Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу

2.1 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізу органдар мен тұлғалардың әрекеттерінен құралады. Бұл кезде заңмен қаралған әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау шараларын және ескертуді, жауаптылықты қолданатаын және орындайтын өкілеттіктер берілген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары маңызды рөл атқарады. Іс жүргізуде басқа да қатысушылар әрекет етеді: бірі өз құқықтарын қорғайды, басқалары іс жүргізуге көмектесетін процестік әрекеттер кезінде ғана қолданады.[14]

Ресейлік заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Демьян Николаевич Бахрах іс жүргізудің барлық субьектілерін бірнеше топқа төмендегідей бөлген:

1.Істің болашағын анықтайтын және жүргізетін, белгілі құқықтар берілген өкілетті органдар және лауазымды тұлғалар. ( жетекші субьекттер).

2.Істе жеке қызығушылы бар тұлғалар: жауапқа тартылатын тұлға, жәбірленуші және оның заңды өкілдері ( ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе асырап алушылары). Бірінші топтағы қатысушыларға қарағанда бұл топ өкілдері биліктік өкілеттіктері жоқ.

3.Іс жүргізуге көмек көрсететін органдар мен тұлғалар: куә, сарапшы, маман, аудармашылар. Олардың бірі(куә, сарапшы) мәліметтерді органға немесе лауазымды тұлғаға хабарлайды, бірі( аудармашы, куәгер) дәлелдемелерді бекітуге немесе әкімшілік іс жүргізуге керекті жағдайларды жасайды.

Маманның, сарапшының, қорғаушының, жауапқа тартылатын тұлғаның заңды өкілдерінің іске қатысуын істі жүргізетін лауазымды тұлға шешеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 38-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізушіге қатысушы тұлғалар анықталған. Оларға: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға; жәбірленуші; жеке тұлғаның заңды өкілдері; заңды тұлғаның заңды өкілдері; қорғаушы; жәбірленушінің өкілі; куә; куәгер; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор жатады.

Әкімшілік іс жүргізуге сонымен қатар куәгерлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар мен сот өкілдері қатысады. Іске қатысушы тұлғаларға сонымен қатар сот төрешісі(сот) де жатады. Сот ісінің қандайда бір субьектісін іске қатысушы тұлғаларға жатқызудың негізгі ерекше белгісіне іс барысында заңды мүдденің бары жатады. Заңды мүдде – бұл, іске қатысушы тұлғаның сотта, мемлекеттік өкімет және басқарманың атқару органдарында істі қарап, шешумен байланысты заңда негізделген құқықтық нәтижесі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әрбір мүдделі тұлға өзінің бұзылған немесе жоққа шығарылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық заңда бекітілген тәртіппен сотқа жүгінуге кепілдік беріледі. Және жеке тұлғалардың, мекемелердің құқықтарын және мемлекеттің мүддесін қорғау үшін өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сотқа арыз арқылы жүгінуге құқылы мемлекеттік органдар туралы, соның қатарында прокурор жайлы айтылған. Заңда өзінің келісімінсіз ешкімнің заңда қарастырылған соттылығы өзгертілуі мүмкін емес делінген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сот ісіндегі мемлекеттік және қоғамдық мүдделер өзге тұлғалардың(азматтар мен ұйымдардың) құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелер мен азаматтардың іске қатысуларына негіз болып табылады.

Сонымен бірге істі сотта қарау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылушы тұлғамен және жәбірленушімен(жеке немесе заңды тұлғамен) даулы қарым-қатынастарда болмайтындықтан прокурордың да, мемлекеттік органнның да істе қандай да бір материалдық мүддесі болмайтынды. Аталған органдардың мүдделері заңды сипатқа ие, ол әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сот ісінде сот, органдар( лауазымды тұлғалар) жақтайтын жалпы мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізуге тікелей қатысушы тұлғаларды істің өзге субьектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі міндетті белгісіне жеке, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде жатады.

Іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері ӘҚБтК-тің 38-тарауында бекітілген. Іс жүргізуге қатысушылардың барлық іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттерін шартты түрде әкімшілік іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың барлығына тән, істе заңды мүдделері бар( іске қатысуш тұлғалар) жалпы жін тек әкімшілік сот ісіне қатысушылар ғана ие бола алатын арнайы деп екіге бөлуге болады. Әкімшілік іс жүргізу заңында іс барысында мүддесі есепке алына отырып, іске қатысушы тұлғалардың құқықтық мәртебесіне сай олардың құқықтарының кең аясы бекітілген.

Іске қатысушы тұлғалардың іс жүргізудегі жалпы құқықтарына төмендегілер жатады:

  • Хаттамалар мен істің өзге де құжаттарымен танысу құқығы;

  • Істі өкілі арқылы жүргізу, сот төрешілеріне, прокурорға, сарапшыға, маманға наразылық білдіру құқығы;

  • Аудармашының қызметін пайдалану;

  • Дәлелдемелер ұсыну және оны зерттеуге қатысу;

  • Іске қатысушы тұлғаларға, сондай-ақ куәгерлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қою;

  • Өтініштер беруге;

  • Іс бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беру;

  • Істің жеке мәселелері бойынша да, істің толық мән-жайы жайында да өз пайымдаулары мен ойларын сотқа ұсыну;

  • Іс бойынша сот ісімен қамтамасыз етуге қолданылған шараларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хатамаға және іс бойынша қаулыға шағымдану;

Іске қатысушы тұлғалардың жалпы іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінен басқа тек өздеріне ғана тән арнайы іс жүргізу құқықтары мен міндеттері бар.

Іске қатысушылардың арнайы сипаттағы іс жүргізу құқықтарына мыналар жатады:

  • Атқару өкіметі органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері жайында, сотқа, органға(лауазымды тұлғаға) шағымдану немесе арыз жазу;

  • Мемлекет кірісіне сот шығындарын төлеуден босату, төлеуді кейінге қалдыру, бөліп төлеу немесе оның мөлшерін азайту;

  • Соттың немесе органның(лауазымды тұлғаның) актісін орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ оның орындалу әдісі мен тәртібін өзгертуге;

  • Арыздардың, шағымдардың көшірмесін алу;

  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті органның(лауазымды тұлғаның) заңсыз әркеттері салдарынан келтірілген шығынды қалпына келтіру құқығы;

Әкімшілік құқық бұзушлылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың бірнешесіне тоқталып кетейік.

Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға.

Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға, одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне ӘҚБтК-пен берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың бостандықтары мен құқықтарының кепілдіктері жеткілікті. Кепілдіктерді бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ, бұл құқықтарды жүзеге асрыу рәсімі негізделетін қағидалар. Екінші топ, іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтары мен міндеттері. Үшінші топтың кепілдіктерін іс жүргізуді қамтамасыз ететеін лауазымды тұлғалардың процестік міндеттері мен өкілеттіктері құрайды.[13]       Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.       Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізулерге әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған тұлғаның міндетті түрде қатысу жағдайлары заңда қарастырылған. Оларға мыналар жатады:

1. Жасы он сегізге толмаған тұлға жасаған әкімшілік құқық бұзуушылық;

2.Әкімшілік қамаққа алу;

3.Шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жiберу;

4.Адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру;

      Жоғарыда аталған тұлғалар жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.       Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органы (полиция) орындайды.       Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайларын қарау кезiнде шығарыла тұруы мүмкiн. Бұл талап

Жәбірленуші.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық зиян келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады. Моральдық зиян азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесілі емес игіліктер мен өзіндік құқықтардың кемтілуінен немесе олардан айырудан туындаған жан азабы. Дене жарақаты ұру( қолмен, заттармен), жануарлардың шабуы арқыл келтірілуі мүмкін.

