол шіркеуіне тарта бастайды. Жаңа апостолдар өз жұмыстарын зираттарда да жүргізіп, қайтыс болған кісілердің туыстарымен әңгімелескендігі туралы фактілер өте жиі кездеседі.
«Құпиялары». Шоқындыру Қасиетті Үштіктің атымен су бүрку арқылы жасалады. Әдетте, балаларды шоқындырады. Оларды жаңа апостолдар рухында тәрбиелеу ата-аналарға жүктеледі.
Қасиетті Рухпен еске алу (Запечатление Святым Духом) жаңа апостол шіркеуіне толық мүше болудың қажетті құпиясы болып табылады. Шоқыну еске алу барысында Қасиетті Рухты қабылдаудың қажетті құпиясы оны тек апостол ғана жасай алады.
Евхаристия айшыққа керілген Христос құрбандығын еске алу үшін жасалады. Діндарлар тәубаға келгеннен кейін, оларға причастие оқылады, үш тамшы қан-шарап тамызылған шелпек ретіндегі причастие (шелпекке қан-шарап тамызып дәмін тату рәсімі ) құпия болып саналмайды. Бұл шелпектер храмға келуге мүмкіндігі жоқ діндарларға - әскерлер мен науқастарға таратылады.
«Шіркеу» құрылымы. Жаңа апостолдық шіркеудің басты органы – апостолдар мәжілісі. 1971 жылдан бергі ресми атауы – «Жаңа апостол шіркеуі – апостолдардың Халықаралық одағы». Алайда іс жүзінде нақты бір апостолға бағынатын әр қауым жеткілікті дербес деуге болады. Шіркеудің біртұтастығын апостолдардың өзара ынтымағы қамтамасыз етеді, олардың айтуынша, дұға оқу арқылы мистикалық бірлікке қол жеткізуге болады. Қазіргі апостолдар саны он екі емес, екі жүзге жуық. Анағұрлым ірі бірлестіктер апостолдар аймағы болып табылады. 1991 жылдан бері олардың саны он сегізге жетті. Аймақтарға «аймақтық апостол» жетекшілік етеді.
Барлық аймақтық апостолдар синод сияқты коллегиумга бірігеді. Коллегиумның төрағасы - первоапостол. Қазіргі таңда швейцариялық Рихард Фер первоапостол болып табылады. Жаңа апостол шіркеуінің әкімшілік әрі рухани орталығы Цюрихте орналасқан.
Первоапостол шексіз билікке ие десе де болады. Жаңа апостол шіркеуінің мүшелері оны Құдайдың жердегі өкілі деп санайды. Ол «Қасиетті Рухтың жаңа аяндарының түсуіне ықпал етуі тиіс». Сол себепті первоапостолдың қызметі мистикалық мазмұнға толы. Дәл осы первоапостолдың «аяндары» ғана жаңа апостол шіркеуінің тұрмысы мен діни іліміндегі өзгерістерді айқындайды. Одан әрі аймақтар ұсақ аймақтарға бөлінеді, оларға аймақ настоятельдері, ал кейде епископтар басшылық жасайды. Ұсақ аймақтар қауымдардан құралады. Оларды қауым настоятельдері басқарады.
Бас апостол және аймақтық апостолдар, епископтар мен аймақтардың старейшиндерімен қатар округтік евангелистер, пастырлар, қауымдардың евангелистері, священниктер, диакондар, протодиакондар қызметтері де бар. Ал миряндар кіретін Басқару органы жоқ.
Әлеуметтік жұмысы. Жаңаапостол шіркеуі қарттар үйін, кейде жастарға арналған клубтарды ұстайды. Жаңаапостолдар ешқандай қайырымдылық шараларын жүргізбейді.
Қаржы және мүлкі. Жаңа апостол шіркеуінің әрбір мүшесі шіркеу қажеттіліктеріне өз кірісінің он пайызын құйып отыруы тиіс. Шіркеу мүшелерінің арасында ауқатты адамдар көп. Олар он пайыздан бөлек шіркеу құрылысына көп мөлшерде қаражат құйып отырады. Көптеген елдерден шығып келе жатқанда күн бедерінің үстіне орналасқан айшығы бар эмблемаға қарап, жер иеліктері мен шіркеу ғимараттарының жаңа апостолдарға тиесілі екенін білуге болады.
Білім. Жаңа апостол шіркеуінің арнайы діни білім беретін мекемелері жоқ, өйткені олар теологиялық білім беруді құптамайды.
Басылымдары. Жаңа апостол шіркеуінің мерзімді басылымдары бар. Олардың қатарына 1991 жылдан бері орыс тілінде әр ай сайын шығатын «Наша семья» журналы, апталық «Глас стража» журналдары кіреді. Сонымен қатар, балалар мен жастарға арналған ай сайынғы «Добрый пастырь» және «Друг молодежи» журналдары жарық көреді. «Жаңаапостолдық сенім: сұрақтар мен жауаптар» катехизисі және «История Царства» әлемнің әр түрлі тілдерінде жиі-жиі қайта басылып тұрады. Бұлардан басқа да орыс тілінде шығатын бірнеше басылымдары бар.
Жаңа апостолдық шіркеу - неміс тілді елдердегі ең ірі әрі өте ықпалды шіркеулердің бірі. Германияда санақ жағынан лютерандар мен католик шіркеулерінен кейін үшінші тұр. Қазіргі уақытта әлемдегі жаңа апостолдар саны 7 млн құрайды. Олардың 3 млн 400 мыңы Африка құрлығында, ал бір млн Азияда тұрады. Үндістан мен Заирде де жаңа апостолдық қауымдар бар. Ал Еуропа елдерінде 500 мыңнан асады.
Ресейдегі жаңа апостолдық шіркеуі. Жаңа апостол шіркеуі Ресейде ауқымды жұмыс атқаруда. Шіркеудің Ресейдегі қызметі 1989 жылдың қыркүйегінде Берлин-Бранденбург жерінің аймақтық апостолы Шредердің тапсырмасымен пресвитер Ульрих Крауздың Кеңестік социалистік республикалар одағына жасаған миссионерлік сапарынан басталды. Ол Камышин, Тольятти, Алексеевка мен Красноармейск қалаларын аралады. Пресвитердің бұл аудандарды таңдауы да кездейсоқ емес еді, себебі мұнда этникалық немістер қоныстанған елді мекендер көп болатын. Аймақтық апостол жергілікті тұрғындар жаңа сенімді қуанышпен қабылдайды деп жорамалдаған-ды. Сапар барысында 23 адам шоқындырылды. Қазіргі уақытта Ресейде жаңа апостолдардың 67 қауымы бар. Бұл небәрі жеті жылда жасалған миссионерлік жұмыстың нәтижесі. 1991 жылдан бастап-ақ «Наша семья» журналы орыс тілінде жарық көре бастады. 1992 жылдың қыркүйек айында Мәскеуге первоапостол Рихард Фер келді. Оның бұл сапарының қарсаңында Мәскеудегі жаңа апостолдар саны мыңға, ал жалпы Ресей бойынша жиырма мыңға жеткен болатын. Мәскеу екі округке - Мәскеу өзенінің солтүстігіне қарайғы жерлер Австралия мен Швейцариядан, ал өзеннің оңтүстігіне қарайғы жерлер Германиядан басқарылатын болды. Бұл жердегі жаңа апостолдарды екі аймақтық округ басқарды. 1991 жылы Мәскеуде жаңа апостолдар Шіркеуінің әкімшілік орталығы құрылды. Первоапостолдың Ресейге келу құрметіне атақты әншілердің қатысуымен концерт өткізілді.
Архангельскідегі жаңа апостол қауымы 1990 жылы Германиядан келген коммерсант-пастордың белсенді әрекетінің нәтижесінде құрылды. Қазіргі кезде Ресей территориясы жаңа апостолдық шіркеу аймақтарының біріне қарайды. Мәселен, елдің солтүстік шығысы – Балтықтан Оралға дейінгі аралық Саксония – Тюрингия апостол округіне тиесілі. Миссионер, әсіресе, Калининград қаласына баса назар аударады. Жаңа апостолдықтар үшін бұл қала соғысқа дейін құрамына 146 қауым кірген, тоғыз ауданды қамтыған тұтастай апостол округі орналасқан Кёнигсберг болып қалып отыр. Калининградта жаңа апостолдық шіркеу жұмысын жандандыру ісін Солтүстік Рейн-Вестфаль аймағы қолға алды. Жаңа апостолдық шіркеу өкілдері ең алдымен қаланың шыққан тегі неміс болып табылатын азаматтарымен байланыс орнатты. Оларды Германияға қонаққа шақырды. Мәдениет үйінде өткен алғашқы жиыннан кейін Калининград облысының көптеген қалаларында қауымдар құрылды. Калининград облысын жаңа апостолдар өздерінің «Наша семья» журналында Шығыс Пруссияның орыстық бөлігі деп атады. 1995 жылдың қарашасында Калининградқа первоапостол сапармен келді. Оның сапарының қарсаңында бұл жерлерде бес қауым мен жеті миссионерлік бекеттер, 15 000 сенушілер пайда болған еді. «Наша семья» журналында Кёнигсбергтің тарихы жан-жақты баяндалып, осы жерлерден қудаланған немістердің ауыр тағдыры жайлы айтылып, кезінде Кёнигсбергтің жаңа апостол шіркеуінің ірі орталықтарының бірі болғандығы жиі еске түсіріледі. Калининградпен қатар Хабаровскіде, Владивостокта, Оңтүстік Сахалинде, Камчаткада, Якутскіде, Түменде, Екатеринбургта, Кировта, Пермьде, Краснокамскіде жаңа апостолдар қауымдары құрылды. Ал Мурманскіде жаңа апостолдық талаптарға сай бой көтерген шіркеудің жаңа ғимараты жергілікті апостолшылдардың мақтанышына айналды. 1997-1998 жылдары жаңа апостолдық шіркеу алаяқтықпен (коммерциялық ғимарат деген желеумен) Калуга қаласының орталығында Калуга және басқа да бірқатар көрші облыстар үшін аймақаралық миссионерлік орталық храм салуды қолға алды. Үлкен қаржы құйылған құрылыс өте қарқынды түрде жүрді. Ғимарат бітуге жақын қалғанда тұрғындар ғимараттың шіркеуге ұқсап бара жатқанын аңғарды. Алайда құрылыс жалған фирма арқылы жүргізіле берді, ал жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жалған ақпарат таратуын шектемеді. Бірақ шындықтың беті ашылғанда қала тұрғындары құрылысты жүргізуге қарсылық білдіріп, қол жинай бастады. Облыстық газеттер жаңа апостолдықтардың жоғын жоқтап, православ-фанаттар оларды қудалауда деп жар салды. Қоғамдық толқудың кең жайылғандығы қалалық әкімшілікті құрылыс жайлы келісімді бұзуға мәжбүрледі. Қала әкімшілігі халыққа ғимаратты қайта сатып алатындықтарын және оны мәдени-көпшілік шаралар өткізуге қолданатындарын, ал жаңа апостолдықтарға қаланың тарихи орталығынан тыс жерлерден жер телімін тауып беретін болып уәде берді.
Ресей зерттеушілері жаңа апостолдық шіркеуі Қасиетті Үштікке және Иса Құдайдың ұлы деген сенімді ұстанса да, оны дәстүрлі христиан шіркеуіне жатқызуға болмайды деп санайды. Ал батыстық дінтанушылар арасында жаңа апостолдық шіркеуі христиан конфессиясына немесе сектаға жата ма деген мәселе төңірегінде ортақ пікір жоқ. Зерттеушілердің бірқатары төмендегідей дәйектер негізінде оны секта деп таниды:
Жаңа Апостол Шіркеуі басқа да секталар сияқты (Богородичный орталығы немесе Муна сектасы) Құдайдан алынған «жаңа аянға» негізделеді.
Қатардағы діндарлар толықтай первоапостолдар мен апостолдарға бағынуы тиіс. Оларға сенімсіздік немесе күмәнмен қараған адам Жаңа Апостолдық Шіркеуден қуылады. Жаңа апостолдардың мәтінінде «басты апостолда Қасиетті үштіктің бейнесі бар» делінген.
Інжіл аянның (откровение) басты бұлағы деп қарастырылмайды. Ол первоапостолдың басты аяндарымен салыстырғанда екінші кезекте тұрады.
Қайтыс болғандарды причастиелеу (причащение мертвых) сияқты «ақылға қонымсыз» рәсімдері бар.
Қиямет-қайымды зарыға күту, өздерінің Исаның мың жылдық патшалығының патшалары мен священниктері ретіндегі басқалардан ерекшеліктеріне күмәнсіз сену.
Өздері жалған деп санайтын дәстүрлі христиан шіркеулерімен қарым қатынастан үзілді-кесілді бас тарту.
Қазақстандағы Жаңа Апостолдық шіркеу. Қазақстан Республикасындағы Жаңа Апостолдық шіркеу неміс миссионерлерінің қарқынды әрекетінің нәтижесінде 1991 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта республикада жаңа апостолдық шіркеудің 46 бірлестігі тіркелген, прихожандарының жалпы саны 2500 адам. Соңғы 15 жыл ішінде республикамыздың аймақтарында 29 жаңа апостолдық шіркеу тұрғызылған.
Жаңа апостолшылар қауымына Алматы қаласында орналасқан жаңа апостолдық шіркеу орталығы жетекшілік етеді. 2005 жылдың 16 қаңтарында Ресей Федерациясы, Орталық Азия, Қазақстан, Солтүстік Корея бойынша аймақтық апостол болып Вольфганг Надольный сайланды.
Жаңа апостолдық шіркеу елімізде белсенді жұмыс жүргізеді. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, шіркеу басшылары культтік ғимараттар салу үшін жергілікті билік органдарымен жер телімдерін сатып алу мақсатында келісім жасаған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер жаңа апостолдық шіркеудің христиан дінінің әр түрлі дәстүрлі бағыттары кең таралған Еуропа мен Америка құрлықтарынан шет аймақтарда жемісті әрекет етіп, табысқа жеткендігін көрсетеді. Мұны миссионерлік қызметтің жақсы жолға қойылғандығымен түсіндіруге болады. Шіркеу өз діндарларынан мүшелік жарна жинамайды, сонымен қатар шіркеу басқа дін өкілдерін немесе қатардағы азаматтарды бірден өздеріне тартып, агрессивті үгіт-насихат жүргізбейді. Мүшелік жарнаның болмауы және адамға діни сенімін анықтауға мүмкіндік беруі шіркеу таза діни мақсаттарды көздейді деген пікір тудырады.
Жаңа апостолдық шіркеу саяси бейтараптылықты сақтайды және өз мүшелерінен құдайылық заңдарға қайшы келмеген жағдайда сол елдің заңдары мен өздерінің азаматтық міндеттерін орындауды сұрайды, қоғамдық өмірге араласу еркін шектемейді. Шіркеу билік және үкімет органдарымен, сондай-ақ қоғаммен ашық, сенімділік негізде қарым-қатынас орнатуға талпынады.
Қазақстандағы жаңа апостолдық шіркеу әр түрлі діни іс-шаралар, конференция, семинарлар, қауым мейрамдарын, жастар күнін, хор байқауларын өткізіп тұрады.
Дегенмен елімізде әрекет етіп жатқан жаңа христиандық ағымдар Қазақстан халқын Иса пайғамбардың ақиқат аянынан шет қалған, атеистік идеологияның шырмауынан енді ғана босаған, сондықтан христиандық миссия тұрғысынан игерілмеген деп қабылдайды. Алайда кеңестік дәуірдегі атеистік идеологияның қыспағында болғанымен жергілікті халықтардың басым бөлігінің исламдық және православиелік мәдениет пен руханилықтан сусындағанын ескере бермейді. Бұл еліміздегі діни жағдайдың күрделенуіне, кейде тіпті шиеленісуіне алып келеді. Өкінішке орай, діни жағдайды қадағалайтын және ғылыми негізде зерттейтін мекемелер тек соңғы жылдары ғана бой көтеріп, белсенді жұмыс жасай бастады. Ал мұндай жұмыстың қажеттілігі күмән тудырмайды. Қоғамдық өмірдің басқа салалары тәрізді рухани саланың да өз заңдылықтары бар және бұл заңдылықтардың бұзылуы қоғамдық организмнің қалыпты қызмет етуіне кері ықпал етеді. Сондықтан діни ала ауыздыққа жол бермей, адамдардың рухани өмірін арандатушылық пен адасушылықтан сақтау қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Құқықтық негізде барлық діндер тең болғанымен, олардың қоғам өміріндегі орны бірдей бола бермейді. Мемлекеттің діни саладағы саясатында және мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынаста осы жағдай назардан тыс қалмауы керек.
Әдебиеттер:
1 Новоапостольская церковь. (c) 1999, А. Иванов, набор и дополнение. (c) 1997, Е. Сперанская, составление. (Глава печатается в сокращении.)
http://iriney.vinchi.ru/sects/apostol/001.htm
2 Трофимов Я. Ф. Религия в Казахстане: Учебное пособие. - А., 1996.
3 Религиоведение. Энциклопедический словарь. - М.: 2003.
4 Дінтану: Оқулық. - Алматы, 2006.
Белое Братство (Ақ Ағайындық): Өткен ғасырдың 80- жылдарының соңында Украина мен Ресейде және Кеңестік социалистік республикалар одағының басқа да республикаларында пайда болып, таралған жалған христиандық эклектикалық ілім. Негізін қалаушылар – Марина Цвигур және Юрий Кривоногов. «Белое Братство» (немесе кейде «Великое Белое Братство» деп те аталады) деструктивті культ болып табылады. Оның негізін салушылардың ізбасарларын «юсмалиандар» деп атайды. Марина Цвигун мен Юрий Кривоногов ғарыштық күштермен байланысқа түсу барысында жер тұрғындарын ұйқыдан оятып, аман алып қалудың құпия бағдарламасы баяндалған «Солуняндарға (жер планетасын мекендеушілер) арналған Хабар» алдық деп мәлімдейді. Осы бағдарламаға сай осыған дейін көк аспанда қосылған екі құдай – Құдай Ана мен Иисус Марина Цвигунның бойына қонады. Соның нәтижесінде Бір құдай - Мария Дэви Христос мәні пайда болады. Юрий Кривоногов Юоан Свами деген атқа ие болады. Юоан Свами Иоанн (Юоан) шоқындырушы мен Иоанн Богослов жандарының бірігуі дегенді білдіреді. «Юсмалос» атауының пайда болуы туралы екі түрлі Мария Дэви Христос пен Юоан Свами есімдерінің және Лос (Логос) бірігуінен «Юсмалос» ұғымы қалыптасады. Екіншісіне нұсқа бойынша Юсмалос – Жер шарын қайта өзгерту бағдарламасы, оның мағынасы төмендегідей түсіндіріледі:
Юпитер ақ боз ат мінген апокалипсистік салт аттымен теңестіріледі (Откровение 6:3);
Сатурн бозғылт аттағы Өліммен теңестіріледі (Откровение 6:8);
Марс қызыл жирен ат мінген салт атты (Откровение 6:4);
Лось – жеті апокалипсистік жұлдызды рәміздейтін Жеті қарақшы шоқ жұлдызының көне орыстық атауы (Откровение 1:20), яғни олар жеті Сефироттар (жоғарғы періштелер), болашақ алтын ғасыр Су құйғыш Эрасында жерге төгілетін құдайылық жақсылықтың жанды суы толған шөмішті құрайды.
Өзін Тәңір деп жариялаған Мария Дэви Хрис-тос әлемге Соңғы (үшінші) Өсиетті – Қасиетті Рухтың өсиетін жеткіздім деп жар салды. «Белое Братствоның» теологиялық ілімінің негізін әр түрлі діндерден алынған қағидалар құрады. Тарқатып айтар болсақ, иога және буддизм ілімдерінен карма, реинкарнация идеялары, гнос-тиктерден логос пен сефориттер, энергетикалық эгрегоралар, аура мен «фохат» энергиясы туралы ілімдер, христиандықтан тринитарлық ересьтер, яғни Қасиетті Үштік Бірлік бұрмалап түсіндіретін ілімдер қабылданды, сонымен қатар, бұл деструктивті культтің негізін қалаушылар көне өсиет пайғамбарлары мен Апокалипсисті бұрмалап сипаттады.
