- •Экологиялық апат
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
VI.Үйге тапсырма беру:
Қазақстан Республикасының ен көп химиялық ластану орын алған аймақтарын анықтау.
№21
Күні:
Пәні:
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға биологиялық ластағыш түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,
Пәнаралық байланыс: География, физика
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Бекіту кезеңі
Vі. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Химиялық ластаушы заттарға не жатады?
2. Химиялық ластаушы заттармен күрес қалай жүргізіледі?
3. Қоршаған ортаның ластаушы көздеріне нелер жатады?
4. Қазақстан Республикасының ен көп химиялық ластану орын алған аймақтары?
ІV. Жаңа сабақ:
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.
I-ден, сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы таралатындар деп атайды. Оларға: тұмау, қызылша,шешек т.б. II-ден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына түсуі . Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға тырысқақ, іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әр-түрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы - тазалық. III-ден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек т.б. IV-ден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД аурулары жатады. Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ секілді аурулардың таралуына себепші болады. СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың организмінде тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын тек қана адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек . Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
V. Бекіту:
1. Биологиялық ластануға не жатады?
2. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары.
3. Биологиялық ластанудан қорғану шаралары?
