Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИНТАНУ НЕГИЗДЕРИ 2010.14.04.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1 Бөлім дінтану ғылым және оқу пәні ретінде

1 Дінтану пәніне кіріспе

Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-өзі, қоршаған ортаны, жеке құбылыстарды тануға деген талпынысы мәңгілік санатты істер қатарына жатады. Жинақталған ғылыми ақпарат қоры, жаратылыстану және гуманитарлық ғылым салаларының бағыттары саны қисапсыз болса да, таным процесі жалғаса береді. Адамзаттың жинақтаған мәліметтерінің барлық ауқымын қамту мүмкін емес. Бірақ, белгілі бір ғылымның негізгі ұғымдары мен деректерін меңгере отырып, адам сол ғылымның әлеміне енеді, меңгергенінен кейін өзінің өмірлік тәжірибесінде, жеке басының рухани ізденістерінде қолдану үшін, оның ішінен өзіне бағдар табады. Өз саласында табысты қызмет ету үшін маманға қажетті арнайы мәліметтер жиынтығы бар. Бірақ әрбір адамның тұлға ретінде қалыптасуы үшін, оның рухани мәдениетінің қалыптасуы үшін меңгеруге маңызды ұғымдар, идеялар, деректер де бар. Осындай мәліметтер қорын қамтитын салаларға дінтану жатады.

Пәннің анықтамасы

Дінтануға қатысты мәліметтер қоры, білімдер жиынтығы ғасырлар бойы жинақталғанымен, дінтану кешенді, салыстырмалы түрде дербес ғылым саласы ретінде XIX ғ. бастап негізделе бастады. Дінтану діннің пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын, оның құрылымы мен әр түрлі компоненттерін, оның әр алуан феномендерін, діни феномендердің қоғам тарихында қалай көрініс бергенін, дін мен мәдениеттің басқа салаларының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейді.

Дінтанудың негізгі бөлімдері

Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан: философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы - негізгілері болып табылады.

Дін философиясы – зерттеу нысанына философиялық түсіндірме және түсінік беретін философиялық ұғымдардың, ұстанымдардың, тұғырнамалардың жиынтығы.

Дін социологиясы – діннің қоғамдық негіздерін, оның пайда болу, даму және қызмет етуінің қоғамдық заңдылықтарын, оның элементтері мен құрылымын, қоғамдық жүйедегі орны, қызметі мен рөлін, діннің осы жүйенің басқа элементтеріне әсерін және осы қоғамдық жүйе мен діннің өзара әсерінің ерекшелігін зерттейді.

Дін психологиясы – қоғамдық, топтық және жеке тұлға психологиясындағы діни құбылыстардың (қажеттіліктер, сезімдер, көңіл-күйі, дәстүрлер және т.б.) пайда болу, даму және қызмет етуінің психологиялық заңдылықтарын, сол құбылыстардың мазмұнын, құрылымын, бағыттылығын, олардың діни кешендегі орны мен рөлін және олардың қоғамның, топтардың, жеке тұлғалардың діни емес тіршілік әрекеттерінің салаларына әсерін зерттейді.

Дін феноменологиясы – практикалық түрде өзара әрекет ететін, іске асырылып жатқан маңыздылығы мен мағынасына байланысты жеке адамдардың коммуникациясында болатын түсініктер, идеялар, мақсаттар, ниеттердің арақатынасын белгілейді және осыны ескере отырып, дін құбылыстарының жүйелі сипаттамасын береді, оларды салыстыру негізінде жүйелейді.

Дін тарихы – уақыт кеңістігінде қозғалатын дін әлемін түрлі қырынан суреттейді, әр түрлі діндердің өткен тарихын нақты нысандар арқылы береді, бұрын болған және бүгін де бар сансыз көп діндер туралы ақпараттар жинақтап, оларды сақтайды.

Дінтанудың негізгі ұғымдары мен терминдері

Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары басып көрсетіледі.

1. Логика, этика, эстетикадан келген ұғымдар мен терминдер үлкен орын алады: «таңба», «маңыз», «мағына», «намыс», «адамгершілік», «ар-ұят», «жауапкершілік», «рақымшылдық», «жанашырлық», «сұлулық».

2. «Жүйе», «құрылым», «қызмет», «рөл», «заң» және т.б. сияқты жалпығылымдық ұғымдар.

