Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силобус Ом-сыз зоол 2017.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

Жетінші апта

№13,14 дәрістің тақырыбы: Моллюскалар (Mollusa) типінің морфофизиологиялық сипаттамасы, классификациясы, филогениясы

Терминдер мен анықтамалар: мантия, бақалшақ, осфродия, радула, ктенидия, перикардия, велигер,

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Моллюскалар типінің морфофизиологиялық ерекшелігі.

2. Моллюскалардың буылтық құрттармен ұқсастығы.

3. Классификациясы

4. Моллюскалардың филогениясы және олардың экологиялық радиация жолдары

№7 зертханалық сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттар. Нереид, жауын құртының құрылысы

Мақсаты: Тіршілік ету ортасына және тіршілік тәсіліне байланысты буылтық құрттардың морфо-анатомиялық құрылыс ерекшелігін танып-білу.

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1.Полихеттер. Нереидтің, құмқазардың морфологиялық құрылысы.

2. Жауын құртының морфофизиологиялық ұйымдасу ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1. Ылғалды үлестірме препараттан нереидтің, құмқазардың дене пішінін, тұлға сегменттерін, параподия, желбезек, бас қалақша, тұлға және құйрық бөліктерін танып-білу, суретін салу.

Тапсырма 2. Микропрепараттан микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы параподияның құрылысымен танысып, атқаратын қызметін анықтау. Нереидтің көлденең кесіндісінен тері-бұлшықет қабы, дене қуысы және ішкі мүшелердің орналасуын қарап, суретін салу.

Тапсырма 3. Тірі жауын құртының қозғалысын және сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылау. Дене пішінін, реңін, бас, тұлға, құйрық бөлімдерін, арқа және бауыр бетін, қылтандарын, онық орналасуын, белдеушесін анықтау.

Тапсырма 4. Жауын құртын сойып, ішкі мүшелер жүйесімен танысу, сүретін салу.

Тапсырма 5. Микропрепараттан микроскоппен жауын құртының көлденең кесіндісін қарап, тері-бұлшықет қабы, дене қуысы және ішкі мүшелердің орналасуын анықтап, нереидтің құрылысымен салыстыру, суретін салу.

19,20-СОӨЖ тақырыбы:

Мазмұны:

1.Тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының ұйымдасу ерекешелігі.

2.Дене симметриясы, биологиясы

3.Моллюскалар дене қуысы, мантий мүшелер кешені.

4.Басаяқты моллюскалар (кальмар, каракатица) құрылыс ерекшелігі

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтан тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының морфологиясын, биологиясын, экологиясын зерделеп, дене симметриясына, даму цикліне, дернәсілдерінің құрылысы және тіршілік әрекетіне көңіл бөлу. Типтің филогениясын көрсету.

Моллюскалардың дене қуысындағы өзгерістермен танысып, целом қалдығын және онымен байланысты мүшелердегі өзгерістерді анықтау. Мантий қуысы және мантий мүшелер кешенін көрсету. Белсенді тіршілік ететін теңіз, мұхит фаунасы кальмар, каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктерін анықтап, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, т.б. белгілеріне көңіл бөлу, олардың қозғалыс типі көрсету. Қортынды жасау, конспектілеу

21-СОӨЖ тақырыбы: Буылтық құрттардың морфобиологиясы, экологиясы

1. Буылтық құрттардың морфологиясы, биологиясы,

2.Сүліктің ұйымдасу ерекшелігі

3. Кестені толтыру, талдау

.Әдістемелік нұсқау:

Оқулықтан целом қуысының құрылысымен танысып, оның шығу тегіне, онымен байланысты қан айналу және зәр шығару жүйесіндегі өзгерістерді анықтап, сипаттап жазу. Жыртқыштық және уақытша паразиттік тіршілігіне байланысты сүліктердің морфологиясындағы ерекшеліктерді анықтап, түсінікті бекіту, қортынды жасау, суретін салу

Көпқылтанды, азқылтанды буылтық құрттар және сүліктердің ұйымдасу ерекшелігімен танысып, тіршілік ортасына, тіршілік әрекетіне байланысты құрылысындағы, биологиясындағы ерекшеліктерді анықтау. Олардың экологиясын, маңызын көрсету. Қортынды жасап, суретін салу, кесте толтыру.

6 кесте