Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
remont.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

1. Мұнай-газ жабдықтарының жеж графигін өңдеу орны. Өндіріс қоры және еңбек есептеулері.

ЖЕЖ жүйесінің негізіне жөндеу жұмыстарын жоспарыл жүргізу қаланған. Ол үшін әр жылдың басында мұнай кәсіпшілігі кәсіпорнының жөндеу нормативтері негізінде әр жабдық бірлігіне жылдық, тоқсандық және айлық жөндеу жоспар-графигі жасалады. Жоспар-графикті жасау кезінде ЖЕЖ жүйесімен белгіленген жөндеу аралық кезеңді сақтау, сондай-ақ жөндеу қызметін тең жүктеу мақсатында тоқсан және айлар бойынша шамамен бірдей жұмыс көлемімен қамтамасыз етілуі керек.

Жылдық, тоқсандық және айлық жоспар-графикті мұнай кәсіпшілігі кәсіпорнының бас механигі жасайды. Күрделі жөндеудің жылдық жоспарын кәсіпорын басшысы бекітеді.

Жабдықтарды дұрыс пайдалануды және жұмысқабілетті күйде ұстауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқару кәсіпорынның бас механигіне жүктеледі. Ол бас механик бөлімін басқарады және өндірістік бірліктің, кәсіпорынның қызметін техникалық және әдістемелік басқаруды және жабдықтарды сақтауды, пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыруды іске асырады.

Прокаттық-жөндеу цехтарда жабдықтарға ағамдағы жөндеу жүргізіледі; қарапайым қосалқы бөлшектер жасалады және қалпына келтіріледі, сондай-ақ ұңғыларды бұрғылау және пайдалану кезінде қолданылатын қарапайым айлабұйымдар мен құрылымдар жасалады. Прокаттық-жөндеу цехын бастығы басқарады және ол жабдықтарды жөндеу бойынша жоспардың орындалуына, қосалқы бөлшектердің дайындалуына, жұмыстардың орындалу сапасына және техника қауіпсіздігіне толық жауап береді. Цехта жабдықтарды, білікті слесарь-бригадирлер басқаратын, бригадалар мен слесарьлар звенолары жөндеуйді. Жабдықтарға техникалық күтім жасауды және майда ақауларын жөнге келтіруді жабдықты пайдаланушы мамандар жүргізеді.

Мұнай кәсіпшілік жабдықтарды күрделі жөндеу ЖЖБ ӨКЖБ және МГӨБ ірі жөндеу цехтарында, өндірістік күтім жасаудың орталық базаларында (ӨКЖОБ) және жөндеу-механикалық заводтарында іске асырылады.

Жөндеу кәсіпорнының өндірістік құрылымы жөндеу бөлімшелерінің – цехтардың, телімдерлің, жұмыс орындарының және көмекші қызметтердің – құрамымен анықталады.

Телім (участок) – жөндеудің технологиялық процесінің белгі бір бөлігі орындалтын жөндеу кәсіпорнының негізгі өндірістік бірлігі; ол кәсіпорынның арнайы өндірістік ауданында орналасады және арнайы жабдықтармен жарақтанады. Әдетте телім бірнеше жұмыс орнына бөлінеді. Жөндеу кәсіпорнының телімдерін негізгі, көмекші, күтуші және қосымша деп бөледі.

Негізгі телімдерде жабдықтарды жөндеу бойынша өндірістік процестердің барлық негізгі кезеңдері орындалады.

Көмекші телімдерге негізгі телімдердің қалыпта жұмысына арналған шарттарды жасайтындар, мысалы құралдық телімдер, жатады.

Күтуші телімдер мен шаруашылықтарға көліктік цехтар және материалдық-техникалық қоймалар жатады.

Ірі жөндеу кәсіпорындарының, басқарудың бірлігін талап ететін, бір типті және өзара байланысқан телімдері ірі бөлімшелерге – цехтарға біріктіріледі

Жөндеу базасының жылдық бағдарламасын бұрғылау және мұнай өндіру жабдықтарының ЖЕЖ жүйесінің нормативтерінен алынған мәліметтер көмегімен есептейді . Ыңғайлы болуы үшін жөндеу аралық циклді жабдық жұмысының машина-сағатымен есептеуге өткен тиімді. Бағдарламаны есептеуде жабдықтың ағымдағы жөндеулері, сондай-ақ пайдалану орындарындағы ортаңғы жөндеуді орындалу кезінде және де агрегаттарды ауыстыру жұмыстары да ескеріоген. Бұл кезде жөндеу базасының құрамында жылжымалы жөнжеу құралдары қарастырылуы керек. есептеу қорытындысында жөндеу базасының жылдық бағдарламасы натураль өрнекпен – агрегаттардың, бұрғылау қондырғыларын комплектеуші бұйымдыардың ағымдағы, ортаңғы және күрделі жөндеулер саны түрінде алынады.

