- •1.Жабдықты ағымдық жөндеу. Жұмыс құрамы. Мгмж ағымдық жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2. Цбпо құбыр цех жұмыстарының ұйымдастырылуы. Цех учаскісін жоспарлау. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Жабдықты күрделі жөндеу. Мгмж күрделі жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2) Жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.
- •2. Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті адам және өндірістік қорларды бағалау.
- •1.Жөндеу кәсіпорнының жөндеу шаруашылығын басқару жүйесі.
- •2.Кәсіпорынның қосымша цехтарындағы жұмысты ұйымдастыру.
- •1.Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті энергоқорларын есептеу.
- •2.Тж Жұмыс көлемі мен мазмұны .Бұрғылау жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.Цбпо цехына электромеханикалық жұмысын ұйымдастырылуы. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •2.Жұмыс жабдықтарын желілік жоспарлау және басқару.
- •2.Сорғы жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің сапасын басқару.
- •1.Мұнай-газ машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы. Пайдалану және жөндеу жүйесінің диагностикалық орны. Жеткізу кезеңі.
- •2.Жабдықты пайдаланудан шығарып, жөндеуге жіберуге дайындау реті.
- •1. Мұнай-газ жабдықтарының жеж графигін өңдеу орны. Өндіріс қоры және еңбек есептеулері.
- •1. Жжм қызметінің жұмысын цбпо-ға және бас механик қызметін пайдалану цехтарының жұмысын ұйымдастыру.
- •2. Жөндеу кәсіпорнындағы механикалық цехының жұмыстарын ұйымдастыру. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Бұрғылық қондырғылардың жөндеу базасын ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық жабдықтардың жоспарлары және орналастырылуы.
- •2. Өқкб, цбпо, рмз және т.Б. - жөндеу кәсіпорындарының басқару құрылымы.
- •2.Сорғы кәсіптік жабдықтарын жөндеу цехтарын ұйымдастыру жұмыстары. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1.Жөндеу кәсіпорнындағы жөндеу жабдықтарының жоспарлы-графигін дайындау.
- •2.Жазғы және қысқы жағдайларға сай кәсіпшілік жабдықтарды жөндеу-сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және пайдаланудың ерекшеліктері.
- •1.Мұнай қоймаларын жөндеу және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Өнеркәсіптегі қауіпсіздіктер шаралары.
- •1.Мұнай құбырлық тораптарындағы сорғы станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу кәсіпорнындағы құрастыру аймақтарын ұйымдастыру.
- •1.Газ құбырлық тораптарындағы компрессорлық станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Тж жұмыс шаралары және аумағы. Мұнай кәсепорын жабдықтарындағы техникалық қызмет көрсету жабдықтарының жұмысын ұйымдастыру.
1.Цбпо цехына электромеханикалық жұмысын ұйымдастырылуы. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
прокаттау цехындағы жұмыс барысын бақылау;
жөндеу цехындағы жұмыс барысын бақылау.
Бірінші мәселе сыртқы ұйымдардың ұңғыма басындағы монтаждау, демонтаждау қондырғыларының бригадаларымен берілетін тапсырыстардың орындалу деңгейлерін бақылау үшін арналған.
Екінші мәселе – жөндеу кәсіпорнындағы жөнду жұмыстарының сапасын қадағалауға арналған.
ЭОСҚ жабдықтарын прокаттау мен жөндеуді мұнайкәсіпшілігінің жабдықтарын прокатау мен жөндеу орталық базалары (ЦБПО НПО) немесе электрбатырмалы қондырғылардың жабдығын прокатаушы арнайы орталық базалар (ЦБПО ЭПУ) іске асырады.«Кіру» бақылауынан жақсы өткен ЭОСҚ жабдығы кен орнының белгілі бір ұңғымасына алып келінеді, онда жабдық ұңғымада монтаждалынады да, пайдалану режиміне өтеді (жабдықты іске қосып, мұнай ағынын шақыыру).
Ұңғымаларды кен орнында пайдалнуға мүмкіндік беріп тұрған заңды тұлға – мұнайгаз өндіруші кәсіпорын (НГДУ), ол өз кезегінде келісім шарт бойынша прокатты жасау, ЭОСҚ пайдаланатын ұңғыма жабдықтарына қызмет көрсету, жөндеу құқығын береді. Сорап түйіндері мен бөлшектерінің шектік жағдайының критериі:
жұмыстық доңғалақтардың шайбаларының ½ ден артық тозуы;
бағыттаушы аппараттары бурттарының беті биіктігі бойынша 1,0 мм-ден астам тозуы;
біліктің қорғаушы төлкелерінің сыртқы бетінің 1,5мм-ден астам тозуы;
бағыттаушы аппараттың ступицасының ішкі диаметрінің беті 1,5мм-ден астам тозуы;
қорғаушы төлкелердің сыртқы беттерінің (подшипниктерінің) 0,5мм-ден артық тозуы;
подшипниктер бетінің (ішкі диаметрдің) 0,5мм-ден артық тозуы;
канавка тереңдігінен асып кететін табандағы шайбалар бетінің екі жақтан тозуы;
табанасты жұмыстық беттің 0,6мм-ден артық тозуы;
ЭЦНМТ, ЭЦНМКТ сораптарының табанасты дискінің тіректі бетінің (силицийленген графиттен) номиналды мәннен 2 мм-ге тозуы.
Жөндеу кәсіпорнында батырмалы сорапты толығымен түйіндер мен бөлшектерге бөлшектейді, ақаудың пайда болу себептерін анықтаумен қатар, «жасаушы-зауыт – НГДУ – прокаттық қызмет» жауапты жақтарын анықтау.
2.Жұмыс жабдықтарын желілік жоспарлау және басқару.
Ағымдағы жөндеу (АЖ) – былайша ақаусыз машинаның кейбір бөліктерін жұмыс
қалпында ұстауы мақсатында жасалады.
Ортаңғы жөндеу (ОЖ) кезінде жабдықтың өте қажетті бөліктерінің табиғи тозу нәтижесінде жоғалтылған жұмыс қабілеті қалпына келтіріледі. Жұмыс көлемі маңызды. Ауыр және үлкен жабдықтардың ОЖ пайдаланылатын жерде орыналады.
Күрделі жөндеу (КЖ) – бұл машинананың немесе жабдықтың жұмыс қорын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге бағытталған жөндеу. ЖЕЖ кезінде негізінен бұрын қолданылған бөлшектер мен бөліктер пайдаланылады. Сондықтан КЖ кейін қалпына келтірілген жабдықтың жөндеу аралық кезеңі жаңа жабдықтікімен салыстырғанда 10%-ға кем. КЖ жаңаланған, тозуға төзімділігі арттырылған бөлшектер пайдаланылуы мүмкін. Бұл кезде дайындаушы заводтар көмектеседі.
Жоспарды
жасаған кезде белгіленген жөндеу аралық
кезеңді
сақтаудың және жөндеу базасын біркелкі
жұмыс көлемімен қамтамасыз етудің
маңызы зор. Бұл кезде машинаның жағдайын
қарап
өзгертуге болады.
Жоспар-кестені және ЖЕЖ жүйесімен белгіленген жұмыс сыйымдылығын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығынын біле отырып жөндеу базасына тағайындалған жұмыс көлемін анықтайды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуды жоспарлайды.
Жоспарлау үздіксіздігін қамтамасыз етуде, мақсаттағы нәтижеге жетуге еңбек ұжымының күшін шоғырландыруда жоспарлау мен басқарудың тораптық әдісінің маңызы зор. Іске асырылып жүрген өндіріс процестерін басқару әдістерімен салыстырғанда тораптық жоспарлау жүйесінің артықшылықтары маңызды. Ол жұмысты ұйымдастыруды жетілдіруге, бақылау мен басқаруды жақсартуға, жоспарлық және есептік құжаттарды қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Тораптық графиктің көмегімен жұмыстардың орындалу мерзімі мен тізбегін, жауапты орындаушыларды және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
№6
1.Мұнайгаз өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтың ЖЕЖ жүйесі. Жөндеу циклы. Жөндеуаралық кезең.
Тез тозатын бөлшектерін ауыстыруға, қажетті реттеулер мен жөндеулерге тоқтатпай, толық істен шаққанша машиналар мен механизмдерді пайдалануды дұрыс деп есептеуге болмайды. Бұл іс-шаралар қымбат түйіндер мен бөлшектерді ауыстырумен байланысқан жөндеулер бойынша үлкен шығындарды болдырмайға мүмкіндік береді.
Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының қалыпты жұмысқабілеттілігін сақтау үшін, жоспарлы тәртіппен жүргізілетін, баптау, бақылау және жөндеу бойынша іс-шаралардың жиынтығы болып келетін, жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесін қолданады. Осы жүйенің арқасында алдын-ала машиналарды график бойынша жөндеуге тоқтату жоспарланады, қосалқы бөлшектер мен материалдар және т.б. дайындалады.
Технологиялық жабдықтарды жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесі келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
- жабдықтар белгіленген машина-сағат санын орындағаннан немесе күнтізбектік уақытпен белгіленген норманы орындағаннан кейін жоспарлы тәртіппен жөнделеді;
- жөндеудің сәйкес түрінің тізбектеліп кезектесетін белгілі бір саны кезеңмен қайталанатын жөндеу циклін құрайды.
- әрбір жоспарлық жөндеу кезеңі жабдықты жөндеу алдындағы кезеңде пайдалану нәтижесінде пайда болған оның тозуын қалпына келтіретін көлемде іске асырылады. Ол алдын-ала белгіленген уақыт кезеңінен кейін орындалатын келесі кезектік жоспарлық жөндеуге дейін жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі керек.
- кезеңдік жоспарлық жөндеулер арасында әрбір машина орындалу процесі кезінде ұсақ ақаулары жөнге келтірілетін, механизмдерін реттеу, тазалау және майлау жүргізілетін, сондай-ақ тозған бөлшектерін ауыстыру үшін дайындалуы керек бөлшектердің тізімі анықталатын жоспарлы тәртіппен іске асырылатын техникалық тексеруден өтеді.
Жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесінде жөндеу жұмыстарының көлемі мен күрделілігіне тәуелді ағымдағы және күрделі жөндеулерді жүргізу қарастырылған.