Мария Цвигун «Иисус Христостың бұл әлемге екінші келуі орын алды, бірақ бұл жолы ол Иисус Христостың «әйел» – Мария Дэви Христос образында жүзеге асты және оны діни-мемлекеттік мафия» образындағы шайтан қудалауда» [1] деп мәлімдейді. Мария Дэви Христос «1990 жылдың 1 маусымынан бастап жер бетінде 3,5 жылға – 1260 есептелген құтқарылу бағдарламасы іске қосылады және осы уақыт ішінде Великое Белое Братство Юсмалос қалыптасып, фхотталады. Ақ киімге оранған 144 мың әулиелер мен олардың рухани ұстаздары - Мария Дэви Христос пен Ю. Свами ілімдерін таратып Илия, Адам (Свами), Енох-Ева (МДХ) сияқты пайғамбарлық етеді... 1993 жылдың 24 қарашасында Құдаймен, құдайылық дуадамен (Мария Дэви Христос және Свами) және сефориттермен бірігіп жердегі шайтандарды жазалау үшін 144 мың әулие көкке Тәңірге көтеріледі»[2] деген сәуегейлік жасады. Яғни «Юсмалос» тек діни бірлестікті ғана емес, дүниені түбегейлі қайта өзгертудің «ғарыштық-құдайылық» бағдарламасы - Жерді фхотизациялауды да білдіреді. Құдіретті Жаратушының қуаты мен қаруы – фохат уақыт пен кеңістікте сейілген. Жер бетінің осы қуатпен толысуы пайдаланылып болған қуатты жұтып, оны өмірлік нәрге айналдыруымен қатар жүреді. Фохаттану процесін осылайша түсіндіру бұл культке жалған ғылыми сипат таңады. Ғылыми-техникалық прогресс дамыған ХХ ғасыр соңындағы адамды өз шырмауына тарту үшін бұл айланы қолдану таңсық нәрсе емес. Техника ғылымдарының кандидаты, микроэлектроника саласының маманы Ю.А. Кривоногов (Ю. Свами) пен бұрынғы комсомол қызметкері М. Цвигун (Мария Дэви Христос) мұны жақсы игерген тәрізді.
Зерттеушілер «Белое Братствоның» пайда болып дамуының төрт кезеңін атап көрсетеді.
Бірінші кезеңі 1989 жылдың басынан 1993 жылдың көктемін қамтиды. Бұл кезең аталған ұйымның күш жинап, қатарын толықтыруымен сипатталады және оны адептер ұйым тарихындағы «ең жарқын, қуанышты кезең еді» деп бағалайды. «Белое Братство» әрекетінің бастапқы сатысында ұйым мүшелерін ақ матадан тігілген кең ерекше жамылғыларына қарап ажыратуға болатын, алайда 1993 жылдың күзіне қарай олар киім үлгісін өзгертеді. Енді адептер ақ жамылғыларын шешіп, үстеріне бірыңғай спорттық костюмдер, бастарына кепкі киіп, арқаларына дорба (рюкзак) асып жүретін болады.
Екінші кезеңі 1993 жылдың көктемінен осы жылдың күзіндегі оқиғаларға және ұйым жетекшілерінің тұтқынға алынуына дейінгі уақытты қамтиды.
Үшінші кезеңі 1993 жылдың күзінен 1996 жылдар аралығында орын алады және төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:
ұйым мүшелерінің бір бөлігінің оның қатарынан шығуы;
миссионерлік әрекетттің бірден саябырсуы;
«Белое Братствоның» өз әдебиеттерінде Блaватская мен Рерихтер шығармашылығына сілтеме жасауының күшеюі;
М. Цвигунды түрмеден шығарып алу үшін белсенді әрекет ету;
ұйым әрекетін қатаң жасырын жағдайға көшіру, құпия белгілерді енгізу, телефон байланысында басқаларға түсініксіз кодтарды қолдану;
ұйымның қалған мүшелерінің санасы мен жүріс-тұрысын жетекшілердің қатаң қадағалау;
ұйым жұмысын жандандыру бағытында кешенді даярлық іс-шаралар жүргізу;
жаңа «пайғамбарлардың» пайда болуы;
Төртінші кезең 1996 жылдың жазы мен күзінен осы уақыт аралығын қамтиды. 1997 жылдың қарашасында ұйым мүшелері «Белое Братство» жұмысын қайтадан қалпына келтіруді аяқтауды жоспарлаған. Бұл М. Цвигунның түрмеден босатылуымен байланыстырылады. ТМД елдеріндегі ұйымның бұрынғы мүшелеріне қайтып оралыңдар, ұйым жұмысын қайтадан жандандырыңдар деген үндеулермен елшілер жіберілді, жергілікті жерлердегі ұйым мүшелерінің тізімдері көтеріліп, оларды «рухани кездесулерге» жазғы лагерьлерге шақыру жұмыстары белсенді түрде қолға алынды. Ұйымның деструктивті әрекетіне талдау жасау бұл ұйымның жалған діни ілімдер мен ұрандарды жамыла отырып, қоғамға қауіпті қатігез акцияларды жүзеге асыруға бейім екендігін көрсетеді. Ресей сарапшылары ұйым әрекетінің қай бағытта дамитындығын дәл басып айта алмағанымен, төмендегідей екі мүмкіндікті теріске шығармайды:
Джим Джонс пен Дэвид Кореш секталарының қайғылы салдарларының қайталануы, алайда бұл қасірет әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін;
«Белое братство» артында тұрған белгісіз саяси күштердің Ресейдегі саяси, әлеуметтік және қылмыстық жағдайды ушықтыру, тұрақсыздандыру үшін ұйымның зомбиланған мүшелерін өз мақсаттарына пайдалануы.
1993 жылдың жазында «Белое Братство» жетекшілерінің нұсқауымен православиелік храмдарда осы ұйымның мүшелері ұрыс-керіс, жанжал шығарды, сөйтіп, діни ғұрыптарды өткізуге кедергі келтірді. Секта мүшелерінің айтуынша, православиеліктер бұл жағдайда оларды өлтіретін болса, олар «әулиелер» ретінде көкке көтерілуге мүмкіндік алады-мыс. Алайда, прихожандар қан төгіске жол бермей «Белое Братство» адептерін храмнан қуып шығады. Аталған деструктивті ұйым мүшелері бұдан да басқа бұзақылық акцияларын ұйымдастырды. Мәскеу, Санкт- Петербург, Днепропетровск, Йошкар-Ола қалаларында храмдарға баса көктеп кіріп, священниктерге қол жұмсайды.
1993 жылдың қарашасында «Белое Братство» ізбасарлары Киев қаласында өзіне-өзі жаппай қол жұмсау акциясын өткізуді жоспарлап, қоғамдық тәртіпті бұзды. Бұл шараны өткізуге ұйым басшысы Мария Дэви Христостың оларды «Жаңа Иерусалимде (Киевте) ашаға кереді, бірақ үш жарым күннен кейін олар қайта тіріліп, құдай ұлымен қосылады және қиямет-қайым орын алады»,- деген уағызы себеп болды. Ол осы күні өзіне кәміл сенген 12000 рухани балаларым шейіт болады деп мәлімдеді. Тек құқық қорғау органдарының дер кезіндегі іс-қимылдары жаппай қан төгіске жол бермеді. Бұл оқиға адам психикасының, әсіресе, осындай жалған діни ілімдермен уланған сананың қаншалықты осал екендігін және осындай деструктивті ұйым басшыларының өз мақсаттарына жету үшін ештеңеден де тайынбайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, ұйым жетекшілері адептердің санасына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шайтанның қызметшілері деген сенімді сіңіріп, мемлекет пен қоғамға өшпенділік сезімін қалыптастырады. Көптеген адамдар, әсіресе, буыны қатпаған жастар әу баста мұндай ұйымдарға бұл не ұйым екен деген қызығушылықпен барады. Алғашқы кездесулерде ұйым жетекшілері оларға жылы шырай танытып, сенімді қарым-қатынас орнатуға талпынады. Екінші кезекте қоғамда орын алып отырған қиыншылықтар, руханилық пен мораль мәселелері төңірегінде ой қозғап, «рухани жаңарудың» жолы бар екендігін түсіндіруге көшеді, адам психикасына ықпал етудің айла-тәсілдерін қолдана отырып, тек осы ұйымның мүшелері ғана «таза ақиқат» жолында екендігін және бұл «ақиқат жолды» ұйым жетекшілері - «пайғамбарлар» Жаратушыдан ерекше аян алу барысында ашқандығы айтылады. Ұйымға жаңадан қабылданған адепт санасына оның құдайдың қалаулысы, құдайылық миссияны орындауға «таңдалып алынғандығы» идеясы сіңіріледі. Адам санасын осылайша улау барысында адамның ырқы мен сындарлы ойлау қабілеті басып-жаншылады. Ол қоршаған шындықты тек бір жағынан, яғни ұйым идеологиясы тұрғысынан ғана қабылдап, бағалайтын болады. Ендігі жерде ол ұйым идеологиясын қабылдамаған, оған сыни көзбен қарайтындардың бәрін жау, дұшпан ретінде қабылдайды. Бұл – деструктивті культтер мен ұйымдардың барлығына тән ортақ белгі.
Жоғарыда аталып өткен жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған соң, Украинаның құқық қорғау органдары «Белое Братство» ұйымының 616 мүшесін қамауға алды. Көп ұзамай ұйымның жұмысы тоқтатылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сектаның адамдардың тәні мен жан денсаулығына зиян келтіргендігі айқындалды. Украина мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мамандарының пікірінше, «Белое Братство» қоғамға қарсы акцияларға, соның ішінде, террористік актілерге қатысу мүмкіндігі өте жоғары ұйым болып табылады. Ұйым мүшелеріне түрмелер мен уақытша оқшаулау орындарында, психиатриялық емдеу мекемелерінде өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулар беріледі. Адептердің айтуынша, «Белое Братствоның» кейбір жергілікті ұйымдарында оның мүшелеріне құқық қорғау органдары тұтқындаған кезде өзін-өзі өлтіруге нұсқау берілген.
Мамандардың айтуынша, «Белое Братство» жетекшілері психика мен жүріс-тұрысты күштеп басқару тәсілдерін ұйым мүшелеріне сынақтан өткізіп, оларды психотронды және психофизикалық өңдеуден өткізген, гипнозбен ықпал ету тәсілдерін қолданған. Ю. Кривоноговты білетін адамдар оның психоэнергетика саласындағы соңғы жетістіктерді жетік меңгергендігін атап көрсетеді. Оның қолжазбаларының бірі «Методы психофизической диаг-ностики и регуляции состоянии живых биоэнергетических систем» деп аталады. Украина Ішкі істер министрлігі Интерполға берген бағдарында: «Ю. Кривоногов биоэнергетика мен гипнозды жетік меңгерген, оларды қолдана отырып, адамның ырқын бейтараптандырады, оны сөзсіз бағынатын орындаушыға айналдырады. Қауымды басқару құрбандықты (ұйымның шырмауына іліккен адам) зомбиге модельдеуге және кодтауға негізделген. Бірақ тергеу Ю. Кривоноговтың тылсымнан тыс қабілетін айқындамады» деп атап көрсетті.
Ұйымның бұрынғы мүшелері мен балалары осы культтің шырмауына түскен ата-аналар олардың діни жораларда нашақорлық заттар мен психоэнергетикалық құралдарды, соның ішінде, «Иордан суын», «жанды аудиокассеталарды» пайдаланғандығын атап көрсетеді. «Белое Братство» бастапқыда экстрасенсорлық қабілеті бар адамдардың ұйымы - өзіндік реттеу және жоғарғы иога Орталығы ретінде жоспарланған болатын.
Киев оқиғаларынан кейін М. Цвигун ықпалын жоғалтып алмау мақсатында «Белое Братство» доктринасына түзетулер енгізді. Ол Кривоноговпен арадағы қарым-қатынасты үзіп, барлық кінәні өзінің бұрынғы әріптесіне жапты. Ол өз ізбасарларына жолдауларында ешқандай Иоанн Свамидың болмағанын, оның жалған ұстаз екендігін, өзі үшін ешкімнің құрбандыққа баруын талап етпегенін, ашығуға мәжбүрлемегендігін мәлімдеді. Ал өзінің Украинаның Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша Сот коллегиясына жазған кассациялық арызында ол Кривоноговты Иуда деп атады және Киевтегі оқиғалар үшін бар жауапкершілікті соның мойнына жүктеді. 1994 жылдың мамырында Мария Дэви Христос Ю. Кривоноговты өз шіркеуінен аластатып, күйеуі В. Ковальчукты шіркеу иесінің мұрагері деп жариялады. Сонымен қатар, діни ілім мен культтік практикаға өзгерістер енгізілді. Қиямет-қайым туралы уағыздарда оның дәл уақыты аталмайтын болды, шектен тыс аскетизм формаларынан, атап айтқанда, арнайы диетадан, ұйқыны шектеуден бас тарту орын алды. Діни ілім мен этикалық уағыздарда өркениеттің дамуы мен дүниені аман сақтап қалудағы құдайылық-ғарыштық бағдарламаны іске асырудағы әйел адамның алатын ерекше орнына баса назар аударылды. 2002 жылдың қаңтарында жариялаған мақаласында Мария Дэви Христос «адамдардың көптеген қиыншылықтарының себебі күн культіне – құдайылықтағы еркектік бастауға табынуда, ал шындығында Аналық құдіреттен жоғары ештеңе жоқ. Дүние геоцентристік жүйеден бас тартып, гелиоцентристікті қабылдады, сөйтіп, дүниеге деген құдайылық көзқарастан бас тартып, дөрекі материализмге құшағын айқара ашты» деп жазды. Өз мақаласында ол геоцентристік жүйеге қайтып оралуға шақырды, себебі Жерде құдайылық бастау бар, ол әрдайым өз тәнінен жаңа өмірге бастау береді. Ал барлық материалдық әлемнің барлық планеталары Ғалам орталығы Жерді айналып қозғалады.
1996 жылы Киев қалалық соты М. Цвигунды төрт жылға, Ю. Кривоноговты жеті жылға, В. Ковальчукты (Иоанн-Петр Екінші деп жарияланған) алты жылға бас бостандығынан айырды.
«Белое Братствоға» қатысты сот ісі басталғаннан кейін ұйым М. Цвигунды және Ю. Кривоноговты жақтаушылар болып екіге бөлініп кетті. Ұйым мүшелері тұтқындалғаннан кейін де ол Ресей территориясында белсенді әрекет етуін тоқтатпады.
Қазақстан аумағында бұл ұйым жақын орналасқан Ресей қалалары арқылы таралды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсында бұл ұйым Қазақстанда белсенді әрекет етті. «Белое Братство» 1995-1996 жылдары Қазақстанда да жергілікті ұйымдар құруға талпынды. Алайда Қазақстан территориясында Ресей мен Украинадағы сияқты кең тарай алмады. Бұл бірінші кезекте Қазақстанның этноконфессиональдік ерекшеліктерімен байланысты болса керек. Екіншіден, Алматы облысынан шыққан жергілікті Фархат ата ілімі «Белое Братство» доктринасына ұқсас қағидаларды ұстанды. Киевте орын алған сорақы оқиғалардан кейін бұл ұйым Қазақстанда және басқада ТМД елдерінде ашық әрекет етуін тоқтатады. Алайда Мария Цвигун және тағы басқа секта жетекшілері түрмеден босап шыққаннан соң, бұл ұйым бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында, соның ішінде, Қазақстан территориясында, әсіресе, Ресей Федерациясымен көршілес жатқан қалаларда өз жұмысын қалпына келтіруге талпынады. Қазіргі уақытта «Белое Братство» қатары сиреп, жасырын әрекет етуге көшкенімен, қатаң тәртіпке негізделген қауіпті ұйым болып қалып отыр. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарық көрген материалдар көпшіліктің көзін ашып, секта жұмысына қырағылық танытуына ықпал етті. Жалпы деструтивті ұйымдар мен культтерге қарсы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер жұмыла әрекет еткенде ғана олардың таралуына тосқауыл қоюға болады. Сондықтан азаматтарды осындай деструктивті ықпалдан қорғау үшін ақпараттық талдау жұмыстарын, жастар арасында діни сауаттылық пен салауаттылықты арттыру жұмыстарын белсенді әрі жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет. Сонымен қатар, деструктивті ұйымдар мен культтердің шырмауына түскен адамдарды психикалық сауықтыру мәселесі де мемлекет пен қоғам назарынан тыс қалмау керек.
Төменде «Белое Братство» ұйымы жариялап, таратқан осы ұйымның жетекшілері шығармаларының тұпнұсқаларынан үзінділер берілген. Әрбір саналы азамат мұндай деструктивті культтердің жақсылыққа апармайтынын білгені абзал.
Я – Молния!
Я – Молния, Летящая с Востока!
Тебя я поражаю Током!
Я – Молния, Идущая на Запад!
Вдыхай скорей озона резкой запах!
Мой Гром разит ударом Бога!
В Огне Христа – Твоя Дорога!
Я поражаю – Его Ликом
И восхищаю Сердца Криком!
Я – Молния, Секущая Стрелою!
Тебя магничу, поразив Собою!
Мария Дэви мстит за Муки Сына!
Сияньем Света Высоты Единой!
Я – Молния, Пришла разить бездушье!
Мир Сатаны искривлен от удушья!
Пронзай Стрела Собой Восток и Запад!
Дитя Мое, ты в сатанинских лапах!
Скорей, питайся Светом Бога Вечным!
Я подаю тебе Фохат потоком встречным!
Я – Молния в твое вонзаюсь темя!
Скорее Освещайся, Мое Семя!
13.07.92
М.М.
М.Д. (Мария Дэви)
Возмездие
Молился Ты, Блаженный Мой
ночь насыщая Светом Слова
а Сатана уже соплел
своей рукой венец терновый.
И заготовил для Тебя
С свинцовыми шарами плети,
И молот грузный для гвоздя,
Чтобы в Тебя вонзили дети…
Господь Чистейшей Красоты!
Ты в искаженный мир Явился
Не зная, что взрастят кресты
На стане дерево и листьев!
И плотью плоть изрежут в кровь,
во злобе ветви искромсая!
И святят ее Тобой
к стволу ладони пригвождая…
Иисус! Тебе я вновь молюсь,
как Ты Молился – Отче Света!
И в каплях крови Проявлюсь
на лбу мертвеющей планеты…
изъязвлена душа иуд
от Соли Слез Страданий Бога!
За кровь Святых Вселенский Суд
исполнит наказанье строго!
Взойдет на Вечный Крест в Огне
Измученная Мать-Природа
И шелест листьев в тишине
не возвратит Земле свободу…
подобный Богу человек
убить Творенье Божье может!
В последний раз приму навек
предательство детей безбожных
нелепостью Твоя Печать
Чистейшей Доброты Наивной
просматривается опять
на листьях нежных после ливня…
О, Милосерднейший Христос!
Прости слепцам больную глупость!
Не видеть Твоих Вечных Слез
им позволяет сердца скупость.
Безумные мои сыны!
Вы посгнули на Святое!
В плену космической войны
вам не найти уже покоя…
отяжелеет камнем плоть
и канет зло во тьму бесславно.
И Воссияет Мой Господь
Звездою Утра Первозданной!
16.06.92.
Твое Новое Имя
Имя: ЮСМАЛОС
Твое Новое
Повторяю Я день и ночь
Имя Это
Моей Основою
стало, чтобы Земле помочь
Имя Новое
нам обещано
в Откровении Иоанна,
Царство Божие провозвещено.
Всем Святым: ЮСМАЛОС – ОСАННА!
Имя ЮСМАЛОС
Сообщила Мать,
навека Возрождая Сына
Имя Господа
должен мир познать,
поразив Сатаны пучину.
С Твоим Именем на устах
ЮСМАЛОС, Мой Иисус Христос!
Я пройду свой Последний Путь
по Пути Виа-Долороз.
Липкой соли кровавых слез
И в терновом венке без роз
Буду видеть Твой Лик Христос,
Вечный Бог Мой Иисус- ЮСМАЛОС!
Әдебиеттер:
1. Трофимов Я.Ф. Религия в Казахстане. - Алматы: «Әділет-Пресс», 1996. – 97 б.
2. Сабри Хизметли. Қазақстандағы зиянды діни ағымдар. Алматы, 2006.
3. Дінтану: Оқулық. - Алматы, 2006.
4. Исцеление от «рая»: реаблитация и самопомощь при социальной зависимости / Под науч. ред. Е.Н. Волкова. – СПб.: Речь, 2008.
5. Материалы к региональному семинар-совещанию на тему «Взаимодействие государства и институтов гражданского общества в сфере профилактики религиозного экстремизма». - Астана, 2008.
3.4 Қазақстандағы исламдық діни саяси ағымдар. Бахаи. Ахмадия. Қазіргі кезеңдегі сопылық (Зікіршілер). Құраншылдар. Такфир және Хижра жамағаты. Уаһһабшылдық (Ваххабизм). Хизбут Тахрир экстремистік ұйымы.
Бахаи Сенімі: ХІX ғасырдың ортасында Ислам мәдениеті мен өркениетінің негізінде дүниеге келген «Бахаи сенімі» 160 жылдық мерзім ішінде шииттік сектадан дербес бір «дін» (өздерін солай есептейді) деңгейіне көтеріліп әлемдік діндермен бәсекелестікте тұрған бір сенім жүйесі болып табылады. Бахаи Шіркеуін көптеген батыс ғалымдары, сондай-ақ Ресей де қазіргі кезде бұларды ең жас әлемдік дін деп есептеуде [1].
