Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
remont.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

1. Жабдықты күрделі жөндеу. Мгмж күрделі жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.

КЖ технологиялық процесі машиналар мен жабдықтардың жұмыс қабілетін қалпына келтірудің технологиялық және көмекші жұмыстардың кешені болып табылады. Ол өз құрамына жөндеуге қабылдауды, жуу-тазалау операцияларын, агрегаттарға, бөлшектерге және жинау бірліктеріне бөлшектеуді, бөлшектерді тексеруді, сұрыптауды және жөндеуді, оларды комплектілеуді, жинау бірліктерін, агрегаттарын және бүтіндей жабдықты жинауды, жүргізіп көруді, сынауды, сырлауды және жөндеуден кейінгі жабдықты тапсыруды кіргізеді.Күрделі жөндеудің екі әдісі - жекелей және агрегаттық бар.Жекелей жөндеу әдісінде машинадан алынған барлық бөлшектер қалпына келтіріліп, қайтадан орнына қойылады. Жекелей әдіс жөндеу мекемелеріне бір типті агрегаттар аз келетін жағдайларда қолданылады. Жөндеуді жоғарғы квалификациялы жұмысшылардан тұратын бір бригада жүргізеді.Бұл әдістің кемшіліктері:- жұмысты мамандандыру және механикаландыру шектеулі;- жабдық жөндеуде ұзақ уақыт тұрады;- жоғарғы білгірлікті жұмысшылар керек.Ерекшелігі – машинаны қандай жабдықтарымен тапсырса, өзгертілмей сол жабдықтарымен жөндеуден алады. 7.2-суретте жабдықтарды күрделі жөндеудің агрегаттық әдісінің технологиялық процесі көрсетілген. Бұл әдісте базалық бөлшектерден басқа бөлшектер жалпыланады (жалпыға бірдей болып, атсыздандырылады). Қоймада үнемі толықтырылып отыратын жөндеулі атсыздандырылған айналымдық бөлшектердің болуы жөндеуге алынған машинаның базалық бөлшектері жөнделгеннен кейін-ақ тез арада оны жинауды бастауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылықтары:- жұмыстың мамандандырылған, ол жұмыс өнімділігін арттыруға септігін тигізеді;- арнаулы технологиялық жабдықтар мен жарақтарды пайдаланып жөндеу технологиясын жетілдіру мүмкіншілігі;- механикаландыру мүмкіншілігінің молдығы;- жұмыс сапасының артуы және өзіндік құнының төмендеуі;- жөндеу мерзімнің қысқаруы.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға арналған дайындық жұмыстары. Жабдықты жұмысшылар ЖЕЖ кестесіне байланысты жөндеуге дайындайды. Дайындау жұмыстарына: майларды отынды және сұйықтарды агрегаттардан төгу, сондай-ақ жабдықты алдын ала жуу мен тазалау жатады.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) Жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

2. Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті адам және өндірістік қорларды бағалау.

Жөндеу жұмыстарын есептеу және жоспарлау үшін, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының ЖЕЖ бойынша әрекетті ережеде көрсетілетін, жөндеу нормативтерін жасайды.

Негізгі жөндеу нормативтері: машиналық уақыт бойынша жабдықты пайдалану коэффициенті, жөндеу циклі, жөндеу аралық кезең және техникалық күтім кезеңдері, жөндеу циклінің құрылымы, жөндеу түрлері бойынша еңбексыйымдылығы, жөндеу құны және жөндеу ұзақтығы (МЕСТ 18322-78). Машиналық уақыт бойынша жабдықты пайдалану коэффициенті машиналық уақыттың жабдықтың жұмыста болған уақытына қатынасы:

,

мұнда ТМ.В – машиналық уақыт; Траб – жабдықтың жұмыста болған уақыты.

Машиналық уақыт деп жабдықтың (оның жекелеген түйіндері мен механизмдерінің) қозғалыста болған немесе тозуға ұшыраған уақытын түсінеді. Жабдықтың жұмыста болған уақыты машиналық уақыт пен технологиялық және ұйымдастыру себептерінен тоқтаған уақытынан, сондай-ақ жабдыққа күтім жасауға кеткен уақыттан тұрады. Машиналық уақыт бойынша жабдықты пайдалану коэффициенті жоспалық жөндеудің күнтізбектік мерзімін, жөндеу аралық циклдің ұзақтығы мен құрылымын анықтау үшін қажет. Жөндеу ұзақтығы жабдықты тоқтатқан сәттен бастап жөндеуден қабылдаған сәтке дейін созылады. Жабдықты жөндеу құны прейскурант бойынша анықталады. Өнімнің өзіндік құны – ақшалай түрде көрсетілген кәсіпорынның тікелей шығыны. Өзіндік құнды есептеуге арнайы әдебиеттер арналған. Өндірістік жұмысшылардың жалақысына кететін шығын мына формуламен анықталады:

,

мұнда Т – жөндеу бірлігінің орташа еңбексыйымдылығы, адам*сағ.; Сч – орташа сағаттық тарифтік ставка, тенге; Кп – тариф бойынша жалақыға сыйақы төлемді ескеретін коэффициент; Кдоп – қосымша жалақыны (еңбек демалысына, түнгі кезекшілікке және басқа төлемдерді) ескеретін коэффициент; Кс - әлеуметтік сақтандыру бойынша жалақыға есептеулерді анықтайтын коэффициент.Оперативтік-техникалық есепті және есептілікті сауатты ұйымдастыру – бұрғылау жабдықтарын дер кезінде және оңтайлы жөндеудің қажетті шарты. ПР жоспар-графигін жасау жөндеуді жоспарлаудан басталады. Жоспар-графикте пайдалануды бастағаннан және соңғы күрделі жөндеуден кейін жұмыс істеген уақыты, жөндеу бригадаларының жүктемесі ескеріледі. ПР жоспар-графигін жасау кезінде бұрғылау жабдықтарының технологиялық тоқтау мерзімі ескеріледі және мүмкіндігінше оны жөндеуді осы уақытқа сәйкестендіреді. Пр жоспар-графигі белгіленген жөндеу аралық кезеңдер және жұмыс істеген уақыты бойынша жөндеу циклдері негізінде кешендік бұрғылау қондырғысына жасалады. Пр жоспар графигінде жабдықтың атауы мен типі, орнатылған жері, шығарылған уақыты мен пайдалануға енгізілген уақыты, заводтық және инвентарлық нөмірі, пайдалануды бастағаннан және күрделі жөндеуден кейінгі жұмыс істеген уақыты, жөндеу жүргізілген уақыт көрсетіледі. Госгорнадзордың қарауындағы жабдықтарды жөндеу жоспары басқа жабдықтардың жоспарынан бөлек жасалады, бірақ олармен байланыста болады.Жабдықтардың сенімділігі мен шыдам мерзімін арттыру мақсатында, жабдықтарға техникалық күтімнің және жөндеудің түрлері, алмастырылған түйіндер мен бөлшектердің атаулары көрсетілетін, пайдаланудағы кемшіліктер тіркелетін жорнал жүргізіледі. Жорналды бас механиктің қызметі жүргізеді. Жабдық кепілдік мерзімі кезінде істен шыққан жағдайда бірлестік өкілінің қатысуымен акт жасалады.

№3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]