- •Экологиялық апат
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
VI.Үйге тапсырма беру:
Қоршаған ортаны экологиялық бақылау. Оқу.
№26
Күні:
Пәні:
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Арал теңізінің экологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға қазіргі кездегі Арал теңізінің экологиялық жағдайымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,
Пәнаралық байланыс: География, физика
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Бекіту кезеңі
Vі. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Мониторинг ұғымы. Антропогендік фактор. Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Қазіргі таңдағы мониторинг ұғымы?
2. Қоршаған орта жағдайының мониторингінің мақсаты мен міндеттері?
3. Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің қандай түрлері бар?
ІV. Жаңа сабақ:
Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты
Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Солтүстік Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.
Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы
V. Бекіту:
1. Арал экологиясының қазіргі жағдайы қандай?
2. Арал апатына себеп болған факторлар?
3. Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі болжамдар?
