Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

1.2. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен маңызы мемлекеттік басқару нысаны ретінде

Нысан жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады.

Мемлекеттік билік өзінің кез келген көрінісінде өзінен өзі іске асырылмайтыны белгілі. Өзін заң шығару, сот, атқару түрінде көрсету үшін ол іс-әрекет жасауы керек. Нақ осындай іс-әрекеттерде биліктің осы тармағының тиісті субьектілерінің мазмұны мен мақсат-міндеті көрініс табады.

Мемлекеттік басқарудың нысаны–атқарушы билік органыны (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.

Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері:

-құқықтық ;

-құқықтық емес;

Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады. Басқарудың құқықтық нысанын былайша жіктеуге болады: құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Құқықтық емес нысандар тікелей заңдылық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын( жеке-дара актілер шығару) әкімшілік-құқықтық қатынастар туғызбайды. Бұл құқықтық нысандарды қолдануға немесе оларды кейіннен іске асыруға көмектесетін әртүрлі ұйымдастырушылық іс-әрекеттер істеу болып табылады.

Атқарушы билік өз қызметін атқарушы органдардың әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырады, негізгі олардың заңдық мазмұны болып әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады. Мұның бәрі де әкімшілік процессуалдық нысан болып табылады.

Іс жүргізу – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатын дәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы; қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі( мысалы, заң шығару, бюджет, жерге орналастыру). [5]

Атқарушы билік іс жүзінде атқарушы органдардың( лауазымды адамдардың) әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, олардың заңдық мазмұны әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады. Бұл ол сияқты қызметтің процессуалыдық нысаны болатынын білдіреді, соның шегінде норманың диспозициясында көрініс табатын мақсаттарға, яғни тиісті мінез-құлық ережелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік – басқарушылық қызметке байланысты әкімшілік іс жүргізу туралы айтуға болады. Оның мазмұны мемлекеттік басқару аясында әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленген тиісті мінез-құлық ережелерін сақтауды, сондай-ақ осы нормалармен қаралған санкцияларды орындауды қамтамасыз ету жолымен атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын заңдық биліктік түррде іске асырудан тұрады. Демек, тиісті атқарушы органдар(лауазымды адамдар), мемлекеттік – басқарушылық қызметті атқара отырып, құқық қолдану және құқық қорғау сипаты бар әкімшілік-процессуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сондықтан атарушы биліктің іс-қимыл жасауын түсіну үшін әкімшілік – процессуалдық қызмет өзінің нысандары және әдістерімен ерекше маңызды.

Әкімшілік процесс материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыруды мақсат еткен әрекеттер жиынтығы, ол-атқарушы билік органдарының әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттелетін қызметі, ал заңда көзделген жағдайларда – басқа органдар мен олардың лауазымды адамдарының нормативтік басқару актілерін қабылдау және материалдық құқық нормаларын қолдану жөніндегі қызметі.

Әкімшілік — процессуалдық қызметті түсінудің екі түрі бар. Біріншіден, оны кейде кең көлемде қарайды, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде түсініледі. Екіншіден, тар мағынада оны тек материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне ғана тірейді. Бүл оны соттың іс жүргізу, яғни юрисдикциялық, қызметімен жақындастырады. Әкімшілік процесті сипаттаған кезде осы екі жағдайды да басшылыққа алуға болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі жылдары бірнеше аса маңызды әкімшілік-процессуалдық заңнамалар қабылдап, пайдалануға қосты. Қазіргі кезде басқарушылық қызметтің көптеген маңызды мәселелерін жеткілікті түрде реттейтін заңнамалық актілер бар (мысалы, әкімшілік рәсімдср, рұқсат беру, тіркеу туралы). Ал әкімшілік-процессуалдық қызметті тар, яғни юрисдикциялық мағынасында алатын болсақ, ол да негізінен жеткілікті түрде бірізді регламенттелген. Бүл жерде мыналар, мысалы, ӘҚБтК, тәртіптік іс жүргізуді, азаматтардың шағымдарын қарап, шешуді реттейтін нормалар және тағы басқалар. Сонымен, әкімшілік іс-жүргізу рәсімі оның екі көрінісінен құралады. а) әкімшілік-рәсімдеулік. Оның мазмұнын атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі өкім етушілік іс-әрекеттері құрайды (мысалы, рұқсат беру, тіркеу және өзге де функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру).

