Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тандамалы 10-сынып. Биологиялық экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать
☆

VI.Үйге тапсырма беру:

Семей полигонында өткен сынақтардың зардабы. Семей полигонының қазіргі жағдайы.

№23

Күні:

Пәні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға Қазақстанның экологиялық апат аймақтарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География, физика

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

Vі. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Радиациялық ластану. Альфа-, Бетта – сәулелену. Табиғи фактор. Антропогендік фактор. Семей полигоны.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Радиациялық ластанудың басқа ластану түрлерінен ерекшелігі неде?

2. Неліктен радиациялық ластанумен тек алдын алу сипатында ғана жүзеге асады?

3. Альфа, бетта – сәулелену адам организміне қалай әсер етеді?

4. Радиациялық ластанудың табиғи факторларына не жатады?

ІV. Жаңа сабақ:

Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.

Радиациялық қауіпті аймақтар түрлері

  Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге олардың тұрған аймақтары бойынша жеңілдіктер беріледі. Оларды мынадай аймақтарға бөледі:

  Төтенше радиациалық қауіпті аймақ :

Шығыс Қазақстан облысы Абай  ауданының Саржал ауылы , Бесқарағай ауданы Долон және Бөденелі ауылдары, Жаңасемей ауданы, Павлодар облысының Май ауданы.

   Жоғары радиациялық қауіпті аймақ: Шығыс  Қазақстан  облысы Абай, Абыралы, Бесқарағай елді мекендері, Жаңасемей ауданы, Павлодар облысының Май ауданы.

    Өте жоғары радиациялық аймақ: 

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха , Жарма, Аягөз аудандарының елді мекендері, Курчатов қаласы, Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер және Өскемен қаласы, Глубокое, Шемонайха аудандары.

    Аз мөлшердегі радиациялық аймақ  : 

Шығыс Қазақстан облысының Үржар, Көкпекті аудандары, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Лебяжье ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Зырян және Тарбағатай аудандары. Әлеуметтік-экономикалық жеңілдік алған аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Кейінгі кездерде  Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардың кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

V. Бекіту:  

1. Қазақстанның экологиялық апат жағдайындағы аумағына қай өңірлер жатады?

2. Семей полигонына шектес аудандардың қазіргі жағдай?

3. Қоршаған ортаны ластаушы өнеркәсіптер.