Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЯФМИ_лекция_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.3. Қозған бөлшектердің заттардағы жүріп өткен қашықтығы.

Қандай да бір заттан бөлшек Е0 энергиямен тоқтап қалғанға дейін өтеді. Бұл оның қозғалыс бағыты қабат бетіне перпендикуляр болған жағдайда орын алады. Қозған бөлшектің заттардан өткенде жүріп өткен қашықтығы өлшемі негізінен ауыр бөлшектерден анықталған. Ауыр бөлшектердің бағыты түзу сызықты болып келеді. Ал жеңіл бөлшектер заттан өткен кезде шашырап кету мүмкіндігі жоғары. Сондықтан бұлар үшін жүріп өту қашықтығы туралы түсінікке ие емес.

Жүріп өткен қашықтықты келесі формуламен анықтайды:

.

Осы қатынастан келесіні білуге болады:

  1. Бірдей жылдамдықтарда қозған бөлшектердің заттан өткенде жүріп өткен жолы заттағы бөлшектер массасына пропорционал және зарядтар квадратына кері пропорционал.

  2. Бірдей энергияларда бөлшектердің жүріп өту қашықтығы массаға кері пропорционал.

бөлшектердің жүріп өткен қашықтығы арқылы олардың энергияларын дәлдікпен анықтауға болады. Электрондар затта шашырап кетеді. Олардың жылжуы қолайлы жағдай туғызғанда ғана жүзеге асады. Яғни зат бетіне жұтып алғыш перпендикуляр бағытта орналасу керек. Элктрондардың энергиясын жүріп өту қашықтығы арқылы анықтамайды. Оны заттан өткізгенде толық ионизацияциясы арқылы табады.

5.4. γ-сәулеленудің зат арқылы өткендегі қашықтығы.

Зарядталған бөлшектер жұтылған кездегі энергия мен қашықтық арасындағы байланыстан айырмашылығы - зерттелетін зат арқылы өткен кезде электромагнитті сәуле сипаттамалық экспоненциалды жұтылуға ұшырайды, Мұның себебі жұтылу немесе шағылу кезінде γ-кванттардың біріншілік әсерлесу актісі кезінде жоғалуымен түсіндіріледі.

Мәселен көпэнергиялы γ-сәулелер жиынтығы х қалыңдықтағы пластинаға түсті делік. Пластина қалыңдығы γ-сәулесі бір рет таралатындай деп есептейік. γ-жиынтықтың пластинаға түскенге дейінгі интенсивтілігін белгілейік I (0). Ал одан кейін пластинадан шыққан жиынтықтың интенсивтілігін белгілейік I (x). арқылы таралудың толық қиюын және γ –кванттарының 1 атомда жұтылуын белгілейміз. Сонда буданың(жиынтық) интенсивтігінің өзгеруі келесідей болады:

,

Мұндағы 1 см3 тағы жұтатын атомдар саны.

Немесе

,

– жұтылудың сызықтық коэффициенті ( ).

.

5.5. Электрон-позитрондық жұптың пайда болуы.

γ-сәулелердің жиынтығының бір зат арқылы өткенде әлсіреуі комптон-эффектімен, фотоэффектімен және ядроның кулондық өрісте жұптың түзілуі арқылы анықталады.

γ-квантының энергиясы жеткілікті болған жағдайда жұптың пайда болу мүмкіндігі артады. Бұл бір әрекетте (акт) бір уақытта электрон және позитрон пайда болуы (3-сурет).

Бұл процесс қандай да бір бөлшектің өрісінде, көп жағдайда ядро өрісінде жүреді. Оны тек релятивистік кванттық механика көзқарасы бойыша түсіндіруге болады.

Электрон және позитронды тең бөлшектер және антибөлшектер деп қарастыруға болады. Олар бір уақытта пайда болады.

Ең алғаш позитрон және электронның мысалы ретіне табиғат заңдарына симметриялы ұқсас бөлшектер және антибөлшектер келтірілді. Кейіннен физиканың дамуы өзге антиденелердің ашылуына алып келді. Қазіргі кезде әрбір дене антиденелерге ие.

Жұптың пайда болу процесі γ-квантының энергетикалық табалдырығына байланысыты. Энергетикалық табалдырықтан төмен энергияда процесс жүрмейді. Ол электронның және позитронның жиынтық энергиялары арқылы анықталады.

γ- кванттарының жұптары түзілу процесінен бөлек кері процесс те болады. Позитро және электрон кездескенде олардың толық энергиясы бүтіндей электромагниттік сәулелену энергиясыеа өту керек және сол энергияның бір бөлігі үшінші денеге, мысалы ядроға беріледі. Мұндай процесс аннигиляция деп аталады. Осының арқасында позитрон ұзақ өмір сүре алмайды. Позитрондардың орташа өмір сүру уақыты шамамен қорғасында , ала ауада с.