Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силобус Ом-сыз зоол 2017.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

Төртінші апта

№ 7,8 дәрістің тақырыбы: Алғашқы ауыздылар бөлімі. Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes)

Терминдер мен анықтамалар: дорзаль, вентраль, лабераль, тері-бұлшықет қабы, парехима, ортогонды, протонефридия, гермофродит, телобластика, энтероцель.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Екі жақты симметрияның пайда болуы.

2. Үш қабатты алғашқы ауызды жануарлардың сипаттамасы.

3. Жалпақ құрттардың ұйымдасу деңгейі (морфологиясы).

4. Жалпақ құрттардың классификациясы.

5. Жалпақ құрттар типінің филогениясы

№4 зертханалық сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар (Trematoda) Бауыр сорғышы

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1. Бауыр сорғышының паразитті тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысы.

2. Тері-бұлшықет қабы.

3. Ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелері .

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1. Визуалды және қол лупаның көмегімен фиксацияланған материалдан құрттың дене пішінін, мөлшерін, фиксация мүшелері-ауыз және бауыр сорғыштарды анықтап, суретін салу.

Тапсырма 2. Сызба кестеден, оқулықтан Бауыр сорғышының тері-бұлшықет қабының құрылысымен танысып, оның шығу тегі және атқаратын қызметін белгілеп, суретін салу.

Тапсырма 3. Микропрепараттан микроскоп арқылы құрттың асқорыту, зәр шығару, жыныс жүйелерінің құрылысын қарап, мүшелерін талдап, олардың атқаратын қызметі және прогрессивті белгілерін көрсетіп, шығу тегін анықтап, суретін салу.

10,11,12-СОӨЖ тақырыбы: Кірпікшелі құрттар және моногенетикалық сорғыштардың ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы, экологиясы. Трематодтардың даму циклі, паразитизмге бейімділіктерін танып-білу.

1. Ақ сұламаның морфобиологиялық ерекшеліктері, тіршілік ортасы, экологиясы, филогениясы.

2. Моногенетикалық сорғыштардың құрылыс ерекшелігі және тіршілік циклі.

3.Трематодтардың эндопаразитизмге бейімділіктері, тіршілік циклі.

Әдістемелік нұсқау:

Оқулықтардан кірпікшелі құрттар және моногенетикалық сорғыштардың морфологиясы, көбеюі, тіршілік циклі, таралуы, экологиялық топтарын оқып,сипаттап-жазу. Кірпікшелі құрттардың еркін тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктерін анықтау. Моногенетикалық сорғыштардың паразитті тіршілігіне байланысты морфологиясын, тіршілік цикліндегі белгілерді анықтау.

Оқулықтардан бауыр сорғышы, таспа тәрізді қосезу т.б. сорғыштардың даму стадияларын, олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтап, ұрпақ сақтауға бейімділігін көрсету. Трематодтардың паразитизмге құрылысындағы және биологиясындағы бейімділіктерін анықтап, кестені толтыру, суретін салу.

Кесте 3

Жалпақ құрттар типінің ұйымдасу ерекшелігі және кластарының құрылысындағы ерекшеліктер

Салыстыру элементтері

Кірпікшелі құрттар

Сорғыш құрттар

Моногенетикалық сорғыштар

Таспа құрттар

Дене симметриясы

Бекіну мүшелері (саны, орны)

Тері-бұлшықет жабынының құрылысы

Ас қорыту жүйесінің құрылысы

Зәр шығару жүйесі

Тіршілік әрекеті

Дернәсіл стадиясы

Есеп беру: Хабарлама дайындау, суретін салу, кесте толтыру, ауызша жауап беру.

10,11,12-СӨЖ: Адам және жануар паразит сорғыштары, олардың морфобиологиялық ерекшеліктері.

1.Ланцеттәрізді, мысық және қан сорғыштар, эхинококк, ми құрты т.б. өкілдерінің морфологиясы, даму циклі.

2.Олардың жұғу жолдары, алдын-алу және күрес шаралары..

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтардан ланцеттәрізді, мысық және қан сорғыштар, эхинококк, ми құрты т.б. сорғыштардың даму стадияларын, олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтап, аралық және тұрақты иелеріне жұғу жолдары, олардың туғызатын ауруларымен танысып, бұл аурулардың алдын-алу және олармен күрес шараларын танып-білу. Трематодтардың құрылысындағы және биологиясындағы паразитизмге бейімділіктерін анықтап, тіршілік циклінің суретін салу.

Есеп беру: Оқулықтармен жұмыстанып, сипаттап жазу,сурет салу, презентация дайындау, олардан сақтану жолдары туралы халық арасында үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру бойынша хабарламалар және материалдар дайындау, тесталық тапсырмалар құрастыру.

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Төменгі сатыдағы көпжасушалылармен салыстырғанда жалпақ ұрттар типінің прогрессивті белгілері.

2. Жалпақ құрттардың асқорыту жүйесінің эволюциясы

3. Жалпақ құрттардың зәр щығару жүйесінің эволюциясы

4. Жалпақ құрттардың ортогонды жүйке жүйесі

5. Жалпақ құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы

6. Жалпақ құрттардың әртүрлі кластарының тері-бұлшықет қабының құрылысы

7. Жалпақ құрттардың тіршілік циклі, оның типтері

8. Трематодтардың гетерогония мәні оның адаптивті маңызы және шығу тегі

9. Жалпақ құрттарда паразитизмнің пайда болц жолдары

10. Жалпақ құрттардың шығу тегі және филогениясы

11. Жалпақ құрттар – адам және жануар паразиттері. Гельминтоздармен күрес жолдары және алдын-апу шаралары.

Әдебиет: