- •1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша басқару процесі.......................................
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің жалпы мінездемесі
- •1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша басқару процесі
- •1.1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді құқықтық реттеу
- •1.2. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен маңызы мемлекеттік басқару нысаны ретінде
- •1.3.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің бағынштылығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен әкімшілік жаза қолдануға байланысты лауазымды тұлғалардың өкілеттігі
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу
- •2.1 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар
- •ӘқБтК 802-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себебіне мыналар жатады:
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V қрз
- •12. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
- •16. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы n 195 Заңы
- •17. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-іv Кодексі
ӘқБтК 802-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себебіне мыналар жатады:
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға: 1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы; 2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар; 4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi; 5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау негізі дәлелденетін мәліметтердің бірлігінен тұрады:
1)түскен арызда немесе хабарламада оқиға нақты орын алды деген мәліметтердің болуы;
2)бұл мәліметтерде әкімшілік заңда қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін өзге мән-жайлар бар.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы. Бұл себеп әкімшілік істерді қозғауға өкілетті ішкі істер және өзге де органдарға алғашқы ақпараттар барысында түскен емес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы деректі ішкі істер органдарының және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға өзге де тұлғалар өздерінің күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде арызға, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларына жатпайтын өзге дерек көздерінен алғандығын көрсетеді.
Құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар. Мұндай материалдарға: құқық қорғау органдарының толтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы актілері, хаттамалары, материалдарға қосымшалар, медициналық қорытынды, акт, анықтама, сарапшының сараптамасы, алынған заттай дәлелдемелер және т.б. жатады. Сондай-ақ материалдарға: сертификатталған арнайы бақылау-өлшегіш техникалық құралдар мен метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықтарды бақылап, жазатын жабдықтардың, тәртіп бұзу дерегі мен құқық бұзушының жеке басын күмәнсіз анықтауға мүмкіндік беретін, көлік құралының түрін, уақытын, жылдамдығы мен бағытын көрсететін фотоаппарат, бейнетаспа
көрсеткіштері жатады.
Жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар. Құқық бұзушылық туралы арыздар жазбаша немесе аузыша болуы мүмкін. Аты-жөні көрсетілмеген арыздар әдетте қаралмайды. Дегенмен де, мұндай арыздар алдын-ала тексерілгеннен кейін және онда әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері мен деректері жеткілікті болған жағдайда әкімшілік істерді қозғауға себеп болуы мүмкін.
Сонымен қатар, аталған істерді қозау үшін БАҚ ( газет-журналдардағы, телевидениедегі, әлеуметтік желілердегі және т.б.) жарияланған құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға себеп болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.[8,802-б.4-б.]
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға өкілетті органға жасалатын не жасалған құқық бұзушылыұ туралы түскен арзыдар мен хабарламаларды лауазымды тұлғалар қабылдап міндетті түрде тіркеп, содан кейін осы органның лауазымды тұлғасы қарауы тиіс. Арызданушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабарламаның тіркелгендігі туралы құжат берілуі қажет. Егерде арызды немесе хабарламаны қабылдаудан негізсіз бас тартылған жағдайда арызданушы прокурорға немесе одан жоғары органға шағымдануға құқылы.
ӘҚБтК 806-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк
iшiнде жасалады.
Кей жағдайларда арызда не хабарламада жазылған құқық бұзушылықтар туралы нақты деректер істі қозғауға негіз және себеп болуы үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Істі қозғау туралы шешіім қабылдау үшін қосымша мәліметтерді тексеріп, алуды қажет етеді. Қосымша тексеру барысында зерттеліп отырған оқиға туралы нақты деректерді алу үшін ұйымдастырушылық әрекеттер мен шаралар өткізілуі мүмкін. Қосымша тексерулерге мыналар жатады: материалдарды талап ету, оқиға орнын тексеру, құжаттық тексеру және т.б.
Әкімшілік істі қозғау әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру мен қаулыны шығарудан (прокурордың) басталады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада (қаулыда) мыналар көрсетілуі тиіс:
- хаттама жасалған күнi мен орны; - хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; - өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; - ӘҚБтК 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;
- өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері; - iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мерзімдері заңда төмендегідей көрсетілген:
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады, оларға мыналар жатпайды:
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
3. Салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады
4. Cалық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ӘҚБтК 806-бабының 6-тармақшасында көрсетілген баптарда он тәулік ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргізу талап етілген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қоытындысы алынғаннан кезден бастап екі тәулік ішінде жасалады. Ескі әкімшілік құқық бұзушылқ туралы кодекспен салыстыратын болсам, ол кезде хаттама сараптама қорытындысы алынғаннан кейін бір тәулік ішінде толытырылатын еді.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға
(лауазымды адамға) жiберiледi.
Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің келесі сатысы – әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға дайындау судьялар, алқалы орган мүшелері, лауазымды тұлғалар шешеім шығаруға тиісті барлық әкімшілік істер бойынша іс жүргізудің міндетті сатысы болып табылады. Заң мемелекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік істерді қарау кезінде материалдық және іс жүргізу нормаларын біркелкі пайдалануды талап ететіндіктен әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға дайындау мәселелерінің маңызы зор деп санаймын.
Қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі(толтырылған хаттаманы) алқалы орган мүшесі, лауазымды тұлға қабылдағаннан кейін істі қарауға дайындық жүргізіледі, ал сот төрешісі оны уақытында қарап, дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауына әзірленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша, ал ӘҚБтК қарастырылған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның орналасқан жері бойынша қаралады.
Кәмлетке толмағандардың, олардың ата- анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы әстер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы әс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрақты жері бойынша қаралады. Себебі, істі қарайтын лауазымды тұлға кәмлетке толмаған адамның әлеуметтік ортасын және оны құқық бұзушылық жасауға қандай жағдайлар әсер еткендігін анықтау қажет.
Кәмлетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы «Балалар құқығы» заңының және Кәмлетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу үшін БҰҰ-ның жетекші принциптерінің талаптарына толық жауап береді деуге болады.
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1)аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жататынын;
аталған iстi судьяның, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлардың болуын;
2)ӘҚБтК қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың және басқа да хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
3)іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың, сондай-ақ тұлғаны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын; өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұратын жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;
4)әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың iстің қаралуорны мен уақыты туралы хабарланғанын анықтайды.
Істі қарауға әзірлеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға дайындаудың уақытылы және дұрыс шешілуінің талаптарының бірі болып табылады. Судья, орган (лауазымды тұлға) істің қарауға дайын екендін анқытап, істің қаралатын жерін және уақытын анықтайды. Сонымен бірге, іс бойынша адамдарды шақыру, қажетті қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Аталған процесстік әрекеттер ұсынылған дәлелдемелер іс бойынша жеткіліксіз болғанда, ал қатысушылар оның орнын толтыра алмайтын кезде пайдаланылады.
Сонымен қатар судья, орган (лауазымды тұлға) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы,егер осы iстi қарау құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы шешім қабылдайды. ӘҚБтК сәйкес істі қарауға құқылы судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды. Алайда іс жүргізушіге қатысушылардан өтінішхаттар түскен жағдайда немесе істің мән-жайларын анықтау қажет болған жағдайда мерзім бір айдан аспайтындай уақытқа созылады және жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа да материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұастап алуға ұшыраған адамға қатысты- ол ұстап алынған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады.
Істі қарау (сот, лауазымды адам) – бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің келесі негізгі сатысы, мұнда судьяның (лауазымды адамның) жауап алу барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылушы тұлғадан, жәбірленушіден, куәгерлерден, сараптама зерттеу, куәлік ету, тексеру және заттай дәлелдемелерді, құжаттарды зерттеу материалдарын жариялауда әкімшілік құқық бұзған тұлғаның кінәсі анықталады.
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстi қарауға кiрiскенде: 1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы ӘҚБтК қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылып отырғанын хабарлайды; 2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам бiлетiн басқа да тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiреді;
8) мәлiмделген бас тартуды және өтiнiшхаттарды шешедi;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жариялайды;
10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
11) iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: iс қарайтын судьяның не лауазымды адамның, егер оған қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуге; егер қорғаушыға, уәкiлеттi өкiлге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, көрсетілген қарсылық білдіруге; iстi қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, ӘҚБтК 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда судья немесе орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
12) ӘҚБтК 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қараудың соңғы сатысы сот төрешісінің, лауазымды адамның шешім шығарып, оны жариялауы болып табылады.
Судья, лауазымды адам іске қатысушылардың жауаптарына, барлық материалдарға және істе бар өзге де дәлелдемелерге талдау жасап, қажеттіс іс жүргізу әрекеттерін орындап және де өтініштерді шешіп болғаннан кейін төмендегілерді нақты анықтаулары тиіс:
- әкімшілік құқық бұзушылықтың болуы;
- оны жасауда осы тұлғаның кінәлілігі;
- ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады;
- жауапкершілікті жеңілдететін, ауырлататын мән-жайлар болды;
- мүліктік зиян келтірілді ме.
