- •5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
- •Бағдарламасы
- •5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
- •Бағдарламасы
- •Мазмұны
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеті
- •2. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •3. ТәжірибенІ дайындау мен ұйымдастыру және тәжірибе өтетін орындар
- •1. Күнделікті жүргізу және тәжірибе қорытындыларын рәсімдеу.
- •2. Тәжірибе бойынша есеп құру.
- •3. Тәжірибе бойынша есепті қорғау және оның қорытындыларын бағалау.
- •Өндірістік практика күндерінде атқарылған жұмыстар туралы студенттің есеп беруі кезінде тапсыратын құжаттары:
- •4. Өндірістік практика нәтижелерін бағалаудың негізгі белгілері:
- •5. Рейтингтік – балл жүйесі бойынша бағалау критерийлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студенттердің өндірістік практикасы бойынша іс қағаздарының үлгілері
- •1. Оқу жұмысы:
- •2. Сабақтан тыс жұмыс:
- •3. Класс жетекшісі ретінде оқушылармен тәрбиелік жұмыс:
- •Студент-практиканттың педагогикалық күнделігі
- •Күнделіктің үлгісі
3. ТәжірибенІ дайындау мен ұйымдастыру және тәжірибе өтетін орындар
Оқытудың күндізгі бөлім формасы курс студенттерінің тәжірибесі 4 аптаға (24 жұмыс күні) созылады. Оқу жоспарымен анықталған тәжірибенің өту мерзімі мен уақыты С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры бұйрығымен бекітіледі.
Тәжірибе басталмастан 1 жеті бұрын оқытушы – тәжірибе басшыларының міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.
Тәжірибені өткізудің орындары – жалпы білім беретін мектептер, инновациялық мектеп типтері (мектеп - гимназиялар, мектеп - лицейлер, көркем - өнер мектептері және басқалар).
Тәжірибені басқару және бақылау әдістері.
Студенттердің педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыру мен оқу - әдістемелік басқаруда университет жағынан кафедра жүзеге асырады.
Кафедра тәжірибесінің оқу - әдістемелік дайындығын жүзеге асырады, басқарушы - оқытушыларды тағайындайды, тәжірибесінің басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру жиналысын өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, тәжірибеге жолдама, т.б.) қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп пен тәжірибе басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады.
Студенттің міндеттері:
- тәжірибе өтетін орынға тәжірибенің басталуына байланысты
бекітілген мерзімде келу;
- атқаратын жұмыстарға жауапкершілікпен қарау;
- бекітілген форма бойынша күнделікті әрдайым жүргізу және
тәжірибені өту туралы есепте жазып жүру;
- ішкі тәртіп ережесін бұзған студент - практиканттарға практика
өткен жердегі бөлім бастықтары шара қолдана алады. Бұл
жөнінде студенттің университетте әрі қарай білімін жалғастыру
туралы мәселені шешу үшін кафедра мен университет
ректорына хабарлау қажет;
- өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындамаған, пікір
алмаған немесе есебін қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға
алған студент тәжірибені қайтадан 2 - рет өтуге жіберіледі
немесе ЖОО - нан шығарылады.
Тәжірибенің қорытындыларын рәсімдеу тәртібі
1. Күнделікті жүргізу және тәжірибе қорытындыларын рәсімдеу.
Әрбір студент бірінші күннен бастап, 1 күнгі істеген жұмыстарын жаза отырып, күнделік жургізеді. Күнделікте студенттің қай күні, қай жерде болғаны көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың мазмұны, өз бетімен жұмыс жүргізілді ме және мүмкіндігінше жұмыстың көлемі көрсетілуі қажет.
Күнделік көк сиямен ұқыпты толтырылады. Мекемеден тағайындалған тәжірибе басшысының басшылығымен өткен әрбір жұмыс күн сайын күнделікке жазылуы тиіс және ол басшының қолымен расталады.
Жұмыс орнындағы жұмыс аяқталғасын мекемеден тағайындаған тәжірибе басшысы студенттің практикалық дағдыларды қаншалықты игергендігін тексеріп, күнделікке баға қойып, студент жұмысы бойынша өз ескертпелерін жазады.
Тәжірибе аяқталған соң күнделік тәжірибе басшысының тәжірибе есебіне тіркеледі. Кафедраға есеп күнделіксіз қабылданбайды.