Дене жарақатына сипаттама бергенде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілде N 9 нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет. «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сәйкес толық не iшiнара кәсiби еңбек қабiлеттiлiгін, ал олай болмаған жағдайда – жалпы еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалтқан зардап шегушiлер денсаулыққа келген зиянды өтеттiруге құқылы. Егер кәмелеттік жасқа жетпеген, он төрт жасқа толмаған (жасөспірім) және еңбекақы алмайтын адам мертiксе немесе оның денсаулығына өзге де зақым келсе, денсаулығының зақымдануына байланысты шығындар өтелуге жатады.

Мүліктік зиян әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты болуы мүмкін. Бұл зиянды ( бұзылған затты, автокөлікке келтірілген залалды жөндеуден өткізу міндеті) қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтар мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы. Егерде аталып кеткен жәбірленушінің құқықтарын 1984 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекспен салыстыратын болсақ, ол кезде жәбірленушіге тек іс материалдарымен танысу, түсініктемелер беру, өтінішхаттар мәлімдеуге және іс қаулыларына наразылық білдіру құқығы берілген еді. Және заңды өкіл тек кәмлетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын жәбірленушіде ғана болатын. 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған Кодекс ережелеріне сәйкес жәбірленуші оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек беретін, заңды өкіл ұстау құқығына ие болғанын айтып өту керек. Бұл өзгерістер адамның Конституциялық құқықтарын толық пайдалануға жол ашты.       3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Оған iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.       4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болып табылса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы мүмкiн.

Қорғаушы.

Қорғаушы – әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.

Қорғаушылар ретiнде адвокаттар қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен бірге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңнамада айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушылар ретiнде қатысуға жiберiледi.

Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:       1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;       2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;       3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;       4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.[16, 16-бап]

Әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), егер сол адаммен туыстық қатынастарда екендігін дәлелдейтін құжаттарын көрсетсе, қорғаушы ретінде қатыса алады. Ал, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.[17, 67-б., 1-б.]

Қорғаушытiске қатысуға жіберіледі:

  • әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамды әкiмшiлiк ұстап алған кезде;

  • әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап;

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында;

Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бiр адам қорғаушы бола алмайды. Осыған сәйкес, қорғаушы екі адамның мүдделерінде қайшылық болмаған кезде, ол заң көмегін беруге құқылы.

Адвокат, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.

Адвокаттық іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша адвокаттың өкілдігін ұймдастырып қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақстаныды және жүзеге асыруда басқа да заң көмегін көрсету екендігін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, қорғаушының қатысуы мiндетті егер:

1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;       2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;

3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;       4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, олар бұл туралы қаулы шығарады.

Қаулы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.

Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерiнің бірі болып: алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.[16;20-б.,4-б., 4-т.]

Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға іс бойынша iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Бұл ереженің мазмұны келесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тараптарының төмендегі процестік құқықтары мен міндеттерінен көрінеді:

Біріншіден, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға іс бойынша iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы;

Екіншіден, қорғаушыдан бас тарту ерікті түрде болуы керек, ал бұл туралы бастаманы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға білдіруі қажет;

Үшіншіден, қорғаушыдан бас тарту жазбаша нысанда рәсімделеді және іс жүргізіп жатқан органмен ( лауазымды тұлғамен), сотпен қанағаттандырылуы тиіс.

Төртіншіден, заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын уәж етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды;

Бесіншіден, адамның қорғаушыдан бас тартуы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi.

Қорғаушыдан бас тарту өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiшхат жасау құқығынан айырмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте және Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» заңында көрсетілген құқықтар қорғаушының қызметінің әкімшілік іс жүргізудегі мақстаттарына жетуіне жағдай жасайды. Ол үшін қорғаушы:

  • iстiң барлық материалдарымен танысуға;

  • iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер ұсынуға;

  • өтiнiшхаттарды және қарсылықтарды мәлiмдеуге;

  • судьяның, iстi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстi қарау процесiнде жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға;

  • іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға;

  • өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

Сонымен қатар, «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 14-бабына сәйкес адвокат құқылы:

1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;       2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;       3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;    

5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;       6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;   