ә) әкімшілік-юрисдикциялық. Оның мазмұны — атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) юрисдикциялық қызметті атқару тәртібімен құқық қорғау функциясын жүзеге асыру. Әкімшілік іс жүргізу қатынастарының шеңберінде оған қатысушылар үшін бірдей құқықтық деңгей берілгенімен атқарушы органдардың(лауазымды адамдардың) әрекеттерінде мемлекеттік-өктемдік сипат бар, себебі олар әкімшілік процесте мемлекет атынан әрекет етеді. Атқарушы билік субьектілері өз құзыреті шегінде әкімшілік-құқықтық дауларды қарауға және шешуге, басқарушылық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің зағдылығын өз бетімен бағалауға, қажетті жағдайларда әкімшілік жауаптылық шараларын қолдануға құқылы, ал көп реттерде-міндетті. Бүл екі түрді жақындататын жағдай, олардың нәтижесінде жеке-дара құқықтық актілер шығарылады, солардың көмегімен нақты жағдайларға немесе адамдарға материалдық әкімшілік құқықтық нормалар қолданылады. Мемлекетгік басқару аясында қандай да болмасын бір себептермен немесе өзге бір ынта бойынша пайда болатын әр түрлі жеке істерді шешу іске асырылады. Құқықтық норманың не диспозициясын (рәсімін) не санкциясын (юрисдикциясын) жүзеге асыру істің мәніне байланысты болады. Солай болғандықтан, әкімшілік-процессуалдық қызметтің негізі нақ сол жеке істер болып табылады. Құқықтық нормалардың нұсқамалары қандай да бір органдардың жеке сипаты бар фактілер бойынша (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру фактісі бойынша, лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне шағым беру фактісі бойынша) жеке іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Осы сияқты жеке істерді шешу әкімшілік іс жүргізудің негізін құрайды. Әкімшілік іс жүргізу қызметі әкімшілік құқықтың процессуалдық нормаларымен регламенттелінеді жэне әкімшілік-процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процесс заңдық шындық құбылыс ретінде болмайды.

Әкімшілік іс жүргізу құқығы құқықтық іс жүргізу саласының бірі болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізу құқығы – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот ісін, қарау, соттың , мемлекеттік өкімет органдарының(лауазымды тұлғалардың) заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларын қолдану туралы қаулыларын қолдану және орындауды реттейтін әкімшілік құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Г.Н. Күнхожаев пен Қ.Ұ. Жылқыбайдың «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» атты кітабында, әкімшілік іс жүргізу-бұл жеке әкімшілік істерді заңды және обьективті қарап, шешуді қамтамасыз ететін процессуалдық іс-әрекеттерді атқарудың нормамен реттелген тәртібі деп көрсетілген.

А.Қ. Исабеков пен Д.О. Кусаиновтың «Әкімшілік құқық» кітабында, әкімшілік іс жүргізу – бұл заңға негізделген құқықтық қатынастағы әкімшілік істерді уәкілеттілікпен қарастыратын, істерді обьективтік өндіруде толығымен заңға сәйкес шешім шығаратын, әкімшілік іс жүргізу тәртібімен жүзеге асыратын тәсілдерді қолданатын лауазымды тұлғалар мен органдардың нысаны деп анықтама берген.

Профессор А.А. Таранов көзқарасы бойынша, әкімшілік іс жүргізу – әкімшілік істердің нақты сатыларын қарауға жән шешуге өкілеттік берілген субъектілердің нормативті реттелген тәртібінің қызметі.

Әкімшілік іс жүргізу қызметі әкімшілік құқықтың процессуалдық нормаларымен регламенттелінеді және әкімшілік-прцессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процесс заңдық шындық құбылыс ретінде танылмайды. Әкімшілік-процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай анықталады, әкімшілік процесстің шегінде барлық жеке істер емес, тек әкімшілік-процессуалдық нормалармен белгіленген процессуалыдық тәртіп қолданылатын белгілі бір істер ғана шешіледі.

Басқару қызметінің құрамдас бөлігі бола отырып, әкімшілік іс жүргізу мемлекеттік басқарудың жалпы принциптеріне негізделеді.

Әкімшілік іс бойынша іс жүргізу ісіне әрбір қатысушы үшін әкімшілік құқық нормаларымен іс жүргізу құқығы мен міндеттері бекітілген. Мыслы, маманандырылған әкімшілік соттардың сот төршілері, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзеріне жүктелген істерді қарап шешуге құқылы. Олар әкімшілік істерді қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның міндеттерін сақтауға мемлекет алдында жауапты және міндетті. Бұл ретте заң мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілерге қарағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде соттардың құзыреті ерекше екендігін атап көрсетеді.

Әкімшілік іс жүргізу құқық нормалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың барлық барысын анықтайды, әрбір субьект үшін тіртібіне қарай тиісті және мүмкін болатын іс-жүргізушілік қарым-қатынастарын бекітеді.