Судья, лауазымды адам шешім шығарар кезде аталған дәлелдемелерді бағалай отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылушы тұлғаға жасаған құқық бұзушылығы үшін ӘҚБтК баптарын, бап бөлімдерін, тармақтарын дұрыс қолданып, қолданылатын жаза шарасын негізді түрде
анықтауы тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,судья, орган (лауазымды адам) төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;
2. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы (іс бойынша іс жүргізуді блғызбайтын мән-жайлар болған; әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болған; тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органға берілген жағдайларда);
3. Істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органнның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ істі қаралатын орынына байланысты көлік құралының (кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы қаулылардың бірін шығарады.
Соңғы істерді қараудың соңғы сатысында келесі әрекеттер жүзеге асырылады: қаулы іске қатысушыларға жарияланады, жұмыс орны бойынша іске қатысты мүдделері бар әкімшілік және қоғамдық ұйымдарға жіберіледі.
Қаулыларды қайта қарау сатысы заңдылықты сақтаудың маңызды кепілі және әкімшілік жазаларды қолданудың негізі болып табылады. Бұл саты барлық юрисдикциялық іс жүргізулерде(процесте) қарастырылған.
Судьяның, органның ( лауазымды адамның) заңды күшіне енбеген қаулыларын тексерудің бір түріне оларды жоғарғы сатыда немесе аппеляциялық сатыда қайта қарау болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау – мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысын жоғары тұрған соттың қарауы. Қаулыға шағымды өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға, жәбірленуші, жеке тұлғаның заңды өкілдері, заңды тұлғаның өкілдері және қорғаушы бере алады. Сонымен қатар, істі қарауға қатысқан болса, прокурор соттың, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енбеген қаулыларына наразылық білдіре алады. Іске қатысса деген сөз прокурордың сотқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде арыздануы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың қаулыларын жою туралы істі сот ӘҚБтК 45-тарауында қарастырылған ерекше сот ісі тәртібімен қарайды.
Қайта қарау сатысында сотқа шағымданудың мәні мынада:
ол заңсыз және негізсіз қаулы шығаруға қарсы маңызды кепіл болып табылады;
ол әкімшілік жаза қолданған тұлғаның, жәбірленушінің және іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілі болып тбылады;
ол бірыңғай сот саясатын құру сатысы болып табылады, істерді қарау сапасын арттыра отырып, заңның берік болуына ыұпал етеді;
ол бірыңғай сот саясатын құру сатысы болып табылады, істерді қарау сапасын арттыра отырып, заңның берік болуына ықпал етеді.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, ол шағым, наразылық түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберіледі.
Шағым беретін он күндік мерзімді белгілі себептермен жіберіп алған жағдайда бұл мерзімді әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған тұлғаның өтініші бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) қалпына келтіре алады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, егерт өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, жәбірленуші, жеке тұлғаның заңды өкілдері, заңды тұлғаның өкілдері және қорғаушы iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
ӘҚБтК сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарылған қаулыға шағымдану мерзімінің екі түрі қарасытырылған:
1) әкімшілік жаза қолданған істердің барлық түрлері үшін – шағым түскен күннен бастап он күндік мерзім;
2) егер де әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға әкімшілік қамау мерзімін өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген күннен бастап бір тәулік (жиырма төрт сағат).
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты қарау кезіндегі жоғарғы органның (лауазымды адамның) іс-әрекеті аппеляциялық сатыдағы сотта әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қайта қараумен бірдей, онда аталған тұлғалар мына іс-әркеттерді орындаулары тиіс:
іс бойынша шығарылған қаулылардың және қосымша ұсынылған материалдардың заңдылығы мен негізділіктерін тексеру.
Жоғарғы органның (лауазымды адамның) төменгі сатыдағы соттардың жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларына шағымдарды, наразылықты қарау кезінде шағымның, наразылықтың тұжырымдарына байланып қалмауы тиіс және істі толық көлемде тексеруіне болады. Бұл ретте ол:
жаңа деректерді анықтап, іске қатысы бар жаңа дәлелдемелерді зерттеуге, іс бойынша шақырылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің келмеуіне байланысты шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру;
іске маңызы бар мән-жайлар, соның ішінде заттай дәлелдемелер мен үлгілер іс материалдарын зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін болса, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және әділ қарау қажет болғанда сараптама тағайындау;
әкімшілік жаза қолданылған тұлғаны айыптауы не ақтауы мүмкін, іс бойынша дәлелдеме ретіндегі қосымша материалдарды талап етуге құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуде сот төрешісі, жоғарғы орган (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға берілген шағымды наразылықты қарау нәтижелері бойынша құқықтары кең. Бұл олардың төменгі сатыдағы органдардың (лауазымды адамдардың) жіберген қателіктерін анықтаудағы қызметтерін тиімді етеді.