Кейбір дінтанушылар Бахаи сенімін исламдағы реформаторлық қозғалыс ретінде Батыс пен Шығысты үйлестіруге әрекеттенген және уақыт өте келе дербес діни жүйеге айналған сенім деп қарайды. Түркиялық исламтанушы ғалым Этхем Рухы Фығлалы бұл ағымды «Бабилік және бахаилік он тоғызыншы ғасырда теріс жолда танытылған тасаввуфтың (суфизм) және шииттіктің негізгі сенімдерінен болған «махдилік» түсінігінің ортаға шығарған бұзғыншы әрекеті» [2, 1 б.] деп танытады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Иран әлеуметтік–экономикалық, саяси және рухани жағынан құлдырауға ұшыраған, артта қалып кеткен феодалдық мемлекеттің кейпінде еді. Бұл құлдыраудың сыртқы саяси себептеріне орыс-иран соғыстары (1804-1813, 1826-1828 ), Ауғанстан, Түркия және Орта Азия хандықтарымен арадағы шекара даулары, сондай-ақ Ресей мен Ұлыбританияның ықпалынсыз дербес саясат жүргізе алмаулары жатады. Елдің ішкі жағдайына келетін болсақ, сепаратистік сипаттағы феодал ақсүйектердің көтерілістерін айтуға болады. Олар көбіне өз жағына көшпенді тайпалар мен басыбайлы шаруаларды тартатын. Иранның әскери жағынан әлсіздігі, сыртқы жаулардан күйрей жеңілуі, мемлекеттік аппарат пен армияның іштегі шаруалар көтерілісін басуда және қаладағы кедейшілікті шешуде дәрменсіз болуының себебі елдің әлеуметтік-экономикалық жағынан артта қалып кетуімен байланысты болып табылады [3].
Бұл жағдай тарихтан белгілі болғандай, қара халықтың өздерін осындай қиын-қыстау жағдайдан құтқаратын харизматикалық тұлғаларды күтуіне жаңа жол ашып берді. Әсіресе, бұл махдилік сенімі түрінде, Имамия шииттігіне тән адамдар үшін шииттіктің негізгі кілті қызметін атқарды.
Бабилік және оның жалғасы саналатын Бахаиліктің негізін қалаушы Мырза Али Мұхаммед (1819-1850) араб тілінен аударғанда «Күткен имамға ашылған қақпа» деген мағынаға келетін «Баб» деген лақаб атпен танымал кісі. Бабилік және соның негізінде пайда болған Бахаилік Имамия шииттігінің ішінен бөлініп шыққан «шейхилік» деген әрекетпен тығыз байланысты. Шейхилік әрекеті, шииттік пен бабилік арасында маңызды бір байланыстырушы қызметке ие. Тіпті бабилікті, имамия шииттерінің ішінде пайда болған осы әрекеттің жемісі деуге болады. Өйткені Шейхилік, Имамия ағымының он екінші имамының жоғалуынан кейін басталған «Ғайбет-и Кубра» (Үлкен жасырынушылық кезеңі) кезеңінде шииттердің Аллаһтың өкілі қызметін атқарушы имамдарымен байланыс құра алатын және оған ашылатын қақпа (баб) мағынасындағы бір «кемелденген шииттің» барлығы сеніміне негізделеді. Бабтың ізбасарлары бұл діннің шығуының пайғамбарлықтың жалғасатынынан, уахидің үзілмейтіндігінен деп көрсетеді. Сондай-ақ Бабтың ойынша, шариғат әрбір мың жылда өзгеріп отырады. Бұл түсінікке қарағанда, бабилік Исламнан мың жылдан кейін пайда болды. Демек Мұхаммед Пайғамбардың әкелген діні, яғни Исламнан кейін тағы бір дін ортаға шығып отыр. Мұның шығу себебі: VІІ ғасырда келген Ислам діні ХІХ ғасырдағы өмір талаптарына жауап бере алмайды. Ислам дінінің әкелген үкімдері ескірген. Егер шариғат әр мың жылда өзгеріп отыратын болса, онда Мұхаммед те соңғы пайғамбар болып саналмайды [4].
Алайда Имамия ағымына жататын немесе жатпайтын бүкіл Ислам ғалымдары оның бұл пікірлеріне қарсы шықты. Бірақ жақтастары бұл ғалымдардың айтқандарына құлақ аспады. Баб болса жақтастарына дем бере отырып, бүкіл халықты Ислам ғалымдарына қарсы қоюға әрекет жасады. Баб Ислам дінінің тірегі болған бес уақыт намазды және басқа да шариғатпен бекітілген үкімдерді жоққа шығарады. Осыдан барып оны үкімет өлім жазасына кеседі. Бабты өлім жазасына кесу 1850 жылдың 9 шілдесінде жүзеге асырылды. Ол кезде небәрі 32 жаста болатын.
Баб өлді, бірақ шәкірттері арасынан екі кісіні алдын-ала таңдап қойған болатын. Бұлардан бірі Субх-и Азал; екіншісі Бахаулла еді. Бұлардың екеуі де Ираннан қуылды. Субх-и Азал өзіне Кипрді мекен етсе, Бахаулла Едирнеде тұрақтады.
Бахаулланың ұстазы Баб 9 шілде 1850 жылы Тебриз қаласында өлтірілгеннен кейін, Иранда бабилерге қарсы қатаң саясат жүргізіледі. Бұл оқиғадан сескенген олардың бірқатары 1851 жылы сақтану мақсатында Иракқа қоныс аударады. Бұдан кейінгі біршама уақыттан соң Бахаулла қайтадан Тегеранға оралады, бірақ бұл жерде Баб және өлтірілген бабилердің кегін алу мақсатында 1852 жылы 2 тамызда Иран шахы Насреддин Шахқа қарсы жүргізілген табыссыз қастандық әрекеттерінің салдарынан Бахаулла да басқа бабилермен бірге тұтқынға алынып, түрмеге жабылады.
Бахаулланың миссиялық әрекеті 1852 жылдың тамызында Тегеранның жерасты түрмесінде басталады. Оның шын аты – Мырза Хусейн Али. Бахаулла 1817 жылы 12 қарашада Тегеранда ақсүйектер жанұясында дүниеге келеді. Оның әкесі мемлекеттің бас министрі лауазымын атқарған Нурдан шыққан Мырза Аббас болып табылады. Мырза Хусейн Алиді Бахаи әдебиеттерінде ешқашан мектептің немесе колледждің табалдырығын аттамаған, үйде ғана аздаған білім алған деп айтады. Бұл пікір қисынға келмейді. Өйткені ақсүйектер жанұясына жататын, сарайда тәрбиеленген адамның білімсіз болуы мүмкін емес жағдай. Бұл оның жолын қуушылардың асыра дәріптеп көрсету үшін айтқандары болуы мүмкін. Әкесі қайтыс болған кезде, парсы үкіметі оған әкесінің орнына отыруды ұсынады. Егер ол оның жақтастары айтқандай еш жерден білім алмаған болса мұндай лауазым ұсынылмас еді. Бұл әңгіменің астарында көсемдеріне «қасиеттілік» сипат беру жатқандығы сезіліп тұр.
Баб өзін жария еткен 1844 жылдың жазында 27 жасқа толған Бахаулла оның ілімімен таныса бастайды. Сөйтіп, осы қозғалыстың ең беделді, қаһарман басшысы ретінде танымал болды. Бахаулла Бабтың өзімен еш кездеспеген. Молла Хусейн арқылы Бабтың жазбалары жазылған орама қағаздар арқылы оның ілімімен танысқан. Мырза Хусейн Али бабилермен қарым-қатынаста болып қана қоймай, оларға материалдық көмек те беріп отырған. Оларды қуғын-сүргін кезінде сенімді жерлерге жасырып отырды. Тікелей Мырза Хусейн Алидің өзі бабилердің қалғандарын Тебризден Тегеранға көшіріп, бас сауғалайтын жер тауып берген.
Түрмедегі 4 айлық тұтқындықтан кейін орыс және ағылшын елшілігінің арқасында Бағдатқа жер аударылады. Бұл жерде он жылдай тұрады. Бұлардың Бағдаттағы діни ілімдерін насихаттау жолындағы әрекеттері кейбір адамдарға ұнамады. Олар ғалымдар мен сол жердегі жергілікті халықтар болатын. Олар Бахаулла мұсылман дініне тіл тигізіп жүр, парсы имиджіне жағымсыз әсер етуде, сондықтан оны көз көрмес, құлақ естімес жерге жер аудару керек деп шахқа бірнеше мәрте арызданады. Мұны парсының басшысы қолға алды. Бахаулланың әрекетін жою үшін парсы және түрік үкіметі күш біріктіріп оған қарсы шықты. Сонымен екі мемлекеттің келісімі мен парсы үкіметінің өтініші бойынша түрік үкіметі Бахаулланы Стамбулға жер аудару туралы үкім шығарды. Осы арада ол достарымен бірнеше күн қоштасу жиналыстарын өткізеді. Осы күндердің бірінде Баб айтып кеткен Аллаһтың жіберген адамы өзі екенін жариялайды.
Бахаилердің пікірінше, Бахаулла – Аллаһтың ең ұлы елшісі. Оның әкелген үкімдері бүкіл әлем үшін келген және оның үкімі ең аз дегенде мың жыл бойы өз кереметтілігін көрсететін болады. Сондай-ақ Китаб-и Ақдас кітаптардың ең бастысы және оны әркім мойындауы керек дейді [5].
Бахаулла Стамбулда төрт айдай жақтастарымен бірге тұтқында болады. Сосын Едирнеге жер аударылады. Ол жерден де өз араларындағы жанжалдың ұшығып кетуіне байланысты Аккаға жер аударылады. Бахаулла 1892 жылдың 28 мамырында Аккада безгекпен ауырды да, 75 жасқа толған шағында өмірден өтті. Ол қайтыс болған соң, бахаилердің айтуынша, тоғыз күн өткен соң отбасының басқа мүшелерінің және бірқатар достарының қатысуымен Бахаулланың үлкен ұлы әкесінің қалдырған өсиет хатын ашып мазмұнын жария етті. Өсиет бойынша, Абдул-Баха әкесінің тікелей мұрагер – ізбасары, оның ілімінің түсіндірушісі болып белгіленгендігі, Бахаулланың отбасы, туыстары және дінге сенушілердің барлығы оған бағынуға тиіс екендігі баяндалған еді. Осы нұсқаудан кейін ілімдегі діни жалтақтықтар мен жікке бөлінушілік мүлдем жойылып, тұтастық бірлік нығая түсті дейді [6].
Бахаулланың орынбасары Абдул-Баха - шын аты Аббас Эффенды 1844 жылы Тегеранда дүниеге келген. Абдул-Баха да әкесі секілді христиандарға ұнау үшін Исаның тәңірлік қасиетін мойындайды. Оның бұл әрекетіне көптеген адамдар қарсылық білдіреді. Абдул-Баханың әрекетіне қарсы болушылар түрік үкіметіне оның үстінен арыз береді. Абдул-Баха түрмеге қамалады. Бірақ ол бұл жерде де тыным таппай өз ілімін Азияға, Еуропаға және Америкаға жаюмен болады.
Абдул-Баха өмірінің соңына дейін өз уағызын жүргізумен айналысты. Ол 1921 жылы 28 қарашада қайтыс болады. Оның мүрдесі Баб пен Бахаулла жерленген Кармель тауына қойылады. Абдул-Баханың өсиеті бойынша Бахаи сенімінің басына оның үлкен немересі Шоги Эффенди отырады. Ол 1897 жылы Аккада туылған еді. Шоги Эффенди Бейрутта және Англиядағы Оксфорд Университетінде білім алады. Шоги Эффенди 1937 жылы америкалық бахаилердің Максвелл отбасының қызымен үйленеді. Бірақ оның ізін басатын ұлы болмайды. Сондықтан да ол бахаиліктің жойылып кетпеуі үшін басқару ісін «Бүкіләлемдік Әділет Үйіне» береді. Бұл әділет үйі Хайфада құрылған. Осы әділет үйі бахаилікті басқарады. Бұл «Бүкіләлемдік Әділет Үйі» әр бес жылда бір сайланып отыру арқылы басқарылады. Осылайша бахаилік ағымы қазіргі таңда «ұйымдық басқару» арқылы басқарылады.
Қазіргі кезде бұл діни ағым әлемнің 160 елінде бар. 150 Ұлттық және 20 мыңнан астам Жергілікті Рухани Мәжілістері қызмет етеді. Бахаи әдебиеттерін 25 баспахана 800-ден астам тілде шығарып отыр. Бахаилердің Табыну үйлері Вильметте (АҚШ), Франкфурт-Майна (Германия), Сидней (Австралия), Кампала (Уганда), Панама, Апиа (Батыс Самоа), Дели (Үндістан) қалаларында орналасқан. Орталық басқару органдары болып табылатын «Бүкіләлемдік Әділет Үйі» Хайфада (Израил) орналасқан [7].
Қазіргі таңда бұл заңды түрде қызмет атқарып отырған діни мекеме болып табылады. Әлемде Бахаи сенімін ұстанушылар бес миллион деп көрсетіледі. Бахаи сенімін ұстанушылардың үлкен бөлігі Иранда және азын-аулақ Ирак, Ливия, Сирия мен Палестина аймақтарында орналасқан [8]. Сонымен қатар, АҚШ пен Европада да біраз бахаилер бар. Жалпы қорыта келгенде, Бахаи ағымы Ирандағы шииттік секталардың ішінен шыққан «шейхилік» тариқатының жемісі болып табылады. Өздері айтқандай, жеке бір дін емес. Бұл ағым ислам елдерінен гөрі Европада белсенді түрде әрекет етуде. Негізінен, бұларға қолдау көрсетіп отырған осы елдер болып табылады. Өздерінің қасиетті кітабы бар. Либерализм мен демократияны жақтайды. Діни төзімділікті уағыздайды. Ұлтына және нәсіліне қарай кемсітудің кез келген түріне болсын қарсы шығады. Осы секілді пікірлерімен қолдауға ие болып жүр. Халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан.
Бахаилік өзіндік бір діни жарлықтар ортаға қойғанымен, бұл негіздерінің басым көпшілігін ескі діндерден, әсіресе, христиандық пен исламнан алған. Шииттік исламның шейхилік тариқатындағы пікірлер бахаилікте жаңа бір сипатқа ие болып, шииттердің Махди сеніміне, Құранның аллегориялық түсіндірмелері мен хуруфилікке (әріптердің сандық көрсеткіштеріне сүйене отырып кейбір тылсым сырларды ашу) сүйенеді. Осы себепті бахаилікке шииттіктің шектен шыққан, бірақ ислам негіздерімен байланысын түбегейлі жоғалтқан синкреттік сипаттағы ағымдардың бірі деп те айтуға болады.
Бахаилердің діни ілімін қысқаша төмендегідей көрсетуге болады:
А) Қасиетті кітаптар жайлы ілім: бахаилікте жүзден аса кітап қасиетті деп есептеледі. Оларды екіге бөліп қарастыруға болады: Бірінші - бұл Бабтікі, Бахаулланікі, Абдул-Баханікі, Шоги Эффендінікі және Жалпы Әділет үйінен шыққан кітаптар. Алайда Баб пен Бахаулланың кітаптары тікелей Құдайдан келген деп ерекше қастерленеді. Абдул-Баха мен Шоги Эффендінің еңбектері түсініктеме болса да қасиетті жазбалар санатына жатады. Екінші - бұл кейбір басқа діндердің қасиетті кітаптары. Атап айтсақ Библия, Құран, Бхагават-Гита. Осы кітаптар да бахаилер тарапынан қасиетті кітаптар болып табылады.
Ә) Құдай жайлы ілім: Құдайға иман келтіру, яғни сену сенімнің негізгі іргетасы болып табылады. Құдайды суреттеуге, анықтауға жасалған кез келген әрекет бекер деп есептейді. Өйткені оны толық тану мүмкін емес. Бахаи сенімі бойынша Құдай бір, жалғыз, теңдессіз, мәңгі бақи, ешбір нәрсе оған ұқсамайды. Құдай өзін пайғамбарлары арқылы танытады. Құдай көрінісі пайғамбарлар арқылы көрініс береді. Оның шәкірттері – пайғамбарлар. Құдай олармен кездеседі. Және құлдары үшін пайғамбарлары арқылы көрінеді. Сонда пайғамбарлармен сөйлескен адам Құдаймен сөйлескендей болады. Сондай-ақ Баб өзінің тәңірлік қасиетке сай болғандығын (тәңірдің өзінде көрініс бергенін) айтқан, сол сияқты Бахаулла да Құдай тарапынан сайланған пайғамбар екендігін алға тартқан. Бахаулланың шәкірттері «Баха нағыз тәңір еді» және 1852 жылы «Алла-Баханың денесіне өтті», сосын «Бахаулла» өзін жария етті дейді. Тәңірдің көптеген есімдері бар. Ең басты есімі - Баха (арабша: жарық, нұр, даңқ). Сондай-ақ оны: Вишну, Шива, Иегова, Аллах деп айтуға болады, бірақ пайғамбарлар атымен болмайды. Мысалы Кришна, Будда немесе Христос секілді.
Б) Пайғамбарлар жайлы ілім: бахаилердің сенімі бойынша, пайғамбарларға Нәби және Расул деумен қатар «Мәзахири-Илахие» (Тәңір көрінісі) деген есім де беріледі. Сенімдеріне қарағанда, Тәңір құлдарына көріну үшін пайғамбарларға мұқтаж дейді. Бахаулланың пікіріне қарағанда, пайғамбарлардың екі қасиеті бар. Біріншісі – адамдық қасиеті: жейді, ішеді, ұйықтайды және өледі. Екіншісі – оның тап-таза, пәк, сәулеленген, нұр шашқан айнадай болуы. Бұл тәңірлік қасиет болып есептеледі. Онымен сөйлескенде кұдаймен сөйлескендей, оған сәжде еткенде құдайға сәжде еткендей боласың.
В) Рух жайлы ілім: бахаилер адам өлгенде рух тәннен айырылады дейді. Рух денеден айырылған соң да өмір сүруін жалғастыра береді және ол тәңірге ұласады. Рух тәнді қажет етпейді, бірақ тәнге өмір сүру үшін Рух қажет. Егер адам көру, есту қабілетінен, не қолынан, аяғынан айырылса, бірақ жанын сақтаса, ол өмір сүріп, Құдайдың жақсы кереметтерін көрсете береді. Бұл айтылғанға қарсы, нағыз жетілген тәннің өзі Рухсыз өмір сүре алмайды. Рух әлемінде ең төмен деңгейге қайтып оралу деген болмайды. Пенделер әлемі қайшылықтар мен қарама-карсылықтарға толы. Қозғалыс заңына бағына отырьп, мұнда барлық нәрсе дамиды немесе керісінше кетеді. Ал, рух патшалығында кері шегіну мүмкін емес, онда қандай да болмасын қозғалыс міндетті түрде анағұрлым жетілуге әкеледі. «Өрлеу» - материя әлеміндегі рухтың көрінісі.
Г) Ақырет жайлы ілім: Бұл ілімнің ерекшелігі сол – бахаилер үшін «жұмақ» пен «тозақ» белгілі бір орын емес, жағдай болып табылады. Жұмақ – бұл Құдайға жақын болу, ал одан алыстау – «тозақ». Бұл жағдайлар осы өмірде және оның артынан келетін арғы өмірде де жалғасын табады. Бахаулла мен Абдул-Баха бұрынғы бірқатар діни жазбаларда келтірілген жұмақ пен тозақтың сурет-бейнесі, әлемнің жаратылуы жөніндегі Тәурат әңгімелері сияқты рәміздік маңызға ие, бұл нақты сурет емес деп түсіндіреді. Бахаи ілімі бойынша, жұмақ – кемелдік жағдайы, ал тозақ – кемелсіздік, жетілмегендік жағдайы. Жұмақ – Құдай еркімен тілектес болу, тамұқ – мұндай келісімнің болмауы; жұмақ – рухани өмір күйі, тозақ – рухани өлім күйі. Адам бұл дүниелік тірлігінде де жұмақта немесе тозақта болуды басынан кешіруі мүмкін. Жұмақ рахаты – рухани рахат , тозақ азабы – осы рахатқа бөлене алмау.
Д) Бахаи ұйымына кіру ережелері: Ұйымға кірудің төмендегідей ережелері бекітілген: Біріншіден, ұйымға кіруші әрбір адам өзіне мына үш сұраққа жауап беру керек: 1. Бахаулланы заманымыздың пайғамбары ретінде мойындай ма? 2. Бахаиліктің негізгі діни ілімдерін қабылдай ма? 3. Бахаиліктегі басқару жүйесіне қанағаттана ма? Екіншіден, таяу арада болатын жиналыста, әрине, егер үміткер барлық үш сұраққа болымды жауап қайтарса, ол орнынан тұрып көпшілік алдында «Өзімді Бахаи деп жариялаймын» деуі керек. Осылайша бахаилікке мүше болу мейлінше жеңілдетілген.
Бахаилік ағымында да басқа діндердегі секілді атқаратын кейбір ғибадаттары мен бұйрық-жарлықтары бар. Негізгілері мыналар болып табылады:
Намаз: Бахаулла діни ғұрыптарды мейлінше жеңілдеткен. Ол үш түрлі намазды міндетті деп бекіткен. Әрбір 15 жасқа толған ер бала және қыз бала осы үш намаздың ішінен біреуін таңдап алып оқуы керек. Бахаилерде намаз таңертең, түс ауа және кешке орындалады. Олар: Үлкен намаз, Орта намаз, Кіші намаз деп бөлінеді [9].
