Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша басқару процесі

1.1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді құқықтық реттеу

Құқықтық реттеу – мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып білуі көзделеді.

Заң ғылымында барлық құқықтық нормаларды материалдық және процессуалдық деп бөлу қабылданған. Біріншісі азаматтар мен ұйымдардың(тұрақты қалыпты қоғамдағы қатынастардың) құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін бекітеді, екіншісі құқықтар мен міндеттерді қандай тәртіпте жүзеге асыруын анықтайды.

Әкімшілік жауаптылық институты – мемлекеттік еріксіз әсер етуді және қолдануымен байланысты сұрақтарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл институттың үлкен бөлігін материалдық нормалар құрайды. Олар әкімшілік құқық бұзушылықтардың жүйесін, әкімшілік жазалар түрлерін, әкімшілік жауаптылықтың ұстанымдарын белгілейді және басқа да бірқатар сұақтарды реттейді.

Әкімшілік-процессуалдық нормалар материалдық нормаларды жүзеге асыру тәртібін, оларды қолдану процедурасын, әкімшілік жазалар, мәжбүрлеу арқылы кінәлілілерге әсер ету процесін жүзеге асыруды анықтайды, яғни процессуалдық нормалар көмегімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізеді.[7]

Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу, ерік беру.

1.Тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс - қимыл жасауаға тікелей нақты түрде міндет жүктеу.

2.Тыйым салу - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу.

3.Ерік беру - құқықтық нормада қаралған жағдай осы не басқа іс - қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат ету.

Әкімшілік іс жүргізу құқығы – кодификациялық құқық. Құқықтың кез келген саласының негізігі, соның қатарындағы ҚР кодификациялық әкімшілік іс жүргізу құқығының негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізу құқығының төмендегідей дереккөздері бар: Қазақстан Республикасы Конституциясы, халықаралық және мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарт, ғылыми құқықтық доктрина.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргіу кезінде құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Контитуциясын, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңды,Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы заңды, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулыларын және басқа да заңнамаларды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.       Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу. лит

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын

алу болып табылады.[4]       Міне, осы мiндеттерді жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.[8]

Әкімшілік іс жүргізу құқық нормаларын құқықтық реттеу обьектісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар жатады. Ішкі істер органдарына кіретін жергілікті полиция қызметінің жұмысының негізгі бағыттарының бірі - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу және қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру болып табылады.лит

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 713 бұйрығына сәйкес, осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісін жүзеге асыру рәсімін тәртібін нақтылайды және ішкі істер органдары бөліністерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті әкімшілік практика бөлімдері (бөлімшелері, топтары), не болмаса көрсетілген функциялар міндеттеріне кіретін қызметкерлер жүргізеді.лит

Әкімшілік құқықтық нормативтік актілердің жасалуы, тәртіп бұзушылықтың барысында туындайтын әкімшілік іс жүргізу немесе әкімшілік үрдіс мынандай қағидаттарға негізделіп іске асырылады:

1.Заңдылық қағидаты. Әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрстілген әрі белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкімде әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиім емес. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар( лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

Соттар адамның және азаматтың Конституциясымен бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер, сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның жіне азаматтың Конституциясымен баянды етілген құықтары мен бостандығына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алысымен іс жүргізуді қайта бастайды.

Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың( лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңды бұзуына жол берілмейді және заңмен белгіленген жауатылыққа, қабылданған актілердің жарамсыз деп тануға әкеліп соғады.

2. Заң мен сот алдындағы теңдік. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына қарамастан , тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауптылықта болуға тиіс.

3. Кінәсіздік презумпциясы. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке адам өз кінәсі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның ( лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндеті емес. Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтар заңдарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер оның пайдасына шешілуге тиіс.

4. Кінә қағидаты. Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Жеке адамның кінәсіздіктен келтірілген залалы үшін обьективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкішілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылады.

5. Әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеушілік. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды.

6. Ізгілік қағидаты. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауіпсіздігін қаматамасыз етеді. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.

