Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тандамалы 10-сынып. Биологиялық экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать
☆

VI.Үйге тапсырма беру:

Қоршаған ортаны ластайтын заттар және олардан қорғану шаралары туралы қосымша мәліметтер жазып келу.

№19

Күні:

Пәні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға Қазақстанның қазіргі кездегі экологиялық проблемаларын, олардың пайда болу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География, физика

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

Vі. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ластану. Физикалық ластану. Химиялық ластану. Биологиялық ластану. Пестицидтер.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Қоршаған ортаны ластайтын заттарға нелер жатады?

2. Механикалық ластаушыларға не жатады?

3. Химиялық ластанудан қорғану үшін не істеу керек?

4. қоршаған ортаның ластануының себептері неде?

ІV. Жаңа сабақ:

Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд. м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты.

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай  Тараз,  Теміртау,  Алматы,  Шымкент,  Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында  дизентерия,  паратиф,  гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар,  дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

V. Бекіту:  

1. Еліміздегі экологиялық дағдарысқа негізгі себепшілер?

2. Ауаға шығатын улы заттардың құрамына не кіреді?

3. Каспий теңізінің қазіргі жағдайы қандай?

4. Каспий теңізінің маңында қазіргі уақытта туындап жатқан қандай проблемалар бар?