Ораза: Жылына бір мәрте 2 наурыздан 20 наурызға дейін бахаилер күн шыққаннан, күн батқанға дейін ораза ұстайды, яғни өздерін ас пен судан тыяды. Ораза ұстаудан жасы 15-ке жетпегендер мен 70-тен асқандар, аурулар мен жүкті әйелдер және ауыр жұмыс істейтіндер мен ұзақ сапарға шыққандар босатылған. Бахаи оразасы шілденің ыстығында немесе қақаған суықта, яғни ораза ұстау қиын болатын кездерде өткізілмейді.
Қажылық: Бахаилікте қажылық тек қана ер адамдарға, оның ішінде дүние-мүлкі бар болғандарға парыз болып табылады. Бұл шарттарды орындағысы келген Бахаи ерлері қалаған уақыттарында Бабтың Шираздағы үйін немесе Бахаулланың Бағдаттағы үйін зиярат етеді. Белгілі бір уақыты жоқ.
Бахаилердің ұйымдық құрылымына келетін болсақ, оларда дінбасылық жоқ. Бахаи жамағатын басқару жүйесі, олардың қызметі тұрғылықты жердегі Бахаи үлкендерінің сайлауы нәтижесінде (жасырын түрде) тағайындалған тоғыз адам арқылы жүргізіледі [10].
Бұл кеңестер (тоғыз адамнан тұратын) Бахаулла жазбаларында айтылған. Ол мұны «Әділет Үйлері» деп атаған. Қазіргі кезде Жергілікті Рухани Кеңестер немесе Жиналыстар деп аталады. Жергілікті жердегі ересек, жасы үлкен бахаи ерлері мен әйелдері бұл кеңеске өз кандидатурасын ұсына алады. Сайлау әр жылы 21 сәуірде өткізіледі. Он тоғыз күнде бір мәрте жамағат құдайға құлшылық ету үшін, ұйымдағы кейбір мәселелерді шешу, сондай-ақ бауырмалдық қатынасты күшейту үшін жиналып тұрады. Жергілікті Рухани Жиналыс бахаилердің жергілікті жерлердегі қызметін, жұмысын қадағалайды. Бұл жиналыс тоғыз адамнан тұрады. Олар қоғамның ересек мүшелері арқылы жыл сайын Рызван мерекесінің алғашқы күнінде (Бахаулла міндетінің жария етілген күнін атап өтетін мереке) 21 сәуірде сайланады. Сайланған мүшелердің қағаздарын Рухани Жиналыстың бұрынғы мүшелері бекітеді. Бұл жиналыстың міндеті адамдарды тәрбиелеу, балаларды оқыту, кедейлерге көмек көрсету, әлсіздерге қол ұшын беру. Соңғы санақ бойынша әлемде жиырма мыңдай жергілікті Рухани Жиналыстар қызмет етеді.
Жергілікті немесе ұлттық сипаттағы мәселені шешу міндеті «Ұлттық Рухани Жиналыстың» міндетіне енеді. Әр елдегі Жергілікті Рухани Жиналыстардың жұмысын тоғыз адамнан тұратын - Ұлттық Рухани Жиналыс байланыстырады. Бұл ұйым жергілікті бахаи қоғамдары өкілдерінен жіберілген делегаттардың дауысымен жыл сайын сайланады. Барлық делегат бас қосатын Ұлттық Конвенция теңбе-тең өкілдік қағидасы негізінде сайланған құрамнан тұрады.
Ұлттық Конвенцияның мәжілістері Рызван мерекесі кезінде 21 сәуірден бастап 12 күн бойы өтеді. Жаңа делегаттарды бұрынғы Ұлттық Рухани жиналыс бекітеді. Бұл жиналыс тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық Рухани Жиналыстың міндеті - сан тармақты бахаи қызметін үйлестіріп, реттеп, көтермелеп отыру, сондай-ақ Ұлттық Рухани Жиналыс жергілікті жиналыстарға үнемі ақыл-кеңес беріп отырады. Өзі орныққан елдегі ілімнің ізіне басшылық жасайды. Осы елдегі ілімге қатысты негізгі мәселелер (мәселен, бахаи әдебиеттерін тәржімалау және жариялау, Машриқ уль- Азкар) оқыту, сондай-ақ өзге түйінді мәселелер Ұлттық жиналыстың негізгі қызметі.
«Бүкіләлемдік Әділет Үйі». Бес жылда бір мәрте Ұлттық Рухани Жиналыстың мүшелері тарапынан жасырын дауыс беру жолымен «Бүкіл Әлемдік Әділет Үйі» деп аталатын Халықаралық жиналыстың мүшелерін сайлайды. Бұл жиналыс халықаралық бахаи қауымдастығының жоғарғы органы болып табылады және Израильдегі Хайфа деген қалада орналасқан.
Барлық іс осы ұйымның қолына беріледі. Ол «Қасиетті Нұсқаның» айқын баяндарында айтылған заңдар мен ережелерді шығарады. Күрмеуі қиын мәселелерді осы орган шешеді. Дінді – сақтаушы осы ұйымның басшысы.
«Кеңесшілер» - Бүкіләлемдік Әділет Үйі тарапынан әр бес жылда сайланатын белсенді әрі бахаилікке жан-тәнімен берілген тұлғалар. Қазіргі таңда кеңесшілер саны сексен бірге жетті. Бұлардан тоғызы аталмыш органда, Хайфада қызмет етеді. Қалған жетпіс екісі әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасайды.
«Бүкіләлемдік Әділет Үйі» әлемдік деңгейдегі мәселелермен айналысады. Бұл ұйымның шешімін мо-йындаудан бас тартқан адам іріткі, алауыздық туғызуға бейім тұратын арам ниетті, Құдай өсиетінен бас тартқан адам болып есептеледі.
Бахаилердің Құдайға құлшылық үшін жиналатын жиналыстары әдетте жеке үйлерде немесе мекемелерде, жалға алынған жерлерде өткізіледі. Алайда Бахаулла келешекте әрбір қалада Құдайды еске алатын «Машриқул-Азкар» деген орындар салынсын деп әмір еткен. Жиырмасыншы ғасырда әлемде осындай жеті орын салынды. Олар Кампала (Уганда), Чикаго (АҚШ), Панама-сити (Панама), Нью-Дели (Үндістан), Сидней (Австралия), Апия (Батыс Самоа) және Майндағы Франкфуртта (Германия) орналасқан. Ең алғашқы Машриқул-Азкар Ашхабадта салынған болатын. 1948 жылғы жер сілкінісінде қирап қалған. Бахаулланың айтуы бойынша, Машриқул-Азкар тоғыз қырлы ғимарат, ең биігінде күмбез бар, жобасы да, орындалу өнері де өте көркем болуға тиіс.
Бахаулла «Бахаилер өздері өмір сүріп отырған елге адал, шын ықыласты болуы керек» деп айтылған. Бұл бойынша олар өздерін саясатқа араласудан аулақ ұстап, мұны діни бұйрық деп білетіндерін алға тартады. Алайда кейбір зерттеушілер бахаилердің әр түрлі елдердегі қызметтерін мұқият талдайтын болса, олардың бұл айтып отырғандары шындыққа жанаспайды деп санайды. Өйткені бахаилер үшін басты негіз, Шоги Эффендінің бір хатында айтылғанындай, «Бір Бахаи үшін өз еліне және әлемге қызмет етудің ең жақсы жолы – ақырын-ақырын бүкіл адамдарды біріктіретін, бөлінушілікке себеп болып отырған саяси жүйелер мен діни нанымдарды жоқ қылатын Бахаулланың «Әлемдік Тәртібінің» орнатылуы үшін қайрат жұмсау» болып табылады [2, 75 б.].
Бұл ағымның Қазақстандағы тарихына келетін болсақ, Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардың алғашқы кездерінде Лениннің декретіне сай тұтас Түркістан Республикасы автономдық ортаазиялық республикаларға бөлініп кетті. Бұл жағдай бахаилердің бір-бірімен тығыз байланыста болуына үлкен кедергілік жасады. 1938-39 жылдары кейбір Азия республикалары мен Кавказ аймақтарынан бахаи сеніміндегі адамдарды Қазақ Совет Социалистік Республикасының қалалары мен елдімекендеріне жер аударады. Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстандағы көптеген бахаи жанұялары Петропавл, Ертіс, Павлодар, Шілік және басқа қалаларға орнықтырылады. Жалпы алғанда бахаилердің біздің елге тікелей келу тарихы осы жерден басталады.
Алматыдағы бахаи ұйымы, өздерінің айтуына қарағанда, 1975 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл ұйымның құрамында сол бұрынғы жер аударылып келген бахаи жанұялары және солардан туған балалары болды. Бұлар бахаилердің қасиетті күндері, соның ішінде, он тоғызыншы күнді ерекше атап өтіп отырған. Тікелей осы ұйымның негізінде Қазақстан тарихындағы алғашқы бахаилердің Жергілікті Рухани Мәжілісі 1990 жылы Алматыда сайланған.
1992 жылдың ақпанында қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң жобасынан пайдаланып, Алматы қаласының Жергілікті Рухани Кеңесі Әділет Министрлігінен тіркеуден өтті. Осы кезден бастап Бахаи сенімі заңды түрде әрекет етіп отырған Қазақстандағы көптеген діни ұйымдардың бірі болып табылады.
Содан бері бұл ұйым өз қатарларын жаңа адамдармен толықтырып келуде.
Бахаилер өздерінің сырт елдердегі діндестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бахаи ілімі тәуелсіздіктен бері қарай Қазақстанда айтарлықтай дәрежеде дамып кетпесе де, біртіндеп танылып келеді. Бахаилер әр түрлі ғылыми конференцияларға, әлеуметтік іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Жағдайы төмендерге қол ұшын беру, қайырымдылық іс-шаралар өткізу, көпшілікке концерттер беру, әр түрлі курстар (компьютер, ағылшын) бахаилердің діни ілімді насихаттауда басшылыққа алатын негізгі әдістері болып табылады.
1992 жылы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында бұл ағымның жергілікті Рухани Кеңестері ашылды. Ол кезде бұл кеңестер біздің елдің мына қалаларында орналасқан: Көкшетау, Өскемен, Семей, Қостанай, Рудный, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Сарыкемер, Қарағанды, Теміртау, Ақмола, Жезқазған, Сәтпаев, Шымкент және Қызылорда. Бұл ұйымдардың қызметі Алматыдағы Жергілікті Рухани Мәжіліс тарапынан бақыланып, басқарылып келеді. Әрбір ұйымның өз «шеберханалары» болады. Жастар осы шеберханаларда әр түрлі бағыттар, атап айтсақ: би үйірмелері, драма, хор айтатын топтар, ағылшын тілі үйірмелері және көркемөнер туындылары бойынша жұмыс жасайды. Жастардан құралған бұл өнерлі топтар өз ұйымдарымен қоса қала ішінде де концерттер, әр түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады [11].
2003 жылғы мәлімет бойынша, бахаи сенімін ұстанушылардың ұзын саны 1000-нан астам. Діни ілімнің ел ішінде таралуына белсенді түрде қызмет етіп отырғандар Иран, Парсы шығанағы елдері және Малайзиядан келген үгіткерлер (миссионерлер) болып табылады. Сенушілердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында 1996 жылы үздіксіз жұмыс жасайтын үш институттың негізі салынды. Олардан Ұлттығы Алматы қаласында, қалған аймақтық екеуінің бірі Қарағанды, бірі Шымкент қаласында. Бахаи әдебиеттері негізінен орыс тілінде шығарылуда [12].
Әдебиеттер:
1. Перкинс М, Хейнсворит Ф. Вера Бахаи. – М.: 1992. - С. 3.
2. E.R. Figlali. Babilik ve Bahailik . – Ankara, 1994. - 105 s.
3. Базиленко И.В. Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в). – М.: 1994. - С. 8.
4 M.E. Zehra. Mezhepler Tarihi. – Istanbul, 1993. – S. - 226-227.
5 Guney Tumer, Abdurrahman Kucuk. Dinler Tarihi. – Ankara, 1993. – S. 360.
6 Дж. Э. Эсслемонт. Бахаулла және Жаңа Дәуір. - Қазақстан Баһаилерінің Ұлттық Рухани Жиналысы, 1999. – Б. 40.
7 Абжалов С.У. Бахаи Сенімі: діни ілімі және ұйымдық құрылымы // Қазіргі заман адамының рухани ізденісі: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Алматы, 2006. − 314-319 бб.
8 Al-Mavsuatul Muyassarati Fil Adyani Val Mazahibil Muasirati. – Riyad, 1989. –S. 24.
9 Е.R. Ғіg1а1і. Саgіmizda Itikadi Islam Меzhерlегі. – Izmir, 2004. - S. 219-220.
10 Артемьев А.И. Религиеведение. – Алматы, 2002. – С. 527.
11 Бейсенов Б.К., Абжалов С.У. Бахаи Сенімі. - Алматы: Шапағат Нұр, 2006. – 80 б.
12 Иванов В.А., Трофимов Я.Ф. Религии в Казахстане. – Алматы, 2003. – С. 168.
Ахмадия: Қадиянилік немесе екінші бір аты болған Ахмадия ағымы Мырза Ғулам Ахмед Қадияни тарапынан Үндістанда ортаға шыққан мазһаб болып табылады. Мырза Ғулам Ахмед Үндістанның Пенжап аймағынан Қадиян деген қаласында 1839 жылы ағылшын отарлаушыларына адал қызметтерімен танымал болған отбасыда өмірге келеді. Ғулам Ахмедтің әкесі Мырза Ғулам Мұртаза өзіне Үндістан аумағында үлкен мүмкіндіктер жасап берген ағылшын үкіметінің аймақтағы белсенді төңкерісшілерінің бірі еді. Ғулам Ахмед Үндістанда ағылшындардың орнығуына көмектескен әкесінің қызметтерін мақтанышпен айтып отыратын болған [1].
Бұл отбасының ағылшындарға қалтқысыз қызмет етулерінің өзіндік себептері бар еді. Ғулам Ахмедтің жанұясы өте ауқатты, бай тұратын. Түпкі аталары Самарқандтан Үндістанға көшіп келіп, бүгінгі Қадиянға орналасады. Бұл жерде шаруалары оңалып, үлкен байлыққа ие болады. Алайда 19 ғасырдың орталарына қарай аймақты сихтар басып алады-дағы бүкіл байлықтарынан айырылып қалады. 1849 жылы ағылшындар сихтарды жеңіп, аймақты бақылауға алған соң, бұлардың бүкіл дүние-мүлкі, жерлері өздеріне қайтарылады. Осыған байланысты Ғулам Ахмедтің жанұясы ағылшындарға бар ықыластарымен қызмет етеді.
Ғулам Ахмед алты жасынан бастап арнайы ұстаздардың бақылауында араб тілі, парсы тілі, логика және философия дәрістерін алады. Әкесі одан іскерлікпен айналысуын талап етсе де, ол елден оқшауланып жалғыз қалуды таңдайды. 1864 жылы тағы да әкесінің қалауымен Сиялкот аймақтық сотына кіші қызметкер етіп орналастырылады. Әкесі оның заңгер болғанын қалайтын. Табыссыз өткен соттағы қызметкерлік кезеңі барысында қатынас ортасы кеңейеді. Үндістер, христиандар және басқа да әр түрлі діни топтармен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болады. Олар туралы көптеген мәліметтер жинайды және туған жері Қадиянға оралады. Бұдан кейін өзін діни ғылымдар үйренуге бағыттайды. Атап айтсақ, құран, хадис, тафсир (Құранның түсіндірмесі) және діндер саласында білімін жетілдірумен айналысады. 1876 жылы әкесінің өлімінен кейін өзіне ғайыптан хабарлар, аян келе бастағанын айтады. Осы жылы жергілікті газеттерде үндістер мен христиандарға қарсы мақалалар жазып мұсылман ортада танымал бола бастайды. Сол кездегі үндістер мен христиандардың Исламға жасаған әр түрлі шабуылдарына қарсы шығып, оларға елу томдық қарсы сөз жазатынын мәлімдейді. «Бәрахини Ахмадия» атымен урду тілінде жазылған еңбегінің Исламды қорғауға арналған алғашқы екі томын 1880 жылы, уахидің (Аллаһтан келетін хабар) әлі де жалғасуда екенін, Хз. Мухаммед Пайғамбардың жолымен жүріп отырған адамға белгілі және белгісіз, тылсым ғылымдардың есігі ашылатынын, осы жол арқылы өзіне көптеген уахи келгенін баяндаған үшінші және төртінші томдарын 1884 жылға дейін басып шығарады және осылайша аймақта аты шығып танымал бола бастайды. Бұл аралықта жанұясының борыштар болған ағылшын үкіметін мадақтауды да тоқтатпайды. 1885 жылы өзін дінді жаңартушы реформатор (мужаддид) екенін жариялайды. 1888 жылы 1 желтоқсанда Лузиянада Аллаһтың өзіне жеке бір жамағат кұруын және жақтастарының оны ресми түрде мойындаулары қажет екенін бұйырғанын айтып, он баптан тұратын діндарлық талаптарын жария етеді [2].
Ғулам Ахмед мұнымен қанағаттанбай 1891 жылы өзіне келген аяндарға қарағанда, Иса Пайғамбардың ислам мен христиандық сенімде қалыптасқан ерекше өліммен емес, кәдімгі табиғи өліммен өлгенін алға тартады. Өзін христиандар күтіп отырған Масих, мұсылмандар күтіп отыраған Махди ретінде жіберілгенін айтады. Бұған қатысты көзқарастарын «Фатхи Ислам», «Тавзих Мәрам» және «Изале Афхам» атты кітаптарында баяндайды. Бұл жерде айтылғандарға қарағанда, Иса Пайғамбар шармықта керіліп өлмеген. Өлді деп оны жерлегеннен кейін, қайта өзіне келіп жарақаттарын арнайы бальзаммен жазады. Содан Інжілді насихаттау үшін Кашмирге саяхатқа шығады. Осы жерде 120 жасында қайтыс болады және Сринагарда жерленеді. Ақырзаманда келетін Иса Масих емес, жаратылысы тұрғысынан оған ұқсайтын Мұхаммед үмметінен шыққан біреу болады. Мұсылмандардың күтіп отырған Махдиі мен христиандардың Масихы бір адам болып, ол Мырза Ғулам Ахмед Қадияни болып табылады. Ғулам Ахмед әрі Мұхаммедтің, әрі Исаның рухына ие болғандықтан бейбітшілікті жақтайды, жихадты қылышпен емес, насихатпен жасай отырып, исламды жаяды. Пікірлерінің ақиқаттығын дәлелдеу үшін келтірген айғақтары, өзіне келген аяндар мен кереметтерге байланысты оған сену, иман ету міндетті болып табылады [3].
Осындай пікірлеріне байланысты мұсылмандар мен христиандар тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырайды. Оны дінбұзар кәпір деген үкім (пәтуа) шығарады. Бұған қарамастан ол өз ілімін насихаттауды тоқтатпайды. 1902 жылы Амритсардағы бір жиналыста өзін пайғамбар деп жариялайды. Оның пайғамбарлығының ерекшелігі сол – жаңа шариғат әкелмегенінің және Мұхаммед Пайғамбардың пайғамбарлығының бір сәулесі, шағылысы екенін алға тартады. 1904 жылы Сиалкотта өзін мұсылмандар үшін Махди, христиандар үшін Масих, үндістер үшін Кришна екенін алға тартады. 1905 жылы елу том етіп жазамын деген кітабын бес томмен аяқтағанын айтады. 1908 жылы Лахор университетінде баяндама жасау үшін барған Ғулам Ахмед кенеттен келген өліммен университет салонында қаза табады.
Ғулам Ахмедтің өлімінен кейін мазһабтың басына қадиянилердің қалауы бойынша Хакім Нуреддин келеді. Алайда оның тұсында мазһабтың ішінде кейбір келеңсіздіктер бой көрсете бастайды. Бір топ оның тірі кезінің өзінде Ғулам Ахмедтің пайғамбарлығын мойындамағандардың кәпір саналатынын алға тартса, келесі бір топ бұған үзілді-кесілді қарсы шығады. Хакім Нуреддин мазһабтың бірлігін қаншалықты сақтап қалуға тырысса да, оның өлімінен кейін «Қадиян» және «Лахор» тармағы болып екіге бөлініп кетеді.
Махмуд Ахмедтің басшылығындағы Қадиян тармағы Ғулам Ахмедтің пайғамбарлығына сенбегендердің кәпір екендігін айтып қана қоймай, Махмуд Ахмедтің бүкіл әлемнің халифасы екенін де алға тартады. Пәкістан Республикасы құрылғаннан кейін, Қадиян тармағы Үндістан шекараларының ішінде қалып қояды және осыған байланысты орталықтары Пәкістанның Ребва қаласына көшіріледі. Махмуд Ахмедтің басқарушылық кезеңі өте табысты өтеді. Ол Қадиянилікті әлемге жаю үшін 1911 жылы құрылған және қырық жастан асқан әрбір Қадиянидің қатысуына болатын «Анжуману Ансаруллаһты (Аллаһ көмекшілерінің бірлестігі)» өзіне бағынышты бірлестік халіне келтіреді. 1918 жылдан бастап осы бірлестіктің негізінде үгіт-насихат, ішкі-сыртқы байланыстар, қаржы, ақпарат бөлімі сияқты бөлімдер құрады. Тағы да насихат мақсатында айлық «Review of Religions (1902 жылдан бастап)», Урду тілінде «ал-Фазл (1913 жылдан бастап)», Америкада «The Muslim Sunrise», Лондонда «The Muslim Herald» сияқты бірнеше журналдар шығарылады. Сонымен бірге Құран Мәлік Ғулам Фарид тарапынан ағылшыншаға аударылған және осы аударма негізінде Батыс және Африка тілдеріне тәржімаланған [4].
