- •1 Дәріс №1. Жартылай өткізгіш диодтар
- •1.1 Меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштер
- •1.2 Электронды кемтіктік ауысу
- •1.3 Металл -жартылай өткізгіш түйіспелері
- •1.4 Жартылай өткізгіш диодтар
- •2 Дәріс № 2. Биполярлық транзисторлар
- •2.1 Биполярлық транзистордың құрылымы
- •2.2 Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері.
- •2.4 Ортақ эмиттерлі транзистордың статикалық сипаттамалары
- •2.3 Транзисторлардың қосылу сұлбалары
- •2.5 Транзистордың күшейту коэффициентінің жиіліке тәуелділігі
- •3 Дәріс № 3. Өрістік транзисторлар
- •3.1 Басқарылатын p-n ауысуы бар өрістік транзистор
- •3.2 Оқшауланған тиекті өрістік транзисторлар
- •4 Дәріс №4. Оптоэлектрондық аспаптар
- •4.1 Оптоэлектрониканың элементтік базасы
- •4.2 Жарық жолдары
- •4.3 Жарық көздері (жк)
- •4.4 Фотоқабылдағыштар
- •4.5 Оптрондар
- •4.6 Ажыратып - қосқыш жартылай өткізгіш аспаптар
- •5 Дәріс №5. Интегралдық микросұлбалар
- •6 Дәріс №6. Аналогтық электрондық құрылғылардың негізгі
- •6.1 Аналогтық электрондық құрылғылардың жіктелуі
- •6.2 Аналогтық электрондық құрылғылардың негізгі техникалық
- •6.3 Күшейткіштердегі кері байланыс түрлері
- •7 Дәріс № 7. Күшейткіштің жұмыс режимін қамтамасыз ету
- •7.1 Күшейткіштің жұмыс нүктесін
- •7.2 Жұмыс нүктесін коллекторлық қоректендіруден ығыстыру
- •7.3 Күшейткіш каскадта режимді тұрақтандыру
- •7.4 Ис жн термотұрақтандыру
- •7.5 Жұмыс нүктесін термокомпенсациялау
- •7.6 Күшейткіштердің шығыс каскадтары
- •8 Дәріс №8. Дифференциалдық күшейткіш
- •8.1 Дифференциалдық күшейткіш
- •8.2Тұрақталған ток генераторы бар дк. Қосылу схемасы
- •8.3Дифференциалдық күшейткіш сұлбаларының түрлері
- •8.4 Динамикалық жүктемесі бар дк
- •9 Дәріс №9. Операциялық күшейткіштердің негізгі көрсеткіштері
- •9.1 Операциялық күшейткіштердің негізгі көрсеткіштері мен
- •10 Дәріс №10. Сигналдарды аналогтық өңдеу құрылғылары
- •10.4 Шмидт триггері
- •11 Дәріс №11. Сигналдар генераторлары
- •11.1 Сигналдар генераторлары, генератордың өзіндік қозу
- •11.3 Автотербелісті мультивибратор
- •11.2 Операциялық күшейткіштегі сызықты өзгеретін кернеу
- •1 Дәріс №1. Жартылай өткізгіш диодтар................................................................3
- •5В071600 – Приборлар жасау мамандығының студенттеріне арналған
14
0
беру еселігі төменгі жиілікте α -мен салыстырғанда 2 есеге (3 дБ) азаятын
жиілік - күшейтудің шектік жиілігі деп аталады (2.6 сурет).
Ығу транзисторы деп, базадағы қосалқы заряд тасушыларды тасымалдау
негізінен электр өрісіндегі ығу процесі негізінде болатын, биполюсті
транзисторды айтамыз.
Өріс, эмиттерден коллекторға қарай экспонентамен азаятын, базадағы
қоспалардың бастапқы үлесінің әркелкі болуынан туындайды. Мысалы, n-p-n-
транзисторда акцепторлық қоспа үлесінің градиенті әсерінен кемтіктер
эмиттерлік өткелден коллекторлыққ өткелге қарай диффузиямен беріледі. КӨ
маңында кемтіктер есебінен оң зарядтар жиналады, ал ЭӨ теріс иондардың
орны толтырылмаған заряды жинақталады. Базада электрондардың
эмиттерден коллекторға қозғалысын диффузиямен салыстырғанда 2…5 есе
үлкен жылдамдықпен үдететін, электр өрісі Е туындайды. Транзистордың
шекаралық күшейту жиілігі 2 - 5 есеге өседі .
Ығу транзисторлары қосарланған диффузия технологиясымен жасалады.
