- •Дінтану негіздері Алматы 2010
- •1 Бөлім дінтану ғылым және оқу пәні ретінде
- •1 Дінтану пәніне кіріспе
- •3 Дін ұғымы және классификациясы
- •Араб-мұсылман мәдениетіндегі өнер туындыларының бірегейлігі
- •Арабтардың саз өнері және саз аспаптары
- •2 Бөлім діндер тарихы
- •1 Ежелгі наным сенімдер. Ежелгі түркілердің наным сенімдері.
- •2 Ұлттық Діндер
- •3 Әлемдік діндер
- •3.1 Буддизм
- •3.2 Христиандық: тарих және дәстүр
- •3.7 Исламның пайда болуы және таралуы
- •3.8 Құран тарихи мәдени ескерткіш
- •3.9 Ислам бағыттары мен мектептері
- •3.10 Ислам әдебі және құндылықтары
- •3.11 Қазақстандағы Ислам мәдениетінің ескерткіштері
- •3 Бөлім. Қазіргі қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар мен секталар
- •3.1 Діни секталардың мәні және табиғаты
- •3.2 Жаңа христиандық ағымдар. Евангелшіл христиандар. Методизм. Жетінші күн адвентистері. Иегова Куәгерлері.
- •3.5 Саентологиялық және сатанистік ұйымдар
- •3.6 Неоориенталистік культтер. «Кришна Санасы» қоғамы.
- •Шри Шримад а.Ч. Бхактиведанта Свами Прабхупада. Шри Ишопонишад. – м., Бхактиведанта Бук Траст, м 1993.
- •4 Бөлім. Қазақстан республикасындағы мемлекет, дін және қоғам
- •4.1 Экстремизм және оның дінаралық қатынастардағы көрінісі
- •4.2 Қазақстандағы діни сенім және ар ождан мәселесі
- •4.3 Қазақстандағы дінаралық келісім және толеранттық мәселесі
- •Мазмұны
- •1 Бөлім дінтану ғылым және оқу пәні ретінде
- •2 Бөлім діндер тарихы
- •3 Бөлім қазіргі қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар мен секталар
- •4 Бөлім. Қазақстан республикасындағы мемлекет, дін және қоғам
Араб-мұсылман мәдениетіндегі өнер туындыларының бірегейлігі
Андалусиядан Үндістанға дейін таралған ислам өнері мың жылдан астам уақыт әлемдік өнерде өз әсерін байқатады. Ислам өнерінің әсері Сицилия мен Венеция сәулет өнерінде көрініс тапса, Низами, Хафиз, Омар Хайям, Руми өлеңдері еуропалық және америка ақындары үшін шабыт алудың қайнар көзіне айналады. Мұсылман безендіру өнерінің элементтерінің бірі саналатын арабеска Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Еуропа халықтарының өнерінде кезігіп тұратын нақыш болып табылды. Ислам бұл елдердің өнеріндегі архаикалық элементтерді ассимиляцияға түсіре отырып, оларды абстракті қалыпқа түрлендірді.
Мавритандық Испания сәулет өнерінің ғажайыбы ретінде саналатын Кордова мешітінің негізі 785 жылы қаланып, 9 және 10 ғғ. аяқталған. Ауласы үлкен болмағанмен, ғажайып фонтаны бар және ішкі кеңістігінде 800 бағаналар орналасқан. Бұл бағаналар жұп-жұбымен орналастырылып, қызыл, ақ аркалармен қосылған. Зал ертегідегі орман секілді түрлі-түсті мрамордан жасалған ағаштардан тұрады және мыңдаған шырақтар арқылы жарық беріледі.
Гранадада XIV ғ.-дың архитектуралық ансамблі Альгамра сарайы орналасқан. Оның жан-жағы қызыл қамал қабырғаларымен қоршалған. Үлкен салтанат залдары Арыстан және Мирта ашық алаңдарында орналасқан. Қабырға, арка және шатыр жектеулері алтын, көгілдір, қызыл өрнекті оюмен әшекейленген. Интерьерді безендіруде түрлі-түсті мрамор, мозаика, керамикалық заттар, боялған алебастр қолданылған. Осы әдеміліктің барлығы фонтан суларында шағылыс береді.
