Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО СИТ ЕСЕП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

1.Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромды анықтаңыз.

3.Негізгі синдромды анықтайтын зерттеу әдістерін атаңыз.

1

2

3

ЕСЕП 16

40 жастағы токарь, клиникаға келесі шағымдармен түсті: кеуде сарайының сол бөлігінің өте күшті ауырсынуы, үдей түскен ентігу, жалпы әлсіздік.

Бір сағат бұрын жұмысында ауыр зат көтеру кезінде кеуде сарайының сол жақ жартысында қатаң ауырсыну кенет басталып, тұншығу, құрғақ жөтелу, суық тер пайда болған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпта, терісі ылғалды, қуқыл. Мойын веналары білеуленген. Кеуде сарайының сол жағы тыныс алу актісінен қалыңқы, ТАЖ минутына 39 рет. Перкуссияда сол жартысында дабыл дыбыс, осы жерде аускультацияда өте әлсіз везикулалық тыныс естіледі. Жүректің шала тұйық шекарасы төс қырынан 5 см оңға ығысқан, жүрек тондары әлсіреген, тахикардия, АҚҚ 90/60 мм с.б.

1.Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромды анықтаңыз.

3.Негізгі синдромды анықтайтын зерттеу әдістерін атаңыз.

1

2

3

ЕСЕП 17

38 жастағы науқас әйел клиникаға келесі шағымдармен түсті: аптасына 1-2 рет болатын тұншығу ұстамалары 30 минуттан 2 сағатқа дейін созылады, ұстама кезінде қатты қинайтын құрғақ жөтел мен құрғақ сырылдар мазалайды.

Анамнезінен: өзін 6 жылдан бері ауру санайды. Ауруын пневмониямен байланыстырады. Алғашқы кезде ұстаманың ұзақтығы 5-10 минутқа созылған.Соңғы екі жылда тұншығу ұстамалары ұзаруына байланысты стационарда жиі емделген.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37.20 C. Науқас ортапноэ қалпында, дистанциялық сырылдар естіледі. Тері жамылғылары қуқыл, жайылмалы акроцианоз. Кеуде сарайы күбі тәрізді, өкпенің төменгі шектері төмен ығысқан, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ 28 рет минутына. Пульс 106 рет минутына, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ-120/70 мм.сын.бағ.

1.Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромды анықтаңыз.

3.Негізгі синдромды анықтайтын зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі шағымдар:тұншығу ұстамалары, құрғақ жөтел

Қосымша шағымдар: Тері жамылғылары қуқыл, жайылмалы акроцианоз. Дене қызуы 37.20 C.

2

Тыныс жеткіліксіздігі - Бронх демікпесі (Бронхиалды астма)

3

Негізгі синдромды анықтайтын зерттеу әдістер: Пикфлоуметрия, спирометрия, ЭКГ, бронхоскопия, рентгенография, флюография

Есеп 18

Науқас Т. 28 жаста, стационарда процедуралық кабинетте медбике болып істейді. 2 жыл бұрын пенициллинмен жанасқанда тамағының қышығанын, мұрнының біткенін, ұстамалы жөтелдің, кейіннен тұншықпа ұстамасының пайда болғанын айтады. Үйінде жағдайы жақсарады.

Аллергиялық анамнезінде: анасы аллергиялық ринитпен ауырады. Науқасты горизонтал қалыпта қарап жатқанда, кенеттен тұншықпа ұстамасы дамып, ол астмопент ингаляциясымен басылды. Мұрнымен тыныс алуы қиын. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттері қатысады. Перкуссияда өкпе үстінде қорап дыбысы.

Аускультацияда: везикулалық тыныс әлсіреген, тыныс шығару фазасы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде жөтелгенде жойылмайтын, шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 16 рет минутына.