- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •Усть-Нарым Қарағанды, Зеленая Балка Пеньки селосы
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •3.1920 Жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды әміршілдік-әкімшілдік жүйеге өзгертті
- •3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)
- •Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •Мына картада Моғаолстан мемлекетінің аумағы көрсетілген: Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз
- •Мына картада Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы №13 – ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқанын, және №14 Шебір тұрағы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқаны көрінеді.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •3.Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз
- •Мына картада оғыздардың орналасқан аумағы көрсетілген: 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағы, Сырдария алқабы мен Арал-Каспий) мен Жетісу далаларын мекендеген.
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •3. Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •1867Ж 11 шілдеде іі Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді.
- •1868 Ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды.
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
- •1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.
- •Мынау картада 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстар
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •Шаруашылығы
- •Тұрмысы
2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
«Алаш» партиясының сипаты және алдына қойған мақсаттары
|
«Үш жүз» партиясының сипаты және алдына қойған мақсаттары
|
.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
|
|
|
|
|
|
|
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен(бөлімнен) тұрды(мемлекет қалпы,жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
|
«Үш жүз»партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды.Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу,тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды.Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
|
Айырмашылықтары: «Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді. «Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады.Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді. «Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды. «Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады. «Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды «Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады. 1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.
|
ІІ Нұсқа
4-билет 3 - сұрақ
