- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •Усть-Нарым Қарағанды, Зеленая Балка Пеньки селосы
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •3.1920 Жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды әміршілдік-әкімшілдік жүйеге өзгертті
- •3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)
- •Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •Мына картада Моғаолстан мемлекетінің аумағы көрсетілген: Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
- •3.Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз
- •Мына картада Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы №13 – ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқанын, және №14 Шебір тұрағы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқаны көрінеді.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •3.Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз
- •Мына картада оғыздардың орналасқан аумағы көрсетілген: 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағы, Сырдария алқабы мен Арал-Каспий) мен Жетісу далаларын мекендеген.
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •3. Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •1867Ж 11 шілдеде іі Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді.
- •1868 Ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды.
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
- •1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.
- •Мынау картада 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлық және оның құрамына кірген облыстар
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •Шаруашылығы
- •Тұрмысы
3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
Қарахан мемлекеті түркі тайпаларынан тұрған, әсіресе, қарлұқ, қаңлы, шігіл, яғма тайпалары үлкен рөл атқарған. Билеушілер яғма тайпасынан шыққан. Ол тайпалар Іле, Шу өзендерінің бойын, Тараз аймағын мекендеген.
Орта ғасырлық тарихшы-шежіреші Б.Әбілғазының айтуынша, бұл кезде Қ. м-ндегі тайпалардың күштісі Ыстықкөл, Шу, Талас аймақтарын мекендеген қаңлылар еді. Шігілдер Жетісу жерінің едәуір бөлігі мен Ыстықкөлдің солт. жағалауын иемденді. Шігілдердің бір тармағы Іле алқабын, Құяс өңірін мекендеді [Махмұт Қашқари (11 ғ.)]. Ал бұрын Батыс Алтайда тұрған қарлұқтар бұл кезде Шу, Талас алқаптарын қоныстанды. 11 ғ-дың 60 – 70-жылдарында Қ. м. салжұқтармен қақтығысып, соның салдарынан бір орталыққа бағынуы әлсіреді, іштен алауыздықтар туып, салжұқтарға тәуелді болып қалды. Бұл, әсіресе, салжұқ сұлтаны Санжардың тұсында (1118 – 57) көбірек байқалды. 12 ғ-дың 30 – 40-жылдарының басында қидандар басып кіріп, Қ. м-н өздеріне бағындырды. Мына картада Карахан мемлекетінің қай аумақты иеленіп жатқаны көрсетілген.
Яғни Карахан мемлекеті Іле, Шу өзендерінің бойын, Тараз аймағын, Жетісу жерінің едәуір бөлігі мен Ыстықкөлдің солт. жағалауын иемденді.
ІІ нұсқа
2-билет 1 сұрақ
1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
Мезолит дәуірі палеолит пен неолиттің ортасы.
Бұл уақытта рулық қауымда «Саналы адам» өмір сүрген. Туыстық қарым-қатынастар яғни жақынына көмектесу, қорғау, туысым деп сезіну пайда болды. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Оның мәнісі ер адамдар, негізінен аң аулаумен шұғылданса, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты. Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды. Бірақ балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттері әртүрлі еді. Қариялар қауым ішіндегі берекені сақтады, әдет-ғұрыптарды іске асырды, ақылшы болды. Ересектер тамақ тапты, баспана салды, қауым мүшелерін жаудан қорғады. Балалар қауымнан өзіне тиісті үлестін –тамақ, киім алғанымен, қауым жиалысына қатыса алмады. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды. Мысалы, ұлдар аң аулау әдістерінен, садақ атудан,қыздар үй шаруасы, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды. Әдетте мұндай сынақтарға ұлдар мен қыз балалар кішкене кездерінен бастап дағдылана бастады. Қауым: қариялар, ересектер, балалар болып үш топқа бөлінді.
ІІ нұсқа
2-билет 2 сұрақ 2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
Қасым мен Тәуке хандардың билігінің ішкі саясатындағы ұқсастықтары |
Қасым мен Тәуке хандардың билігінің сыртқы саясатындағы ұқсастықтары |
Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. |
Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда‑саттық дипломатиялық қарым‑қатынастың жасалуы. |
Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. |
Территориялар үшін күрес жүргізілді; |
Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық‑қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. |
Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.
|
ІІ нұсқа
2-билет 3 сұрақ