Алғашқы кезде әйгілі болған мұсылман архитектурасының ескерткіштеріне Дамаскідегі (705-715) Омейядтар мешіті жатады. Каирдағы Ибн Тулун мешітінде (876-879) бағаналар орнына – аркалар арқылы қосылған тікбұрышты бақандар орналасқан. Арка мен карниздар өсімдік стиліндегі оюмен көмкерілген.
Ислам өнерінің көптеген үлгілерін батыс жартышарында конкистадорлар арқасында көруге болады. Мексикалық Пуэбло деген қалада көне католик шіркеулерінің қабырғалары өсімдіктік мозаикамен көмкерілгенін байқауға болады.
Мұсылман сәулет өнерінің бірегей туындыларының бірі – Самарқандтың ең маңызды ғимараты Бибі-ханым мешіті (1404 ж.). Мешіт есігі – екі сегізқырлы мұнаралар ортасында орналасқан арка арқылы өтеді. Самарқанд күмбездері аспанмен бірігіп кетіп отыратын ашық-көк түсті керамикалық плиткалармен жабылған. Ғимараттың сыртқы қабырғалары негізінен қайталанбайтын геометриялық өрнектерден құрылған мозаикалармен безендірілген, ішкі жағында өсімдіктік орнамент және көгілдір, алтын түстер көп қолданылған.
Үндістанда ХІІІ ғ. мұсылман мәдениеті жергілікті сәулет өнерінің ерекшеліктерін: неше түрлі тастар түрлері мен гүлдердің түр-түсін қолданады. Кутб-минар (Дели, ХІІІ ғ.) мұнарасының шеттері әр түрлі яруста, әр түрлі профильде жасалған: бірде тік болса, бірде дөңгелектенген болып келеді. Бұған қоса оның әдемілігін алтын мен қызыл түстер, балкондар ұштай түседі. Үндістанда қала құрылысы Ұлы моғолдар билігі кезінде XVI-XVII ғғ. шарықтайды, жаңа монументалды стиль қалыптасады. Мәселен, Тәж-Махал (Агра, 1632-1650 жж.) мавзолейі, оның құрылысына бірнеше елдердің құрылысшылары қатысады. Ақ қар секілді мрамордан жасалған ғимарат аспанда қалықтап тұрғандай, ал оның бейнесі су бетінде әдемі көрініс береді. Мавзолейдің күмбезі мен төрт мұнарасы жоғарыға талпынғандай сезім берсе, аркалармен жасалған қабырғалар өз ауырлығын жоғалтқандай көрінеді.
Енді мұсылман өнерінің нақты үлгілерінен оның концептуалды негіздеріне келетін болсақ, онда араб-мұсылман сәулет өнерінде теориялық категориялар қалыптасып, олар да діннің кереметтігін танытуды көздейді. Мәселен, терминдерге келетін болсақ, «жамал» - кемел әсемдік, бұл теңеу мешіт күмбезіне арналған; «жалал» - асқақтық, бұл теңеу биіктік – мешіт мұналарына арналған; «сифат» - сипат, атауы – мешіттің ішкі қабырғасының құран сөздерімен безендірілуін білдіреді.
Араб сәулет өнерінің көрнекті үлгісі ретінде мешіттерді атауға болады. Мешіт салу өнері сәулетшілерден бірқатар біліктілікті қажет етті, себебі бірнеше метрге созылған мешіт төбесінің биіктігін, минарет салу күрделілігін ескерсек, бұған күрделі математикалық есептеулер керек екені анық. Сондай-ақ, аймақтың сейсмикалығы, желдің күші, жердің қаттылығы т.с.с. шарттарды ескеру қажет болды және арабтар бұл өнер саласында жоғары шеберлікке жетті. Сәулет өнерінің кемелдікке жеткені соншалықты, егер VII-VIII ғғ. мешіттерді византиялық шеберлер тұрғызса, кейінгі уақытта арабтарды Византиядағы христиан шіркеулерін салуға шақыратын болды.
