- •Ядролық физика – атомдық ядроның айналу және қасиетінің құрылымдық ғылымы
- •Аралық көлем реті мен атомдық-молекулалық және ядролық процестер үшін энергия.
- •1.3 Ядро мен нуклондар массасы
- •Лекция 2 Лекция жоспары:
- •2 Атомдық ядролардың қасиеттері.
- •2.1 Нуклондардың өзара түрленулері.
- •2.2 Атомдық ядроның заряды
- •2.3 Атомдық ядролардың өлшемі
- •Дәріс жоспары:
- •2.5 Масса и энергия
- •2.4 Ядро байланыс энергиясы
- •2.6 Спин және ядроның магниттік моменті
- •2.7 Ядроның электр квадруполь моменті
- •2.8 Толқындық функция қатынасы
- •Дәріс жоспары:
- •2.9. Радиоактивті ыдырау. Радиоактивті ыдырау заңы.
- •2.10. Радиоактивтілік қатары (отбасы).
- •2.11. Трансурандық элементтер.
- •Дәріс жоспары:
- •4. Радиоактивті ядролық трансформация.
- •Дәріс жоспары:
- •4.5. Бета ыдырау.
- •4.8. Ядроның гамма-сәулеленуі.
- •4.9. Электрондардың ішкі конверсиясы.
- •Дәріс жоспары:
- •5. Ядролық сәулеленудің затпен әсерлесуі.
- •5.1. Әсерлесу түрлері.
- •5.2. Қозған бөлшектердің ортамен әсерлесуі.
- •5.3. Қозған бөлшектердің заттардағы жүріп өткен қашықтығы.
- •5.5. Электрон-позитрондық жұптың пайда болуы.
- •5.6. Ядролық әрекеттесулер.
- •5.7. Бөлшектердің ядролармен кулондық әрекеттесуі.
- •Дәріс жоспары:
- •6. Ядролық реакциялардың заңдылықтары.
- •6.1. Негізгі анықтамалары және характеристикалары.
- •6.2. Ядролық реакцияларда сақталу заңдары.
- •Электронды парамагнитті резонанс құбылысы
Дәріс жоспары:
6. Ядролық реакциялардың заңдылықтары.
6.1. Негізгі анықтамалары және характеристикалары.
6.2. Ядролық реакцияларда сақталу заңдары.
6. Ядролық реакциялардың заңдылықтары.
6.1. Негізгі анықтамалары және характеристикалары.
Ядролық реакция деп -сәулеленудің әсерінен немесе екі ядроның, ядро мен бөлшектің әрекеттесуі әсерінен жаңа бөлшектердің туылуы әсерінен жүретін ядроның қайта құрылуын айтады.
Лабараториялық жағдайда ядролық реакцияларды ядроларды жылдам бөлшектермен атқылау барысында алады. Соқтығысу нәтижесінде жаңа бөлшектер пайда болады, энергиялары және бөлшек импульстері қайта бөлінеді.
Ядролық реакцияның сызбанұсқасы:
или
,
мұндағы а – бөлшектер жиынтығы, Х- нысана ядросы, b- ұшып шығатын бөлшек, Y– ядро-өнім.
Мысалы, ең алғашқы ядролық реакцияны Э.Резерфорд (1919) жүзеге асырды. Ол азот атомын радиоактивтіктің көзі болатын - бөлшектермен атқылады. Оны келесі түрде жазды:
немесе
.
Көптеген ядролық реакциялардың механизміне Н.Бордың (1936) түсініктемелері ерекше ролб атқарды. Ол ядролық реакция екі сатыда жүреді деген. Олар:
Бірінші саты — бұл, оған ядролық күш әсер ететін қашықтыққа (шамамен 210–15 м) жақындағанда а бөлшекті Х ядроның тартып алуы және аралық ядроның С (компаунд-ядро) түзілуі. Аралық ядро қозған күйде болып келеді. Аралық ядро нуклондарының соқтығысуы кезінде нуклондардың бірі немесе -бөлшек ядродан шығып кететіндей энергия алуы мүмкін. Соның нәтижесінде ядролық реакцияның екінші сатысы жүруі мүмкін – аралық ядроның Y ядроға және bбөлшекке ыдырауы.