Әкімшілік құқықта қолданылатын «жүйе» сөзі іс жүргізу-құқықтық нормаларының тұтастығына, бірлігіне, іс-әрекеттің органикалық байланысына қарай жүйелі түрде орналасуының белгілі бір тәртібі деген мағынаны білдіреді.

Әкімшілік іс жүргізу құқығының жүйесін соттардың, сондай-ақ әкімшілік істерді қозғау, қарау және шешу тәртіптерін реттейтін нормалар жиынтығын құрайды.

Әкімшілік іс жүргізу құқығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот істерінің жалпы сипатын бекітетін нормалар мен құқықтық институттарды біріктіреді.Мазмұны бойынша ол төмендегідей институттардан тұрады:

  • Әкімшілік іс жүргізу заңының негізігі ережелері;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс-жүргізу міндеттері мен принциптері;

  • Ведомстволық бағынышты істер;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар;

  • Дәлелдемелер және дәлелдеулер;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау;

  • Іс жүргізу мерзімдері;

  • Сот хабарламалары мен мемлекеттік басқару органдарының шақыртулары;

  • Әкімшілік істерді қарау;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау;

  • Шағымдар мен наразылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша күшіне енген қаулыларды қайта қарау;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық тураы істерді қарауға өкілетті органның( лауазымды тұлғаның) заңсыз әрекеттерінің салдарыннан келтірілген зиянды қалпына келтіру, өндіру;

  • Әкімшілік жауапкершілік туралы артықшылықтары мен қорғанышы бар тұлғаларға қатысы бар істер бойынша сот ісінің ерекшеліктері;

  • Әкімшілік жаза туралы қаулылылардың орындалуы;

Әкімшілік іс жүргізу нормаларын бұзу әдетте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу туралы істер бойынша іс жүргізу әрекеттері кезінде( істі қозғау туралы шешім қабылдау, хаттама құру, тергеу, жеткізу, ұстау, істі қарау, қаулыны шығару және орындау және тағы басқа кездерде) кездеседі.

Әкімшілік іс жүргізу қарым-қатынастары әкімшілік құқық бұзушылқ туралы сот істері кезінде сот , орган(лауазымды тұлға) мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қозғалған тұлға арасында іс қозғалған сәттен бастап, оны қарау, сот, орган(лауазымды тұлға) іс бойынша шешеім шығару, оны орындау кезінде туындайды. Әкімшілік құқық бұзған тұлғаның, өзге тұлғалардың сотпен, органмен( лауазымды тұлғамен) құқықтық қарым-қатынасқа түсуі әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот істері кезіндегі іс-әрекеттердің теорияда әкімшілік іс жүргізу қарым-қатынастары деп аталатын құқықтық қарым—қатынастарды құрайтын әкімшілік іс жүргізу құқығы нормаларымен реттеледі.

Әкімшілік іс жүргізу құқықтық қарым-қатынастарының мынадай белгілері бар:

Құқықтық сипатқа ие, әкімшілік іс жүргізу құқығы нормаларының негізінде туындайды және нақты іс бойынша іс жүргізу қарым қатынастарының туындауына қажетті алғы шарт болып табылады.

Жеке және саналы түрде еркін және нақты субьектілердің бастамасы бойынша пайда болатын еркін қарым-қатынастық сипатқа ие.

Сот, органдар(лауазымды адамдар), әкімшілік жауапқа тартылғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот ісінің басты және міндетті қатысушылары болып табылады. Тұлға немесе сот төрешілері, орган(лауазымды адам) жоқ болатын болса әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот ісі болуы мүмкін емес;

Өкімді(императивтік) спипатқа ие.

Іс жүргізушілік сипатқа ие. Іс жүргізушілік қарым-қатынастар субьектілірінің құқықтары тең емес, сот мемлекет органдары ретінде құқықтық қарым-қатынастардың өзге қатысушыларына, жәбірленушіге, куәгерлерге қатысты үлкен өкімді өкілеттікке ие.

Әкімшілік іс жүргізушілік құқықтық қарым-қатынас субьектілері көп, бұлар мемлекеттің атқару өкіметінің көптеген органдары және оларың лауазымды тұлғалары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және ол бойынша айыппұл салуға өкілеттілер, әкімшілік істер бойынша сот істеріне қатысушылар, олардың өзара байланысы;

Материалдық және материалдық емес құндылықтар бойынша(денсаулық, жеке меншік, құндылықтар жұмыс, қызметтер, ақпараттар, зияткерлік қызметтер, материалдық емес құндылықтар) әкімшілік істерді қараумен және шешумен байланысты туындайтын іс жүргізушілік құқықтық қарым-қатынастардың көптеген нысандары.

