Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_ndiristik_praktika_2-2.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

2. Тәжірибе бойынша есеп құру.

Студент - практикант тәжірибе нәтижелері бойынша есеп жазады. Бұл есеп тәжірибені өту барысында барлық бөлімдер бойынша дайындалады және тәжірибенің аяқталу мерзіміне қарай бәрі аяқталып, есеп жазылу керек. Есеп кіріспеден, негізгі бөліммен, қорытынды мен қосымшадан тұрады. Қажет болған жағдайда негізгі бөлім жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін.

3. Тәжірибе бойынша есепті қорғау және оның қорытындыларын бағалау.

Студент өндірістік тәжірибесін аяқтаған соң пікір алу мен қорғау үшін кафедраға есебін тапсырады. Барлық қосымша құжаттармен есеп кафедраға тапсырылады. Есеп қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады.

Өндірістік практика күндерінде атқарылған жұмыстар туралы студенттің есеп беруі кезінде тапсыратын құжаттары:

1. Мектеп педагогикалық кеңесінің өндірістік практикадан өткен студенттердің жұмысы туралы мәселе қараған хаттамасынан көшірме;

2.Өндірістік практикадан өтуші студентке мкетеп педагогикалық кеңесі берген мінездемесі (пән және тәрбие жұмысы бойынша);

3.Студенттің өндірістік практика кезеңінде жасаған оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі есебі;

4.Практика кезінде өткізген сабақтарының жоспары;

5.Өткізілген тәрбие жұмыстарының жоспары;

6.Пән бойынша жүргізген сыныптан тыс жұмыстарының үлгісі

(кеш, олимпиада, сайыс, т.б.)

7.Сабаққа талдау жасаған жұмыстары,Күнделік 1;

8.Жеке оқушыға жасалған педагогика-психологиялық мінездеме;

9.Сынып ұжымына жасалған педагогика-психологиялық

мінездеме;

10.Педагогика кезеңінде жасалған оқу-әдістемелік, көрнекілік,

дидактикалық құралдар;

11.Студенттің практика кезінде жүргізген Күнделігі-2;

12.Ата-ана, жұртшылық арасында өткізілген жұмыстары туралы;

13.Студенттің әдістемелік жұмыстарға байланысты жұмыстары;

14.Өндірістік практика кезеңінде студенттің кейбір ерекше

істері жөнінде мәлімет;

15.Педагогика-психологиялық жұмыстар туралы басқа да

мәліметтер.

4. Өндірістік практика нәтижелерін бағалаудың негізгі белгілері:

. Кәсіптік педагогикалық шеберліктің қалыптасу дәрежесі;

. Студенттің пән бойынша теориялық білімінің деңгейі;

. Болашақ маман ретіндегі әдістемелік, сүйіспеншілік,

қызығушылық, шығармашылық және ұйымдастырушылық

қабілеті;

. Студенттің алда тұрған міндетті орындап,мәселені шешудегі

қабілеті;

. Мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен

қарым-қатынасы, педагогикалық мәдениеті, эстетикалық

танымы;

. Мектеп педагогикалық кеңесі берген мінездемеге талдау

жасау;

. Практика кезінде студенттің атқарған әдістемелік

жұмыстарына талдау;

. Шығармашылық жұмыстарға талдау;

. Жұмыс сапасын бағалау;

. Студенттің тапсырған құжаттарына талдау жасау;

. Практикаға барған студенттердің әдіскер жетекшісінің

пікірі;

. Студенттің университеттегі оқу-тәрбие жұмысына

қатысымын және сабақ үлгерімін ескеру.

5. Рейтингтік – балл жүйесі бойынша бағалау критерийлері

Тәжірибені бағалау төмендегі жүйе бойынша жүзеге асырылады:

1. Мектеп пен колледждің бағалауы 30 %.

2. ЖОО - дағы жетекшінің бағалауы 30 %.

3. Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағасы 40 %.

Қанағаттанарлықсыз баға алған немесе есепті тапсырмаған жағдайда студент өз есебінен тәжірибеден қайта өтеді. Тәжірибені қайтадан өту мерзімін деканат студенттік каникул кезінде өтеуге рұқсат береді.

Тәжірибеге ұқыпсыздықпен қарап, тәртіп бұзған немесе қорғау кезінде тәжірибе бағдарламасы бойынша толығымен дайынсыздығын және өтпеген студентті қайтадан тәжірибеден өту туралы мәселе қарастырылады.

Студенттердің тәжірибеден өтуін бағалау кесте бойынша жүзеге асады.

Кесте-1

№

Тәжірибе компоненттері

max.

балл

1.

Мекеменің (мектеп, колледж) бағалауы

30 %

а

Құжаттарды зерттеуі, жұмыс жасауы

10

ә

Жалпы сыныптың, мектепішілік тәрбие жұмысын өткізуі

10

б

Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жасауы

10

2.

ЖОО-дағы жетекшінің бағалауы

30 %

а

Студенттің жұмыс жоспары мен күнделігі бойынша атқараған жұмыс деңгейі

10

ә

Тәрбие жұмысын жоспалауы мен жүргізуі

10

б

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлеріне, оларды маңызына бағдар жасай білуі

10

3.

Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағалауы

40 %

а

Құжаттарының дайындалуы

20

ә

Тәрбие шараларына психологиялық-педагогикалық талдау жасауы

10

б

Пән бойынша және мектепішілік шаралар өткізуі

10

Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе есепті көрсетпеу тәжірибеден өз есебінен қайтадан өтуіне тура келеді. Тәжірибеден қайтадан өту мерзімін студенттер демалысы кезінде деканат анықтайды.

Студенттің тәжірибеге дұрыс қарамау жағдайында, тәртіпті бұзуы немесе қорғауға мүлдем дайын болмауы қайтадан оқу жылына қалдырылады немесе бұзу мінезіне байланысты студент қатарынан шығарылады.

Баға

Мәні

Балл

Пайыздар, %

А

Өте жақсы

4,0

95-100

А-

3,67

90-94

B+

Жақсы

3,33

85-89

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

Қанағаттанарлық

2,33

70-74

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Қанағаттанарлықсыз

0

0-49

Оқу - тәжірибиесін аяқтаған студент 20 беттен аспайтын толық қамтылған, мазмұнды тәжірибе есебін тапсырады. Тәжірибе есебі А4 стандарт бетке (14 шрифт, сол жақта - 3,0 см, оң жақта - 1,0 см, үсті - 2,0 см, асты - 2,0 см. белгіленіп); 1,5 интервалында жазылуы тиіс. Мысал ретінде есептің көлемдік мазмұны (Қосымша 1).

Тәжірибе есебін жетекші тексеруді өткізгеннен кейін арнайы комиссия отырысында студент өз есебін қорғайды. Тәжірибе нәтижесі 5 балды жүйемен бағаланады. Баға сынақ кітапшасына қойылады.

Дер кезінде тәжірибеден өткендігі туралы есепті тапсырмаған немесе дәлелсіз себептермен қалған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент тәжірибеден қайтадан өтуі немесе жоғарғы оқу орнынан шығарылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]