- •1 Дәріс №1. Жартылай өткізгіш диодтар
- •1.1 Меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштер
- •1.2 Электронды кемтіктік ауысу
- •1.3 Металл -жартылай өткізгіш түйіспелері
- •1.4 Жартылай өткізгіш диодтар
- •2 Дәріс № 2. Биполярлық транзисторлар
- •2.1 Биполярлық транзистордың құрылымы
- •2.2 Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері.
- •2.4 Ортақ эмиттерлі транзистордың статикалық сипаттамалары
- •2.3 Транзисторлардың қосылу сұлбалары
- •2.5 Транзистордың күшейту коэффициентінің жиіліке тәуелділігі
- •3 Дәріс № 3. Өрістік транзисторлар
- •3.1 Басқарылатын p-n ауысуы бар өрістік транзистор
- •3.2 Оқшауланған тиекті өрістік транзисторлар
- •4 Дәріс №4. Оптоэлектрондық аспаптар
- •4.1 Оптоэлектрониканың элементтік базасы
- •4.2 Жарық жолдары
- •4.3 Жарық көздері (жк)
- •4.4 Фотоқабылдағыштар
- •4.5 Оптрондар
- •4.6 Ажыратып - қосқыш жартылай өткізгіш аспаптар
- •5 Дәріс №5. Интегралдық микросұлбалар
- •6 Дәріс №6. Аналогтық электрондық құрылғылардың негізгі
- •6.1 Аналогтық электрондық құрылғылардың жіктелуі
- •6.2 Аналогтық электрондық құрылғылардың негізгі техникалық
- •6.3 Күшейткіштердегі кері байланыс түрлері
- •7 Дәріс № 7. Күшейткіштің жұмыс режимін қамтамасыз ету
- •7.1 Күшейткіштің жұмыс нүктесін
- •7.2 Жұмыс нүктесін коллекторлық қоректендіруден ығыстыру
- •7.3 Күшейткіш каскадта режимді тұрақтандыру
- •7.4 Ис жн термотұрақтандыру
- •7.5 Жұмыс нүктесін термокомпенсациялау
- •7.6 Күшейткіштердің шығыс каскадтары
- •8 Дәріс №8. Дифференциалдық күшейткіш
- •8.1 Дифференциалдық күшейткіш
- •8.2Тұрақталған ток генераторы бар дк. Қосылу схемасы
- •8.3Дифференциалдық күшейткіш сұлбаларының түрлері
- •8.4 Динамикалық жүктемесі бар дк
- •9 Дәріс №9. Операциялық күшейткіштердің негізгі көрсеткіштері
- •9.1 Операциялық күшейткіштердің негізгі көрсеткіштері мен
- •10 Дәріс №10. Сигналдарды аналогтық өңдеу құрылғылары
- •10.4 Шмидт триггері
- •11 Дәріс №11. Сигналдар генераторлары
- •11.1 Сигналдар генераторлары, генератордың өзіндік қозу
- •11.3 Автотербелісті мультивибратор
- •11.2 Операциялық күшейткіштегі сызықты өзгеретін кернеу
- •1 Дәріс №1. Жартылай өткізгіш диодтар................................................................3
- •5В071600 – Приборлар жасау мамандығының студенттеріне арналған
11
коллектор тогын Iк құрайтын қосалқы заряд тасушылардың салыстырмалы
мөлшері, тасымалдау еселігімен δөтк сипатталады:
δөтк = Iкө /Iэө = 0,98÷0,995.
Коллектор тогын Iкө өсіру үшін, электрондардың өмір сүру уақыты
базадағы тасымалдау уақытынан әлдеқайда үлкен болуы қажет. Ол үшін:
– базадағы қоспалардың үлесін азайту қажет, сонда эмиттер тогының
әсерлесуші құраушысы Iэәсер азаяды;
– база енін w азайту қажет;
– коллекторлық ауысудың ауданы эмиттерлік ауысу ауданынан
әлдеқайда үлкен болуы қажет Sкө >> Sэө.
Коллекторлық ауысуда соққы ионизация әсерінен заряд тасушылардың
көбеюі туындауы мүмкін, ол көбею еселігімен сипатталады:
M=1/ [1-(Uкері/Uтура)n],
мұндағы n 35 транзистор материалына байланысты қабылданады.
Эмиттер тогын коллектор тізбегіне берудің жалпы еселігі:
α=Iкө/Iэ = γэ· δөтк ·M.
