- •1.Жабдықты ағымдық жөндеу. Жұмыс құрамы. Мгмж ағымдық жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2. Цбпо құбыр цех жұмыстарының ұйымдастырылуы. Цех учаскісін жоспарлау. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Жабдықты күрделі жөндеу. Мгмж күрделі жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2) Жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.
- •2. Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті адам және өндірістік қорларды бағалау.
- •1.Жөндеу кәсіпорнының жөндеу шаруашылығын басқару жүйесі.
- •2.Кәсіпорынның қосымша цехтарындағы жұмысты ұйымдастыру.
- •1.Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті энергоқорларын есептеу.
- •2.Тж Жұмыс көлемі мен мазмұны .Бұрғылау жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.Цбпо цехына электромеханикалық жұмысын ұйымдастырылуы. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •2.Жұмыс жабдықтарын желілік жоспарлау және басқару.
- •2.Сорғы жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің сапасын басқару.
- •1.Мұнай-газ машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы. Пайдалану және жөндеу жүйесінің диагностикалық орны. Жеткізу кезеңі.
- •2.Жабдықты пайдаланудан шығарып, жөндеуге жіберуге дайындау реті.
- •1. Мұнай-газ жабдықтарының жеж графигін өңдеу орны. Өндіріс қоры және еңбек есептеулері.
- •1. Жжм қызметінің жұмысын цбпо-ға және бас механик қызметін пайдалану цехтарының жұмысын ұйымдастыру.
- •2. Жөндеу кәсіпорнындағы механикалық цехының жұмыстарын ұйымдастыру. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Бұрғылық қондырғылардың жөндеу базасын ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық жабдықтардың жоспарлары және орналастырылуы.
- •2. Өқкб, цбпо, рмз және т.Б. - жөндеу кәсіпорындарының басқару құрылымы.
- •2.Сорғы кәсіптік жабдықтарын жөндеу цехтарын ұйымдастыру жұмыстары. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1.Жөндеу кәсіпорнындағы жөндеу жабдықтарының жоспарлы-графигін дайындау.
- •2.Жазғы және қысқы жағдайларға сай кәсіпшілік жабдықтарды жөндеу-сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және пайдаланудың ерекшеліктері.
- •1.Мұнай қоймаларын жөндеу және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Өнеркәсіптегі қауіпсіздіктер шаралары.
- •1.Мұнай құбырлық тораптарындағы сорғы станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу кәсіпорнындағы құрастыру аймақтарын ұйымдастыру.
- •1.Газ құбырлық тораптарындағы компрессорлық станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Тж жұмыс шаралары және аумағы. Мұнай кәсепорын жабдықтарындағы техникалық қызмет көрсету жабдықтарының жұмысын ұйымдастыру.
2.Жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің сапасын басқару.
Жоспарлы-ескертулік қызмет көрсету және жөндеу жүйесі. Пайдаланған сайын машинаның, оның бөлшектері мен түйіндерінің жұмыс қабілеті төмендейді. Ақаулар техникалық қызмет көрсетумен, ал тозу жөндеумен қалпына келтіріледі.
Машиналардың күтпеген жерден істен шығуын болдырмайтын немесе оның ықтималдығын азайтып пайдаланудың негізгі қағидасы жоспарлы күтім жасау мен жөндеу болып табылады.
Халық шаруашылығында машиналарға жоспарлы ескертулік қызмет көрсету және жөндеу (ЖЕЖ) жүйесі кең қолданылады.
ЖЕЖ жүйесі – машиналарды ақаусыз және жұмыс қабілетті жағдайында ұстау үшін алдын ала жасалынған жоспар бойынша профилактикалық орындалатын машиналарға қызмет көрсету және жөндеу шараларының кешені.
ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары:
1) жабдықтарға жөндеу аралық кезең деп аталатын жоспарланған уақыт аралықтарынан соң орындалады;
2) жоспарлы күрделі жөндеуден кейін жабдықтың мінездемелері жаңа жабдықтың қуаттық көрсеткіштеріне жақындайды;
3) бүкіл жабдықтар жөндеу кезеңдері аралығында жүйеде көрсетілген қатаң тәртіппен барлық кезекті жөндеулерден өтеді;
4) жоспарлы жөндеулерден басқа ТҚК-лер орындалады;
5) ТҚК мен жөндеудің кезегі, кезеңі және көлемі жабдықтың атқаратын қызметімен, құрылымен және пайдалану жағдайымен анықталады.