Басым көпшілікті құрайтын Қадиян тармағы қазіргі таңда төртінші халифа болып сайланған Мырза Тахир Ахмедтің 2003 жылы қайтыс болуына байланысты бесінші болып Мырза Месрур Ахмед қадиянилердің көш басшысы болып отыр [5].
Лахор ахмадилеріне келетін болсақ, олар сан жағынан Қадиян тармағынан көп емес. Алайда діни ілімді насихаттау тұрғысынан әлдеқайда белсенді қызметтер атқаруда. Ең алғашқы басшылары Мухаммед Әлидің 1917 жылы аяқтаған Құран аудармасының ерекшелігі сол – рационалистік бағытта қаламға алынған еді. Мұнымен қоса, оның және достарының Лондон, Берлин және Индонезиядағы қызметтерінің арқасында Исламды насихаттау жұмыстары табысты болған. Урду, неміс, ағылшын тілдерінде шығатын журналдары бар. Лахор тармағы Ғулам Ахмедтің пайғамбарлығы туралы ешқандай пікір білдірмейді, оны тек қана дінді жаңа қырынан түсіндіруші бір мужаддид ретінде қабылдайды. Өздерін исламның қорғаушылары және таралуы үшін қызмет етушілер деп көрсетеді.
Қадиянилер Пәкістан Республикасының құрылуымен бірге биліктің маңызды сатыларына дейін көтеріледі. Қадиян тармағының пайғамбарлық туралы көзқарастары, қылышпен болатын жихадты жоққа шығарулары және Ғулам Ахмедке сенбегендердің кәпір болып діннен шығатындығы туралы ислам теологиясы тұрғысынан шектен шығушылық болып саналатын пікірлерімен Пәкістандағы мұсылмандар арасында наразылықтар тудырып қақтығыстарға себеп болады. 1953 жылдың басындағы көтерілісті әскердің күшімен бастырып, іс сотта қаралуға жіберіледі. Нәтижесінде Қадияниліктің екі тармағы да (Лахор және Қадиян) Пәкістан парламентінің 7 қыркүйек 1974 жылғы алған шешіміне сәйкес «Ислам сыртындағы азшылық» деп қабылданады және Пәкістан конституциясының 260-бабына қосылған қосымшадағы «Хз. Мухаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенбейтін және мұндай көзқараста болған адамды пайғамбар немесе дінді жаңалаушы мужаддид деп таныған адам конституцияның және құқықтың мақсаттарына сәйкес мұсылман емес болып табылады» деген үкім негізінде Пәкістандағы қадиянилік әрекеттер қатаң бақылауға алынады. Пайғамбарлық, махдилік және жихад туралы көзқарастарынан басқа діни дүниетанымдары ислам негіздері тұрғысынан сунниттік сипатта. Амалда Қадиянилер Ханафи мазһабының негіздерін ұстанады [6].
Қадиянилердің негізгі діни көзқарастары көбіне Ғулам Ахмедтің тұлғалық қасиеттерімен байланысты болып келеді. Ғулам Ахмед 1885 жылдан бастап кейбір тәңірлік міндеттерді орындаумен міндеттелгенін алға тарта отырып мужаддид екенін жариялайды. Содан кезегімен Масих, Махди, Пайғамбар және Кришна екенін ортаға қояды. 1904 жылы Сиялкотта Аллаһтың өзі арқылы мұсылмандар, христиандар және үндістердің ағылшындарға жеңілуін қалағанын білдірген Ғулам Ахмед үндістер үшін Вишну құдайының екі қасиетінен бірі және адамның Құдайды тануы үшін делдал қызметін атқаратын Кришнаның аватарасы екенін айтады. Оның ойынша, Кришна мен Махди екеуі бір нәрсе. Осыған байланысты үндістер мен мұсылмандардың арасында есім айырмашылығынан басқа ерекшелік жоқ. Ғулам Ахмедтің бұл көзқарастарымен сол кездегі Үндістан аумағындағы діндерді өз айналасына біріктіруді көздегені аңғарылады. Қадиянилерде иман дегеніміз – Аллаһқа, пайғамбарларына және олардың әкелген хабарларына сену, жүрекпен бекіту, тілмен қайталау және қайырымды істерді жасаудан тұрады. Иманның қарсы мағынасы болып табылатын «күпірлік» мәселесінде Қадиянилер, әсіресе, Лахор Ахмадилері өте мұқияттылық танытады. Олардың ойынша, «күпірлік» - пайғамбар әкелген ақиқатты жоққа шығару. Мұсылмандық, бағыну, берілу, мойынсыну дегенді білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір жаман іс-әрекет пен мойынсынбаушылық та күпірліктің бір бөлшегінен саналатындықтан, бір мұсылман да бір күпірлік әрекетіне барып қоюы мүмкін. Мұсылман мен кәпірді, яғни иман еткен мен күпірліктегі адамды айыратын нәрсе – Аллаһтың бірлігін және Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдау немесе жоққа шығару. Осыны қабылдап, тілімен айтқан біреуді Ислам бауырластығынан шығаруға ешкімнің хақы жоқ» [7, 192 б.].
Қадиян ахмадилері бойынша, күпірлік екі түрлі болады. Біріншісі: шариғат әкелген пайғамбарды жоққа шығару арқылы күпірлікке түсу, екіншісі үмметтің пайғамбарын (Ғулам Ахмед) жоққа шығару арқылы күпірлікке түсу. Мұхаммед Пайғамбар жаңа шариғат әкелгендіктен, оны жоққа шығару адамды күпірлікке түсіріп, Исламның шеңберінен шығарады. Алайда бір адам Мұхаммед Пайғамбарды мойындап, Құранды Аллаһ сөзі деп қабылдаса, бірақ Мәсіхке (құтқарушы) сенбесе, ол адамның күпірлігі оны Исламнан шығармайды. Оның күпірлігі тікелей жасалған күпірлік болып саналмайды [7, 193 б.].
Ғулам Ахмед ізбасарларына мүмкіндігінше саясаттан ұзақ тұруларын, өздерін ондай істерден жоғары ұстауын насихаттағанымен, бұл теориялық деңгейде қалып қойған. Әр діни жамағатта болғандай олар да азды-көпті саясатпен айналысып, өздерінің саяси көзқарастарын ортаға салып отырған. Олардың ойынша, саяси және діни өкілеттікті білдіру үшін халифат сөзі қолданылып, Ислам әлемінің діни басқару жүйесі деген мағынаға келеді. Әркім халифа бола алады, тек басты шарт діндар болуы қажет. Халифат шариғатпен байланысты мәселе болғандықтан, қоғам халифасыз бола алмайды. Қоғам сөзінен бүкіл ислам қоғамы ұғынылмауы керек. Халифалықты бір жерге жинап, бір орталықтан басқару мүмкін емес. Сондықтан халифат «Ұлттық» немесе «Ислам Үкіметі» түрінде болуы мүмкін. Лахор және Қадиян тармақтары бұл жүйенің сайлау арқылы жүзеге асырылатындығы жайында бір көзқараста. Халифа немесе мемлекеттің міндеттері мыналардан тұрады: Елдің абыройы мен қауіпсіздігін қорғау, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, ұлттық білім беру жүйесін құру, ішкі байланыс және қатынас жолдарын жасау, елді және халықты барлық бағытта дамыту, пайыздық өсімге тыйым салу, байлықты әділетті түрде үлестіру, халықаралық қатынастарды реттеп, «халықаралық қақтығыстар мен соғыстарға себеп болған жағдайларды шешу арқылы Исламның мақсат еткен әлемдік үкіметін» құру стратегиясын жүзеге асыру болып табылады.
Қадиянилердің жихад туралы пайымдарына келер болсақ, Құрандағы қолданысына қарай жихад сөзі «жеткілікті болу, билік, күш» деген мағыналарға келетінін айтады және қарсысындағы дұшпанмен, сайтанмен және адамның өз нәпсісімен (дүниелік қалауларымен) күресі деп үшке бөледі.
Бұлардан біріншісі мұсылмандарға Исламның алғашқы жылдарында Мәдинаға хижра (көшу) жасаған кездерінде өздерін қорғау және әділетсіздікке қарсы тойтарыс беру үшін бұйырылған жихад болып табылады. Мұсылмандар Аллаһ жолында болу және шектен шықпау шартымен дұшпанмен соғысады.
Екінші жихад түрі – Құранмен жасалатын жихад. Бұған байланысты Құранда «Сен кәпірлерге бағынба және мынамен (Құранмен) оларға қарсы жихад жаса, соғыс (Фурқан, 25/53)» деп бұйырады. Бұл аят бойынша, нағыз жихад Құранның бұйрықтарын насихаттау, оны таныту үшін тырысу болып табылады.
Үшінші жихад болса, Құранда «Жихад еткен тек қана өзі үшін жихад еткен болып саналады (Анкабут, 29/6)» деген мағынадағы жихад. Бұл аятқа сүйене отырып, ең үлкен жихад адамның өз қалауларымен, яғни нәпсісімен болған күресі болып есептеледі.
Жихадтың Құрандағы қолданысынан шығатын түйін Исламда қылыштың қолданылуы белгілі шарттарға негізделген және дербес әрекет етуге рұқсат берілмеген. Ислам бейбітшілік діні болғандықтан соғысқа тек соңғы сәтте ғана жүгіну қажет. Мұнымен қоса, «дінде зорлық жоқ». Осы тұрғыдан алғанда, Ислам тарихында дамулар қылышпен жүргізілмеген. Осыған байланысты Ғулам Ахмед жихадқа Исламның насихатталуы үшін емес, нәпсіні тәрбиелеу жолындағы күрес деп қараған. Осылайша ол діннің қылышпен жайылуын жоққа шығарады. Бұған байланысты Ғулам Ахмед былай дейді: «Мұсылмандар, қылышпен жихад жасауға имандарының бір бөлігі ретінде қарайды. Құранда Исламды насихаттау үшін жихад жоқ. Жихадқа нәпсіңді (өзіңді) қорғау үшін рұқсат берілген. Оның үстіне Қадиянда туылған бір Мәсіх ретінде қан төге алмаймын, тіліммен әділдікті орнатамын. Сонымен қатар, Құран және Хз. Мұхаммед Пайғамбар Исламды насихаттау жолында күш қолдануға тыйым салған. Оның үстіне қылышпен жихад жасау заманы өтіп кетті. Қалам, дұға және үлкен керемет көрсетумен жасалатын жихадтан басқа жихадтың жолдары қалған жоқ [7, 204 б.]».
Осы тұрғыдан Ғулам Ахмед өмірін «жихадтың қарумен болатындығы» туралы жалпы ұстанымды жоққа шығаруға арнағанын және 1882 жылдан бастап «отыздан астам еңбегінде жихадтың тыйым салынуын және бос нәрсе екендігін айтумен ағылшын үкіметіне деген адалдығын көрсеткенін» тілге тиек етуде және бұл кітаптардың Ислам әлемінің түкпір-түкпірлеріне таратылғандығынан, ағылшын үкіметінің қайырымдылығы мен әділеттілігінің мадақталғанынан сөз етеді [7, 204 б.].
Ғулам Ахмедтің жихадты осылайша түсіндіруі негізінен Үндістандағы отаршылдық саясатын бекемдегісі келетін ағылшын үкіметінің пайдасына жарады. Жергілікті мұсылмандардың осы түсінік төңірегінде әр түрлі көзқарастарды алға тартып, тәуелсіздік жайлы армандарын жихад түсінігіне сүйеніп жүзеге асыруды көздеген әрекеттерінің Ғулам Ахмедтің жоғарыдағы пікірлерімен нәтижесіз халге келуі ағылшын отаршылдары үшін таптырмас жайт болды. Ғулам Ахмед ағылшын үкіметінің қолдауымен пікірлерін еркін түрде насихаттап, ол үшін өзі және жақтастары қомақты сыйлықтар алып отырды [7, 205 б.].
Жалпы қорыта келгенде, Қадиянилік өздерін Ислам жолындағы мазһаб ретінде танытқандарымен, діни ілімдеріндегі ерекшеліктеріне сәйкес, әсіресе, пайғамбарлық туралы көзқарастарымен Ислам сенім жүйесіне түгелдей қайшы келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қадиянилік ағымын бастауын Исламнан алатын, діни ұстанымдарындағы ерекшеліктеріне байланысты исламмен байланыстары үзілген синкреттік сипаттағы діни бағыт деп қабылдауға болады.
Ахмадия ағымының орталығы Лондон қаласында орналасқан. Қазіргі таңда Пәкістанды қоса алғанда Европа, Америка және аз мөлшерде Африкадағы қадиянилердің немесе басқа бір атауы ахмадилердің жалпы саны екі миллион төңірегінде болып табылады. Негізгі қаржы көздері ұстанушылардан жиналған зекет, айлық өтем ақылар және өлген адамның дүниесінің оннан бір бөлігінің мазһаб бірлестігіне берілуіне сүйенеді. Қадияниліктің екі тармағы да әр түрлі деңгейдегі үгіт-насихат істерін жүргізіп, діни ілімнің жайылуында қайрат жұмсауда.
Ахмадия немесе келесі бір атауы Қадиянилік ағымы Қазақстанда (Алматы қаласында) Пакистандық миссионерлердің ықпалымен 1994 жылы Әділет Министрлігінде тіркеледі. Ағымның толық атауы – Қазақстан Республикасының «Ұлттық Ахмадия Мұсылман Жамағаты» деп аталады. Бұл ағымның сол кездегі басшысы танымал жазушы, бұрынғы президент кеңесшісі Роллан Сейсенбаев болды [8]. 1998 жылы Алматы жамағатының Шымкент қаласында бір бөлімшесі тіркеуден өтеді. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан Ахмадия ағымынан республика мұсылмандарының сақтануы керектігіне, елдің, халықтың тұтастығына қауіп төндіріп жатқандарына және ортодоксальді исламмен ешқандай байланысы жоқ екендігіне байланысты пәтуа шығарылған [9].
Соңғы уақыттарда Бұқаралық Ақпарат Құралдарында ахмадилерге ауыр айыптаулар тағылуда. Мысалы, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Еркін қажы Дуанаев бұл ағымды ашық түрде әл-Қаиданың бөлімшесі деп жариялады. 2005 жылы Қаржы полициясы мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тарапынан бақылау нысанына алынған ахмадилердің өте үлкен мөлшерде қаржы айналымдарын жасағандығы анықталған. Ахмадия діни ілімін жақтап кандидаттық диссертация қорғалды және ғылыми ортада үлкен пікірталастар тудырды. Диссертант, ахмадия ағымының заман талабынан туғанын және оның ислами құндылықтарды теріске шығармайтынын айтып, оларға қатысты бүкіл айыптаулардың негізсіз екендігін тұжырымдайды. Сонымен қатар, бұл ағымның Қазақстандағы ұстанушыларының саны арта түсетіндігіне сенімді екенін айтады. Аталған диссертация қорғалатын мерзімнен екі апта бұрын ҚМДБ-ның наиб муфтиі Хусейн қажы Алсабеков қорғау өтетін мекеменің басшысына хат жолдайды. Ол хатта Ахмадияның антиисламдық сипатта Үндістандағы уаххабилер мен христиан-протестанттар тарапынан ортаға шығарылғанын, олардың тарихында мұсылмандарға қарсы бағытталған қан төгу, тонаушылық, террор, төзімсіздіктен басқа нәрсенің болмағандығы баяндалады [10].
Бұл ағымның осыған дейінгі Қазақстандағы басшылары Пакистандық Музаффар Ахмад деген азамат болған. Бұл адам ұйымның есеп шоты арқылы Пакистанға заңсыз қаржы аудару арқылы Қаржы полициясының назарына түскендіктен қашып кеткен. Қазіргі таңда ресми түрдегі басшысы жазушы Роллан Сейсенбаевтың жиені Айдар Шакен деп айтылады. Алайда іс жүзінде Хасан Тахир Бухаридің билігі жүретін көрінеді [11]. Әдебиеттерін негізінен орыс тілінде шығарады. Қазіргі таңда республика көлемінде ахмадилердің жүзден астам сенушісі бар деп есептеледі. Соның ішінде 70 қазақ, үндіпакистандық 20 адам, сондай-ақ ингуш, күрд, орыс, татар, ұйғыр және украин ұлты өкілдері бар [12].
Әдебиеттер:
1. Mevdudi. Kadiyanilik Nedir. – Istanbul, 1975. – S. 11-14.
2. Yasayan Dunya Dinleri. – Ankara, 2007. – S. 465.
3. Islam Ansiklopedisi. – C. 24. – Istanbul, 2001. – S. 137.
4. Turkiye Diyanet Vakfi Islam Ansiklopedisi. – C. 24. – Istanbul, 2001. – S. 138.
5. Yasayan Dunya Dinleri. – Ankara, 2007. – S. 466.
6. Ethem Ruhi Figlali. Kadiyanilik: Ahmediyye Mezhebi. – Izmir, 1986. – S. 169-184.
7. Figlai E.R. Kadiyanlik. – Ankara, 1994. – 238 s.
8. http://www.centrasia.ru
9. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынынң 2000 жылдан бастап шыққан ПӘТУАЛАР жиынтығының бір бөлігі. – Алматы: Көкжиек баспасы, 2008. – 188-189 бб.
10. http://www.nomad.su Шериева Динара. Ахмадийская защита.
11. Ахмадияшылардың алшаң басуына кім кінәлі? // Ислам және өркениет. – 2008, 11-20 қараша.
12. В.А. Иванов. Я.Ф. Трофимов. Религии в Казахстане. – Алматы, 2003. – С. 171.
Құраншылдар: Ислам дінінің қалыптасу мен даму тарихында түрлі ағымдар діни, саяси - әлеуметтік мәселелерге қатысты пайда болды.
Құраниттер ағымы XIX ғасырдың ортасында пайда болған. Бұл уақытта Үндістан Ұлыбританияның отары болатын.Ағылшын отаршылдарына қарсы, мұсылмандардың күресі тоқтаусыз жүргізіледі. Ағылшындар мұсылмандардың азаттық жолындағы күресін бәсеңдету және наразылық әлеуетін жою үшін түрлі айлалар ойлап тапты. Үндістанды тонау үшін жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы болатын барлық кедергілерді жою мақсатында мұсылмандардыңдін құндылықтарына қарсы іріткі ретінде түрлі жаңа діни ілімдерді қолдан жасап, мұсылмандардың діни сенімінің тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келтірген отаршылдар өз көздегендеріне жетіп отырды. Сондықтан ағылшындар мұсылмандардың күресін тоқтату және оларды әлсірету үшін түрлі айла ойлар табуға көшті. Мұсылмандардың сенімі мен ынтымақты өміріне қарсы шығатын түрлі топтарды дайындау билік тарапынан ұйымдастырылған қолдан жасалған діни ілімдер мен жасанды дін басылары отаршылдардың саяси мақсаттарына жетуі үшін пайдаланылды. Бұл ұстаным «Бөліп алда билей бер» атпен адамзатқа белгілі жымысқы әрекеттерідің ұраны еді. Ағылшын отары Үндістанда осы XIX ғасырда пайда болған Ахмадия және ағымды қазір әлемнің бірқатар елдерінде таралып отыр.
Исламдағы сунниттік және шииттік бағыттарға жатпайтын құраниттер ағымының негізін салушы – Каирдегі Әл – Азхар ислам университетінің оқытушысы болып қызмет еткен ғалым – Ахмед Мансұр. 1985 жылы Ахмед Мансур діни ұстанымы үшін ұстаздық қызметтен аластатылды. Дін ғалымдары оның діни көзқарасының шынайы мәнін ашып, діни ұстанымдықателікке ұшырағандығын айқындайтын пәтуа шығарды. Ахмед Мансұр – шариғат негізі мен қайнар көзі ретінде тек құран – кәрім, ал пайғамбарымыздың сүннетін, хадистер, тәпір, қияс сынды ұстанымдарды және сахабалары мен дін ғалымдарының пәтуаларын мойындайды.
Мұхаммед пайғамбардың сүннеті Құран-Кәрімге түсіндірмелер ретінде берілген қайнар көз екендігін мойындамайтын Құраншылар қазіргі кезде көпшілікке таныла бастады.
