- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: Заттың санын цифрын сәйкестендіру.Жоғары,төмен.Оң жағында,сол жағында. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету.Кеңістік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру(сол жақта,оң жақта,үстінде,алдында,ортасында);танымдық әрекетін дамыту Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,ойын.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық
|
. Жұмбақ жасыру Тікен-тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте Ол не? (шырша) |
Балалар жұмбақты Шешеді.
Шырша |
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
Аппақ-аппақ жапалақтап, Қар жауып тұр тынбастан. Қалың орман қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан. -Балалар,өлеңде не туралы айтылған? Онда оң жақта қандай цифр көрсетілсе,үстелге сонша ойыншық қояйық.Дұрыс.Келесі ойын. -Балалар,үшбұрышты жоғары оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға,ал шаршыны төменгі сол жақ бұ- рышқа орналастырыңдар. - Балалар,енді мына суретке қарайықшы. -Суретте аяз ата қайда тұр ? -Ақшақар ше? -Шырша қай жерде орналасқан? -Қоян қайда? Сергіту сәті Түрлі жіпті көп тауып, Кесте тікті ақ тауық. Қауындықта ақ қораз, Дайындады қақ біраз. -Балалар,сол жақтағы суретте жылдың қай мезгілі суреттелген? -Оң жақта қыстың белгілері бар суреттерді та- быңдар?Ол қандай суреттер екен? Артық суреттерді алып тастаңдар. -Барлығы неше жыл мезгілі бар? -Оларды рет-ретімен атап беріңдер.
|
.қар туралы
Балалар тапсырманы орындайды
Балалар,сұрақтарға жауап береді
балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды
Балалар сұрақтарға жауап береді |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Балаларды белсенділік танытқаны үшін мақтау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:1,2,3,4 цифрларын;
Игереді: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;
Меңгереді: сол жақта, оң жақта, жоғарыда, алдында, ортасында.
Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.
Мақсаты: 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең енмесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суретті, цифрлар карточкасы.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
Жұмбақтар жасыру. Әйгерім өз себетіне, Үш саңырауқұлақ салады. Қарап жүрмей тағы да, Тал қасынан біреуін алды. Жоғалтпайық уақытты, Бізге тек санау ғана қалды. |
Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
4 саңырауқұлақ.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
Балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою. -Неше дөңгелек салдыңдар? -Неліктен? Өлең оқып беру. Білек күші тасыған, Төрт күрескер ағаң. Қоын қойып беліне, Шаршамайды ешқашан. Балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақбояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсыру. Сергіту сәті. «Санамақ». Бір, екі, үш, төрт Жиналамыз бәріміз. Бір, екі, үш, төрт Секіреміз бәріміз. Бір, екі үш, төрт Отырамыз бәріміз. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Балаларға тапсырма беру. Үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғары жолаққа қойып шығулары керек. Балаларға жұмбақ жасыру. Мені қардан жасапты, Ойланып көр. Қолым – таяқ, Мұрным – сәбіз, Көзім – көмір. |
Балалар 4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді. Төрт. Үшке бірді қоссақ төртеу болады.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Екі аяқтап алға секіреді. Бір орында тұрып секіреді, отырады. Қолдарын жан –жаққа созады.
Балалар суреттіңең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. -Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен? -Сендер қандай цифрмен таныстыңдар? |
Балалар өз жұмыстарын үлгімен салыстырады. Төрт саңырауқұлақ цифрымен. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 4 цифрын, «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін.
игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.
меңгереді: 4 цифры туралы түсінікіті.
Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
