Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІ нса жауаптары лгісі азастан тарихы билеттері.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік.-батыста Қазанға дейін, оңтүстік.-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды.

Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.

Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.

ІІ Нұсқа

5-билет 1 - сұрақ

1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)

Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағысаяси жағдайын күшейтеді.Ендігі мәселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан)әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді. Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.

ІІ Нұсқа

5-билет 2 - сұрақ

2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы.

Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен

2004 жылы «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.

Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған.

ІІ Нұсқа

5-билет 3 - сұрақ