3 Дәріс № 3. Өрістік транзисторлар
Дәрістің мазмұны:
басқарылатын p-n-ауысуы бар және оқшауланған тиекті өрістік
транзистордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі;
транзистордың негізгі көрсеткіштері мен статикалық сипаттамалары;
зарядтық байланысы бар аспаптар.
Дәрістің мақсаттары:
өрістік транзистордың құрылысы мен жұмыс істеу принципін оқып
білу;
транзистордың негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын оқып
үйрену;
зарядтық байланысы бар аспаптарды оқып білу.
Өрістік транзистор дегеніміз жұмыс істеу принципі жартылай
өткізгіштің кедергісін көлденең электр өрісімен модуляциялауға негізделген,
жартылай өткізгішті аспап. Оның күшейткіштік қасиеттері, өткізуші арнасы
арқылы өтетін бір таңбалы негізгі заряд тасушылардың (униполюсті)
ағынымен анықталады.
Транзисторлар мына түрлерге бөлінеді:
а) басқарылатын p-n ауысуы бар ӨТ;
б) оқшауланған тиекті ӨТ (МДЖ, МОЖ);
в) диэлектрлік табандағы шел тәрізді өрістік (ҚӨТ).
15
3.1 Басқарылатын p-n ауысуы бар өрістік транзистор
Мұндай транзисторлардың бірнеше
түрі бар. 1952 ж. Шокли алғашқы рет
унитронды – жазық конфигурациялы
өрістік транзисторды сипаттады.
Транзистордағы өткізуші арна тиектен,
кері бағытта ығысқан p-n ауысулармен,
оқшауланған. Құйма және бастау
электродтары арасындағы арна бойынша
Бастау (Б) деп арнадағы негізгі заряд
тасушылардың қозғалысы басталатын электродты атайды. Заряд тасушылар
жиналатын (құйылатын) электрод құйма (Қ) деп аталады. Басқарушы кернеу
үшінші электрод – тиекке (Т) беріледі. Мұндай транзистордың құрылымы
кернеу беру сұлбасымен және токтардың бағытымен 3.1 суретте бейнеленген.
Мысалы, UТБ < 0 делік:
а) егер UҚБ = 0 болса, онда біркелкі р-п ауысу пайда болады, |UТБ |
кернеуі өскен сайын, ауысу кеңейеді, ал өткізуші арна тарылады;
б) егер UҚБ кернеуі нөлге тең болмаса, онда арнаның ені, құйма тогының
IҚ әсерінен арна кедергісіндегі кернеудің түсуі себебінен әркелкі болады. а
нүктесінде кернеу Uа=UТБ-ға тең, б нүктесінде – Uб = UТБ + UҚБ. Арнаның
қимасы бастаудан құймаға қарай кішірейеді. Басқарылатын р-п ауысуы бар
транзистордың жұмыс істеу принципі, кері кернеудің әсерінен р-п ауысудың
заряд тасушылар үлесі азайған облысының енінің өзгеруі себебінен, арна
кедергісінің өзгеруіне негізделген. UТБ артқан кезде р-п ауысу арнаға қарай
өседі, арнаның көлденең қимасы және құйма тогы азаяды. Тиекте кернеу UТБ
үлкен болған кезде арна жабылады (қабысады) да, ток нөлге ұмтылады. Тиек
пен бастау арасындағы бұл кернеу UТБ ток токтату кернеуі UТТ деп аталады.
Транзистордың негізгі сипаттамалары UҚБ = const болғандағы құйма
тиектік IҚ = f(UТБ) (3.2,а сурет) және UТБ = const болғандағы құймалық немесе
шығыс сипаттамалары IҚ = f(UҚБ) (3.2,б сурет). Шығыс сипаттамаларды екі
аймаққа бөлуге болады: I-аймақ токтың күрт өзгеруі (сипаттаманың сызықты
омдық бөлігі) және қанығу режиміне сәйкес келетін П аймағы (бейсызықты
жазық, жұмыстық бөлік). Аз UҚБ кезінде жабушы қабаттың кеңеюі мардымсыз.
UҚБ артқан кезде құйма тогы Ом заңы бойынша өседі, динамикалық тепе-
теңдік туындайды: құйма тогының артуы р-п ауысудағы кернеудің түсуіне
және құйма тогын азайтатын, арнаның тарылуына әкеледі. UҚБ-ның кезекті
артуы қиманы азайтпайды ал, «дәліз» немесе «қылта» деп аталатын, қиманың
тар бөлігінің ұзындығын арттырады. Сондықтан құйма тогы тұрақты болады.
В нүктесінде құйма кернеуі өткелдің тесілу кернеуіне жетеді. UҚБ кернеуін
ары қарай арттырсақ құйма тогы артып, аспап істен шығуы мүмкін.
UТБ арттырғандағы үрдістер (бастапқы қималар аз болғанда)