ТҚК орындалатын операциялар саны, көлемі және уақыты бойынша қатаң регламентпен орындалады. Ал жөндеу көлемі мен уақыты бойынша жоспарланады және машинаның жағдайына байланысты белгіленген уақыт ішінде орындалады.
Машиналарға қызмет көрсету мен жөндеудің принциптік сұлбасы 4.1-суретте көрсетілген
Күнделікті қызмет көрсету күнде орындалады. Оған кірден тазалау, бұрандалық қосылымдарды тексеру және тарту, майлайтын құрылымдарды тексеру және жөнге келтіру, бақылау, қорғау және тежеу құрылымдарын тексеру жатады.
Кезеңдік ТҚК-ге қызмет көрсету және майлау картасында көрсетілген майлаулар және май ауыстыру, сыртын жуу, реттеу және тексеру жұмыстары, барлық бақылау және басқару жүйелерін тексеру және жөнге келтіру жатады. ТҚК технологиялық тоқтаулар кезінде орындалады. Әдетте, ТҚК операциялары машина немесе қондырғығақызмет ететін мамандарымен (моториспен, механикпен, операторлармен) орындалады. Барлық орындалған жұмыстар, сондай-ақ байқалған тозулар мен ақаулар арнайы жорналға жазылады. Сөйтіп, кезекті жөндеуге материалдар жиналады.
№8
1.Мұнай-газ машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы. Пайдалану және жөндеу жүйесінің диагностикалық орны. Жеткізу кезеңі.
Диагностика – ақаулы жағдайды оқитын және анықтайтын, сонымен қатар оның әдістерін, мүмкіншіліктерін және құралдарын пайдалана отырып, системаны бөлшектемей-ақ оның ақаулығының сипаты және түрі жөнінде шешім қабылдайтын және оның уақыт қорының шамасын болжайтын ғылымның түрі.
Техникалық диагностика машинаның техникалық жағдайын, оны бөлшектемей-ақ анықтауға қолданылатын әдістер мен құралдар жүйесі болып табылады.
Техникалық диагностиканың көмегімен машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерінің жағдайын, машинаны тоқтауға немесе қалыпты жағдайдан ауытқып жұмыс істеуге соқтырған ақауды анықтауға болады.
Механизмді екі аспектіде қарауға болады: құрылымы жағынан және жұмыс істеу әдісі жағынан. Жүйенің құрылымы деп жүйенің құрылымы мен құрылысын анықтайтын бөшектерінің (элементтерінің) өзара байланысы мен өзара орналасуын түсінеміз.
Параметр – системаның, элементтің немесе құбылыстың белгілі бір жағдайда процестің қасиеттерін сипаттайтын сапалық өлшем.
Параметрдің шамасы – параметрдің сандық өлшемі.
Механизмнің жағдайы техникалық, диагностикалық, құрылымдық аспектілерімен байланысты негізгі түсініктемесі болып табылады.
Құрылымдық
параметр
– жүйенің құрылымның немесе оның
элементтерінің қасиеттерін сипаттайтын
сапалық өлшем (геометриялық пішіні,
мөлшері, беттерінің тегістігі және
т.б.). Құрылымдық параметр
айнымалы шама. Ол механизмді дайындаған
кезде технологиялық факторларға, ал
пайдалану кезінде тозу мен бөлшектің
сыну дәрежесіне бағынышты.
Параметрлердің
бастауын беру үшін идеал
механизм
деген түсінік кіргізеді. Идеал механизмі
деп құрылымы жобаға абсолюттік түрге
сай келетін ойдағы жүйені айтады. Идеал
механизмде ауытқулар мен ақаулар жоқ
деп алады. Идеал механизмінің жағдайын
деп белгілесек, онда:
(6.1)
мұнда,
ші
параметрдің идеальдан ауытқуын
көрсетеді.