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;   

9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;      9-1) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;       10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

Аталған өкілеттіктермен қатар, қорғаушы міндетті:

  • Заңнамалардың және кәсіптік мінез-құлық ережелерінің талаптарын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 15-бабы 2-тармақшасында көрсетілген негіздерге сәйкес тапсырмадан бас тартуға;

  • Заң көмегін көрсету кезінде белгілі болған мәліметтерді құпия сақтауға, сонымен қатар «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 15-бабында көрсетілген өзге де талаптарды сақтауға;

Адвокат өзіне қорғау өкілеттігін алған сәттен бастап, өзінің клиентімен(өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға) қорғаудың ұстанымын талқылауға және келісуге міндетті.

Қорғаушы келесі әрекеттерді жүзеге асырға құқылы емес:

  • қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесілі құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге;

  • қорғалушының ұстанымына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге;

  • қорғалушының берген шағымдары мен өтiнiшхаттарын қайтарып алуға;

  • заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге.

Прокурор.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдардың дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Прокурордың процестік өкілеттіктері Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде және Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» заңында белгіленген. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануларын, заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын жағдайлар мен себептерді жоюға шаралар қолдануға, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге, сондай-ақ кінәлі адамдарды заңмен анықталған жауапкершіліктерге тартуға прокуратура органдарына өкілеттіктер жиынтығы берілген.

Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойыша іс жүргізуге қатысуы төменде көрсетілген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру жолымен іске асады:

  • әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзуге қатысу;

  • дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысу;

  • iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп отырған тұлғаның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстi қарау процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн білдіру;

  • iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айту;

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:       1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, органға (лауазымды адамға) наразылық келтiруге;       2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;       3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өздерiне ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;       4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;      5) әкiмшiлiк шара туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;       6) әкiмшiлiк ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;       7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылатын жағдайларда, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;       8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.

2.2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің негізгі сатылары

Қылмыстық іс жүргізуге қарағанда әкімшілік іс жүргізудің және қараудың күрделі прцедурасы болмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрылымына кіреді. Әкімшілік іс жүргізудің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалдық және іс-жүргізу нормаларымен барынша толық реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі. Бұл іс жүргізудің мынадай міндеттері заңмен анықталып берілген:

  1. әр істің мән-жайын уақытылы, жан-жақты, толық және объективті айқындау;

  2. іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

  4. әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік іс жүргізудің бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады. Олар:

1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау;

2)әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және іс бойынша қаулы шығару;

3)іс бойынша шешімге шағым және наразылық жасау

4)қабылданған шешімді орындау.

Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе абайсызда) әрекет немесе әрекетсіздігі, ол үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы төрт элементтен тұрады: обьектіден (әкімшілік құқықпен қорғалатын қарым-қатынас); обьективті жақтан (әрекет, әрекетсіздік, құқыққа қарсылық, себепті байланыс); субъектіден (жасы 16-ға толған ақыл-есі дұрыс жеке тұлға, заңды тұлға); субъективті жақтан (күнә, себеп, мақсат).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамас бұрын іске қатысты маңызы бар бірқатар мән-жайларды анықтап алу қажет. Оларға тұлғаның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының, әкімшілік жауапкершіліктен басқа мән-жайлардың (қажетті қорғану, қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, аса қажеттілік, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау) болуы.

Тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері байқалған жағдайда іс қозғалады, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау – бұл әкімшілік іс жүргізудің ең алғашқы өзіндік сатысы. Мұнда әкімшілік істерді қозғауға құқықтары бар органдар мен тұлғалар істі заңды және негізді түрде қозғау және алда ол туралы іс жүргізу әрекеттерін қабылдау үшін қажетті негіздер мен шарттардың барын тексереді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау себебі мен негізі дегеніміз органдар (лауазымды тұлғалар) әкімшілік құқық бұзудың нақты деректерін алатын әкімшілік құқық бұзушылқтар туралы заңдарда қарастырылған деректер көзі.