Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силобус Ом-сыз зоол 2017.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Оқу процесі кредиттік жүйе бойынша негізінен дәріс, лабораториялық сабақ, ОЖСӨЖ, СӨЖ түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны нәтижесінде қалыптасқан ұғым практика жүзінде бекітіледі.

Студенттердің білімі ауызша сұрақ, тесталық тапсырма, зоологиялық есептер шығару, кестелер толтыру, реферат жазу, хабарламалар және белгілі тақырыптар бойынша баяндамалар дайындау, оларды қорғау, аралық бақылау тапсырмаларын орындау, т.б. тексеріледі.

5. Курстың мазмұны

Догель В.А.Зоология беспозвоночных Учебник Изд. «Высшая школа» М., 1981; . Дәуітбаева Қ.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. (1,2 кітап) А.,2004, 2005; Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных М., Гуманитарный издательский центр Владос 1999; Зенкевич Л.А. Жизнь животных 1- 3 т. М., 1969;Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. Издательство «Высшая школа», М., 1971; Наука о биологическом многообразии: зоологии беспозвоночных. Конспект лекции. Красноярск, ИПК СФУ 2009; Байдулова Л.А.,Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал, 2012; Булатова Қ.Б., Байдулова Л.А. Электронды оқулық «Омыртқасыздар зоологиясы» Орал 2007; Ғаламтор материалдары

«Омыртқасыздар зоологиясы» таңдамалы курсының авторлық дәрістері М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен 2016ж «Омыртқасыздар зоологиясы» оқу-жұмыс бағдарламасы және ЖОО-ның ішкі нормативті құжаттары негізінде құрастырылды.

Бірінші апта

№1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. «Омыртқасыздар зоологиясы» жануарлар әлемі және олардың экологиясы туралы ғылым

Терминдер мен анықтамалар: прокариоттар, эукариоттар, гетеротрофты (голозойлы, сапрофитті) қоректену, биоценоз, экожүйе,

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1.Зоология-жануарлар дүниесі туралы ғылым.

2. «Омыртқасыздар зоологиясы» курсының пәні және мақсаты

3.Зоология-жануарлардың морфологиясын, физиологиясын, биологиясын, экологиясын, филогенезін, эволюциясын зерттейтін ғылым.

4. Зоологияның даму тарихы, салалары, жануарлар жүйесі

5. Жануарлар жүйесі, экожүйедегі орны, маңызы.

№1 зертханалық сабақтың тақырыбы: Техникалық құралдар. Қарапайымдылар б/ү, Саркомастигофоралар (Sarcomastigophora) типінің ұйымдасу ерекшеліктері

Тапсырмалар:

1. Лабораториялық сабақ барысында қауіпсіздік сақтау ережелерімен танысу, «Қауіпсіздік сақтау журналына меңгергендігін растап, қол қою»

2. Оптикалық прибор-микроскоптың құрылысын танып-біліп, жұмыс жасап үйрену. Уақытша микропрепарат дайындау тәсілдерін меңгеру. Тірі және фиксацияланған объектілермен, микропрепараттармен жұмыс әдістерімен танысу.

3. Зерттеген объектілердің сызба-суретін альбомға салу. Зоологиялық сызба-сурет ерекшелігі

4. Саркомастигофора (Sarcomastigophora) типінің ұйымдасу ерекшелігі: амеба, жасыл еуглена, вольвокс т.б. өкілдерінің құрылысымен танысу.

а) Амебаның дене пішінін, құрылысын, тіршілік ортасын анықтап, танып-білу. Тұнбадан амебаның уақытша препаратын дайындап, микроскоптың кіші, үлкен үлкейткіштері арқылы амебаның қозғалысын бақылап, пішінін, экто-, эндоплазмасын, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдерін, жалған аяқтарын анықтап, суретін салу

ә). Жасыл еугленаның құрылыс ерекшелігі. Тұнбадан уақытша препарат дайындап, микроскоп арқылы эвгленаның дене пішінін, реңін танып-біліп, қозғалысын анықтау. Дайын микропрепараттан микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіші арқылы эвгленаның құрылысымен (ядро, хромотофоралар, талшық, пелликула т.б.) танысып, суретін салу.

б). Дайын микропрепараттан микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы вольвокчтің колониясының құрылысын қарап, суретін салу.

Жұмысты қорытындылау

1,2 - СОӨЖ тақырыбы: Зоология жануарлар туралы ғылым.

  1. Жануарларды зерттеу тарихы, зерттеу әдістері. Жануарлар жүйесі, эволюциясы. Планетада таралу заңдылықтары.

  2. Жануарлар клеткасының құрылысы және өсімдік жасушасымен ұқсастығы мен айырмашылығы

  3. Зоология салалары

  4. Жануарлардың эволюциясы, тарихы және филогенезі

  5. Биосферадағы орны, көптүрлілігі, маңызы.

3 - СОӨЖ тақырыбы: Саркомастигофоралар типінің кейбір өкілдерінің ұйымдасу ерекшеліктері, көбею тәсілдері.

1. Қабыршақты және паразитті түрлердің құрылыс ерекшелігі, даму циклі

2. Вольвокстің құрылысы, көбеюі.

Тапсырмалар: Көрсетілген оқулықтардан Жалған аяқтылар, талшықтылар кластарының негізгі өкілдерінің көбею жолдары, тіршілік циклі, паразитті тіршілік ететін (тышқақ амебасы, трипоносома, опалина т.б. өкілдері ) түрлердің құрылыс ерекшеліктері, даму циклі туралы конспект құрастыру.

Шоғырланып тіршілік ететін вольвокстің құрылыс ерекшелігі, көбею жолы және жануарлар эволюциясын түсінудегі маңызы туралы мәлімдеме және презентация дайындау.

Есеп беру түрі: Баяндама, хабарлама, әңгіме-пікірлесу.