- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •Усть-Нарым Қарағанды, Зеленая Балка Пеньки селосы
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •3.1920 Жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды әміршілдік-әкімшілдік жүйеге өзгертті
- •3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)
- •Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •Мына картада Моғаолстан мемлекетінің аумағы көрсетілген: Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз
- •Мына картада Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы №13 – ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқанын, және №14 Шебір тұрағы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқаны көрінеді.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •3.Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз
- •Мына картада оғыздардың орналасқан аумағы көрсетілген: 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағы, Сырдария алқабы мен Арал-Каспий) мен Жетісу далаларын мекендеген.
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •3. Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •1867Ж 11 шілдеде іі Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді.
- •1868 Ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды.
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
- •1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.
- •Мынау картада 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстар
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •Шаруашылығы
- •Тұрмысы
1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті.
1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті.
|
Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.
|
1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды әміршілдік-әкімшілдік жүйеге өзгертті
Округ
- 15-20 болыстан құралды
Округ
болыс
- 10-12
ауылдан
Болыс
Ауыл
- 50-70
шаңырақтан
Ауыл
ІІ Нұсқа
3-билет 2- сұрақ (жалғасы)
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.
"Жарғы"
бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық
істер, талап ету, болыстық басқармаға
шағым айту. Қылмыстық
істер империя
заңдары негізінде округтік
приказда
каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ
биімен қатар бір орыс шенеунігі
қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі
бойынша қаралатын істер жергілікті
ескі заң бойынша шешілетін. Округтік
приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы
болды.
Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.
ІІ Нұсқа
3-билет 3 сұрақ
