- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: Реттік санаумен танысу.Жоғары оң жақ бұрыш, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұоышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 5 саны көлемінде реттік санау,сандық және реттік санауды айыра білу «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру:
Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы 20 – дан 12- сантиметрге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру керек. Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,ойын.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
-Балалар , менің үстелімде жатқан цифрлардың арасынан 3 пен 4 сандарын табыңдар және солар туралы тақпақ айтып беріңдер.
|
Балалар 3 пен 4 цифрларын табады және тақпақ айтады: Бұл – 3 саны... Бұл – 4 саны... |
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Алдымен қай балада неше жолақша барын және олардың түсін анықтауға көмектесеу. Олардың ұзындығы туралы қандай пікір айтуға болатынын түсіндіру. -Кәне, балалар ең ұзын және ең қысқа жолақшаны көрсетіп беріңдер. -Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін қағаз бетіне жайыпқойыңдар. Содан соң 2-3 баланы шығарып, жолақты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары жылжыта отырып, өлшемін ретімен атауды сұрау. Барлығы неше жолақша бар екен? Оларды қандай тәртіппен орналастырдық?
Сергіту сәті Апақ,аппақ, қар аппақ, Қар жамылған дала аппақ, Қырау – қырау тал аппақ, Айналаның бәрі аппақ.
« Қолғапқа жасырылған кім?» ойыны.
|
Балалар жолақшалар- мен жұмыс істейді.
Балалар жаттығуларды өз бетінше орындайды. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Белсене қатысқаны үшін балаларды мадақтау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 саны көлемінде санауды.
Игереді: сандық және реттік санауды бір – біріне ажырата білуді;
Меңгереді: ұзындығы бойынша 5 сан арасындағы қатынасты қою туралы түсінікті.
Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Заттың көлеміне санның тәуелсіздігі. Реттік санау.Оқиғаның ретін қоя білу (тәулік бөліктері). «Кең», «тарлау», «тар», «өте тар» ұғымдарын пысықтау
Мақсаты: реттік санауды үйрету.Заттарды санымен сәйкестендіру,санның затттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру.5 саныны көлемінде санау қабілеттерін арттыру.Оқиғаның ізбе- ізді-лігін тәулік бөліктерін анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын үйрету. Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,ойын.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
Сандар қатарымен жұмыс істейміз(1-5 ке дейінгі сандарды қойып шығу керек). Балаларға 1 ден-5 ке дейінгі цифрларды рет-ретімен қойып шығуды тапсырамыз. |
Балалар жұмбақты шешеді. Шешуі:велосипед |
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
1-ші тапсырма. -Жоғарыдағы тіктөртбұрышта неше кесе бар? -Төменгі тіктөртбұрышта неше кесе бар? -Олардың жалпы саны неше? -Әр тіктөртбұрыштағы кесе санын білдіретін санды көрсетіңдер.
Сергіту сәті. Бәріміз біргеміз, Оңға бір қадам, Солға бір қадам. Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам, Шапалақ ұрамыз. 2-ші тапсырма.
«Сөйлемді аяқта» ойыны. Балалардан сөйлемді аяқтауды сұраймыз. Таңғы асты таңертең,кешкі асты ... ішеміз.(кеште) -Түнде ұйықтаймыз,ал ... жаттығу жасаймыз.(таң-ертең). -Күндіз Күн шығады,ал Ай ... шығады(түнде) -Кешкі асты кешке,ал түскі асты ... ішеміз. -Бұл өлеңде тәуліктің қай бөлігі туралы айтылған? -Бұдан басқа тәуліктің қандай мезгілі бар? Балалаларға тәуліктегі уақыттың бірінен кейін бірі тұрғанын және олардың ешқашан өзгермейтінін айтып түсіндіреміз. |
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасаймыз.
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Белсене қатысқаны үшін балаларды мадақтау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 саны көлемінде санауды.
Игереді: заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын.
Меңгереді: тәулік бөліктерін.
Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы:Үлгі бойынша санау нақты заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіру қабілетін нығайту;айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көру қабілетін бекіту.Заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды үйрету. Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы,заттық суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ойын.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен қатарға қою. |
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
1-тапсырма. Балалардан суретке мұқият қарап,сұрақтарға жауап беруін өтінеміз. -суреттегі алманың нешеу екенін айтыңдар? Содан соң ретін анықтаңдар.Ол үшін қалай санаймыз? -екінші қатардағы алмұртты сана .Сәйкес келетін цифрды көрсет. 2-тапсырма -Сол жақтағы цифрларға сәйкес келетін үшбұрыштарды жина. -Неге үш үшбұрыш салдың? -Енді сол жақтағы цифрға сәйкес келетін тіктөрт-бұрышты жина. -Неге бес төртбұрыш салдың?
Сергіту сәті Бәріміз біргеміз. Оңға бір қадам,солға бір қадам. Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам,артқа бір қадам. Шапалақ ұрамыз. «Түстерді ажырат» ойыны. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар іс-қимылмен көрсетеді.
Балалар ойынға қызыға қатысады. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
-Үшбұрыш пен төртбұрыштың айырмашылығы неде? -Нешеге дейін санауды өттік? |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Заттың санымен цифрды сәйкестендіруді.
Игереді: Математикалық сұрақтарды шешуді.
Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» 02.02.2016
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Реттік санау туралы өткенді пысықтау.Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Мақсаты: реттік санауды ажырата үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету. Заттардың кеңістіте орналасуына санның тәуелсіздігін түсіндіру. Заттардың орналасу орнын анықтау.Заттарды санмен сәйкестендіруді үйретуді жалғастыру. Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы,заттық суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ойын.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
Сандарды рет-ретімен қатарға қойып,зат саны жағынан әр цифрға сәйкес келетін суретті табу керек. |
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
1-тапсырма. «Таяқшалардың түсі қандай?Әр түсте неше таяқша бар?»-дап сұрақ қойып,алдарына үлестірмелі материалдар береміз.Балалар түстерді бөліп,бір рет санап шығады.Балалардан таяқшалардың қалай орналасқанын сұраймыз.Таяқшалар әртүрлі орналасқанымен олардың санының өзгермейтінін түсіндіреміз.
2-тапсырма Балаларға үйрек пен балапандарды санау тапсырылады. Суреттегі үйректердің санына сәйкес келетін цифрды көрсет.
Сергіту сәті Бәріміз біргеміз. Оңға бір қадам,солға бір қадам. Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам,артқа бір қадам. Шапалақ ұрамыз. |
Балалар санап,түстерін ажыратады
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар іс-қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Оқу іс –әрекетінде белсенділік танытқаны үшін балаларды мақтау мадақтау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 цифрын, реттік санауды
Игереді: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді.
Меңгереді: санның заттардың кеңістіте орналасуына қатысы жоқтығын.
Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