Құрылым параметрлерінің жиынтығының бағасының объективтілігін арттыру үшін минимальдық шарт дегенді кіргізген.
Минималдық шарт бойынша параметрлер жиынтығына кіретін шамалардың мәндері бір-бірі арқылы анықталмайды.
Минимальдық шарттан басқа параметрлер жиынтығының толықтық шарты деген бар. Егер параметрлер жиынтығы шамасын білу, дұрыстау және механизмді баптау жөнінде тыңғылықты шешім, қабылдауға мүмкіндік туғызылса оны толық шарт деп атайды.
Механизм
құрылымының идеальдан ауытқуын
сипаттайтын
параметрлерінің толық минимальдық
жиынтығы механизмнің
жағдайы
деп аталды.
Шығу
параметрлері
– система қасиеттерінің сыртқы
құбылыстарының сапалық өлшемі. Оларға
қуат
айналдыру моменті
жылу
газ бөлінуі, шу, тежеу моменті, тежеу
күші және т.б. жатады. Бұлар механизмнің
жағдайына тәуелді. Техникалық диагностикада
жағдайлық функцияның 3 сыныбын айырады.
Механизмнің тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне оның сыни өлшемдері де жатады. Бұлар механизмнің берілген жұмысты істеу қабілетінің сандық мәндері. Мысалы, п.ә.к., жүк көтергіштігі, энергияның, материалдың және басқа да шамалардың өнім бірлігіне өзіндік шығыны. Бұларды диагностикада және іздейтін белгісіз түрінде кездестіруге болады.
Диагностикалауда қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар.Диагностика жасаушартынатәуелдітехникалықдиагностиканыңмынадайтүрлерінқолданады:
- механизмнің динамикасы кезіндегі техникалық диагностикалауда - жұмыс процестерінің параметрлері бойынша (қуат, отын шығыны, өнімділігі, қысымы және т.б. ), жанама түрде техникалық күйін сипайтайтын диагностикалық параметрлері бойынша (температурасы, шуылы, дірілі және т.б.) – бойынша механизмнің күйі анықталады;
- механизмнің статикалық күйінде орындалатын техникалық диагностикалауда – құрылымдық параметрлері бойынша (бөлшектерінің тозуы, қосылысқан бөлшектер арасындағы саңылауы және т.б. ) - бойынша механизмнің күйі анықталады.
Диагностикалауда параметрдің түріне тәуелді техникалық диагностиканың мынадай түрлерін қолданады: механизмдегі үйкеліске кететін шығынды өлшеу; механизмнің жылулық күйін анықтау; механизмнің жұмысы кезінде қойылған өлшемдерін, саңылаусыздығын және сұйықтардың ағуын, қосылыстар күйін тексеру; майлардың күйін талдау.
Агрегаттың техникалық күйінің ауытқуын анықтаған кезде оны элементтік диагностикалауға көшеді. Элементтік диагностикалауда алдымен «сыни» бөлшектердің, яғни механизмнің жұмысын бірінші кезекте аңықтайтын бөлшектерді тексереді.
Диагностика тереңдігі «механизмді бөлшектеу керек пе?» деген сұраққа жауап берумен анықталады. Егер механизм бөлшектенетін болса, онда әрі қарай диагностикалаудың қажеті жоқ, өйткені, бөлшектелгеннен кейін бөлшектердің күйін қарапайым жолмен анықтауға болады.
Диагностикалық әдістер мен құралдар механизмнің қалдық уақыт қорын анықтауға мүмкіндік бермейді. Оны анықтау үшін тексеру кезіндегі механизмдер мен түйіндердің құрылымдық параметрлерінін өзгеруін пайдаланып, кестелер мен монограммаларды қолданады.
Диагностикалау құралдары диагностикалық белгілердің шамаларын көрсетуге және өлшеуге қызмет етеді. Бұл үшін аспаптар, жарақтар, стендтер пайдаланылады.
Қолдану жағдайларына байланысты диагностика құралдары жылжымайтын, жылжымалы және тасылатын болып бөлінеді. Бұл құралдарға қойылатын негізгі талаптар: өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету, пайдалануға қолайлы жіне қарапайым болу.