Ахмед Мансұр 1987 және 1987 жылдары Ислам әлемінің белгілі дін ғылымдарына тіл тигізгені үшін түрмеде жасырын өтеді. 1996 жылы доктор Мансұр қолдауымен доктор Саад ад-Дин Ибрахим Ибн Холдун орталығында пікірталас ашты. Бұл клубтың мақсаты мұсылмандық догматизм және діни экстремизм мәселелерін талқылау болатын. Аталмыш клуб 2000 жылы Египет үкіметінің шешімімен клуб жұмысы тоқтатылды. 2002 жылы Ахмед Мансұр АҚШ саяси баспана сұрап өтініш берді. Ахмед Мансұрдың өтініші көп кешікпестен оң жауабын алды. Соңғы жылдары доктор Ахмед Мансұр Горвард юриспруденция мектебінде «Демократияға ұлттық үлес» бағдарламасы бойынша дәріс оқыды. Ол ислам мәдениеті мен дінінің тарихы бойынша 24 кітап және 500-ден аса мақала жазған. Бұл шығармалар араб тілін де жазылған. Ахмед Мансұрдың пікірінше, «Құраншылар» және басқа мұсылмандар арасындағы айырмашылық Құраншылар Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен Сүннеттерін теріске шығарады. Құраншылардың пікірінше, Хадистер өзінің бастапқы негізіне келмейді. Хадистер дүмше кертартпа дінбасылар тарапынан бұрмаланған. Құраншылар үгіт-насихат жұмыстарын Солтүстік Вирдинияда Ахмед Мансұр және оның ұлдары негізін қалаған Халықаралық Құран орталығы арқылы жүргізіледі. Осы орталықтың сайттарында құраншылырдың дүниетанымдық ұстанымдары және пәтуалары жарияланып тұрады. Әл-Азһар университетінің беделді дін ғалымдары Ахмед Мансұр және оның сегіз жақтас пікірлестерін өлім жазасына кесті. Дерек көздеріне сүйенсек, бұл ағымды ұстанушылар саны 100 мыңнан асты.
Сарапшылардың пікірінше, батыс елдерінің қолпаштауы мен қамқорлығына сүйенген құраншылар батыс елдерінің мұсылман әлеміндегі мүдделерін қорғаудың және жүргізудің құралына айналып отыр.
Діни ілімі: Құраншылар – Құран-Кәрім аяттарының мән-мағынасын тура түсініп, астарлы мәніне бойлай бермейді. Құран құндылықтарын және ілімін хадистер арқылы түсіндірме жасаудың қажеттілігін жоққа шығарады. Құраншылар – Құранның негізгі ұстаны - Хадистерді және сүннетті жоққа шығарады. Ислам діні мен мәдениетінде, ілімдік көзқарастарында рациональды ізденістер мен логикалық ой-тұжырымдар жасау Құран аяттары мен Хадистерге негізделуі тиіс. Ислам құндылықтар жүйесі. Құаран-Кәрім және пайғамбарымыздың хадистері, белгілі дін ғалымдарының көзқарастары негізінде қалыптасып, дамыды. Хадистерді терістеу немесе күмән келтіру ислам дінінің құндылықтарын құрметтеуді білдіреді. Құран-Кәрімнің негізгі діни-сенімділік ілімдерін және рухани, ғибадаттық, әлеуметтік-қоғамдық идеяларын пайғамбарымыз хадистерімен жан-жақты, егжей-тегжейлі, адамзаттың ақыл-ойы мен парасат-пайымына ұғынықты етіп түсіндірген. Құран-Кәрімнің аяттарының діни және мәтіндерінің логикалық астарлы мағынасын түсіну үшін Мұхаммед хадистері мен сүннетіне сүйене отырып, ой-топшылаймыз. Хадистерге болмаса, Құран-Кәрімнің ілімі мен құндылықтарын алуан түрлі ойлау тәсілдері мен әдістері арқылы түсіну және болжамдар жасауды тудырар еді. Ғылыми негізге сүйенер болсақ, Хадистер – бұл ғылыми-әдістемелік түсіндірме. Намаз әдептері мен қалай оқылалатын ережелері, ораза түрлері, зекет мөлшері мен берілу жолдары, Құран-Кәрімде нақты егжей-тегжейлі көрсетілмеген.
Құраншылар заманауи жетістіктер мен өркениет көшінен мұсылман елдерінің артта қалуушылығын, мешеулігін, консервативті ой- ниеттен, хадистерді дұрыс түсінбеуді, кейбір хадистердің адам ақыл-ойы мен заман талабына сай келмейтіндігінде деп біледі. Ислам дүниесіндегі түрлі ағымдардыың пайда болуы және дүниетанымдық бағдарлардың шығуы бұл да хадистердің және олардың түсіндірмелерінің түрлі болуынан деп санайды.
Ислам дінінің ілімі, мәдениеті философиялық- дүниетанымдық ұстанымдары және рухани құндылықтары мұсылмандарды ілім-білім үйренуге және бірлік пен ынтымаққа шақырады.
Құраншылар осы сайтында мұсылмандарға есірткі саудасымен нашақорлыққы рұқсат беретін пәтуа жарияланған. Олардың пікірінше, Құранда бұларға тыйым салынғаны туралы жазылмаған. Каирдегі әл-Азһар университетінің шейхы Мұхаммед Сайд Тантауи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін тастап, тек қана Құранға жүгінуге шақырушылар- әлбетте, діннен хабарсыз, өтірікші, надан шариғаттың негізін білмейтіндер. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нақтылы келген сүннет- Аллаһ тағала тарапынан уахи етілген. Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) сүннеті Құран-Кәрімдегі үкімдерді кеңінен айқындап түсінуге көмектеседі. Сондықтан одан бейхабар болу-исламнан хабарсыз болу» - деген тұжырым жасады.
Мұхаммед Пайғамбардың хадистерін ұстану және амал ету туралы Құран –Кәрімде мынандай аяттар бар: Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса содан тыйылыңдар, әрі Аллаһтан қорқыңдар. Сөзсіз Аллаһ қатты азап иесі. (Хасир сүресі, 7-аят). Ал, біреу өзіне тура жол айқындалғаннан соң, пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ, мүмкін мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына қарай бұрамыз да тозаққа саламыз.Ол нендей жаман орын» («Ниса» сүресі, 115-аят).
Аллаһ тағала және елшісі бір іске үкім берсе, мүмін ер мен әйел үшін олардың естерінде ерікті болуларына болмайды. Кім Аллаһқа, елшісіне қарсы келсе, ашық адасқан болады. «Ахзаб» сүресі 36-аят. «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уаһи ғана. Оған оны Жәбірейіл /ғ.с./ үйретті. («Нәжім» сүресі, 34-аят). («Ей, Мұхаммед!) Құранды біз саған адамзатқа қажетті заңдарды түсіндірсін, оның мағынасына бойлатып, тағылым алдырсын деп түсірдік» («Нағыл» сүресі, 44- аят).
Құран аяттарының мән-мағынасына зер салсақ, Құран құндылықтары және Пайғамбарымыздың үкімі мен бұйрықтарын орындау мұсылмандар үшін міндет екендігі айқын түсінікті. Мұхаммед Пайғамбардың сүннетін терістеушілер шариғат негізі тек Құран ғана деп мойындаушылар туралы әл-Азһар университетінің ислам сараптама бөлімінің пәтуасы төмендегідей:
«Егер олар сүннетке амал етуді жоққа шығаруларын тоқтатпаса, ислам жамағатынан шыққан болады. Исламда белгіленген нәрсені жоққа шығарғаны үшін діннен шыққан болып есептеледі.»
Құраншылар Пайғамбарымыздан жеткен хадистердің бәрі шынайы және дұрыс екендігіне күмән келтіретіндіктерін уақыттың мөлшерге және задисті жеткізушілердің субьективті көзқарастарының болу м үмкіндігіне қатысты негіздейді.
Пайғамбарларға берілген өкілдік төртеу:
1. Аллаһтың сөзін жеткізу (пересказ)
2. Аллаһ кітабына үйрету;
3. Даналыққа үйрету;
4. Адамдарды тазарту;
Пайғамбардың міндеті адамзатты Құран бойынша өмір сүруге үйрету. Құранды түсіндіруде Пайғамбардың сөзі шешуші тұжырым болып табылады. Ол даналыққа үйретудің бірден-бір көзі. Ислам заңы бойынша адамдарды өмір сүруге практикалық тұрғыдан дайындау оған берілген. Құран –Кәрімде Пайғамбарға бағыну және оның жолын ұстану туралы ашық айқын көрсеткен . Құранда «итаъа» (бағыну) және «иттибаъа» (жолын ұстану) екі термин қолданылған. Итаъа термині Пайғамбардың бұйрықтары мен сөзіне қатысты, ал, екінші термин-оның практикалық іс-әрекеті (амалдарға) қатысты. Пайғамбарға бағыну және жолын ұстануды бұйыратын Құран-Кәрім Пайғамбардың сөзі мен амалының беделін айқындап береді. Құран-Кәрімде Мұхаммед пайғамбардың сүннетін ұстану және оның айтқандарын орындау, оның салған жолын бағдар ретінде жүруге қатысты аяттарды көрсетейік.
Бірақ, мен, Алладан әрі оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға , пайғамбарына қарсы келсе, шексіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар («Мүзәмміл» сүресі, 23-аят).
«Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. («Ниса» сүресі, 13-аят). (Мұхаммед ғ.с.). «Аллаға, Пайғамбарына бағын де». Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жо табасыңдар («Нұр» сүресі, 54-аят).
«Аллаға әрі Елшісіне бой ұсынсаңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де қуаттарың қашады дәне сабырлы болыңдар. Расында Алла, Сабырлылармен бірге «Әнфал» сүресі 46-аят».
Әй, мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір талассаңдар, оны Аллаға, Пайғамбарға ұсыныңдар. («Ниса» сүресі 59-аят.)
«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сеі би етіп, кейін берге билігіңнен көңілдеріде ақау таппайтолық бой ұсынғанға дейін мүмі бола алмайды» («Ниса» сүресі,65-аят).
Әс-Сунна (араб тілінде- жол, үлгі, әдет-ғұрып) деген мағына береді. «Хадис» ғылымының ғалымдары әс-Суннаның мағынасын айқыдаған- «Мұхаммед Пайғамбардың айтқан сөздері мен істеген амалдары, өсиеттері».
Қасиетті Құрада Пайғамбарларға бойұсыну қажеттігі туралы айқын да нақты айтылады: «Әй, Қаумым! Елшілерге ілесіңдер» деді. «Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда» («Ясин» сүресі, 21-аят).
«Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен-жексен болуды арма етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды.» («Ниса» сүресі, 42-аят.)
«Расында Алла тағала мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алланың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, Хикмет үйрететін Елші жібереді.» («Әли Ғымран» сүресі, 164-аят).
Әдебиеттер:
1. Р.Әкімбеков. Құраниттер //Иман.№7
Такфир және Хижра жамағаты: Қазіргі таңда шектен шыққан кертартпа пікірлерімен өзіне назар аудартып отырған исламдық ағымдардың бірі «Тәкфир және Хижра Жамағаты» болып табылады. Радикалды сипаттағы Тәкфир ағымы Мысыр елінде пайда болып, Таяу және Орта Шығыста дербес лаңкестік ағым ретінде әрекет етуде.
Бұл ағымның құрушылары болып Сеййид Қутубпен бірге дарға асылғандардың біреуі Шейх Абдулфаттах Исмаил мен кіші бауыры Али Исмаил және оларға қосылған Шукри Мустафа көрсетіледі. Бұл ағымды 1960 жылы студент болып жүріп саяси оқиғаларға қатысқандықтан түрмеге қамалған және 1977 жылы дарға асу жазасына кесілген Шукри Мустафа дамытып, топтың басшысы болды. Ол жақтастарымен бірге тафсир, хадис, фиқһ кітаптарынан өз пікірлерін қуаттайтын көзқарастарды шығарып, ұйымның идеялық негіздерін нақтылау жолында терең ізденістер жасады. Бұл жамағаттың көшбасшысы болған Шукри Мустафа 1965 жылы Мұсылман бауырлар ұйымының мүшесі деп айыпталып түрмеге қамалған кезінде университет студенті болатын. Алты жыл, яғни 1971 жылға дейін абақтыда жатады. Көзқарастары осы түрмелер мен зындандарда жүріп қалыптасты. Шукри жамағатты түрмеде және сыртта жүріп басқарып отырды. Өзін үлкен реформатор, дінді жаңғыртушы, мұсылмандардың күтіп жүрген Махдиі (құтқарушысы) деп санады. Оны мойындағандар, оған мұсылмандардың әмірі және Мұсылман жамағатының көшбасшысы ретінде қабылдайтындықтарына байланысты ант берді. Мустафа Шукри және оның жақтастарына 1978 жылдың наурыз айында сол кездегі Қорлардың (Уақф) министрі Мухаммад Хусейн Захабиді ұрлап, өлтірді деген айып тағылып, барлығы өлім жазасына кесіледі [1].
Шукри кез-келген істе өзінің төзімсіздігімен ерекшеленді. Оның жамағаты өз араларында және басқалармен болған сұхбаттарында өздеріне тән көзқарас, әдіс және қағидаларды басшылыққа алды. Исламның қасиетті мәтіндеріне, мұсылмандардың тарихы мен құндылықтарына деген ерекше ұстаным қалыптастырды. Олар бұл көзқарастарын өз араларында таратылған кітаптарда және кейбір басылымдарда жариялады. Тұтқындағы кезінде Шукри Мустафа әлсін-әлсін Мұсылман бауырлардың басқа жақтастарымен келіспеушіліктерге барып, дауласып қалып жатты. Өйткені Шукри Мустафа және жақтастары тәкфир (кәпірлікпен айыптау) мәселесінде өте қатаң және төзімсіз ұстанымда болумен бірге, құлшылықтарды жеке, бөлініп орындау секілді іс-әрекеттерді жасауда болатын. Бұл ағымның негізгі көзқарасын «Мысырдың сол кездегі басшысы Жамал Абдул Насрдың кәпірлігін жария ету» және осы көзқарасты «Мұсылмандарға зұлымдық жасаған әркімге қолдану» деп қорытуға болады [2].
Тәкфир жамағаты бойынша, «бұрынғы өткендердің діни ғылымдарда қалыптастырған көзқарастары мен негіздерінің ешбірін қабылдамау», ешқандай дін ғалымының айтқаны бойынша жүрмеу (тақлид) керек. Олардың ойынша, еліктеген (тақлид жасаған), біреудің көзқарасын басшылыққа алған адам кәпір саналады. Өйткені кез-келген адам, ешкімнің білімінсіз, үйретуінсіз Құран мен Сүннетті түсіне алады. Тәкфиршілер жамағаты бойынша дін ғалымдары (Факиһтар) ұғымдардың мағынасын өзгертіп жіберген. Дін ғалымдарына еру, оларды тыңдау адамдарды адасушылыққа, күпірлікке апарады. Харам мешіті (Масжидул Харам), Нәбәуи мешіті (Масжидун Нәбәуи), Ақса мешіті (Масжидул Ақса) және Куба мешітінен басқа әлемдегі барлық мешіттер тақуалық мақсатында салынбағандықтан, ішінде намаз оқу дұрыс саналмайтын мекендер болып табылады. Сонымен бірге аталған мешіттерде оқылған намаздардың да дұрыс (сахих) болуы, өз жамағаттарынан біреуінің имамдық жасауымен байланысты болмақ [3].
Тәкфир жамағатының негізгі көзқарастарын қысқаша былай түйіндеуге болады:
- Исламның міндетті саналған (парыз) амалдарынан біреуін орындамаған немесе кейбіреулерін кемшіліктермен жасаған адам мұсылман саналмайды. Бүкіл парыздарды орындап, біреуін қалдырып қойған мұсылман емес;
- Бір адамның толыққанды мұсылман болғандығы айқын түрде белгілі болғанға дейін күту керек. Оған дейін мұсылман деп айтуға болмайды. Мұсылман болудың ашық дәлелі, олардың (Тәкфир жамағатының) жамағатына қосылып имамдарына немесе оның өкіліне қол беруден (мойындап, қабылдаудан) тұрады. Кім мұны орындаса мұсылман, теріске шығарса кәпір болып табылады;
- Үлкен күнә жасаған адамды «тәкфир» яғни діннен безген деп айыптау бұл жамағаттың басты ұстанымы саналады. Бұл бойынша үлкен күнә жасап, ол әрекетін тоқтатпаған және тәубе етпеген кез-келген адам кәпір саналады. Сондай-ақ олар, (негізгі мәніне қарамастан) Алладан келген бұйрық жарлықтармен үкім бермеген басшыларды және оларға бағынғандарды кәпір санаған. Өйткені оларға бағынғандар сол күпірлік ішіндегі жағдайына ризалық көрсеткен болып есептеледі. Өз ұйымдарына қосылып, артынан шығып кеткендерді діннен безген кәпір санап, оларды өлтіруге болады, қандарын адал деп санайды. Үлкен күнә жасағандар мәңгілік тозақта қалатындығын алға тартады;
- Тәкфир жамағаты Харижиттер секілді өздерін «Мұсылман жамағаты» санап, оларға қарсы келгендерді кәпірлер деп айыптады. Жамағаттың басшысының мұсылмандар күтіп жүрген Махди екендігін, оның қолымен Ислам жеңісінің аяқталатынын және бүкіл діндерге үстем болатынын, өздерінің ақырзаман жамағаты екендіктерін алға тартты. Тәкфир жамағаты өкілдері өз жамағаттарын таңдаулы деп біліп, мұсылмандардың тарихымен және қазіргі замандағы басқа да жамағаттармен байланыстыратын ешқандай ортақ негіз жоқ дейді. Бұл жамағат өздерін Мұсылман бауырлардың тарихи бір жалғасы екендігін теріске шығарады;
- Тәкфир жамағаты өкілдері діни білімдерді үйренумен дүниелік білімдерді (олардың сөзімен айтқанда кәпірлердің білімін) үйренуді қатар алып жүру мүмкін емес деп біледі. Осыған байланысты дүниелік білімдерді үйренуді тәрк ету және олармен айналыспау қажеттігін ұстанып, адамдарды заманауи білімдерді үйренуден бас тартуға шақырды. Бұл жамағат дін мен ғылым арасындағы байланыс мәселесіндегі тар және қате түсініктеріне сәйкес ғылым және оқу-ағарту туралы көзқарастарын жүзеге асыру үшін мүшелерін институттардан, мектептерден, университеттерден және мемлекеттік қызметтерден кетуге үгіттеген. Мұны хижра жасау (дін жолындағы қоныс аудару, көшу), адамдардан бөлініп тақуалық өмір кешу, құрылымдарымен қоғамнан ажырау туралы көзқарастарын тәжірибеде жүзеге асыру мақсатымен жасаған.
Тәкфир және Хижра жамағаты бойынша Жихад, тек қана ақырзаман келгенде Мұсылмандар мен Христиандардың арасында қылыш, ат және оқпен болады. Бұдан басқа жихад жоқ. Алайда өздеріне қарсы шыққандарды өлтіруден тайынбаған бұл жамағат өкілдері Мысырда өздерінен бөлінгендердің көзін жоюмен қоса, жоғарыда айтқанымыздай Мысыр Қорлар (Уақф) министрі Шейх Захабиді де ұрлап кетіп өлтірген. Өздеріне қарсы адамдардың тізімін шығарып, оларды өлтіру үшін арнайы топтар құрған және анархияның орын алуына себеп болған. Осындай қатаң және төзімсіз әрекеттерінің салдарынан көп жақтас таппаған. 1981 жылы үлкен бір соққы алып, мүшелерінің көбі Мысырдан қашуға мәжбүр болады. Сауд Аравиясы, Ирак және Иорданияға барып орналасады [4].
«Тәкфир» ілімінің Қазақстан аумағында таралуы 90-жылдардың басына сәйкес келеді. Тәкфир және Хижра жамағатының Қазақстанда негізгі екі бағыты қызмет етеді: «Багауддин ілімі» және «Аюбиттер». Ерекше белсенділік танытып отырғаны соңғысы болып табылады.
Бұл ағымның ілімін талдау барысында байқалғаны, оның ұстанушылары үлкенді кішілі күнә жасағандарды, Алла заңдарына бағынбаған басшылар мен олардың азаматтарын діннен безгендер деп санаулары. Кәпірлер қатарына олардың іліміне қарсы келгендер мен өз қатарларына қосылмағандарды да жатқызады. Сондай ақ тәкфиршілер мешіттерге бармайды және қоғамнан тұтастай оқшаулануды уағыздайды.
Ислам ойшылдарының айтуы бойынша Тәкфиршілер ағымының басты қателігі олардың іс-әрекеттері мен өз беттерінше діни пәтуа шығаруларында және басқа адамдар туралы ой тұжырым жасау түрінде көрінеді. Бұл мәселе бойынша мұсылман ғұламалары исламға төзімділік пен орта жолдың тән екендігін бірауыздан қадап айтқан. Адамдарды діннен безген деп айыптау үшін мұсылман ғалымдары «Ислам адамның сыртқы көрінісіне, іс-қимылына қарай үкім береді, олардың ішкі жан дүниесінің тереңіне түспейді» деп айтады.
Қазақстанда кеңінен таралған ханафи мазһабының негізін қалаған Имам Ағзам Әбу Ханифаның тәкфир мәселесіне қатысты көзқарасын осы жерде айта кету орынды деп білеміз. Оның ойынша адамдар өз сөздеріне құлшылық түріне және діни нышан саналатын сыртқы киім үлгісіне қарап күпірлікпен айыпталады. Мумин (сенуші) екенін айта тұра тәңірлік сипаттарды жоққа шығарған немесе жаратылғандарға ұқсатқан, тағдырға сенбеген, Құранда анық етіп көрсетілген үкімдерді қабылдамаған, күнә жасауды дұрыс деп тапқан және Құранның бір әрпін де болса жоққа шығарған адам кәпір деп аталады. Алайда Құранды түсіндірмелеу (тафсир) немесе жорамалдау арқылы үкімдер шығарған, пайғамбарға қатысты хадистерге сүйенген кейбір ақида (сенім) негіздерін қабылдамаған адам күпірлікпен айыпталмайды [5].
Тәкфиршілердің үгіт насихаттарындағы әдіс-тәсілдері басқа ағымдарға қарағанда ерекше. Біріншіден, олар өздеріне ұнамайтын, идеологияларына қарсы келген белгілі бір адамға «тәкфирді» қолданады. Мемлекеттік органдарға қарсы олардың жүргізіп отырған әлеуметтік экономикалық және саяси бағыттағы саясаттарын, қоғамның ұлттық-мәдени құндылықтарын жоққа шығарып, өздерінің үлгісін ұсынады. Бұл ағымның мүшелері саналы түрде сыртқы әлеммен қақтығысқа барып, барынша оқшаулана түседі және осылайша өз іштеріндегі бірлікті нығайтуды көздейді.
Екіншіден, олар дінді сақтап қалу үшін «хижра» (көшу) жасауды ұсынады. Алайда діни тұрғыдан Қазақстанның қазіргі жағдайында хижра жасауға негіз жоқ. Өйткені Қазақстанда мұсылмандарды діни белгілеріне қарай қудалаушылық және заң бойынша жазалау орын алмаған. Бұл жағдайда экстремистер үшін хижраның баламасы ретінде ел аумағынан тыс жердегі әскери жихадқа қатысу хижра болып саналады. Экстремистер бұл әрекеттерін заңдастыру үшін діни негіздемесін өте шебер жасағандығы байқалады. Бір мұсылманның санасында хижра деген ұғым маңызды орынға ие. Ол 622 жылы Мұхаммед пайғамбардың дін жолындағы мәжбүрлі қоныс аударуы болып табылатын Меккеден Мәдинаға хижра жасауымен байланысты. Осылайша тәкфиршілер ағымы қоғамды дінсіздікпен айыптау және ортадан оқшаулануларын, өз айналасына шынайы сенушілерді ертіп, нағыз мұсылман қоғамын құру үшін Мекеден Мәдинаға көшкен Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекетімен түсіндіреді. Осы жәйт тәкфиршілер ағымы идеологиясының ең ұшқары тұсы болып табылады. Сондықтан да олар хижраға, яғни қоныс аударуға идеалды қоғам құру тұрғысынан үлкен мән береді.
Тәкфиршілердің ислам мемлекетін құру межелері кезең кезеңімен орындалады. Бірінші кезең діни үгіт насихат жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезең жоғарыда айтқанымыздай хижра жасау арқылы болады. Бұл кезең барысында ұйым мұсылман қоғамын құру және қару қолдануға дайындық жасау бағытында жұмыс жасайды. Осы кезде ұйым мүшелері толықтай «мұсылмандық емес» дәстүрлерден, киіну үлгісі және әртүрлі әшекейлерден бас тартып, мемлекеттік орындардағы қызметтерін тастауы және қоғамнан оқшауланып көшулері керек. Үшінші кезең ұйымның жасырын, оқшау өмір салтын тастап исламдық қоғам құру үшін ашық түрде шығуымен сипатталады. Осы жерден әрекет ете отырып тәкфиршілер ағымының негізгі міндеті қарулы жихадты жариялау болып табылады. Ұйымның сыртқы жауы ретінде Израил, ал ішкі жауы мысыр қоғамы саналады. Мысыр, тәкфиршілердің ойынша опасыз, сатқын ел және «дарул харб» (соғыс үйі) болып есептеледі.
Бұл ағым заңсыз діни білім беруді насихаттайды. Олар нағыз діни білімді өздерінің арнайы үйірмелерінде үйрену мүмкін екендігін алға тартады. Жұма намазын және мешіттердегі жамағатпен оқылатын намаздарды тәрк етуге шақырады. Өйткені бүкіл мешіттер зиян келтіретін орталықтар. Олардың имамдарының барлығы діннен безген кәпірлер. Әлемдегі жоғарыда айтқан төрт мешітті ғана мойындайды.
Тәкфиршілер ағымының басты ерекшелігі - айқын иерархиялық құрылымының болмауында. Алайда кейбір белгілері олардың әрекеттерінің белгілі бір орталықтан басқарылатындығынан хабар береді. Ол бір-бірімен байланысы жоқ әлемнің әртүрлі аймақтарында орналасқан жекелеген топтардан тұратын құрылымды бейнелейді.
Қорыта келгенде бұл ағымның мүшелерін көбіне діни сауаты жоқ, қоғамнан өз орнын табалмай жүрген адамдар құрайды. Тәкфиршілер ағымы Қазақстанның батыс аймақтарында белсенділік танытып отыр. Олардың басты мақсаттары ағымдағы тәртіп пен билік жүйесін құлатып, өздерінің ұстанымдарына сай қоғам құру. Олардың ойынша бұл қоғам «таза исламдық» қоғам болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Celi Ahmet M. A. Cagdas Haricilik Dusuncesi Tekfir ve Hicret Cemaati Ornegi. Cev. Adnan Demircan. – Istanbul, 1997. – S. 19.
2 Ecer Vehbi. Tarihte ve Gunumuzde Ihvanul Muslimin Orgutu, EUY. – Kayseri, 1992. – S. 49.
3 Сол жерде: – Б. 49.
4 Сол жерде: – Б. 50.
5 С.У. Абжалов. Ханафи мазһабының діни-философиялық негіздері. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2008. – Б. 101.
Уаххабилік: Ислам діні мен мәдениеті адамзат қоғамына және өркениетіне жалпы адамзаттық құндылықтардың жүйесін берді. Ислам діні адамзат мәдениеттерін өзара сұхбатқа және діни төзімділікке шақырады. Ислам діні түрлі саяси көзқарастар және ілімдік ұстанымдар негізінде ерекшеленеді. Әлем мұсылмандары алуан түрлі ағымдарға бөлініп, ағымдардың негізін салған дін ұстаздары және саяси басшылардың атымен аталады. Ислам дінінің тарихында уаһһабилік деп аталған діни-саяси ағым ХVІІІ ғасырда яғни 1703-1792 жылдары өмір сүрген Тамим тайпасынан шыққан шейх Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабтың есімімен байланысты. Оның ата-бабасы бағдаттық дін ғалымы Мұхаммед ибн Ханбал (780-855) негізін қалаған ханбалиттік мазһабты ұстанған. Мұхаммедтің әкесі Абдулуаһһаб, атасы және бауырлары, туыстары қазылық қызмет атқарған. Дін ғалымдарының отбасында тәрбие алған Мухаммед Мекке, Мәдина, Шам, Басра шаһарларындағы ғалымдардан ілім үйренді.
1726 жылы Мухаммед Абдул ибн Абдул Уаһһаб Рияд қаласының солтүстігінде орналасқан Хураймила кентіне қоныстанды. 1740 жылы әкесі Абдулуаһһаб өмірден озған соң, ол туған кенті Уяйнаға қайта оралып, діни уағыз-насихат жүргізеді. Уяйна кентінің басшысы Осман ибн Хамд ибн Муаммер деген адамға өз пікірлері мен көзқарастарын айтып, оны өзіне пікірлес етеді. Осман ибн Хамд Абдулуаһһабтың қатаң діни үкімдері мен пікірлерін жергілікті тұрғындарға күштеп орындата бастайды. Ол өзінің шешендік қабілетін өз ілімін бәдәуи тайпалардың арасында кеңінен тарату жолына жұмсайды.
Ол ой-пікірлері мен қөзқарастарын қарқынды тарату үшін Арабияның шығысындағы Дария елді-мекенінің елге сыйлы адамдарымен қарым-қатынас орнатады. Өз кезегінде, олар ибн Абдул Уаһһабтың сенімдік ұстанымын (ақида) өздерінің саяси мақсаттарына пайдаланып, билік жүргізетін аймақтарын ұлғайтуды көздейді. Олар ибн Абдул Уаһһабқа әскери тұрғыдан көмек беруге келіседі. Ибн Абдул Уаһһаб өз қолдаушыларына сүйене отырып, бірқатар бәдәуи тайпаларын өздеріне қаратып, әскери күшін жетілдіре түседі.
1745 жылы ибн Абдул Уаһһаб Риядтың маңындағы Дария кентіне көшіп келіп, осы аймақтың басшысы Мухаммед ибн Саудпен танысып, оның қолдауына ие болады. 1765 жылы Мухаммед ибн Сауд қайтыс болған соң орнына ұлы Абдулазиз басшы болды. Абдулазиз Абдул Уаһһабтың ой-пікірлері мен қөзқарастарын берік ұстанады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб өз ілімін қабыл алмағандарды адасушылар, мүшріктер деп санап, олардың мал-мүлкін тартып алып, өздерін өлтіруге болатындығын жариялайды. 1773 жылы олар Рияд қаласын басып алып, басқа аймақтарға да ықпал етуге ұмтылады. Мұхаммед ибн Абдул Уаһһаб жолын ұстанушылар Арабияның шығысын мекендеген көптеген тайпаларды біртіндеп бағындырып, аймақтарға өз билігін мойындата бастайды. Хижаз аймағының бірқатар тайпаларын бағындырып, Сирия аумағындағы Мазириб жеріне дейін билігі жүретін болды. Абдул Уаһһаб жолын ұстанушылар Мекке және Мәдина қалаларының дін ғалымдарымен пікір таластырады. Уаһһабшылдар бұл пікірталастарда дәлелдері мен айтқандары негізсіз болғандықтан жеңіліске ұшырады. Уаһһабшылдардың сенімдік ұстанымдары дұрыс емес екендігін мұсылмандарға түсіндіру үшін арнайы құжат дайындалып таратылды.
1791 жылы Мекке қаласының әмірі Мәулжа Шариф Ғалиб ибн Мұсағид және уаһһабшылдардың арасындағы шайқаста бейкүнә мұсылмандардың қаны төгілді. Алайда, Мекке жанын мекендеген бәдәуи тайпалары Уаһһабтың діни ілімін қабыл алып, олардың билігін мойындады.
1792 жылы Мухаммед ибн Абдул Уаһһаб қайтыс болған соң Абдулазиз ибн Сауд 1802 жылы Кербаладағы Хазіретті Хусеиннің кесенесіне жиналған мыңдаған шеиттерді қырғынға ұшыратты. Осы жылы уаһһабшылдар Тайиф қаласын басып алып, қала тұрғындарын қырып, мал-мүлкін тонайды. Уаһһабшылдар 1803 жылы Меккені басып алып, қалада екі аптадай билік етеді. Олар қабірлерді зиярат ету, әулиелер арқылы Аллаһтан жәрдем сұрауды, кез келген істе Аллаһтан басқаға сүйенгенді шірікке қосады. Мекке қаласының әмірі Мәулана Шариф Ғалиб ибн Мұсағид бейбіт халықты аман сақтау үшін уаһһабшылдармен келісімге келді. 1805 жылы Мәдина қаласын басып алып, барлық сахабалар мен әулиелердің қабірлеріне тұрғызылған мазарларды бұздырып тегістеп тастады. Уаһһабшылдар Мысыр және Шам елдерінен келетін мұсылмандарға қажылық етуге тыйым салады.
1811 жылдары Сауд әулетінің билік ету аясы Аллеподан Үнді мұхитына, Парсы шығанағынан Қызыл теңізге дейінгі аймақтарды қамтыды. 1814 жылы Сауд пен оның ұлы Абдуллаһ тұтқындалып, 1818 жылы Стамбулда дарға асылады. 1824 жылы уаһһабшылдар Рияд қаласын өз қарамағына алып, Нежд аймағын бағындыруға көшеді. Осылайша уаһһабшылдардың өздерінің діни түсініктерін тарату және билік үшін жүргізген соғыстары ондаған жылдарға созылды.
1916 жылы Сауд әулеті ағылшын билігінің қолдауымен Нежд, Хаса, Катиф, Жубаил және басқа аймақтарды өз қол астына алды. Сауд әулеті біртіндеп Хижаз аймағын өз билігіне қаратты. 1926 жылы Абдулазиз ибн Сауд өзін Нежд және Хижаз королімін деп жариялады. 1927 жылы ағылшын билігімен жасалған Жидда келісім шартынан кейін Сауд корольдігінің тәуелсіздігі жарияланды.
Уаһһабшылдық ілімі. Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабтың діни көзқарастары «Китабу таухид» «Таухид кітабы» және «Кәшфуш Шухубат» «Күмәнді нәрселерді ашу» деген еңбектерде баяндалған. Бұл еңбектер Аллаһқа серік қосу (ширк) және кейіннен пайда болған жаңа амалдар (бидғаттар) жөнінде жазылған.
Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабтың діни ілімі сунниттік ханбалиттік мазһабқа және сәләфилік қағидаттарға негізделген. Абдул Уаһһабтың негізгі ұстанымы мұсылмандарды мөлдір таза исламға шақыру. Абдул Уаһһабтың ілімі үш қағидатқа негізделеді:
1. Таухид – Бір құдайға сиыну;
2. Дінге қосылған түрлі жаңашылдықтан (бидға) бас тарту;
3. Шариғатты қатаң ұстану.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Абдул Уаһһабтың дү-ниетанымына қалыптасуына сәләфилік ұстаным ықпал етті. Сәләфилік сөзі сәләф әс-сәлихин «бұрынғы тақуалар» дегенді білдіреді. Сәләфилік – Пайғамбарымыздың сахабалары және табиғиндердің, сонымен қатар тақуа имамдардың тұсындағы мөлдір исламды қайта жаңғырту, исламды түрлі жаңашылдықтардан тазалау.
Сәләфилік ілімінің негіздері төмендегідей:
Өмір мен діннің барлық жақтарын Құран аяттары және Пайғамбарымыздың хадистерімен сәйкестендіру қажет. Осымен байланысты аят және хадистің шынайы тура мағынасы бұрмаланбауы қажет;
Барлық ұстанымдарда Пайғамбарымыздың сахабаларының әдістерін басшылыққа алу керек;
Шариғат нормаларын қатаң сақтауы қажет. Исламға негізделмеген басқаруға жол бермеу;
Исламға жаңашылдықтар қосуға тыйым салу;
Жаңашылдықтардың (бидға) жақсы не жаман болуы мүмкін емес. Ал сунниттер болса «жақсы (хасан) жаңашылдықтар» болады деп санайды.
Сәләфилік Аллаһтың сипаттарын қарастырғанда бұл ұғымдарды тікелей қабылдайды. Сәләфилер аяттарды түсіндіргенде оның тура мағынасына сүйенеді.
Сәләфилік тарихында елеулі із қалдырған көрнекті ойшыл, фиқһ ғалымы Әбу әл-Аббас Тахиуддин Ахмед ибн Әбд әл-Халим ибн Таймия (1263-1328) болды. Ол Харран қаласында дүниеге келген. Имам Ахмед ибн-Ханбал мазһабы негізінде діни білімін алды. 19 жасында ол мүфти болған. Құран және фиқһ пәндерінен сабақ берген. Ол өзінің шығармаларында мутазалиттердің, шииттердің, жабариттердің, хариджиттердің, философтардың, сопылардың көзқарастарын теріске шығарған. Оған фитна (бүлік) шығарды және теріс акида (сенім) таратты деген айып тағылып, бірнеше рет түрмеге қамалған. Ибн-Таймияның шәкірттері мен жолын ұстанушылар қатарында ибн әл-Каййим әл-Жаузия, хафиз аз-Захаби, Мұхаммед ибн-Абдул Уаһһаб болды.
Ислам дініндегі бір парыз амалды орындамаған мұсылманды кәпір деп санайтын Уаһһабтың ұстанымы барлық төрт суниттік мазһабтардың (Ханафиттік, Шафиттік, Мәліктік, Ханбалиттік) діни түсініктеріне қайшы келеді. Аталған мазһабтар бойынша, егер мұсылман иман шарттарына жүрегімен сеніп, сенімін тілімен айтып, амал етпесе, бұл діннен безіну емес. Ол тек күнә жасаушы ғана болып табылады.
Осындай мұсылман Жаратушының алдында өзі жауап береді. Тозақта күнәсін өтеген соң жұмаққа барады. Осыған байланысты бір хадисте былай делінген «Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.а.с) Алаһтың елшісі екендігіне шын жүрегімен куәлік еткен кісіге Аллаһ жәһаннамды харам еткен» (Муслим).
Уаһһабшылдар Пайғамбарлардың және әулиелердің рухынан шапағат сұраған мұсылман, әулиелердің кесенесіне және қасиетті жерлерге барып, оларды себеп етіп, дұға жасаған адам кәпір болады деп санайтын уаһһабшылдар кесене салу, аруақтардың рухына садақа атау мүшріктік деп есептейді. Мешіттерге садақа тастауға тыйым салады. Мәуліт мерекесін атап өтуге қарсы шығады.
Уаһһабшылдық сопылықты бидғат қатарына жатқызады. Сопылық сопы шейхтардың өз мақсат-мүдделеріне жету үшін ойлап тапқан жолы деп санайтын уаһһабшылдар бидғат мәселерінде қатаң позицияны ұстанып, шектен тыс кетеді: бір адамның рухына бағыштап құран оқу, сүннет және нәпіл намазын оқу, қабірді зиярат ету, мақаммен намаз оқу тәрізді нәрселерге тыйым салады.
Олардың пікірінше, Мұхаммед(с.ғ.с) заманында болмаған нәрсенің бәрі бидғат. Осының негізінде сәулетті мазарлар мен кесенелер салуға, мұндай жерлерге зиярат ету, қастерлеу күпірлік және табынушылық екендігін айтады. Сәләфишілік-мөлдір таза ислам жолын ұстанушылар, яғни Мұхаммед (с.ғ.с), сахабалар мен табиғиндер ұстанған жолды жаңғырту дегенді білдіреді.
Уаһһабшылдық – Құран-Кәрім және сүннетті негізге алатын, бірақ түсіндірме бергенде қатаң пікірді ұстанатын ағым.
Уаһһабшылдық ерекше мән берген ұғымы - тәуәссул. Олардың пікірінше, Аллаһқа құлшылық етуде әулиелер, тіпті пайғамбарлар да мұсылман мен Жаратушы арасында дәнекерші бола алмайды. Мұсылман тек Аллаһтан сұрау керек, ғибадаты мен дұға-тілегі Аллаһқа бағытталуы керек.
Хазіреті Омар құрғақшылық болған уақыттарда Мухаммед Пайғамбардың (с.а.с) немере ағасы Аббастың құрметіне Аллаһ тағаладан былай деп жаңбыр сұраған: «Аллаһым, біз сенің Пайғамбарың Мухаммедтің құрметіне жаңбыр сұраушы едік. Сен де бізге жаңбыр беруші едің. Енді сол Пайғамбарыңның немере ағасы Аббастың құрметіне бізге жаңбыр жаудыра гөр! Осыдан кейін оларға жаңбыр жауатын».
Белгілі бір тақуа адамды себеп ету, тақуа адамның құрметіне Аллаһтан мұқтаждығыңды сұрау Аллаһқа серік қосумен еш байланысы жоқ. Тәуәссулде сұралатын нәрсе Аллаһ тағаладан сұралады. Тәуәссул жасауда шариғат өлшемдері мен талаптары сақталуы керек. Тәуәссул ұғымына қатысты уаһһабшылдар сопылық (тасаввуф) ағымына қарсы келеді.
«Тәуәссулді Аллаһ Тағалаға серік қосуға апарар жол ретінде қарайтын ғалымдар да кездеседі. Әрине, қазіргі таңда осындай мәселелерді алға тартып, тәуәссулді мо-йындамайтын адамдар мен оны қабылдайтын адамдардың бір-біріне ала көзбен қарап, қызыл кеңірдек болуы дұрыс емес. Мұндай талас туғызар тармақ мәселелерде бір-бірімізге толеранттық көңіл танытып, түсіністікпен қарап, мұсылман үмметін бірлікке шақыруымыз керек» [1],-дейді дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы.
Мұсылмандар Аллаһтан мұқтаждығын сұрағанда жаратушыға серік қосып алмау үшін сақтық жасау керек.
Уаһһабшылдар қабірлерге мазар тұрғызуды, мешіт салуды, қабірлерді ғұрыптық айналуды, өлген адамдар көмегімен тәуәссул жасауды, өлген адамдардың қырқын және жылын атап өтуді, тәспі санауды бидғат деп санайды. Уаһһабшылдар исламның алғашқы негіздерін және таухид қағидасын қалпына келтіру, ислам дініндегі адамдар енгізген бидғаттардан тазарту, бойтұмар тағу, әулиелердің мазарларын зиярат ету, мәуліт мейрамын атап өту тәрізді іс-әрекеттерді тыйым салуға шақырады. Уаһһабшылдар мұсылмандардың сыртқы бет-бейнесі және жүріс-тұрысына, әдет-ғұрыптық тұстарына (қысқартылмаған сақал, қысқа шалбар, әйелдерде хиджаб және ниқаб) ерекше көңіл аударады.