3. Дін туралы ілім нақты ғылымдармен өзара әрекет ететіндіктен, ол соңғыларынан «дәуір», «құқық», «иллюзия», «сенім», «сезім», «көңіл-күйі», «қайғы-қасірет», «қарым-қатынас», «тіл», «өмір», «өлім» сияқты жеке ғылыми салалық ұғымдарды алады.

4. Неғұрлым нақтылы ұғымдық және терминологиялық жүйені арнайы дінтанулық ұғымдар құрайды – «дін», «діни тәжірибе», «теология», «діни культ», «шіркеу», «мешіт», «конфессия», «храм», «дұға қылу», «теизм», «деизм», «пантеизм», «атеизм», «скептицизм». «Құдай», «періште», «пайғамбар», «тозақ», «жұмақ», «нығмет», «құдірет», «тағдыр», «иман» және т.с.с. ұғымдар мен терминдер ерекше орын алады, олардың ғылымдағы мағынасы діндегі мағынасына қарағанда басқаша, дегенмен әрдайым олардың діни мағынасын есте ұстаған жөн.

5. Қоғамдағы діннің рөлінің өзгеруіне байланысты туындаған ұғымдар тобы бар: діннің «дамуы мен эволюциясы», «сакрализация», «секуляризация», «шіркеу құрылу», «шіркеу таралу», «секта құрылу», «детеологизация», «демифологизация», «модернизация».

Дінтанудың жалпы философиялық және әлеуметтік-философиялық категориялары.

Онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар – «болмыс», «сана», «таным», «бейнелеу», «рәміз», «ақиқат», «адасу», «қиял», «қоғам», «материалды және рухани өндіріс», «мәдениет», «жатсыну» қолданылады.

2 Дін және оның мәні

Діннің мәндік сипаттамалары. Дiн – қоғамның, топтың, жеке адамның рухани өмiрiнiң іргелі бір саласы, дүниенi рухани меңгерудiң тәсiлi және рухани өндiрiс саласы. Тап мұндай сипатында дiн: 1) қоғам болмысының көрiнiсi; 2) адам мен қоғамның қалыптасу процесiнде мiндеттi түрде пайда болатын олардың тiршiлiк әрекетiнiң аспектiсi; 3) адамдық өзiн-өзi жатсынуды көрсету мен оны жеңудiң әдiсi; 4) ақиқаттың айнасы, көрінісі; 5) қоғамдық жүйенiң жүйесi; 6) мәдениет феноменi; 7) адамның жаратушыны тану әдісі.

Дiннiң негiздерi мен алғышарттары

Әр алуан байланыс түрлерiмен бiрге социумдық, әлеуметтiк-мәдени, антропологиялық, гносеологиялық негiздер мен алғышарттарды анықтауға болады. Социумдық негiздер тұтас қоғамның тiршiлiк әрекетiмен байланысты, олар санадан тыс қатынастар қатарына жатады. Ең ақырында шешушi болып табылатыны – материалдық қатынастар – бұлар «бiрiншi детерминанталар», бiрақ олардың әсерi жанама түрде. Дiнге «қосымша әсер» ететiн – рухани сфераның әр түрлi салалары – саясат, мемлекет, мораль, өнер, философия, ғылым. Сыртқы жағдайлардың алдында адамдардың дәрменсiздiгiн көрсететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы дiннiң негiзiн құрайды.

Дiннiң пайда болуы мен өмiр сүруiне қажеттiлiк пен мүмкiндiк жасайтын факторлар.

Байланыстар жүйесi

Дiндi түсiндiруде дiн қандай факторлардың әсерiнен пайда болады, өмiр сүредi және көрiнiс бередi деген сұраққа жауап беру аса маңызды. Факторлар жүйесiн әр қырынан қарастырайық, алдымен бұл жүйеде байланыс түрлерiн көрсетейiк. Себептiлiк қатынастар – дiндi, әр түрлi дiни құбылыстар мен процестердi салдарлар ретiнде туындатады, себептiлiк байланыстар басты генетикалық фактор болып табылады. Тарихи байланыстар аса маңызды: дiн – бұл бұрын әрекет еткен және уақыттың осы сәтiнде әрекет етiп тұрған себептердiң салдары ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның, оның әр түрлi салаларының дамуының нәтижесi, өзiндiк дамудың нәтижесi. Дiнге себепшi болатын факторлардың қатарына тұрақтылық, бiр қалыптылық, өзгермейтiндiкке «бейiм» тұратын қоғамның iшкi құрылымы, оның жүйеасты салалары, дiннiң өзiндік құрылымдық байланыстары жатады. Дiнге үлкен әсер ететiн жайттар – функционалдық қатынастар. Нақты бiр типтегi қоғамдарда бiрқатар функцияларды дiн атқарады, бұл функцияларды орындауға қажеттiлiк оның орын алуына септеседi. Дiн детерминанталарының кешенiнде дiннiң қалыптасу ортасын, оның туындауы, шығу тегi, өмiр сүруi, қызмет етуiне септесетiн байланыстар, ықтималдылық, кездейсоқтық байланыстарды атауға болады.

