- •1. « Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.
- •2. Тарих ғылымының методологиясы
- •3. Тарихи танымның әдістері
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5. Тарихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •21.Қарқаралы петициясы
- •1917 Жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
- •27. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов
- •32."Шура-и-Ислами","Шура-и-Улема" мұсылмандық партиясы
- •34.Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері 45.Жэс кезіндегі Қазақстан 1921-1922 жж, жер-су реформалары
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •53. Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •1920 Жылдардың ортасында сср-де социализмді құрудың доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Ол өзіне 3 маңызды буынды біріктірді: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени революция.
- •55. Қазақстандағы индустриялизация жайлы пікірлер
- •56. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары
- •58. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасіреті
- •1956 Жылы Степлаг жойылды, бірақ оның тұтқындары еріксіз қоныстарда тұрып, милиция бөліміне уақтылы көрініп тұруға тиіс болды.
- •67 ,68,69 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
- •Сталинград
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •95. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •103) Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •111.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында».
- •112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •129. Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •XXI ғасырдың екінші онжылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.
- •140. «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •142. Қр «Қазақстан‒2030» даму стратегиялық бағыты
- •143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы
- •146) Қр президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары "Қазақстан 2050-стратегиясы"
- •147) Қр президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары "Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
- •148) Қр президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"
- •1996 Жылдың қорытындысы бойынша Семей облысында ауыл шаруашылығында терең құлдырауға жол берілді (1995 жылмен салыстырғанда 65,3 %) [10, 18-19 пп].
- •149) Қр президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар "Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру - Қазақстан дамуының басты бағыты"
- •150) Н.Назарбаевтың "Тарих толқынында", "Ғасырлар тоғысында", "Тәуелсіздік белестері" еңбектеріне сипаттама.
- •1930 Жылдардағы Шұбартау, Созақ көтерілістерінің қайсысын алмасаң да, олардың барлығы да отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы еді.
14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, "қоныстандыру" саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды .
15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
16.Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы.
Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).
Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман депуттары бір фракция төңірегіне топтаспады. Олар “Ресей мұсылмандары одағы” және “Еңбек партиясы” бағдарламасын қолдаушылар болып екіге бөлінді. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдаушылар МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫна бірікті. Оның төрағасы болып Мұхаммедкәрім Биглов сайланды. Ал бюросы құрамында Б.Қаратаев, Қ.Тевкелев, ұ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф. Хан-Хойский кірді. Олар әзірлеген бағдарламада Мұсылман фракциясының мақсатына сай саяси, экономикалық, діни, т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтары іс-әрекеттерін біріктіруі керектігі атап көрсетілді. Үшінші Мемлекеттік думаға Қазақстан және Орта Азия халықтары қатыстырылмады. Сондықтан ондағы 442 депутаттың 10-ы ғана мұсылман халықтарының өкілдері болды. Олар Мемлекеттік дума мәжілістерінде Түркістан өлкесі мен дала облыстарына өз алдына діни басқарма құру қажеттігін, мұсылман дінбасылары құқықтарын христиан-православие дінбасылары құқықтарымен теңестіру мәселесін көтерді. Төртінші Мемлекеттік думадағы 442 депутаттың 6-уы ғана мұсылман халықтарының өкілі болды. Солардың ұйымдастыруымен 1914 жылы 15 – 20 маусым аралығында Бүкілресейлік мұсылман съезі өтті. Төртінші Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы мүшелерінің аз болуы себепті, 1916 жылы оған көмек көрсететін бюро құру қажеттігі туды. Ресей патшасының 1916 жылы 25 маусымдағы “бұратаналарды” майданның тылдағы қара жұмысына алу туралы жарлығына МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫ наразылық танытты. Жалпы бірінші және екінші Мемлекеттік думаға сайланған қазақ депутаттары (Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов, А.Бірімжанов, Мұхамеджан Тынышбаев, т.б.) Мұсылман фракциясы жиындарында сот ісі, ағарту, діни істер, т.б. мәселелерге белсене араласты.
Бақытжан Қаратаевтың 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі
Депутат мырзалар!
Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған қа¬рамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды Далалық облыстар территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта Азияға көшірту жолымен жоюға құштар. Олардың көзқарастарын Пар¬ламентке егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиков, сондай-ақ Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин таратып отыр. Алайда осы уақытқа дейін Мемлекеттік Дума деле¬гаттарының бірде-бірі дәл қазір азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстан¬дыратын басы артық жер бар ма, басымызды қатыра-қатыра шаруаларды қоныс аударуға тәуекел ете алатындай Далалық облыстардың барлық бөліктері жараты¬лыстық-тарихи, шаруашылық-статистика, топырағы мен ауа райы жағдайлары тұрғы¬сынан зерттеліп болды ма деп сұраған жоқ, ол туралы біле де қоймас. Жергілікті халық¬тың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділет¬сіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда күш¬тінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырлары¬мыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз. Ал мәселенің түйіні Далалық облыстар территориясының әлі күнге дейін жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-ста-тистикалық тұрғыда жете зерттелмегендігінде. Бүгін біздің жолдасымызға депутат Темеренков Азияда ұшы-қиырсыз жер бар, шаруаларды сонда қоныс аудартып, осылайша жер жетімсіздігін жоюға болады дегенді айтты. Шын мәнінде, белгілі ғалым Щербина Далалық облыстардың солтүстік уездерін, атап айтқанда, Тоғай, Ақмола және Семей облыстарының жері құнарлы уездерін ғана зерттеген, бірақ Щербина олардың оңтүстігіндегі уездерін барлай алмады. Егер ауа райы мен топырақ жағдай¬ларының барлығы тұтастай зерттелген болса, онда Далалық облыстардың оңтүстік уездерінде топырақ сорлы, құмды, кеуіп қалған сор дала болғандықтан, басы артық жердің өте аз екені жайында ешқандай күмәнсіз қорытынды жасаған болар едік. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүрді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Далалық облыс¬тардың солтүстіктегі құнарлы уездерін, міне, ондаған жылдардан бері отырықшы қыр¬ғыздар жайлап, егін егіп келеді. Олардың кей¬біреулері шымнан, енді біреулері кірпіш¬тен, үшіншілері қызыл кірпіштен үй салып алған, бір сөзбен айтқанда, олардың өз тұр¬мыстарына сай тұрғын үй мен қора-қопсылары бар. Осынау отырықшы қыр¬ғыздар үшін егін егу - тұрмыс түзеудің ең негізгі көзі, ал олар мал өсірумен де айналысады десек, ол тұрмыс түзеудің қосымша көзі болып табылады. Далалық облыстарға қоныс аудара отырып, іс жүзінде осы қыр¬ғыз¬дарды өздері мекендеген жақсы жерлерінен, жылы ұяларынан қуып шығумен айналысуда.
Думаның төрағасы:
- Шешен мырза, он минут уақытыңыз бітті.
Қаратаев:
- Мырзалар, осыған дейін сіздердің ешқайсыларыңыз Далалық облыстарға қо¬ныс аудару жайы туралы ауыз ашқан жоқ¬сыздар. Бәлкім, Мемлекеттік Дума дар¬хандық танытып, менің сөзімді ақырына дейін тыңдар. Мырзалар, менің шаруаларды Дала¬лық облыстарға қоныс аудартудың жай-күйі жайындағы баяндамамды аяқ¬тауы¬ма мүмкіндігім қалмады, дегенмен менің айтарым - Мемлекеттік Дума өздері Ішкі Рос¬сиядағы помещиктер мүдделерін, осынау 130 мың помещиктің мүддесін қор¬ғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың әрдайым шаруалардың жерге деген мұқ¬тажын қана-ғаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракция¬ларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін қырғыздарды жерлерінен ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен көші¬ріп, қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса, үйінен, қора-қоп¬сысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қол ұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ, өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым («Орал өңірі», 1990, 8 желтоқсан).
17. XX ғ. басындағы қазақ басылымдары.
XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Казақ» газетінің қөзқарасына Ақмолада жарияланған «Tipшiлiк» газеті жақын тұрды [1, б.28-30].
1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. 1911ж. Сағынкерей Бөкей «Қазақстан» газетін шығара бастады, бұл газетте саяси мақалалардан басқа, қазақ пен ноғай елдерінің халық ауыз әдебиеттері бойынша зерттеулер жарық көрді. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.
