- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •Усть-Нарым Қарағанды, Зеленая Балка Пеньки селосы
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •3.1920 Жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды әміршілдік-әкімшілдік жүйеге өзгертті
- •3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)
- •Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •Мына картада Моғаолстан мемлекетінің аумағы көрсетілген: Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз
- •Мына картада Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы №13 – ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқанын, және №14 Шебір тұрағы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқаны көрінеді.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •3.Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз
- •Мына картада оғыздардың орналасқан аумағы көрсетілген: 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағы, Сырдария алқабы мен Арал-Каспий) мен Жетісу далаларын мекендеген.
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •3. Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •1867Ж 11 шілдеде іі Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді.
- •1868 Ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды.
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
- •1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.
- •Мынау картада 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстар
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •Шаруашылығы
- •Тұрмысы
3.Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз
Энеолит – адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.
Мына картада Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы №13 – ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқанын, және №14 Шебір тұрағы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқаны көрінеді.
ІІ Нұсқа
12-билет 1 - сұрақ
1.Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан-жақты баға беріңіз.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген.
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен.Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді.
Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, және де ол басты құндылық ретінде бағаланған: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де «Дат, тақсыр!» – деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында – адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мәселелердің шоқтығы биік.
Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты.
ІІ Нұсқа
12-билет 2 - сұрақ