Судья, жоғарғы орган (лауазымды тұлғаның) өкілеттіктері-бұл заңда бекітілген шағым не наразылық бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды тексеруге қатысты іс жүргізу әрекеттерін орындау жөніндегі олардың құқықтарының жиынтығы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:
1)қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2)қаулыны өзгерту туралы;
3)осы Кодекстiң 741(Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар) және 742-баптарында(Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар) көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
4)iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы;
5)егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.[8]
Статистика Әкімшілік
Судья, орган (лауазымды адам) егер де тексеру барысында бірінші сатыдағы сот немесе лауазымды адамның істі қарау кезінде ешқандай ереже бұзбағанын анықтаса, қаралған қаулыны өзгертусіз қалдырады.
ӘҚБтК сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны жоюға не өзгертуге және қаулы шығаруға мынандай негіздер жатады:
1)судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;
2)әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3)осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
4)қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына
сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.[8] Судьяның, лауазымды адамның қаулысын жою дегеніміз жоғарғы сатыдағы судьяның төменгі сатыдағы судьяның іс бойынша әкімшілік жаза қолданып, істі мәні бойынша қарау аяқталды деп есептелген іс бойынша шығарған қаулысын жарамсыз деп тануына бағытталған іс жүргізушілік әрекеттерін айтады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қараудың соңғы кезеңі шешім шығару және оны жариялау болып табылады.
4-ші кезең – қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.
Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді. Қаулыны шығарғанда келесі жағдайларға мән беру керек:
Қаулы сөзсіз заңды күшкке ие, сонымен қатар көп жағдай қаулының нақтылығынан және құқықтық дұрыс құрастырылуына байланысты.
Қаулы соттың, мемлекет мүддесін білдіретін органның (лауазымды адамның) биліктік еркін білдіретін мазмұнға ие болуы керек.
Осылайша « Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 нормативтік қаулысы келесі ұсынымдарды қамтиды.
Моральдық зиянды өтеу туралы әр бір істің шешімінде:
өзіндік мүліктік емес игліктер мен құқықтардың (өмірі, денсаулығы, бостандығы, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадір-қасиеті және т.б.) өмірлік маңызын;
жәбірленушінің басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін;
моральдық зиянды өтеу үшін қажетті болып табылатын зиян келтірушінің кінәсінің түрін назарға алуы қажет.лит
Әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуға болады.
Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам қайтыс болса.
Қысқартылған атқарушының өндірісі қайтадан қалпына келтірілмейді.
ӘҚтК-те әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндеттемесін қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) өзіне алады.
Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган, іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды.
Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмаған тартылып, ол оның өз жалақысы болмаса, онда айыппұл оның ата-анасынан өндіріледі. ӘҚтК-те айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны жауапқа тартылған тұлғаныі жалақысынан немесе сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне жіберу арқылы мәжбүрлеп өндіру көзделген.
Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орныдалуы көлік, кеме құралдарын басқару, радиоэлектронды және жоғары жиілікті құралдарды пайдалану, аң аулау құқығынан және қаруды алып жүру және сату құқығынан белгілі бір мерзімге айыру арқылы жүргізіледі.
Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау жеке тұлғаны, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегі әкiмшiлiк жаза заңды тұлғаға немесе дара кәсiпкерге қатысты қолданылады. Қаулыны судья шығарады және шешiм заңды күшiне енгеннен кейін заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға жатады. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау соттың өзіне қатысты осы әкімшілік жаза шығарылған тұлғаның орындауы арқылы жүзеге асырылады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыны ішкі істер органдары бірден орындайды. Бұл, ретте, қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа сипаттағы адамдардан оқшау ұсталары. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамаққа алу мерзіміне кіреді.
Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.
Жол жүрісі қағидаларын білуді тексеру және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны заңнамада көзделген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы
2. Қазақстан Республикасы Конституциясына ғылми-практикалық түсіндірме 2010 ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
3.2050 стратегия
4. Құқық негіздері 2010ж. Қ.И. Оспанов 75-б.
5.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, Г.Н. Кунхожаев, Қ.Ұ. Жылқыбай. Алматы 2013 ж.
6.Адменистративный процесс Жетписбай
7.ҚР әкімшілік құқығы М.Қызылов Астана 2012