Әкімшілік іс жүргізушілік құқықтық қарым қатынастар әкімшілік, азаматтық, еңбек, салық және құқықтың өзге де нормаларын қолдану және жүзеге асыру құралы болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізудің обьектісі болып, атқарушы биліктің басқару нысанының құзыреті органы саласына кіретін шарт негізінде, қылмыстықтан басқа әкімшілік, еңбек, қаржылық және азаматтық тағы басқа да құқық саласының әр түрлі нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. [6]

Жалпы әкімшілік процесс мемлекеттік органдарыдың мәжбүрлеу қызметін көрсетеді және келесі құрамдық бөліктерін атап көрсетуге болады.

  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүгізу;

  • Әкімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша іс жүргізу;

  • Әкімшілік құқық нормалары негізінде тәртіптік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша іс жүргізу.

Әкімшілік іс жүргізуге мынадай ерешеліктер тән:

1)мемлекетпен тікелей байланысы : себебі әкімшілік іс-жүргізу билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі. Оның негізін уәкілетті басқару органдарының іс-әрекеттері құрайды;

2)түрлі құқық салаларының материалдық нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс жүргізудің әлеуметтік белгіленуін білдіретін заңды әрекет;

3)нақтылы басқару істерін шешуге бағытталған;

4)құқықтық тәртіп көмегімен ғана нәтижеге ие болатын заңды нәтижелі іс-әрекет;

5)процессуалдық құжаттардағы іс-әрекеттер нәтижесінің міндетті түрде толтырылуы;

6)процессуалдық реттеудегі объективті қажеттілікті тудырады.

Әкімшілік іс жүргізу субъектілеріне заңды нормалар негізінде әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды, сонымен қатар мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйымдарды жатқызамыз, мысалы оларға:

- Қазақстан Республикасының азаматары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар;

-Мемлекеттік органдар;

-Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер;

-Қоғамдық ұйымдар;

-Мемлекеттік қызметкерлер;

-Қоғамдық ұйымдар қызметкерлері;

-Мемлекттік мекеме уәкілдері жатады.

Субъетілердің бірінші түрі әкімшілік іс-жүргізуге көп қатысады. Олар мынадай қызмет атқарады:

-әкімшілік іс жүргізуді қозғаушы, тудырушы, яғни оны шешетін органға ұсынушы;

-бұзылған құқықты қорғауға әкімшілік даудың бір жағы ретінде қатысушы;

-өз еркімен екі жақтың біреуін қолдап қатысушы;

-әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға болуы;

-өкілетті уәкіл болуы;

-әкімшілік құқық бұзушылық пен мүліктік,моральдық зиян шеккен, жәбірленуші болуы;

-куәгер болуы;

-өзге тұлғанның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жақ болып қатысуы.

Кез келген іс жүргізудегідей әкімшілік іс-жүргізуде де ерекше рөл атқаратын мемлекеттік-биліктік өкілеттілігі бар істерді қарастырып, оған шешім қабылдап, оны орындауды талап ететін атқарушы орган. Ол міндетті түрде әкімшілік іс жүргізудің жақтарының бірі ретінде, ішкі

ұйымдық іс-әрекеттер жүзеге асқанда ғана мемлекеттік және өкілетті органдардың басшылары қатыса алады. Мемлекеттік органдарға басқару қатынастарының аясында үлкен рөл, сонымен қатар өкілеттілік берілген. Мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік органдары, сот, прокуратура белгілі бір дәрежеде нақтылы басқару істерін шешуге құқылы.

Мемлекеттік орган әкімшілік іс жүргізуге 2 сипатта қатысуы мүмкін:

1)әкімшілік істі шешетін орган ретінде;

2)әкімшілік іс жүргізудің тек бір тарабы ретінде.

Прокуратура органдарының да әкімшілік іс жүргізуге тәжірибеде жиі кездеседі. Мысалы; заң талаптарын бұзаны үшін әкімшілік жаза белгілеу немесе заңсыз басқару актісін ортақ бақылау тәртібінде наразылық беру.

Бұл қатысушылар іс жүргізуде әр түрлі қызмет атқаратындықтан олардың құқықтық мәртөбесі де әр алуан болады. Барлық субъектілердің тең құқылы мүмкіндіктері бар. Олар заң алдында да бірдей болғандықтан заң бойынша әрекет етуі тиіс.

Сонымен қорытындылай келгенде, әкімшілік іс жүргізу әкімшілік процессуалдық нормалардың жиынтығы, соларға негізделген атқарушы билік органдарының және олардың лауазымды адамдарының оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі болып табылады.