Базаның қуатын есептеу үшін жөндеулер санынан олардың бірыңғайландырылған бағасына өту, яғни ЖЕЖ жүйесінің нормативтерінде қарастырылған әртүрлі машиналарды жөндеудің еңбексыйымдылығын пайдалану қажет. Сол нормативтер бойынша жалпы еңбексыйымдылықты жұмыс түрлеріне – станоктыққа, слесарьлық-жинақтыққа, ұсталық-престікке, пісіруге және т.б. – бөлуге болады.

Еңбексыйымдылығының жылдық бағдарламасын есептеуді қарапайымдандыру үшін жұмыс түрлеріне бөлуді абсолюттік шамамен (сағатпен) емес, -де көрсетілгендей, жалпы еңбексыйымдылығының % түрінде көрсеткен ыңғайлы. Егер нормативте жұмысты түрлері бойынша бөлу жоқ болса, онда келесі жуықтау қатынастарын (%) пайдалану ұсынылады:

Механикалық өңдеу ..............................................................................40-50

Монтаж-демонтаждау және слесарьлық жұмыстар ...........................30-35

Ұсталық-престік жұмыстар ....................................................................3-10

Термиялықтар ..........................................................................................5-10

Пісіруліктер .............................................................................................5-10

Сырлаушы жұмыстары ............................................................................1-3

Жуу, бақылау, комплектілеу ...................................................................5-6

Стандартық емес жабдықтарды жасауға қуат резервін ескере отырып (50% қабылданған) есептеулер қол және станок жұмыстарының еңбексыйымдылығымен жөндеу базасының жылдық бағдарламасының бағасын береді. Осындай түрде бағдарлама жөндеу кәсіпорны элементтерінің барлығын есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

2) Жабдықты жөндеу алдындағы дайындық жұмыстары. Машиналарды бөлшектеу.

Машиналарды, агрегаттар мен түйіндерді жөндеуге қабылдаудың қанағаттандырылуы керек барлық талаптары көрсетілген ресми техникалық шарттар бар. Сол шартарға сәйкес шаруашылық машинаны жөндеуге тапсыру кезінде мынадай құжаттарды көрсетуі керек: мерзімдік техникалық тексеру актісі, алдындағы жөндеуден машинаны қабылдау актісі, қажетті белглері қойылған заводтық техникалық төлқұжат, машинаны пайдалану кезінде ауыстырылған түйіндердің тауар құжаттамасы.

Барлық машиналар жөндеуге жөнелтір алдында мұқият тазаланады. Машинаны жөндеуге шаруашылықтың техникалық қызметінің жауапты өкілі тапсырады, ал қабылдауды, алдын-ала агрегаттары мен механизмдерін сыртай тексеріп, тыңдап көріп, олардың жұмысын тексеріп, жөндеу кәсіпорнының техникалық бақылау бөлімінің жұмысшысы жүргізеді.

Сыртай тексеруде жабдықтың комплектілігін, механикалық және басқа қатерлік зақымдануын, сырлынуының күйін және басқаларды анықтайды.

Әрбір машинаны қабылдау сәйкес актімен рәсімделеді. Актіде алдындағы жөндеуден кейінгі қызметмерзімін (жұмыс істеген уақытын), сондай-ақ базалық бөлшектерінің күйін және қатерлік сипаттағы ақауларды ерекше көрсетеді. Машинаны жөндеуге дайындау кезінде суыту, қоректендіру жүйелерінен және картерден суытқыш сұйықтарды, отынды және майларды құйып алады. Сонан соң оларды кальцийленген сода ерітінділерімен, 5% тұз қышқылымен немесе кальцийленген сода немесе натрий сілтісі қосылған керосинмен жуады. Май картерлері мен отын шанақтарын жуып болған соң қосымша бумен де өңдейді. Буды пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар: ол қол жетуі қиын жерлерге енеді, сырын зақымдамайды, сонымен қатар бумен үрлегеннен кейін бөлшек тез кебетіндіктен, коррозияға ұшырау қаупі болмайды.

Күйелер мен қақтардан басқа, металл беттерден ажырату – қиын процесс болып табылатын кірлеткіштерге майлар мен жағармайлар жатады. Менерал майлар мен жағармайларға судың жұғымы нашар болғандықтан, жуғыш ерітінділердің құрамына сілтілердіқосады. Олар май пленкасының беттік тартылысын шұғыл төмендеткенмен, оларды металл беттерінен ажырата алмайды. Бұл процесті жеңілдету үшін ерітінділерге эмульгаторлар: сабын, сұйық әйнек, спирттер, ОП-7, ОП-10 жуғыш заттарын және басқаларды қосады. Бөлшектерді тазалаудың ең қарапайым түрі майсыздандыратын ерітінді құйынған ваннаға батырып жуу. Бөлшекпен жанасатын қабаттардың белсенділігі оны майлармен қанықтырған сайын төмендейтіндіктен, бөлшекті ерітіндіде жылжыта шайқау керек. Бөлшектейтін орындарда пайдаланылатын жылжымалы ванналарды осы жуу әдісін пайдаланады.

№10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]