Ядролық физикада ядролық уақыт ұғымы енгізіледі – бөлшектің ядро диаметріне тең (d10–15 м) ұзындықты басып өтуге қажетті уақыт. Энергиясы 1МэВ болатын бөлшектің (жылдамдығы v107 м/с) ядролық уақыты =10–15 м/107 м/с=10–22 с. Екінші жағынан аралық ядроның өмір сүру уақыты 10–16—10–12с. Бұл ядроның өмір сүру уақытында көптеген нуклондардың соқтығысулары болу мүмкін екендігін білдіреді. Яғни нуклондар арасындағы энериялардың қайта бөлінуі мүмкін. Бұл дегеніміз аралық ядро өзінің қалай пайда болғанын ұмытқанша өмір сүреді. Сондықтан ядроның ыдырауы оның қалай түзілгендігіне байланысты болмайды. Екінші стадиядағы реакция бірінші стадиядағы реакцияға байланысты емес.
Егер шығарылған бөлшек алынған бөлшекпен тепе-тең болса (bа), онда схема бөлшектердің шашырауын көрсетеді, серпімді - Еb=Еа болғанда, серпімді емес - ЕbЕа болғанда.Егер шығарылған бөлшек алынған бөлшекпен тепе-теңдікте болмаса (bа), онда біз ядролық реакциямен жұмыс жасап жатырмыз.
Кейбір реакциялар аралық ядро түзбей ақ өтеді. Мұндай реакцияларды тікелей ядролық әрекеттесу реакциялары деп атайды.
Атқылаған бөлшектер мен ядро арасында түрлі эффектілер орын алуы мүмкін:
Серпімді сейілу – ядро және бөлшектерінің кинетикалық энергияларын қайта бөлінуі, өзіндік қасиеттерін сақтап қалып әрекеттесуі. Бөлшек те ядро да еш өзгеріссіз қалады:
.
Серпімді емес сейілу. Бұл жағдайда құлап жатқан бөлшек сияқты бөлшек ұшып шығады, бірақ ядро қозған күйде болады. Ядро құрамы өзгермейді.
.
Жеке ядролық реакция – ядроның қасиеттері, құрамы өзгереді, жаңа бөлшек бөлініп шығады:
Қима (сечения) және ядролық реациялардың шығуы.
Реакцияның маңызды характеристикасы болып эффективті қиманың құлаған бөлшектің энергиясына байланыстылығы:
Бұл байланыстылықты ядролық реакцияның қозу функциясы деп атайды.
Процесстің
эффективті қимасын біле отырып оның
шығуын (выход) есептеуге болады.
нысана
атомдардың бағана қимадағы 1
және
нысана
қалыңдығы
ұзындықтағы
саны.
Егер
нысана
заттың тығыздығы:
Энергия өзгерісі және бөлшек ағынының азаюы жуан нысана үшін, шартты ядролық реакцияның шығуынан қиын түрге ие.
Құлап жатқан бөлшектер ағынының нысанада азаюы келесі заң бойынша орын алады:
.
Ядролық реакциялар келесі қасиеттері бойынша бөлінеді:
Реакцияға қатысқан бөлшектердің түрі бойынша – нейтрондар қатысындағы реакциялар: қозған бөлшектер әсеріндегі реакциялар: -кванттары әсеріндегі реакциялар.
Олардың бөлшектерін шақыратын энергиялары арқылы – негізінен нейтрондардың қатысында жүретін аз энергиялы реакциялар, орташа энергияда жүретін реакциялар, жоғары энергияда жүретін реакциялар.
Қатысқан ядролардың түріне қарай – жеңіл ядроларда жіретін реакциялар (А< 50); орташа ядроларда (50<А< 100); күрделі ядроларда (А> 100);
Ядролық ауысулар қасиетіне қарай – нейтрон шығаратын реакциялар, қозған бөлшектер шығаратын реакциялар, алу реакциялары.