Нақты құрылымдар үшін 0,90,99.
Эмиттерлік ауысудың кедергісі аз (жүздеген ом), ал коллекторлық
ауысудың кедергісі жүздеген килоомды құрайды.
Коллекторлық тізбекке тіркей жалғанған жүктеме кедергісі Rж ≈1 кОм
қосылсын делік, ол транзистордың жұмыс істеу режиміне әсерін тигізбейді,
бірақ кедергіден үлкен кернеу алуға болады.
Эмиттер тізбегіне айнымалы сигнал көзін Ес қосу базада
инжекцияланатын қосалқы заряд тасушылардың санын өзгертеді және
эмиттер мен коллектор тогының Ес-мен бірдей өзгеруіне әкеледі. Rж
жүктемесінде жиілігі кіріс сигналдың жиілігіне тең күшейтілген кернеу
бөлінеді, бірақ бұл кездегі шығыс сигналдың кернеуі кіріс сигналдан Ес
әлдеқайда үлкен болады. Осылайша сигналдың күшейтілуі жүзеге асады.
2.3 Транзисторлардың қосылу сұлбалары
Транзистор шықпаларының қайсысы кірістегі сигнал көзі мен
транзистордың шығыс тізбегі арасында ортақ болып табылатынына
байланысты, транзисторды электр тізбегіне қосудың үш негізгі сұлбасы бар:
ортақ базалы (ОБ, 2.4,а сурет), ортақ эмиттерлі (ОЭ, 2.4,б сурет), ортақ
коллекторлы (ОК, 2.4,в сурет).
12
2.4 сурет
2.4 Ортақ эмиттерлі транзистордың статикалық сипаттамалары
ОЭ сұлба бойынша қосылған транзистордың кіріс сипаттамасы, берілген
Uкэ кернеуінде кіріс Iб тогының Uбэ кернеуінен тәуелділігі болып табылады: Iб
=f(Uбэ). Мұндай тәуелділіктердің жиынтығы транзистордың кіріс
сипаттамаларының тобы деп аталады (2.5,а сурет). Uкэ =0 болған кезде
коллектор тізбегінде жылулық ток Iк0 болмайды және IБ =f(Uбэ) тәуелділігі
тура бағытта қосылған р-n–ауысудың ВАС-на сәйкес. Uкэ>0 болғанда
коллектор тізбегінде Iб тогына қарсы бағытталған -Iк0 тогы пайда болады.
База тогындағы бұл токтың орнын толықтыру үшін қажетті Uбэ кернеуін
беріп, Iб= Iк0 токты алу қажет. Бұл кіріс сипаттаманың оңға және төмен
ығысуына әкеледі.
Ортақ эмиттерлі сұлба бойынша транзистордың шығыс сипаттамасы
дегеніміз берілген Iб тогындағы Iк = f(Uкэ) тәуелділігі (2.5,б сурет). Егер Iб=0
болса, онда коллектор тізбегінде тек жылулық ток қана ағады, өйткені бұл
жағдайда кемтіктердің эмиттерден базаға енуі (p-n-p-транзистор үшін) немесе
электрондардың эмиттерден базаға енуі (n-p-n–транзистор үшін) болмайды.
Uкэ =0 болғанда коллектор тізбегінен ток өтпейді,
бұл Uбэ және Uкэ
кернеулерінің бір-біріне қарама-қарсы бағытталуымен
түсіндіріледі, яғни
коллектор потенциалы база потенциалынан жоғары және коллекторлық ауысу
бұл кезде жабық болады. Сондықтан шығыс сипаттамалар ординаталар өсін
қиып өтпейді:
а) Iб = -Iк0, қисығы p-n ауысудың кері тармағына сәйкес келеді;
б) ОЭ шығыс сипаттамалары ОБ-ның сәйкес сипаттамаларының Uк = 0,
Iк = 0 жағдайдағы бастапқы бөлігінен өзгеше өйткені, коллекторлық
ауысудағы потенциалдар айырмасы нөлге тең;
в) Iб = 0 болғандағы қисық, ажыратылған базалы режимге сәйкес келеді.
Транзистор арқылы коллектордың Iк0б – өтпелі (сквозной) тогы ағады. Iк0б > Iк0,
өйткені тек Iк0 тогы ғана емес, сонымен бірге Iэр тогы да ағады.