Психологиялық алғышарттар

Дiннiң психологиялық алғышарттары – дiндi туындату және меңгеру үшiн қолайлы психологиялық негiз, мүмкiндiк жасайтын жағдайлар, құбылыстар, қоғамдық, топтық және жеке адам психологиясының механизмдерi. Мұнда қоғамдық-психологиялық және дербес-психологиялық алғышарттар ажыратылады. Бұл ажырату шартты түрде ғана: қоғамдық және топтық психология феномендерi жеке дербестiктен тыс болса да, олар жеке адамдардың психологиясы арқылы көрiнiс табады.

Қоғамдық-психологиялық алғышарттар

Дiннiң қоғамдық-психологиялық алғышарттары қоғам мен топтардың психологиясының феномендерін құрайды. Оларға: қоғамдық-психологиялық атмосфераның дағдарыстық жағдайлары, қатынастың құбылмалы сипаты, қоғамдық және топтық пiкiр, сендiру, елiктеу, психикалық сіңдіру механизмдері, дәстүрлер, салттар және т.б. жатады.

Жеке тұлғалық-психологиялық алғышарттар

Жеке тұлғалық-психологиялық факторлар жеке адам психологиясында әрекет етедi. Бұл – басқа адамдардан жан-жақты тәуелдi болу күйзелiсi, психика мен тұлғалық қасиеттер механизмiнiң берiлгендiгi, жеке қасiрет шегу және қайғы (айықпайтын дертке, жақын адамының қазасына байланысты), өлiмнен қорқу, тұлғаның рухани құлдырауы, жалғыздық пен қажет болмаушылық сезiмдерi, индивидтiң өзi түсiп қалған дағдарыстық жағдаятта тығырыққа тiрелгендiгiн сезiнуi, авторитеттерге табынуға, ерiк пен шешiмдiлiк танытуға бейiмдiлiк, ойлаудағы стереотиптер.

Гносеологиялық алғышарттар: танымның сезімдік және рационалды сатысындағы діннің алғышарттары.

Танымның шексiздiгi мен шектеулiгi

Гносеологиялық алғышарттар дiни түсiнiктер, ұғымдар, идеялар, тұғырнамалардың пайда болуына мүмкiндiк беретiн танымдық әрекеттi бiлдiредi.

Дiнге қолайлы гносеологиялық негiз – танымның сезiмдiк және рационалдық сатыларын бiр-бiрiнен бөлу, оны практикадан алшақтатады. Бұл негiз сезiмдiк таным сатылары – түйсiнулер, қабылдау, елестетулерде, сондай-ақ абстрактi ойлау деңгейi – ұғымда, ой-пiкiр, ой тұжырымдарда да болады.

Танымның сезiмдiк сатысында дiннiң алғышарттары

Түйсiну мен қабылдау сананың дүниемен тiкелей байланысын, қатынасын қамтамасыз етедi. Таным формаларының күшi де осы тiкелей байланыста, қатынаста болып табылады. Түйсiну мен қабылдау осы қасиет пен затқа жұмылдырылған, сезiмдiк аңдау сол сәтте сезiм мүшелерiне әсер ететiн қасиеттер мен заттардан басқаны қабылдамайды.

Танымның рационалды сатысында дiннiң алғышарттары

Ойлау түйсiну, қабылдау, елестетуге қарағанда, шындықты тереңiрек таниды. Ойлаудың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуi тiл арқылы жүзеге асады, ойлау әрекетiнiң нәтижелерi сөздiк формада көрiнедi. Тiлдiк ұғымдардың тiкелей сезiмдiк элементтерден тәуелсiз мазмұны бар.