Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силобус Ом-сыз зоол 2017.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

Бесінші апта

№9,10 дәрістің тақырыбы: Жұмыр құрттар (Алғашқы қуысты құрттар) типі – Nemathelminthes.

Терминдер мен анықтамалар: нематод, кутикула, гиподерма, схизоцель, регенерация, гельминт, гео- және биогельминт, зоо- және фитонематодтар, девастация, гельминтология.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Жұмыр құрттар типінің құрылысы және физиологиясы.

2. Нематодтардың прогрессивті белгілері, көбеюі және даму циклі. .

3. Нематодтардың экологиялық топтары,

4. Жұмыр құрттар типінің классификациясы

5.Құрсақ кірпікшелілер, олардың жұмыр құрттар типінің филогениясындағы маңызы.

6. Филогениясы және экологиялық радиациясы

№5 зертханалық сабақтың тақырыбы: Таспа құрттар ( Cestoda)

Зертханалық сабақтың мазмұны:

  1. Цестодтардың сыртқы морфологиясы, дене бөліктері, фиксация мүшелері

  2. Өгіз (шошқа) цепенінің жыныс жүйесі, т.б. жүйелері

  3. Цестодтардың даму циклі

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1. Шошқа (өгіз) солитерінің ылғалды препаратын қарап, дене бөліктерін, проглотидтерін, сколексін қарап, салыстыру. Микроскоппен микропрепараттан әртүрлі цестодтардың сколлекстерінің құрылысын анықтап, салыстыру, сүретін салу.

Тапсырма 2. Өгіз (шошқа) солитерінің гермофродитті және дамып жетілген проглотидтерін микропрепараттан микроскоппен қарап, құрылысын меңгеру, суретін салу.

Тапсырма 3. Микропрепараттан микроскоп арқылы өгіз (шошқа) солитерінің жұмыртқасын, финкасын қарап, құрылысын анықтап, суретін салу.

13,14 - СОӨЖ тақырыбы: Нематодтардың биологиясы, экологиясын, адам, жануар, өсімдіктердің паразит – нематодтары.

1.Нематодтардың тіршілік ортасы, таралуы, ұйымдасу ерекшелігі, даму циклі. 2.Нематодтар – адам, жануар, өсімдік паразиттері.

3. Аскариданың даму циклі, трихинелла, түкбасты құрттардың құрылысы, даму циклі

4.Гельминтоз туралы түсінік

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтардан нематодтардың тіршілік ортасын анықтап, олардың кең таралуын қамтамасыз ететін ұйымдасу ерекшеліктерін көрсету, даму циклін талдап, қортынды жасау. Аскариданың даму циклін зерттеп, жұмыртқасының құрылысына, санына, даму ортасына, адамға (жануарға) жұғу жолына, одан сақтану шараларына ерекше көңіл бөлу. Үшкір құрт, трихинелланың құрылысымен, олардың жұғу жолдары және даму циклін анықтау. Экологиялық топтарын анықтау. Адам, жануар, өсімдіктердің паразит – нематодтарімен танысып, олардың маңызын көрсету, күрес және сақтану жолдарын танып-білу. Жұмыр құрттардың биологиясындағы ерекшеліктерін кестеде көрсету. Гельминтоздарды көрсету.

4 кесте

Жұмыр құрттардың биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Салыстыратын элементтер

Адам аскаридасы

Шошқа аскаридасы

Үшкір құрт

Трихинелла

Аналықтың дене ұзындығы

Аталықтың дене ұзындығы

Бір тәулікте аналықтың бөлетін жұмыртқа саны

Везикула болады

Асқорыту жүйесінде бульбус болады немесе болмайды

Жұмыртқа салады немесе дернәсілдерді тірі туады

Бір иеде дамиды немесе иесін ауыстырады

Дамуы екінші рет инвазиямен байланысты

15-СОӨЖ тақырыбы:

Таспа құрттардың тіршілік циклі, жұғу жолдары, олардың алдын алу және күрес шаралары, паразитизмге бейімділіктері.

1.Шошқа (өгіз) солитерінің, эхинококк, т.б. өкілдерінің даму циклі, жұғу жолдары, олардың алдын алу және күрес шаралары.

2. Таспа құрттар өкілдерінің паразитизмге бейімділіктері.

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтан шошқа (өгіз) цепенінің даму циклін, инвазия стадияларын анықтап, олардың алдын алу және күрес шаралары, паразитизмге, ұрпағын сақтауға бейімділіктерін сипаттап жазу.Қортындылау. Нәтижелерін кестеге толтыру, суретін салу.

Кесте 5