Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459 Кб
Скачать
☆

53. Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.

1920 Жылдардың ортасында сср-де социализмді құрудың доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Ол өзіне 3 маңызды буынды біріктірді: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени революция.

Маңызды приоритет болып индустрияландыру болып жарияланды. Қазақстандағы индустрияландырудың негізгі принциптері мен әдістері негізінен бұрынғыдай бүкіл ел үшін бірдей болды. Бірақ басынан бастап Қазақстанның шикізаттық дамуының бағыты анықталды. Негізгі міндеті Қазақстанның табиғи ресурстарын геологиялық зерттеу, теміржолдардың құрылысы, ауыр индустрияның дамуы, ең бастысы оны өндіретін тармақтары: жанармай, көмір, мұнай, қара және түсті металлургия. Пайдалы қазбалардың жеке базаларында соғыс жылдарына дейінгі бесжылдық алдында заманға сай ірі мекемелер: Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балхаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаты, Кенді Алтайдың түсті металл заводы, Қарағандының көмір шахталары, электр станциялар, тамақ өнеркәсібі салынды. Қазақстан түсті металл өндіру бойынша елде екінші орынға, мұнай өндірісі бойынша үшінші орынға шықты. Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды.

Сонымен қатар индустрияландырудың жағымсыз жақтары да болды. Ол үлкен қаржыны қажет етті, ол қаражат ауыл шаруашылығы мен ішкі заемнен алу жолымен алынды. Жоспарды сапалы көрсеткіштерге зиян көрсете отырып қандайда жолмен орындау елдің қаржы жағдайына қарсы бағытталды. Өндірістің алдыңғы еңбек озаттары, жарыс, тәртіпті қатаңдатуға күрес тек кейбір қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді, бірақ жалпы толқуды тоқтата алмады.

Социализмді құрудың доктринасының екінші буыны ұжымдастыру болды. Ол қазақ ауылдары мен қыстақтарды біріктіруге күрес түрінде күштеу жолымен дамыды. Қазақстан ұжымдастыруы 1932 жылдың күзінде аяқтауға міндетті аймаққа жатты. Бірақ ол тұрғылықты тұрғындардың өмірінің ерекшеліктерін есепке алмай жүргізілді, ұжымдастыруды өткізу мерзімі бұзылды, колхозшыларды жаппай маршпен құруды бастады. Егер 1928 жылы Қазақстанда қазақтардың барлығынан 2% ұжымдастырылса, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Күштеу шаралары заңсыз тұтқындауға ұласты, сайлау құқығынан айырды, көбісі ату жазасына кесілді. Тек 1931 жылдың өзінде Қазақстанның ОГПУ органдарымен 21 мыңнан аса адам тұтқындалды, 657 ірі байлар елден шығарылды, 1067 бай шаруашылығы жер аударылды, 145 мың мал басы тәркіленді. Мал шаруашылығының көшпелілерін күштеп көшіру болды.

Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мен көшіру өте қорқынышты жағдайда болды. Ауыл шаруашылығында шаруаларды жерден айырғаннан кейін егін түсімі күрт төмендеді. Дәстүрлі құрылымның бұзылуы мал шаруашылығы үшін апатқа айналды. Ұжымдастыру алдында Қазақстанда мал басының саны 40,5 млн болса, 1931 жылғы 1 қаңтар қарсаңында тек 4,5 млн бас қалды.

1931-1933 жылдар аралығындағы аштық кезеңінде 2 млн қазақ және 200-250 мың басқа ұлт өкілдері өлді. Аштықтан және қуғын сүргіннен 1 млн адам Қазақстаннан қашып кетті. Мемлекеттің күштеу саясаты шаруалардың наразылығын тудырды. 1929-1931 жылдарда 400-ден аса қарулы көтерілістер болды, оған 800 мыңға жуық адам қатысты. Ірі ошақтар ең қатыгез жолмен реттеуші әскермен басып – жаншылып отырды. Көтеріліске қатысқаны үшін ОГПУ органдарымен 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды.

Осылайша Кеңес үкіметі уәде берген молшылықтың орнына ел аймақтың үлкен аштық пен көптеген репрессияларға ұшырады.

30 жылдардың ортасында кеңестік ұлттық – мемлекеттік құрылысының үрдісі аяқталды және 1936 жылы желтоқсанда СССР Конституциясы бойынша Қазақ АССР құрама республикасына ауыстырылды. Республиканың формальді статусы СССР құрамында өзгертілді, бірақ суверенизация жоспары бойынша бұрынғыдай құқықсыз және орталық өкіметке бағынды.

54. Қазақстандағы индустрияландыру

Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс болды. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.

1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары , оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын.

Қазақстанда индустрияландыру жайында қызу пікірталас болды. Олар мынандай бағыттарға қарастырылды:

Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.

Екінші бағыт — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі.

Төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.

Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді.

С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет.”, — деп көрсетті.

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.

Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды.

Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және 1928 ж. желтоқсанда БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Құрылыстың бірінші кезеңінде солтүстікте 155 км, келесі кезеңінде — 185 км, ал 1929 ж. — 432 км ұзындыққа темір жол төселді. Бұл жұмыс жылдамдығы күніне орта есеппен 2,5 км деген сөз еді. 1927—1929 жылдары оңтүстіктен ұзындығы 506 км жол жасалды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты.

Қазақстан металлургиясы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]