- •Экологиялық апат
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
- •V. Бекіту кезеңі
- •Vі. Үйге тапсырма беру
- •VI.Үйге тапсырма беру:
VI.Үйге тапсырма беру:
«Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары»-оқу.
№24
Күні:
Пәні:
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан полигондары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Қазақстандағы полигондар және олардың зардаптары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,
Пәнаралық байланыс: География, физика
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Бекіту кезеңі
Vі. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қазақстанның радиациялық қауіпті аймақтары. Қазақстанның ластаушы кәсіпорындары. Балқаш өңіріндегі экологиялық проблема.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Қазақстанның экологиялық апат жағдайындағы аумағына қай өңірлер жатады?
2. Семей полигонына шектес аудандардың қазіргі жағдай?
3. Қоршаған ортаны ластаушы өнеркәсіптер.
ІV. Жаңа сабақ:
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті. Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды. Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары. Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған. 1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды. Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қабылданды.
V. Бекіту:
1. Қазақстанның ядролық сынақтың полигоны болған жерлер?
2. Ірі полигондарға қай өңірлер жатады?
3. Полигондарға жақын маңайда орналасқан тірі организмдердегі өзгерістер.