Петропавл қаласында 1913ж. қыркүйегінде қазақ және татар екі қос тілдерінде «Есіл даласы» газеті жариялана бастады, бірақ сол жылдың аяғында оған «революциялық ойларды таратқаны үшін» тыйым салынды. бастап 1917ж. аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысов апта сайын «Алаш» газетін бастырып шығарды. Газет социалистік бағытта болса да, оның панисламдық және орыстыққа қарсы көңілі басым болды.
1917ж. Ақпан революциясынан кейін бір қатар әр түрлі жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. Маусымайынан Семейде шығармашылық бағыты жағынан «Айқап» журналына үндес «Сарыарқа апталық басылым шыға бастады, Оралда – қалалық мұсылмандық бюросының органы «Ұран» газеті. Семей қаласында жазда «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті басылып шығатын болды. Ташкентте пантүрктік пен жәдід бағыттағы екі басылым шығарылып тұрды: Мұстафа Шоқай бас редакторы болған «Бiрлiк туы» мен «Жас Алаш».
Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірінің шиеленісуіне байланысты алғашқы марксистік басылымдар пайда болды. Лениндік «Искра», «Вперед», «Пролетарии», «Социал-демократ» және тағы да басқа басылымдар қазақ жұртшылығының саяси-әлеуметтік өмірінің жаңа бағытының жаршысы болды. Ел арасында айқын антиколониалдық көңіл-күйдегі үгіт-қағаздар таратылды. Қазақ интеллигенциясының жоғары саяси белсенділігін «Қазақ» (1907), «Серке» (1907), «Орал» (1907) газеттері көрсетеді. Осы басылымдар Ресейдің орталық аймақтарында 1905-1907 жж. болған көтерілістерге үн қосты [2, б.164].
Бұл кезеңде шыққан газеттердің басты тақырыбы – патшалық көшіп-қону саясаты, қазақ ауылындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, үкіметке бой ұсынбауға шақыру. Қазақ жұртшылығына арналған М.Дулатұлы мақаласының символикалық мәні бар. Онда өздерінің құқықтары үшін күреске шақыру және патшаның зорлау отаршылдық саясаты жайлы сөз қозғалды. Патшалық атқа мінерлердің жасайтын заңсыздықтары мен жұрттың қиын жағдайы жөнінде қазақ еңбешілері атынан жарияланған ашық хаттың айтарлықтай маңызы болды. 1-ші, 2-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы туралы материалдары, қазақ депутаттарының сөз сөйлегендері қазақ халқының саяси мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.
Отар елдерінің саяси бірігуінің алғашқы белгілері антиколониалдық бағыттағы «Мұсылмандық қозғалыс» сияқты газет пен журналдардың басты тақырыбына айналды. Үкіметке қарсы жарияланымдарды Қазақстандағы кәсіподақтың тұңғыш баспа органы «Еңбек өмірі» журналын шығарды (Семей, 1907). В.В.Куйбышев жетекшілігімен алғашқы жария баспасөз «Дала газеті» жарық көрді (Петропавл,1907).
Азаттық қозғалыстардың өсу жылдары қазақ демократиялық пресса дүниеге келді. «Қазақстан» газеті (1911-1913жж.) прогресшіл интеллигенциясының органы. Бұл басылым жалпыдемократиялық және ағартушылық бағытта болды. Газетте Қазақстанның әлеуметтік, экономиялық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері анықталды [3, б.32]. Қазақ журналистикасы шежіресінің асулы кезеңі – озық қазақ интеллигенцисының саяси орталығына айналған «Қазақ» газетінің шығуы (1913-1918жж.). Бұл газет қазақ халқының пікірін білдіре тұрып, оның әділетшісі мен саяси майданы деп бағаланды. 1916 жылдағы ұлттық көтеріліс шағында ол бірлік пен ынтымақтыққа жетуге жағдай жасады. Дәл осы газет озық қазақ интеллигенцисының саяси қызметінің ұйымдастырушысы ретінде болды. Сол саяси қызметтің нәтижесінде тәуелсіздік үшін күрестің тактикасы мен стратегиясы жасалды.