Уаһһабшылдықтың таралу аймағы. Қазіргі кезде Уаһһаб ілімін ұстанушылар мұсылман елдерінде, батыс Еуропа, Африка, Азия, Ресей және Азия елдерінде де кездеседі. Қазіргі кезде уаһһабшылдық діни ұстанымнан гөрі, саяси ағымға көбірек келіңкірейді. Уаһһабшылдық Мысыр, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдеріне де таралған. Мұхаммед Абдул Уаһһаб ілімі Сауд Арабиясының ресми идеологиясы болып табылады.
Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуы. Уаһһабшылдық бұрынғы КСРО елдеріне 1990 жылдары кіре бастады. Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуына шет елдің дін уағызшылары, уаһһабшылдық діни түсінігіндегі әдебиеттер, араб елдерінде оқып жатқан студенттер және қажылық парызын орындаушылар арасында осы ағым өкілдерінің идеологиялық үгіт-насихаты, осы ағымды қолдайтын халықаралық ислами ұйымдардың қаржылай көмектері көп рөлін атқарды. Сауд Арабиясында діни білім алған жастар дүниетанымдық және психологиялық өңдеуден өтеді. Жастарға Уаһһаб іліміндегі әдебиеттер, аудио және видео жазбалар беріледі. Уаһһаб ілімін ұстанушылардың дені Сауд Арабиясында оқып келген жастар болып отыр. Уаһһаб ілімін ұстанушылар еліміздің барлық аймақтарында кездеседі.
Уаһһаб ілімін ұстанушы топтар өздерін сәләфилерміз деп атайды. Олар дастарханға бата жасау және қасиетті деп саналатын кесене мазарларға зиярат ету дұрыс емес деп санайды.
«Салафилар мұсылмандарды Аллаһтың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидғат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына қайтару, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айландырып алған» [2].
Қазақ елі үшін ынтымақ, бірлік пен татулықтың төзімділік пен түсіністіктің негізі – ата-бабаларымыз ұстанған ислам діні.
Әдебиеттер:
1. Қайрат Жолдыбайұлы «Тәуәссул» деген не? // Ислам және өркениет. – 2007. - №16
2. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 2000 жылдан бастап шыққан пәтуалардың бір бөлігі. – Алматы; 2008. - 216 б.
3. Сайид Ахмад бин Зайни Дахлан. Уаһһабилер бүлігі. Ауд.: Д. Серікбайұлы. - Алматы: Арыс, 2001-20 б.
4. Сейтбеков С. Мухаммед бин Абдул-Уаһһабтың діни түсінігі. // Ислам жән өркениет. 2006 – №14
5. Осман Қарабиық. Ислам діні. - А, 2008 -320 б.
6. Хизметли С. Орта Азия түрік республикасындағы зиянды ағымдар және миссионерлік. - Алматы:, Эверо, 2006. - 256 б.
7. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. Алматы, 2003. - 260 б.
8. Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл тәжі. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. - Алматы, 2004 ж.
9. Әділбаев А. Саңлақ сахабалар. А, 2007. - 288 б.
10. Ислам және иман негіздері. - Алматы, 2007. - 256 б.
11. Осман Қарабиық. Ислам діні. - Алматы, 2008. - 320 б.
Хизбут Тахрир экстремистік ұйымы: «Хизб-ут-Тахрир әл-ислами» ислам дінінің атын жамылған сунниттік діни-саяси партияның негізін 1953 жылы Иерусалимде (әл-Құдыста) шариат сотының қазысы, дін қайраткері Таки ад-Дин Набахани (1909-1979) салған. Таки ад-Дин Набахани Мысырдағы әл-Азһар университетін бітірген. Кейбір деректерде, оның Иорданиядағы «Әл-ихуан әл-муслимун» (мұсылман бауырлар) діни-саяси террористік ұйым жетекшілерінің бірі болғандығы айтылады. Ақидаға (сенім мәселесіне) қатысты мұсылман бауырлар көзқарасымен келісе алмағандықтан, бұл ұйым қатарынан шығып, «Хизб-ут-Тахрир» атты жаңа партия құрады.
Партияның негізін салушы Таки ад-Дин Набахани Палестина жерін Израил әскерінен азат етуді мақсат етіп, араб әлемін біртұтас халифатқа біріктіруді көздеген еді. Тіпті, бір тілде сөйлейтін, ділі, мәдениеті ортақ жиырмадан аса араб мемлекеттері өзара ынтымаққа келмегендіктен, бірде-бір мұсылман елінде халифат құрылмады. Мұсылман мемлекеттері «Хизб-ут-Тахрир әл-исламия» партиясының мақсат-мүддесі мен идеясын қабыл алмады.
1988 жылдан бастап дүниеде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға өз қөзқарастары мен ұстанымдарын насихаттау үшін ай сайын «әл-Ваъи» (сана-сезім) атты журналды түрлі тілдерде шығарып тұрады.
«Хизб-ут-Тахрир» Ислам азаттық партиясының ілімі. «Хизб-ут-Тахрир әл-ислами» партиясының негізгі күрес ұстанымы:
1.Тасқиф (түсіндіру).
2.Тафәул (бірлесіп іс-әрекет ету).
3. Инқилаб (төңкеріс жасау).
Бұл партияның негізгі ұстанымдары:
Исламға негізделген теократиялық жүйе құру;
Халифті тағайындауға мұсылман қауымы құқылы;
Халиф Конституцияны енгізуге және түрлі заңдарды қабылдауға құқылы.
Ислам мемлекетін басқару және мемлекеттік билік жүйесі төмендегідей:
Халиф – мемлекет басшысы;
Аппарат басшысы;
Көмекші-атқарушы (премьер-министр);
Жиһадтың әмірі (арнайы қызметтің басшысы);
Аймақтардың губернаторы;
Әскер;
Сот жүйесі;
Әкімшілік жүйе;
Мәжіліс әл-Шура (парламент).
Бұл партия мүшелері өз жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізеді. Бірақ бұл партияның он жылдан аса жүргізген үгіт-насихаты мен іс-әрекеті еш нәтиже бермеді.
Сабақ алу және үгіт-насихат тыңдау «дәріс» деп аталады. Саны 4-5 адамнан тұратын топ «халқа» дейді. Жетекші жұмасына бір рет топта дәріс өткізеді. Партия мүшелері өздерін лақап атымен атайды және сырға берік. Партия жетекшісі (әмір) аймақ жетекшісін (мұғтамад) тағайындайды. Аумақ басшысы (масғул) және аудан жетекшісі (мусаид) аймақ басшысына бағынышты.
Аудандар жеке аумаққа бөлінеді. Құрамы төрт жетекшіден құрылған ауыл аппаратын нақиб басқарады. Нақиб өзіне көмекші ретінде наибты және қаражатқа жауапты табаррульді тағайындайды. Ауыл аппараты айына кемі бір рет жиналады. Партия мүшесі айлық табысының 5-10 пайызын жарна ретінде төлейді. Қаражат парақшалар, үн-таспалар таратуға және қажетті құралдар алуға жұмсалады.
«Хизб-ут-Тахрир» ислам діні және мұсылмандарға қайшы келетін саяси-діни негіздегі экстремистік ұйым болып табылады.
«Хизб-ут-Тахрир әл-ислами» ағымы өз қөзқарастары мен саяси ой-пікірлері «Ислам жүйесі», «Ислам әлеміне күшті дауыс» және т.б. кітаптарында баяндаған. Таки ад-дин Набахани қайтыс болған соң, партия жетекшісі болып 1925 жылы туылған Палестиналық Абдул Кадим Зуллум тағайындалды. 2003 жылы Абдул Кадим Зуллум қайтыс болғаннан соң Шейх Ата Абурушта партия басшысы болып сайланды.
Осы ұйымның құжаттарына сәйкес, «Хизб-ут-Тахрир» идеологиясы Ислам діні болатын саяси партия болып табылады. Партияның мақсаты-мұсылмандарды ислами өмір салтына (шариат нормаларына негізделген) қайта оралту және дүние жүзінде жиһад негізінде ислам дінін тарату. Бұл міндеттерді іске асыру үшін бүкіл ислам әлемін біріктіретін біртұтас теократиялық мемлекет халифат құру қажет деп санайды. «Хизб-ут-Тахрир Әл-ислами» партиясының идеологиясының маңызды бағыты – ислам дінінің бастапқы кезеңін үлгі ретінде алып, ислам халифатын қалпына келтіру. Бұл партияның ұстанымы бойынша өз өмірінде заңды сайланған халифке ант бермеген мұсылман дүниеден жаһил (исламға дейінгі кезең) болып өтеді. Бұл партияның мүшелері мұсылмандарды өздері халиф деп атайтын көсемдеріне ант беруге шақырады. Сайланған халиф күнә жасаса немесе өз міндетін нашар атқарса, онда оны қызметтен алып тастауға болады. Бұл партияның басты мақсаты – билікке араласу, бұл үшін бірнеше сатылардан өту қажет. Бірінші, мәдени-ағартушылық әдістерге негізделген идеологиялық жұмыс. Екінші, қоғамдық санада идеологиялық төңкеріс жасау. Үшіншіден, пікірлес билеушілердің көмегімен билікті басып алу. Бұл партияның жақтастары саяси ұстанымдарында халифтің пәтуасын басшылыққа алады.
«Хизб-ут-Тахир» партиясының саяси мақсаты мұсылман елдерінде жүйелі идеологиялық күрес жүргізу арқылы дүниетанымдық ұстанымдарды өзгертіп, санада төңкеріс жасап, билікке жету, мұсылман әлемін біріктіріп біртұтас жамағат құру. «Хизб-ут-Тахрир» мемлекетті, билік пен шекараны мойындамайды. Мұсылмандар арасында алауыздық тудыру. Мемлекеттік билік жүйесін құлату. Ел тарихын мойындамау. Ұлттық әдет-ғұрыпты бидғат санау. Темекі шегуге, даңғаза музыканы тыңдауға, эротикалық фильмдерді көруге тыйым салмайды. Елдің конституциясына және заңдық нормаларға мойынсұнбау. Әһли сунна уә-жамаға дін ғалымдарының пікірлерін мойындамау.Тағдырға сенбеу. Таки-ад-Дин Набахани өзінің «Шахсиәтул Исламия» («Ислам тұлғасы») атты кітабында: «Пенденің істеген іс-әрекеті Аллаһтың жазған тағдырына жатпайды», - деген ой-пікірі бұл ағымның тағдырға сенбейтіндігін айқындайды.
Мұсылмандар өз ұстанымдарында ақырет күніне, ақырет күні Жаратушы алдында бұл өмірде жасаған амалдары үшін жауап беретіндігіне сенеді. Ақыретке сену - иман шартының бірі.
«Хизб-ут-Тахрирдың» дүниетанымдық ұстанымдары, ой-пікірлері Құран және сүннетке қайшы. Құран-Кәрімде: «Аллаһ сендерді және сендер істеп жатқан амалдарды (іс-әрекет, қимыл) жаратты» («Саффат» сүресі, 96-аят). «Біз барлық нәрсені өлшеп (тағдырмен) жараттық» («Қамар» сүресі,49-аят). «Сен (Пайғамбарымызға с.ғ.а) сүйгендеріңді тура жолға сала алмайсың, бірақ Аллаһ қалағанын тура жолға салады». Пайғамбарымыз (с.ғ.а) бір сахих хадисінде «Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар». Ислам дінінде тағдырға сену мойындалады.
Сондай-ақ бұл партияның мүшелері ата-бабаларымыз ұстанған Ханафи мазһабын мойындамау. Әруақтарға Құран бағыштау қажет емес, киелі, қасиетті кесенелерге зиярат жасау қате деп есептейді. Қабір азабын, Тажалдың шығуы мен Исаның жерге түсуі туралы сенімді теріске шығарады. Ислам дініндегі Құран, сүннет, ижмағ, қияс амалдарын жоққа шығарады.
Ана тілді құрметтемейді. Араб және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасауға ерекше мән береді. Ислам дінінің талаптарына салғырт қарайды. Күмән келтіру, пікір қайшылығын тудыру олардың логикалық –әдіснамалық ұстанымы. Жан-жақты, терең ілім-білім үйренуге теріс қарайды. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының дін мен саясатты ұштастыру арқылы мұсылмандар тұратын мемлекеттерде жікшілдік тудыруды көздеген ұстанымы Құран-Кәрім мен Пайғамбарымыздың хадис-шәріпіне қайшы келеді. «Ниса» сүресінің 59-аятында: «Ей, мүміндер! Аллаһқа бойұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бойұсыныңдар» –деген. Пайғамбарымыз (с.а.с) өз хадис шәріптерінің бірінде: «Халифалық менен соң отыз жыл. Одан соң патшалық пен әмірлік басталады» - деген. Пайғамбарымыз дүниеден озған соң халифалық еткен Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әли (р.а) дәуірлерінен кейін тек өзіне қарасты аймақтар мен мемлекеттерде басшылық жасаған әмірлер мен сұлтандар болды.
«Хизб-ут-Тахрир» Ислам азаттық партиясының әлемде таралуы. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жетекшілері партия идеясын Батыс Еуропа елдеріне таратты. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы Мысыр, Тунис, Кувейт және Түркия, Иорданияда, Ливанда, Сирияда, Суданда, Иеменде, Алжирде, Ауғанстанда, Пәкістанда таралды. Партияның стратегиялық жоспарлау орталығы Лондонда орналасқан.
«Хизб-ут-Тахрир» Ислам азаттық партиясының Қазақстанға келуі. Осы партияның Орталық Азия елдеріне келуі 1980 жылдың орта тұсында болды. Бұл партияның жетекшілері жаңадан тәуелсіздікке ие болып, ислами қайта өрлеу үрдісі жанданған Орталық Азия елдеріне назар аудара бастады. Жергілікті тұрғындардың діни білімінің төмендігі, жұмыссыздық, кедейшілік осы ұйымның өз қатарына кейбір адамдарды тартуына себеп болды. Осы ұйымның құпия қызметінің белсенділігі 1998 жылдың соңында байқалды. Өзбекстанда заңға қайшы әрекеттері үшін бұл партияның мүшелері қудаланды.
Мамандардың пікірінше, партия идеологиясының негізгі ұстанымы адамдардың санасына ықпал ету арқылы әлеуметтік-экстремистік мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл ең алдымен азаматтық мойынұсынбау, діни фанатизмді ояту, теократиялық мемлекет құру. Олардың идеологиясының утопиялық сипаты әлемдік халифат құрудан көрінеді. Осы мақсатқа жету үшін олар барлық мұсылмандарды жиһадқа шақырады. Бұл партияның қызметіне барлық мұсылман елдерінде тыйым салынған.
Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде саналатын «Хизб-ут-Тахрир Әл-ислами» партиясының алғашқы эмиссарлары еліміздің оңтүстік өңірінде 1998 жылы пайда болды. Бастапқы кезеңде партия мүшелері жасырын жиналыстарында жиналып, өз қатарына жаңа мүшелерді тартты. Кейін эмиссарларының тапсырмасымен аймақтарда осындай құрылымдарды құра бастады.
«Хизб-ут-Тахрир» саяси партиясы Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында, ал 2002 жылдан бастап Павлодар және Ақмола, Қарағанды облыстарында үн-парақтарын таратып көзге түсе бастады. Бастапқыда партияның үн-парақтары өзбек және араб тілдерінде таратыла бастады. Ал, кейінірек бұл үн-парақтар қазақ тілінде таратылды. Үнпарақтарды көпшілік жиналатын орындарда және пошта жәшіктеріне салып тарата бастады. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының эмиссарлары өз қатарына діни білімі таяз, өмірлік тәжірибесі жеткіліксіздеу жастарға тірек артты. Жұмыссыз, тұрақты тұратын жайы жоқ, өмірде өз орнын таппаған, торыққан, рухани тұрғыда әлсіз, тез иланғыш адамдар негізінен осы партияның қатарын толықтырды. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының белсенді мүшелерінің жас ерекшеліктері 15-35 жас аралықтарын құрайды. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының қатарында партия эмиссарлары мемлекеттік қызметкерлерді, іскер адамдарды, зиялы қауым өкілдері мен студенттерді партия қатарына тартуға көңіл аударып, өз адамдарын қоғамның барлық сфераларына, әсіресе билік құрылымына кіргізу әрекеттерін жасаған. Шымкент қаласында жасырын бас-паханада басылған үн-парақтарда, кітаптарда еліміздің конституциялық құрылысын бұзуға шақырған. Бұл еліміздің егемендігін, демократиялық және зайырлылық негізіне қарсы іс-әрекет деген сөз.
Бұл партияның саяси және экстремистік бағытын, арам пиғылын 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойын мерекелеу кезінде таратылмақшы болған үнпарақтарында мемлекеттік құрылысты күшпен өзгертуге шақырған.Түркістан қаласында аталған топтың бір мүшесінің үйіне тінту жүргізілгенде қару-жарақ, қолдан жасалған жарылғыш зат, экстремистік әдебиеттер мен үнпарақтар табылды. Осы топ мүшелері діни алауыздыққа үндегені, саяси құрылысты күштеп өзгертуге шақырғаны, ел қауіпсіздігіне қауіп төндіргені, заңсыз діни бірлестік құрғаны және Ата Заңымызға қайшы келетін әдебиеттерді сақтағаны үшін түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
«Хизб-ут-Тахрир» партиясының мүшесін Ташкент қаласында Өзбекстан құқық қорғау органдары жасырын пәтерде партия жетекшісінің бірімен кездесу кезінде қолға түсірді. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнатуға ұмтылады. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының үгіт-насихатының қауіп-қатері жастардың, әсіресе, студент жастардың сана-сезімдерін жаулап алуында жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы және Алматы қаласының орталық мешітінде рұқсатсыз митингіде халифат құру үшін күрес жүргізуге, әлем мұсылмандарын біріктіруге шақырған партия мүшелері әкімшілік жаза алды. Партия жетекшілері идеологиялық күреске ерекше мән береді. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының құрылымы - пирамидалық қағидат негізінде құрылған және қатаң тәртіпті ұстанады. Партия жұмысы жасырын құпия сипатта, мүшелерінің лақап есімдері болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасы бас прокуроры Астана қаласының сотына «Хизб-ут-Тахрир» саяси –діни партиясын экстремистік деп танып, ел аумағында бұл партияның қызметіне тыйым салу жөнінде өтініш берді. Астана қаласының соты бұл партияның іс-әрекеті экстремистік сипатта екендігі айқындалып, қызметіне тыйым салынды. 2004 жылы «Хизб-ут-Тахрирдың» Ата Заңымызға қарсы мазмұнда парақшалары және баспа өнімдерін таратқан 180-нен астам фактілері тіркелген. «Хизб-ут-Тахрир» партиясына қатысты құқық қорғау органдары 111 қылмыстық іс қозғаған. 2008 жылы Қарағанды қаласында партия жетекшілеріне қатысты сот болып өтті. Сот үкімі бойынша партия мүшелері түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.
Дінтанушы ғалым С. Хизметлидің пікірінше, 1992 жылынан бастап «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы Орталық Азия елдріне кіре бастаған. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының Өзбекстанда, Түрікменстан және Қырғызстанда бірнеше террористік-экстремистік іс-шаралар ұйымдастыруының нәтижесінде бейкүнә адамдар қаза тапты [1].
Хизб-ут-Тахриршілдер парақшалары мен брошюраларында дүниеде болып жатқан саяси оқиғаларға, мысалы, АҚШ және оған одақтас елдердің әскери күштерінің Иракқа, Ауғанстанға жасаған әскери іс-қимылдары туралы өз көзқарастарын баяндайды. Эктремистік бағыттағы «Хизб-ут-Тахрир» Орта Азия елдеріне қауіп-қатер төндіретін ұйым, сондықтан бұл ұйымның іс-әрекетін әшкерелейтін түрлі бағыттағы алдын алу іс-шараларын өткізу жемісті болмақ.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының осы партияға қатысты берілген пәтуасы мынандай: «Хизб-ут-Тахрир» партиясының қызметі ислам қағидалары мен ұстанымдарына сәйкеспегендіктен ол мұсылмандар арасына жік салу үшін арнайы құрылған партия.
«Хизб-ут-Тахрир» партиясының үгіт-насихаттық әдебиеті (кітапшалар, парақшалар) исламдық ілімге қайшы болуы себепті пайдаланылмасын;
Барлық мешіттің имамдары жұма намазы кезінде еліміз тұрғындары арасында «Хизб-ут-Тахрир» партиясы насихатының мұсылмандар үшін жат екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүйелі жүргізсін;
Әрбір имам мешіт жамағатымен бірлесе отырып мұсылмандар арасында өзге ағымдардың, оның ішінде «Хизб-ут-Тахрир» партиясының үгітінің таралуына жол бермесін» [2].
Сондықтан ислам дінінің құндылықтарын және мәдени ұстанымдарын жастардың дүниетанымына ғылыми тұрғыда сабырлылықпен сіңіру қажет. Ел тыныштығы мен ынтымағы, ұлтымыздың бірлігі, діни татулық пен діни төзімділік, ұлтаралық татулық басты құндылығымыз.
Әдебиеттер:
Сабри Хизметли. Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік. - А., 2006. -256 б.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 2000 жылдан бастап шыққан пәтуалардың бір бөлігі. - Алматы, 2008. - 211 б.
Құлмұхаммед қажы Махамбет. Хизбутшылардың тағдырға сенбеуі // Ислам және өркениет. 2008. - №14
Осман Қарабиық. Ислам діні. - А., 2008.