Мұсылмандардың негізгі қасиетті жерлерінің бірі – Куббат ас-Сахра (Иерусалимде) мешіті. Бұл үлкен сегіз қырлы қабырғасы бар күмбезді мешіт. Мешіттер салуда жергілікті ерекшеліктер де орын алды. Мәселен, Персияда ішкі ауласы бар мешіттер болса, Мағриб мешіттеріне тігінен орналасқан бағаналар арасында кеңістіктер көп болды. Мұнда ең үлкен минареттер салынды. Мысалы, Марракештегі (Марокко) XII ғ. соңында соғылған мешіттің минаретінің биіктігі 70 м, ал табаны 12,5х12,5 м орынды алды.
Діни құрылыстармен қатар, арабтар дәулеттілердің сарайларын тұрғызды. Ондай құрылыстарды салуда алебастралық қоршаулар және түсті терезелер қолданылып, қабырғалары кірпішпен қаланды. Мұнда пайдалынылатын нақыштар белгілі бір мозаикалық өрнекті білдірді. Тұрғын үйлер мен керуен-сарайлар, тұрмыстық сарайлар өте қарапайым салынғанмен, олар тазалығымен, реттілігімен және математикалық өлшемділігімен көзге түседі. Мысалы, арабтардың тұрғызған қалалары (Каир, Бағдад) жоспар бойынша салынды және бұл жоспарда көше ұзындығы, сарайлардың орналасуы, тұрғын квартал, базарлардың орны алдын-ала жобаланып отырды.
Араб-мұсылман өнері сан қырлы. Синкретті мұсылман әлемінің өнерінде кітап миниатюрасы ерекше орын алған. Құранда мұндай өнер түріне шек қоймағандықтан, каллиграфиялық қолжазбалар беттерінде эпикалық батырлар, салтанатты жиындар, лирикалық сахналық көріністердің бейнеленгенін көре аламыз. Кітап миниатюрасы шедеврі ретінде Сафидің «Бустан» (1488 ж.) поэмасына, сондай-ақ Тимур жеңістері туралы «Зафар-наме» кітабына жазылған Камаладдин Бехзаданың миниатюрасын алуға болады. Кітап миниатюрасының стильдік шарттылықтарына қарамастан, Бехзада бейнелері шынайылығын жоғалтпаған. Әзірбайжанда Тебриз миниатюра мектебінің ерекшелігі – оның асқан әшекейлігі және композиция күрделілігінен байқалады. Ол мектептің көрнекті өкілі Джами «Хамсасының» иллюстрациясының авторы Сұлтан Мұхаммад болып табылады. Мұсылмандық Үндістан миниатюрасында – сәуле мен көлеңке үйлесімділігі, басым сезімділік басты орын алады. Үндістан мәдениетінде адамға деген қызығушылық миниатюрада жаңа жанр – портретті жанрды қалыптастырды. Портретті жанр адамның сыртқы бейнесімен қатар психологиялық сипатталарын қоса беруге мүмкіндік туғызды. Үндістандағы жергілікті мектептер халықтық дәстүрлерге, қабырғалық суреттерге жақындау болды. Раджпут мектебінің миниатюрасын үнді мифологиялық сюжеттерге арқа сүйейді. Жалпы ортақ мәдени кеңістікті құруға себепші болған ислам діні өзіндік эстетикалық талғамдармен және әр түрлі халықтардың көркемдік дәстүрлерімен байып отырды.
Араб-мұсылман өнері аясында қолөнер туындылары безендіру заттарының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, Солтүстік Африкада алтын түспен көмкерілген қыштан жасалған заттар, үстіне бедер салынған металлдан жасалған бұйымдар, тас қондырылған әсемдік заттар, ағаштың асыл түрлерінен, піл сүйегінен жасалған заттар, матаның сан алуан түрлері белгілі болды.
Мавритандық Андалусия мәдениетінде гранадалық сарайларды әшекейлеу үшін жұмыртқа тәріздес вазалар жасалған, олар аспалы шамдарда қолданылатын өрнекпен әрленген. Ал мысырлық бейнелеу өнерінің дамуы Фатимидтер династиясы (969-1171 жж.) кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Мысырлық мата беттерінде бұрышты геометриялық тоқыма – араб өнерінің элементі мен доғал сызықтар – копт әсерінің элементі қатар келеді. Фатимид маталары алтын және түсті жібектермен тоқылған және мата беттерінде түрлі-түсті сызықтар, антропоморфты және зооморфты суреттері бар.
