Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силобус Ом-сыз зоол 2017.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

Үшінші апта

№ 5,6 дәрістің тақырыбы: Көпжасушалы жануаралар дүние тармағы- Metazoa

Терминдер мен анықтамалар: ұлпа, экто-, энто- және мезодерма, эмбриональды және постэмбриональды даму, фагоцителла, Radiata, гетерополяр, полип, медуза, диффузды жүйке жүйесі, атпа жасушасы, планула, гидрант, гононгий, гидромедуза.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.

2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы теориялар.

3. Фагоцителла тәрізділер бөлім үсті.

4. Паразоа (Parazoa) бөлім үсті. Губкалар типі (Spongia)

5. Нағыз көпклеткалылар (Eumetazoa) бөлім үсті, Ішек қуыстылар типі (Coelenterata) жалпы сипаттамасы, дене симметриясы, биологиясы.

6. Ескектілер типі.

№3 зертханалық сабақтың тақырыбы: Губкалар және Ішекқуыстылардың морфобиологиялық ерекшеліктері.

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1. Төменгі сатыдағы көпжасушалы –губкалардың ұйымдасу ерекшелігі

2.Микропрепараттан гидраның дене қабаттары, дене симметриясы, жасушалық элементтерін анықтап, құрылысымен танысу, тірі гидраның қозғалысын, сыртқы тітіркендіргішке жауабын, қозғалысын, қоректенуін бақылау.

3. Ылғалды препараттан, оқулық пен сызба-кестелерден сцефоидты медузаның құрылысымен танысып, прогрессивті белгілерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау:1. Губкалардың макро- және микропрепараттардан, сызба-кестеден ұйымдасу ерекшелігімен танысып, жасушалық элементтерін анықтау, уақытша препараттан, кестеден қаңқасын қарап, суретін салу..

2. Ішекқуыстылар типі – Coelenterata

Гидралылар класы – Hydrozoa

Тұщы су гидрасының ( Hydra Vulgaris) морфологиясын, жасушалық құрылысын, дене симметриясын анықтап, зерттеу.

  • Аквариумнан тірі гидраны бақылау (қоректендіру, қозғалысына назар аудару), дене бөліктерін , тіршілік формасын анықтау.

  • Микропрепараттан денесінің екі қабатын (экто-,энтодерма), гастраль қуысын дене симметриясын танып-білу, суретін салу.

  • Сызба-кестеден, оқулықтан жасушалық элементтермен танысу, суретін салу.

3.Сцифоидтар (Scyphozoa) класы

Сцифоидты медуза аурелия ( Теңіз табақшысы – Aurelia aurita)

  • Фиксацияланған аурелияның ораль, обараль полюсін, гастроваскуляр жүйесін, сезім т.б. мүшелерін зерттеп танып-білу, суретін салу.

Көбею және даму циклі, басқа өкілдерінің құрылысы СОӨЖ-де қаралады.

7,8,9- СОӨЖ тақырыбы: Ішекқуыстылардың көбеюі, дамуы, классификациясы, экологиялық топтары, жануарлар филогениясындағы орны. Маржан полиптері..

Тапсырмалар: 1. Ішекқуыстылардың прогрессивті белгілері.

2. Ішекқуыстылардың көбею жолдары, тіршілік циклі.

3. Классификациясы, экологиялық топтары, жануарлар филогениясында алатын орны

4.Маржан полиптерінің құрылысы, түрлері.

Оқулықтан Ішекқуыстылар, ескектілер типінің биологиясы, экологиясы, классификациясы, шығу тегі және жануарлар жүйесіндегі орнын анықтап, сипаттап жазу. Даму стадияларының түр үшін маңызын анықтау. Жануарлар филогениясындағы олардың орнын көрсету.

Обелияның құрылысындағы ерекшеліктерді, ұрпақ кезектесу және олардың түр үшін маңызын көрсету. Ішекқуыстыларлардың көбеюі, даму циклін танып-білу, кестеге түсіру.

Кесте 2

Сцифомедуза аурелия және гидроид полипі обелияның құрылысы мен көбеюіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Салыстыратын элементтер

Обелия геникулата

Аурелия аурита

полип

медуза

полип

медуза

Дене пішіні

Тіршілік әрекеті

Ауыз пішіні және орналасуы

Желкеме, оның орналасуы және қызметі

Тепе-теңдік мүшелерінің орналасуы

Гастраль жіптерімен білеулер, олардың қызметі және орналасуы

Дара жынысты немесе гермафродитті

Жыныс гонадаларының орны

Көбею типі

Негізгі тіршілік формасы

Маржан полиптерінің ұйымдасу ерекшелігі, көптүрлілігі, таралуы, биологиясы, экологиясы, маңызы. Маржан аралдары, рифтері т.б.

7,8,9- СӨЖ мазмұны: 1.Губканың морфологиялық құрылысы, көбею тәсілі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. 2. Теңіз гидроид полипі-обелияның тіршілік циклі.

3. Сцифоидты медузалардың тіршілік циклі.

4. Ескектілердің түрлері, жануарлар эволюциясындағы маңызы. Ескектілердің биологиясы, экологиясы, жануарлар жүйесіндегі орны. Қарастырылған сұрақтар бойынша баяндама, хабарлама дайындау, есеп беру.

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Губканың тіршілік әрекеті, қоректену тәсілі

2. Губканың морфологиясы, клеткалық элементтері, қаңқа элементтері

3. Губканың жануарлар жүйесінде губканың орны.

4. Ішекқуыстылар мен ескектілердің ұйымдасу ерекшеліктері, дене симметриясы

5. Ішекқуыстылар мен ескектілердің еркін жүзіп тіршілік етуге бейімділіктері

6. Ішекқуыстылар мен ескектілердің тіршілік циклі

7. Ішекқуыстылардың прогессивті белгілері.

8. Ішекқуыстылар мен ескектілердің табиғаттағы маңызы

Негізгі әдебиет: