Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459 Кб
Скачать
☆

XXI ғасырдың екінші онжылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.

Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды өзгерістер орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құру басталады. Осындай жағдайларда қажетті әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін дағдарыс берген мүмкіндіктерді пайдалана білген елдер барынша табысты болады.

Стратегиялық жоспар-2020 уақыттың сын-тегеуіріндеріне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің бірінші қатарында болып қалады.

Стратегиялық жоспар-2020 мемлекеттің жарқын болашаққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстан азаматтарының алдындағы міндеттемесі болып табылады. Оны орындау үшін мемлекеттің барлық деңгейлері мен құрылымдарының белсенді қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етіледі.

Стратегиялық жоспар-2020-ның табысты іске асырылуы Қазақстанды "Қазақстан-2030" стратегиясында айқындалған елдің жарқын болашағына қол жеткізудің жолын бекем қамтамасыз етеді.

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысы

«АҚПАРАТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН - 2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты ақпараттық қоғамға ауысуға жағдай жасау.

Бағдарламаның басты міндеттері мыналар:

• Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі.

• Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

• АКТ-ны енгізу арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру.

• Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтиженсінде еліміз мына көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр:

1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2. «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6. Eлдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі – 4%;

7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

13. Жалпы қызмет көрсетулердің 80 пайызын - электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі құрайды.

Қазақстан 2030 (117, 142 жауабы cұрақтарда), Қазақстан 2050 (131, 132, 133, 146, 147) бағдарламалары да осы сұрақтың жалғасты жауаптары. Бірақ бұл сұрақтардың жауабы басқа сұрақтарда берілгендіктен жазбадым. Сілтемеден қараңдар.

130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктіреттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.[1]

Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.

Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения(108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр)

Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.

Қазақстанда жемқорлық деңгейі өте жоғары салалар

• Білім беру саласы. Бұл бағытта ешкімді жауапқа тартпайды.

• Денсаулық сақтау саласында да заңнама реттелмеген. Сыбайласқан жемқорлық болмаса да, өз қызметін пайдалану фактілері көп.

• Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты да шағым жиі түседі.

• Соттардағы және кедендегі сыбайласқан жемқорлық деңгейі де әлі жоғары.

131 «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан даму қарқыны жағынан жаңа белестер табалдырығында» деп аталатын ҚР Президентінің жолдауындағы әлемнің бәсекеге қабылетті және тұрақты дамушы елдер қатарына қосылуындағы басым бағыттары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006 жылғы 18 қаңтар

Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.

Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай.

І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді

Бірінші. Фискалдық саясат.

Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек.

Екінші. Несие-ақша саясаты.

Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.

Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.

Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.

Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.

Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту.

Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.

Тоғызыншы. Аумақтық даму.

ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету

Бірінші. Халықаралық маңыздағы серпінді секіріс жобалары.

Екінші. Түсімдердің баламалы көздерін дамыту.

Үшінші. Жаһандық экономиканың толыққанды субъектісі ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

Төртінші. Қазақстан жаңа технологияларды дамытатын компаниялардың құрылтайшысы және акционері болып, жаңа технологияларды олардың талдап жасалу кезеңінде игеруі тиіс.

Бесінші. Экспорттық-импорттық сектордың артықшылықтарына қолдау білдіру.

Алтыншы. "Инкубациялық жобаларды" іске асыру.

Жетінші. Энергетикалық емес және өндіруші емес секторларда жаңа рыноктарды дамыту.

Сегізінші. Қорғаныштық сауда маркасы және зияткерлік меншік құқығы бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

Тоғызыншы. Индустрияның басым секторларының тиімділігін арттыру үшін Мемлекеттік холдинг компаниясын құру.

Оныншы. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту.

Он бірінші. Көлік инфрақұрылымын және қызметін дамыту.

Он екінші. Экономикалық өсудің нақты тетігі ретіндегі БСҰ-ға кіру.

Он үшінші. Халықаралық экономикалық одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кірігу..

ІІІ басымдық: Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат

Бірінші. Тұрғын халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту.

Екінші. Әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайларына сәйкес келтіру.

Үшінші. Әлеуметтік саладағы жаңа қызмет түрлеріне сұраныс қалыптастыру.

Төртінші. Осы заманғы білім беру және білікті кадрларды дайындау жүйесін дамыту.

Бесінші. Кадрларды қайта даярлау.

Алтыншы. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері.

Жетінші. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен үлгі-қалыптарға көшу.

Сегізінші. Қоршаған ортаны қорғау.

Тоғызыншы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басқарудың халықаралық үлгі-қалыптарын енгізу.

ІV басымдық: Демократия және қоғамды саяси тұрғыдан жаңғырту мәселелері

V басымдық: Ұлттық қауіпсіздіктің бүгінгі қатерлер мен жаһандық ауқымдағы сынақтарға сай стратегиясы

VІ басымдық: Әлемдік дамудың серпінділігін ескеретін сыртқы саяси міндеттер

2007 жылы Қазақстан бәсекеге қабілетілік рейтингісінде 61-ші орында болды. Алайда, жаһандық дағдарыстың салдарына байланысты 2008 жылғы рейтингте 66-шы, ал 2009 жылы 67-ші орынға дейін төмендеп кетті. 2010–2011 жылдары Қазақстан БЭФ-тің баяндамаларында 72-ші орын алды. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы (The Global Competitiveness Index 2012–2013) есебі жарияланған болатын. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан өзінің позициясын 21 пунктке жақсартып, 72-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткіші — Стратегиялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесі екені күмәнсіз. Қазақстан позицияларының жақсаруы іс жүзінде бәсекеге қабі¬леттіліктің барлық факторларында байқалды. 2012 жылы Қазақстан 2-ші өтпелі кезең экономикасынан (тиімді даму кезеңі) дамудың 3-ші кезеңіне (инновациялық даму кезеңіне) өтуші ел ретінде аталған рейтингке алғаш рет қатысты. Бұған дейін Қазақстан экономикасы 1-ші кезеңнен (факторлы даму кезеңі) 2-ші кезеңге өтуші елдер тобына жатқызылған болатын[10]. Дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің әзірленіп, оны дәйектілікпен іске асыру, ішкі және сыртқы конъюнктура жіті қадағаланып, табанды шаралар жүзеге асырылғандықтан жаһандық азық-түлік дағдарысы ұлттық апатқа айналған жоқ. Қазақстанның беріктігін сынаққа салған «дағдарыс сырттан келген еді және оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде болды»[11].

132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» [1].

Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды [2].

«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.

Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады [3]. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті [4].

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.

Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады [5]. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]