Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

1.3.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің бағынштылығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен әкімшілік жаза қолдануға байланысты лауазымды тұлғалардың өкілеттігі

Әкімшілік сот ісінде ведостволық бағыныштылық және соттылық деген ұғымдар бар. Әкімшілік іс жүргізудегі ведомстволық бағыныштылық әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот істеріне мемлекеттік органдардың құзырееттерінің тәртібі мен шегі дегенді білдіреді, яғни осындай істерді жүргізуге өкілетті органдардың қандай істерді шешулері қажет екендіктері.

Құқық бұзушыны негізді, әділ әкімшілік жауаптылыққа және әкімшілік жазаға тартуда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын мемлекеттік органдардың(лауазымды адамдардың) құзыретін анықтау өте маңызыды болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бір әкімшілік құқық бұзушылыққа құқық нормаларын бірнеше құқық қолданушы органдар қолдануы мүмкін. Көптеген жағдайларда іс бір органнан басқа органға беріліп жатады және олардың әр бірі өз құзыреті шегінде ғана құқыққолданушы әрекеттерді жүзеге асырады. Осылайша мемлекеттік органдар(лауазымды адамдар) құқық бұзушылықты анықтайды, құқық бұзушыны ұстайды, құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады; басқа өкілеттілік берілген органдар(лауазымды адамдар) ол істерді қарайды; банк мекемлері айыппұлды қабылдайды; сот орындаушылары әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыны орындайды және т.б.

Әкімшілік істерді және олармен байланысты өзге де мәселелерді шешуге түрлі мемлекеттік органдардың құқығы бар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

Сот өкіметін жүзеге асырушы мемлекет органдары ретіндегі судьялар( Жоғарғы сот, облыстық және оған тең қалалық соттардың судьялары, арнайы әкімшілік соттардың судьялары, кәмлетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары, олар жоқ жерде аудандық соттар);

Мемлекеттік өкімет және басқару органдарының, жергілікті атқару органдарының, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалалары;

Өнеркәсіп және ауылшаруашылықтың, қоршаған ортаның түрлі салаларындағы мемлекеттік өкілетті органдары;

Аталған әрбір орган, соның ішінде әкімшілік сот пен жалпы сот заңда өздері жүргізуге рұқсат етілген істерді, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 36-тарауында қарастырылған өзіне ведомстволық бағынышты істерді ғана шешуге құқылы.

Қазақстан Ресрубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын мемлекеттік органдардың, істі қарау мен әкімшілік жаза қолдануға құзыретті лауазымды тұлғалардың тізімі бекітілген.

Әдебиеттерде сотқа бағыныштылықты ерекше, шартты, аралас және балама деп бөлу қабылданған.[9]

Ерекше ведомстволық бағыныштылық сотқа жібергенге дейін іс бойынша арнайы міндетті іс-әрекеттерді жүргізу қажет еместігімен сипатталады, яғни мұндай істер тікелей тек сотта қаралады.

Шартты ведомстволық бағыныштылық – тараптар келіспеушіліктерін сотқа дейінгі өзара реттеуге ұмтылу әрекеті.

Балама ведомстволық бағыныштылық өз құқықтарын қорғауды іздеуші тұлғаға әкімшілік сот, ал мұндай сот жоқ жерде жалпы сотты немесе мемлекеттік органды(лауазымды тұлға), мүліктік даулар бойынша арнайы экономикалық сотты немесе аралық сотты таңдау мүмкіндігін береді.

Аралас – сотқа дейінгі істі қарауға құқылы қандай да бір органның дауды қарауы. Аралас бағыныштылық ведомстволық бағыныштылықтың өзге түрлеріне, әсіресе, ерекше және балама түрлеріне тән белгілерді біріктіреді.

Істердің жекелеген түрлерін белгілі бір органдардың жүргізуіне жатқызудың негізгі өлшемдеріне мыналар жатады:

  • Құқықтық қарым-қатынас сипаты, яғни тақырыптың мазмұны;

  • Құқықтық қарым-қатынастың субьективті құрамы(қатысушылар құрамы)

  • Қаралып отырған істің даулылығы немесе даусыздығы;

  • Дауды алдын-ала сотқа дейін реттеуге тараптардың келісімдерінің болуы;

  • Жоққа шығарылатын актінің сипаты(нормативті немесе нормативті емес).

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:

1)мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары; 2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары; 3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.

Судьялар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Қазақстан Республикасы «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүргізе алады.

Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады.[10]

Соттар қоғамдық қауіпсіздігі жоғары күрделі және маңызды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. Және ә кімшілік құқық бұзушылық туралы істерді судья қарағанда төмендегі әкiмшiлiк жаза түрлерiн тағайындайды:

- әкімшілік қамаққа алу;

- шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу;

- әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi);

- ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын басқару құқығы);

- белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиялардан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру,

- заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу, қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді соттардың қарауы әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың заңды мүддесінің елеулі және сенімді кепілі болып табылады.

Әкімшілік юрисдикцияны жүзеге асыруда органдардың құрылу жүйесінің негізгі қағидасы – аумақтық-салалық. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықпен күрес аумақтық ерекшеліктерін ескерумен қатар мемлекеттік басқарудың жеке салаларының ерекшеліктерін ескерумен жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Осыған сәйкес әкімшілік юрисдикцияны жүргізетін органдарды екі негізгі топқа бөлуге болады: аумақтық және салалық.

Аумақтық органдарға ең алдымен соттар жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауда олар айрықша өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Аумақтық органдардың юрисдикциялық айрықшалығы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қандай да бір бағынышты еместігі.

