Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459 Кб
Скачать
☆

143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы

Өнеркәсіп саясатының кезең-кезеңімен дамуы мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған.

Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді.

Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

1) өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;

2) нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;

3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;

4) өніммен қамтылуды сақтау;

5) өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;

6) өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.

Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:

- өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.

- өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

- өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

- шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1 есе;

- өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;

- өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.

Талдау қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі секілді 14 сектордан тұратын 6 басымдығы таңдалынды:

1) қара металлургия;

2) түрлі түсті металлургия;

3) мұнай өңдеу;

4) мұнай-газ химия;

5) азық түлік өнімдерінің өндірісі;

6) агрохимия;

7) өнеркәсіптік химиялық заттар өндірісі;

8) қозғалтқыш және жабдықтар бөлшектерінен тұратын автокөліктік құралдар өндірісі;

9) электрлі машиналар және электр жабдықтарының өндірісі;

10)ауылшаруашылық техникаларының өндірісі;

11)теміржол техникаларының өндірісі;

12) кен өнеркәсібі жабдықтары жән машиналарының өндірісі;

13) мұнай өңдеу және мұнай шығарушы өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісі;

14)құрылыс заттарының өндірісі.

Инновациялық секторлар концептуалды және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген басымдықтарға сәйкес белгіленді.

Мұндай секторларға мобильді және мультимедиялық технологиялар, нано және ғарыштық технологиялар, робототехникалар, гендік инженерия, келешек энергиялардың ашылуы және ізденісі кіреді.

Сондай-ақ, Бағдарламада өнімді жасау құны мен дәрежесі және қызметіндегі өндірістік жоғары өсімнің қалыптасуында ел экономикасының технологиялық платформаға аударылуына бағытталған кластерлі саясат белгіленген.

Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде мемлекет:

- мұнай және газ өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химиялық машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібінің сервистік қызметтерімен байланысты базалық ресурстар секторының ұлттық кластерінің бірі:

-өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық нысаналық секторының конкурстық рәсім нәтижесі бойынша анықталатын үш аймақтық кластері;

-«жаңа экономиканың» секторларындағы екі инновациялық кластерлер, Астана қаласында («Назарбаев университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар Паркі» кластері) теңдестірілген қуаттау және дамуға шоғырландырады.

144. Н.Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»

2012 жылдың 10 шілдесінде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы жарияланды.

Елбасы әр қазақстандыққа қамқорлық көр¬сетудің маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайтының айтты. Бүгінде өзекті болып саналатын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын нақты көрсетті.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті практикалық, прагматикалық жаңа идея болып табылатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ұсынып, әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарын белгілеп берді.

Осы жобаның тезірек жүзеге асыру мақсатында Елбасы Үкімет алдына заңнама, еңбек, мәдениет, білім, спорт және ақпарат салаларын дамыту бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

3 күннен кейін - ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Үкімет «Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулы жобасын бекітті.

Іс-шаралар жоспарында 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік дамуының Жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеу, әлеуметтік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модулін қалыптастыру, еңбек шиеленістерінің алдын алу және оларды реттеу, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бойынша шаралар қарастырылған. Жоспар 49 тармақтан тұрады, соның ішінде 3 тармағы Әділет министрлігіне бекітілген.

2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақала жариялады, онда қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталған, сонымен бірге жаңғырту үрдісінің басты қатерлері талданған.

Мақалада Н.Ә. Назарбаев тұтынушы қоғам идеологиясының жемісі ретіндегі әлеуметтік инфантилизм мен әлеуметтік асыраудың әлеуметтік жаңғырту жолындағы қауіпті кедергілер екендігіне баса назар аударады. Тұтыну идеологиясының баламасы ретінде ол еңбек пен еңбек адамына басқа көзқарастан қарау принципінен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяны жүзеге асыру, Президенттің ойынша, жаңа қазақстандық қоғамның қалыптасуына апаратын жол болады.Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «тек жасампаз тіршілік әрекеті адам, отбасы, қоғам мен мемлекет өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Толық қайтарыммен жұмыс істейтін азаматтар ғана табысқа жетеді және өркендейді».

Осы Стратегияныңтағы бір ерекшелігі – ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бес артықшылығын көрсетіп қана қоймай, Үкіметке соған сәйкес 20 тапсырма беруі, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы Қазақстанды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына әкелу керек.

Осылайша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық маңызы бар республиканың әлеуметтік жаңғырту моделін жасау ұсынылады, ол біздің қоғамды макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының өзгеруіне, жаңа жалпыға ортақ еңбек уәждемесіне әкелетін жаңа ортаны қалыптастыруға және әлеуметтік даму жүйесін жаңғыртуға әкеледі. Және осыған сәйкес ел Президентіне Қазақстанның 2050 жылға дейін әлеуметтік жаңғыртылуының табысты жолын былайша елестетеді:

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 ж. дейінгі кезеңді қамтиды, онда xxi ғ. «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.»

145. ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. 2009 жылы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырды.

Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалығына бірден бел шешіп кірісіп кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті - ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылды. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздіктің 18 жылында Қазақстанның халықаралық саясат сахнасында беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ту¬ра¬лы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілді. Қазақстан осынау халықаралық ұйымға төрағалық ету ниетін білдіре отырып, оған әзірлік барысында көптеген саяси шешімдерді қабылдады, өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.

Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.

Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]