7. Жеке басқа қол сұқпаушылық. Ешкім де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына(полиция) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Әрбір ұсталған, ішкі істер органына(полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келінеген, жеткізілген адамға ұстаудың, алып келудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады. Мемлекеттік орган(лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келінген, жеткізілген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық қамауда отырған адамды дереу бостауға міндетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір қасиеті қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде адамның не оның заңды өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын іс-әрекеттер жасауы тек Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады. Өзіне қатысты әкімшілік шара жазасы ретінде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмірі мен денсалығына қатер төнуін болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Заңсыз қамауға алудың, өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың салдарынан азаматқа келтірілген залал заңда көзделген тәртіппен өтелуге тиіс.

8. Жеке бастың абыройы мен қадір – қасиетін құрметтеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір – қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында соттың, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерімен адамға келтірілген моральдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

9. Жеке өмірге қол сұқпаушылық және құпияны қорғау. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу құпиясы. Азаматтардың жеке өмірі, жеке басының және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында осы құқытарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.

10. Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкім де сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды. Мүлік пен құжаттарды алып қою; көлік құралын, шағын көлік кемені басқарудан шеттету; көлік құралын , шағын кемені ұстау; көлік құралын, шағын кемені тексеру; аймақтарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттардыт тексеріп қарау тек Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың(судьяның) және органның(лауазымды адамның) тәуелсіздігі. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Судьялар мен соттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өздеріне бөгде ықпал болмайтын жағдайларды шешеді. Соттардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласушылыққа жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақсты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судья тәуелсіздіктерінің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген.

Сот билігі органдарының әкімшілік-юрисдикциялық істерді шешу жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту әкімшілік юстиция деп аталатын мәселені маңызды етіп отыр. Бұл заңдық институт көптеген батыс елдерінде жеткілікті түрде кеңінен дамыған. Бұл орайда әкімшілік-юрисдикциялық қызметі арнайы құрылған әкімшілік соттардың (мысалы, Францияда әкімшілік трибуналдар) немесе жалпы соттардың бөлінген әкімшілік іс жүргізумен (мысалы, Ұлыбританияда) жүзеге асыратынын айтып кетуге болады. Әкімшілік юстиция деп азаматтар мен мемлекеттік басқару органдары (лауазымды адамдар) арасындағы әкімшілік-құқықтық дауларды шешудің ерекше процессуалдық тәртібі түсіндіріледі.

12. Куә айғақтарын беру міндетінен бостау. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына(зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес. Аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және ол үшін қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес.

13. Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету. Әркінің әкімшілік іс жүргізу барысында заңға сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің жариялылығы. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер ді қарауға уәкілетті органдар(лауазымды адамдар) осы істерді жүргзуді ашық түрде жүзеге асырады. Заңға сәйкес мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар істерге қатысты, сондай-ақ соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның(лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, кқммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің интимдік жақтар туралы мәліметтерді сақтау қажеттілігіне не ашық қарауға кедергі келітіретін өзге де мән жайларға сілтеме жасаған іске қатысушы адамның өтінішін қанағаттандыру кезінде іс жүргізу жабық түрде жүзеге асырылады.

Азаматтардың жеке хат жазысуы мен жеке телераф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келісімімен ғана ашық іс жүргізу барысында жария етілуі мүмкін. Керісінше жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысу мен жеке телеграф хабарламалары жабық іс жүргізу тәртібінде жария етіледі және зерттеледі. Аталған ережелер жеке сипаттағы мәліметтері бар фото- және кино-құжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды зерттеу кезінде де қолданылады.

15. Іс жүргізу барысында қауіпіздікті қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу соттың, әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға уәкілетті органның(лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам іс жүргізу кезінде қатысып отыруға тілек білдірген адамдардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексеруді, өздерін тексеріп қарауды және олар әкелген заттарды тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнінде өкім бере алады.

16. Процестік шешімдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі. Соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органныі(лауазымды адамның) іс-әрекеттері мен шешімдеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген тәртіппен қайта қарауға құқығы бар. Шағымды шағым берген адамға зиян келетіндей етіп немесе шағым өз мүддесіне орай берілген адамға зиян келетіндей етіп қарауға жол берілмейді.

17. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделі адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделері бұзылғанда немесе дау түскенде, оны қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатынды және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қойып жүгінуге құқылы.