Салалық органдар мамандандырылған негізде қызмет ететін( мысалы, орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау т.б.), мемлекет басқару саласымен тығыз байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарайды.

Аудандық және оған теңестірілген соттар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 9 ақпанындағы «Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттарды құру туралы» №803 жарлығына сәйкес мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құру қарастырылған.

Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық

туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда, мұндай болмаған кезде – жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.

Прокурор міндетті түрде сотта ведомстволық бағыныстылығы бойынша бірінші сатыдағы соттар қарайтын әкімшілік істерге:      - кәмелетке толмағандарға қатысты және қамауға әкеп соғатын;      -оның қатысуы жоғары тұрған прокурормен қажет деп танылған;      -өзі қозғаған;      -сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;      -сайлау құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар туралы;      -қоршаған ортаны қорғау саласындағы;      -салық салу саласындағы;      -кеден ісі саласындағы;      -әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе заты болып табылған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге әкеп соғатын;      -Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаруға әкеп соғатын;      -заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғатын;      -әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) ӘҚБтК-нің 44-тарауының тәртібімен шағымдану туралы;      -әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша органның (лауазымды тұлғаның) қаулысына ӘҚБтК-нің 45-тарауының тәртібімен шағымдану туралы істерге қатысады.[11]

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің қабылдануына мемлекетіміздің экономикалық құқықтың дамуы, әкімшілік заңдарды қылмыстық, азаматтық, халықаралық заң нормаларына сәйкестендіру, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауды күшейту, жазаны ізгілендіру және қолданыстағы кодекстегі кемшіліктерді жою себеп болған.

2014 жылғы 5 шілдеде қабылданған жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті қайта қаралды. Дәлірек айтсақ, сот органы құзыретінде болған 90 бап пен әкімшілік айыппұл көзделген 52 бап уәкілетті мемлекеттік органдаға ауыстырылды.

Ішкі істер органдарының қызметінде әкімшілік юрисдикция маңызды орынға ие.

Әкімшілік юрисдикция ішкі істер органдарымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің құралы болып табылады. Мысалы, әкімшілік құқық қоғамдық жерде шылым шегуге тыйым салады. Оны бұзған адам әкімшілік жазалауға жатады. Бұл нормативтік жазбалар қоғамдық жерлердегі азаматтардың мінез-құлқын реттеу мақсатына ие.

Ішкі істер органдар қызметіндегі әкімшілік юрисдикцияның өзіндік ерекшелігі полиция лауазымды тұлғаларының юрисдикциялық өкілетке ие болуынан көрінеді. Мысалы, ішкі істер органдарының атынан әкімшілік жазаны ішкі істер органдарының бастығы және оның орынбасарлары; ішкі істер органдарының қалалық, аудандық бөлім бастықтары; желілік бөлім және ішкі істер органдарының желілік пункт, бөлім басқармаларының, жол полиция бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары; арнаулы атағы бар жол патрульдік полициясының қызметкерлері, ішкі сітер органдарының табиғатты қорғау полиция бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары; ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімше бастықтары және олардың орынбасарлары ішкі істер органдарының атынан әкімшілік жазаларды қолдану құқығы бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың бірі Ішкі істер органдарына(полиция) жалпы тоқталсақ, бұл аталған орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 685-бабына сәйкес:

1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде), 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.       2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:       1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – iшкi iстер органдарының, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;       2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).       2) осы Кодекстiң 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;       3) осы Кодекстiң 196, 197, 204, 382 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 510, 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 621 (бірінші бөлігінде), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң бастықтары;       4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444(екінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505, 572, 574, 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593 (бірінші бөлігінде), 594 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 598 (бірінші және екінші бөліктерінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;       5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 630, 631, 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы және басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;       6) осы Кодекстiң 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 505-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;       7) осы Кодекстiң 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443, 444 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлiмшелерiнiң қызметкерлері;       8) осы Кодекстiң 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 395(бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдары полициясының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;       9) осы Кодекстiң 492, 495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн- iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.

2014 жылы 23 сәуірінде қабылданған «Ішкі істер органдары туралы» заң бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайтын Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметінің бағытын анықтайды. Және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және басқа да заңдардың талабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау функциялары кіретін қызмет маңызды орын алады.

Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полиция жергілікті полиция қызметінен, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, уақытша ұстау изоляторларынан, айдауыл қызметі бөлімшелерінен және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.[12, 7-бап]

146, 147 – меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

  156 – кәсіпкерлік қызметін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

  190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде) – сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;408 – өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау мен қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде) – қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде) – қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде), 505 – басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

  510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің белгіленген тәртібіне Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

  559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 – көліктегі, жол шаруашылығындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар.

Ішкі істер органдары(полиция) аталған баптың бірінші бөлігі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және басқару саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады. Бұл Ішкі істер органдары(полиция) мәртебесіне, міндеттері мен өкілеттіктеріне толық сәйкес келеді( мысалы, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқық бұзушылықтардан қорғау; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау; құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу және т.б.).[13]

Ішкі істер органдары(полиция) бір бастамалық принципі негізінде құрылғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бірлікте қаралады, ҚР ӘҚБтК 685-б. 2-бөлігі ішкі істер органдарының бастығы қандай істерді қарайды, олардың орынбасарларына және басқа лауазымды тұлғалармен қандай істер қаралатындығын нақты анықтаған.

Ішкі істер органдары(полиция) ҚР ӘҚБтК 41-бабы 1-бөлігінде бекітілген 9 әкімшілік жазаның ішінде - ескерту мен әкімшілік айыппұл салуды қолдануға құқылы.